56
Некоторые пути обучения детей дошкольного возраста с общим недоразвитием речи умению
задать вопросы
В статье рассматриваются некоторые пути обучения детей дошкольного возраста с общим
недоразвитием речи умению задавать вопросов. А также исследуются вопросы речевого взаймодействия,
умения вступать в активное общение, инициативности в ходе речевого общения детей с общим
недоразвитием речи, формы и виды общения.
Ключевые слова: общее недоразвитие речи, дети с ОНР, вопросительные высказывания, диалог,
речевое общение.
Аutaeva A.N
1
, Berdikhan А.М ²
Scientific supervisor, Candidate of Psychological Sciences, Head of Department of Special Education
a 2
year master student, major in 6M010500 – Defectology
Kazakh National Pedagogical University named after Abay, Almaty, Kazakhstan
Ways of teaching of preschool age children with a general underdevelopment of speech to the
formulation of the questions
Abstract
The article considers the ways of teaching children of preschool age with a general
underdevelopment of speech to the formulation of the question. And also indicates the ability of children
with general speech underdevelopment to actively engage during the speech interaction and initiate
speaking in the course of communication, forms of coherent, interactive, monologue speech.
Key words: general underdevelopment of speech, interrogative utterances, dialogue,
communication.
Сөйлеу тілі бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу
үрдісінің бірден бір негізгі бағыты олардың әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Тек қана
олардың сөйлеу тілінің дамымауының алдын алу ғана емес, сонымен қатар балалардың оқыту
үдерісіне белсенді қатысуы үшін мүмкіндік беретін білім және біліктерін қалыптастырып,
балаларды мектепке дайындау қажет.
Мектептегі оқытудың жетістігінің басты шарты сөйлеу тілі қарым-қатынасына белсенді түсе
алу икемділігі және қарым-қатынас барысында қарқынды түрде өз ойын жеткізу. Коммуникативті
біліктіліктің осы түрі ақпарат алуға мүмкіндік береді және қоршаған ортадағы адамдармен қарым-
қатынасты реттейді [1].
Басылымдардың қатарында (О. Е. Грибова, Б.М. Гриншпун, Р.Е. Левина, О.С.Павлова, Л.Б.
Халилова, Г.В. Чиркина, Л.М. Чудинова, Е.Г. Федосеева, Т.Б.Филичева, С.Н. Шаховский және
т.б.) коммуникативті әрекеттің бұзылысының ЖСТД жататындығы қарастырылады және
коммуникативті қабілетті қалыптастыру бойынша арнайы жұмыстың қажеттілігі дәлелденген.
Біздің зерттеу жұмысымыз жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар
балалардың коммуникативті
қабілеттерін зерттеудің бірден бір аспектісіне, соның ішінде сұраулы
пікір айтуды қалыптастыруға
арналған.
Оқытудың әр түрлі тұжырымдамасының қысқа үлгісі ХХ ғасырдың аяғында педагогикалық
ойдың негізгі көзқарасын бағалауға мүмкіндік береді.
Дамытушы оқу тұжырымдамасы оқушыларды жылдам дамытуға қабілетті оқыту үдерісін
ұйымдастырудың осындай тәсілін қажет екені расталады. Осы тұжырымдаманың аймағында
педагогикалық үдеріске гуманистикалық-тұлғалық ықпалпен дәлелденеді, мұғалімнің баламен
серіктестік ойына әсер етеді.
АҚШ пен Еуропа елдерінде дамытып оқыту тұжырымдамасы мәселені шешуге, ақпаратты
өз бетінше іздеуге септігін тигізеді. Өзбетінділік белсенділікті насихаттаушы қағида оқытудың
келесі формасы мен әдісіне әсер етеді: оқу диалогі, жобалау әдісі, кооперация, кіші топта жұмыс
жасау.
Шығармашылық әрекетте оқыту тұжырымдамасы жаңалық ашу, шығармашылық арқылы
баланы дамытуды жүзеге асыруды болжайды. Осы тұжырымдаманың жалғасы балаларды алдыға
қарай итермелеу құралы мен әдісіне негіздейді. Мысалы, эмпатия әдісі баланың зерттеу пәнімен
бірігуіне, оның мағынасын түсінуге септігін тигізеді (У.Гордон); «миға шабуыл» әдісі сынға
алғашқы тыйым салатын ойды жасауды болжайды, бірақ міндетті сын аяғында (А.Осборн); көп
өлшемді матриц әдісі сынақ және қатені жүзеге асыратын әдіс (Ф.Цвики).
