Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет40/56
Дата29.01.2020
өлшемі1,88 Mb.
#27616
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56

82 
 
- буын қосу (қарағаш–қарағағаш); 
- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал); 
- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ). 
Кейбір  балалардың  сөздің  буындық  құрылысының  бұзылатындығы  байқалады.    Бұндай 
балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады 
немесе  мүлдем  айтпай  түсіріп  қалдырады  немесе керісінше  артық  дыбыстарды  және  буындарды 
қосып  алады.  Мысалы,  “ескек”  сөзін  “екесек”  деп,  “кітап”  -  “каптап”,  “бұтақ”  -  “бақ”  деп 
өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің 
буындық  құрылысының  бұзылғандығын  көрсетеді.  Бұндай  жағдайлар  әсіресе  үндестігі  жағынан 
ұқсас  дыбыстардың қатар  келуінің  салдарынан  немесе қос  сөзден құрылған  күрделі  тіркестердің 
қиындығынан  жиі  болады.  Сондықтан  баланың  сөйлеу  тілін  тексерген  кезде  берілетін 
тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің 
басында,  ортасында,  соңында  дауыссыз  дыбыстардың  қатар  келіп  айтылуын  қиындататын 
құрылысы  әр  түрлі  буындардан  тұратын  сөздерден  іріктей  білу  қажет.  Бала  алдымен  бейнелі 
суреттегі  көрсетілген  оқиға  желісін  өз  сөзімен  өз  бетінше  айтып  береді,  сосын  айтқан  сөзін 
қайталайды.  Балаға  берілген  бейнелі  суретте  тексеруге  пайдаланатын  сөздер  көптеп  кездесетін 
болу  керек.  Мысалы,  кітап,  дәптер,  ескек,  милиционер,  шар,  бұтақ,  бала,  тарақ,  жапалақ,  теңіз, 
терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б. 
Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына 
сәйкес  құрастырылады.  Сонымен  қатар  сөйлеу  тілі  бұзылған  балаларға  сөздік-буындық  құрамы 
қолжетерлік,  қолайлы  болуын  ескеру  қажет.  Тексеру  қорытындысын  талдау  барысында  сөз 
қорында  қандай  лексикалық  топтардағы  сөздерді  қолданбайды,  алмастырады,  қандай  сөздерде 
қателер кездесетініне көңіл бөлу керек. 
Буындық талдау мен жинақтауын тексеру: 
1) Сөзді буындарға бөлу (шапалақтап, тақылдатып). Қолдың оң 
жақтан солға қарай және керісінше сол жақтан оңға қарай қимылымен 
буынға бөлу. Алақанмен аятыңғы иектің қозғалуын қадағалап, буынға 
бөлу. 
2) Сөздегі дауысты дыбыстарды табу (атау). Сөзде қанша дауы- 
сты дыбыс болса, сонша буын болады. 
3)  Дауысты  және  дауыссыз  дыбыстарды  ажырату  –  логопед  дыбыстарды  (дауысты, 
дауыссыз) айтқан кезінде балалар керекті дыбысты естігенде жалауша көтереді (сөздегі дауысты 
және дауыссыз дыбыстарды атау, дауыссыздарды айтқандағы кедергілерді түйсініп айту). 
Буындағы дауысты дыбысты атау: ах, ус, ма, да, кра, аст, зол. 
а) буындағы тек дауысты дыбысты ата; 
ә) буынның дауысты дыбысына сәйкес әріпті көтер; 
в) буындардың тек дауысты дыбыстарын жаз; 
г) берілген дауыстымен буын ойла. 
ғ) буындағы дауысты дыбыстың орнын тап және сәйкес әріпті 
көрсет. 
д) дауысты дыбыс 1-ші, 2-ші, 3-ші орында тұратын буындар айт.[6] 
Бастапқы кезде жеңіл тапсырмалар беріледі. 
Жаттығулар түрлері: (дыбыс) буын деңгейінде: керек емес буынды ата: па-ба-па-па; 
Бірдей буындарды кайтала: на-на-ны-на; 
Кайталанған дыбысты ата: на-ны-ну; ас-ап-ат; по-но-то; 
«жаңғырық» ойынының әр түрлі түрі: соңғы буынды ата: сөм-ке; 
«шынжыр» ойынының әр түрлі түрі: соңғы буыннан, жаңа сөз айтамыз: дәп-тер*тер-ме; сыр-ға*ға-
рыш; 
Бір дыбысты өзгерт: доп-дос; қал-қол; 
Сөздің  дыбыстық-буындық  талдауын  қалпына  келтірудің  кейінгі  кезеңдерінде  жеңіл 
сөзжұмбақтар шешеді, көп буынды сөздердің әріптерінен қысқа сөздер құрастырылады, күрделігі 
әр түрлі хаттар, шығармалар жазылады, күнделіктер толтырылынады, т.с.с. 
 