Біздің елімізде 60-70 жылдары осы тұжырымдама аймағында олардың шешімінің нұсқасын
іздеуді баладан талап ететін проблемалық жағдайды мұғаліммен құруды болжайтын проблемалық
оқыту ойын белсенді жұмыс жасайды. Еуропада қазіргі уақытта «диалогта оқытуды» белсенді
57
қолданады. Мысалы, швейцариялық педагогтар оқытуда диалогті ұйымдастыру жағдайында
үйретеді. Диалогтің 2 моделін қарастырады: мұғалім және бала мәселені қалай шешу керек екенін
талқылайды; диалог-конференция.
Ресейде техника, өнер, ғылым секілді әр түрлі аймақтан білім мен біліктілікті біріктіру,
топтық форма, жұптық, жеке формаларды қолданумен баланың өз бетінше әрекеті бағдарланған
диалогтік оқыту әдісі жасалады.
Ресейде заманауи кезеңде қоғамның өзгеруімен тұлғалық-бағдарланған оқыту ойымен
сәйкес тәсілдер өзгерді. Ресей білім беру саясатында басты міндет 2010 жылға дейін ресей білім
беру тұжырымдамасын өзгерту қалыптасқан, мемлекет, қоғам, тұлғаның перспективті және өзекті
қажеттілігімен сәйкес және оның түпкі негізімен сәйкес сақтау негізінде білім берудің заманауи
сапасын қамтамасыз ету. Маңызды тәрбиелік міндетке жатады: құқықтық және азаматтық
жауапкершілік, мәдениет және рухтылық қалыптасытыру, бастамашылдықты, өзбетінділікті,
шыдамдылықты, қоғамда сәтті әлеуметтендіру қабілеті және еңбек аймағында белсенді
бейімделуді қадыптастыру.
Білім беру жүйесі кез келген қоғамның мемлекеттік құралының бөлігі боып табылады. Білім
беру болашақ азаматты дайындауға әлекметтік тапсырысты орындаумен сәйкес. Адамдардың
әрекетінің көпшілігінде соңғы жылдары өзбетінше табыс құруы талап етеді, білім беру жүйесі
балаға оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді. Оқушының белсенділігі
оқыту барысында баланың бастама пікір білдіру көлемін көбейтуді болжайды.
Дәстүрлі педагогтар диалогті жүргізуге балаларды оқыту қажеттілігін мойындайды.
Педагогикалық ғылымда «Тіл дамыту» бөлімінде диалогтік сөйлеу тілін (сұрақ және жауап)
қалыптастыру мәселесін қарастырады. Осы бөлімнің басты міндеті байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту болып табылады. Бұл келесі жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, байланыстырып
сөйлеу тілінде тіл мен оның негізгі қызметі коммуникативтілік жүзеге асырылады, екіншіден, онда
баланың ақыл-ой мен тілдік дамуының өзара байланысы айқын көрінеді, үшіншіден,
байланыстырып сөйлеу тілі тілдің фонетикалық жүйесін, грамматикалық қатарын, сөздік қорды
қалыптастыру міндеті бейнеленеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы байланыстырып
сөйлеу тілінің диалогтік және монологтік формасын қарастырады. Диалогтік сөйлеу тілін дамыту
бойынша жұмыс қарым-қатынас үшін қажет біліктілікті қалыптастыруға бағытталған [2].
Сұрақ қою біліктілігін қалыптастыру міндеті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасымен сәйкес. Сұраулы сөйлемді қалыптастырудың басты тәсілі алдымен мұғалімнің
сұрағын қайталауымен қалады.
Педагогикалық әдебиеттерде сұрақтар өздері орындайтын ойлау-сөйлеу міндеттеріне
байланысты іздеу және репродуктивті болып бөлінеді.
Репродуктивті сұрақтар қарапайым
констатация формасында жауапты талап етеді:
не? кім? қайда? қандай? мұндай сұрақтар обьект
туралы мәліметтерді нақты анықтауға мүмкіндік береді, осы сұрақтардың негізінде кейін жалпы
пікір және қорытынды алуға мүмкіндік туады.
Іздеу сұрақтары
не себепті?, неден?, не үшін?
секілді сөздерден басталады және обьект арасындағы байланыс туралы қорытындыны талап етеді.
Бұл тип алдындағыға қарағанда күрделі болады. Іздеу сұрақтарына жауап бере отырып, балалар
себеп-салдарлы байланыс құруға,
қорытынды шығаруға, жалпылау және талдауға үйренеді.