Сөйлеуді түсінуінің ақауларын жою әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы іске асады: зейінін 
дамытуға,  бір  заттан  екінші  затқа  назарын аудару,  «провокациялық»  тапсырмалар  беру  (логопед 
науқастың  алдында  жатқан  заттардың  арасында  жоқ  затты  көрсетуін  талап  етеді),  фразаны 
сюжетті суретпен сәйкестендіру. 


83 
 
Жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  бала  өз  бетімен  сөздің  буындық  құрамын  айтуын  меңгере 
алмайды, сонымен қоса ол бөлек дыбыстарды айтуы да меңгере алмайды. Сол себептен де ұзақ әрі 
үздіксіз жұмыс жүргізу керек. Бұл жұмыс топтық және жеке сабақ түрінде жүргізілуі керек. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
С  и  к  о  р  с  к  и  й   И.  А.,  Сборник   научно-литературных  статей  по  вопросам  общественной 
психологии, воспитания и нервно-психической гигиены, кн.  2, Киев—Харьков,  1899—1900. 
2. 
Гвоздев А. Н., Усвоение ребенком звуковой стороны русского  языка, М.,   1948. 
3. 
Өмірбекова  Қ.  Қ.,  Өмірбекова  С.Ж.  Фонетикасы,  фонематикасы  толық  дамымаған  балаларды 
оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. – Алматы, 2004. 
4. 
Егоров Т.Г., Очерки психологии обучения детей чтению, М., 1953 
5.  Четверушкина  Н.  С.  Система  коррекционных  упражнений  по  преодолению  нарушений  слоговой 
структуры слова у детей дошкольного возраста. 
6.  Ибатова  Г.Б  Дыбыстық  талдау  мен  жинақтау  дағдыларының  бұзылуы  салдарынан  болған 
жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзету- логопедиялық жұмысы: әдістемелік нұсқау. Алматы: 
2015 
 
     
 
УДК 376.3; 376.3.018.42 
МРНТИ: 14.29.25 
 
Мирзахмедова У.А.  
1
,  Жайлаубек Ш.Е.

 
1
п.ғ.м., Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология 
институтының оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан 
uljan-192@mail.ru
 
 
2
Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология 
институтының 3 курс студенті 
zhailaubek.sh@mail.ru
 
 
 
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Педагогика білімді, білік және дағдыларды жетік игеруге бүкіл оқу курсы арқылы қол жеткізеді деп 
санайды.  Арнайы  дидактикалық қағидатты  оқытудың қолжетімділігі,  оқушылардың оқу деңгейін, олардың 
жасын  және  жеке  ерекшеліктерін  ескеретін  оқу  үрдісінің  құрылысын  болжайды.  Осыған  сәйкес 
педагогикалық негізделген бағдарламалар, оқулықтар және оқыту әдістері әзірленді.  
Дидактикада  қолжетімділік      ережелерді  сақтау  арқылы:  жеңілден  қиынға  дейін,  белгісізден  белгіліге, 
жақыннан  алысқа,  қарапайымнан  күрделіге  дейін  қамтамасыз  етіледі.Балалардың  білімінің  саналы  және 
сапалылығы әр түрлі сенсорлық тәжірибе, көрнекі  сурет пен жарқын мысалдардың қоры, барлық фактілер 
мен құбылыстардың арасындағы байланыстар арқылы көрсетіледі. 
Көрмейтін және көру қабілеті нашар балаларға араналған мектептерде тәжірибелік сабақтар мен тәжірибелік 
қызметте  алынған  білім,  білік  және  дағдыларды  қолдану  ерекше  маңызды.  Педагогикалық  жұмыста 
балалардың  жеке  дамуының  ерекшеліктерін  ескере  отырып  педагогикалық  әсер  етудің    жеке  және 
дифференциалды тәсілі бойынша жүргізіледі. 
Түйін сөздер: арнайы дидактика, көрмейтін балалар, көру қабілеті зақымдалған балалар, оқыту 
әдісі. 
Аннотация 
 
Мирзахмедова У.А
1
., Жайлаубек Ш.Е
2
 –  
1
М.п.н., преподаватель КазНПУ имени Абая 
uljan-192@mail.ru
 
2
студентка 3 курса по специальности 5В010500 Дефектология 
zhailaubek.sh@mail.ru
 
Методы обучения детей с нарушениями зрения 
    Педагогика  считает,  что  прочное  усвоение  знаний,  умений  и  навыков  достигается  всем  ходом   
обучения.
 
Доступность  обучения  -  дидактический  принцип,  предполагающий  такое  построение  процесса 
обучения,  при  котором  учитываются  уровень  подготовки  учащихся,  их  возрастные  и  индивидуальные 
особенности.  


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау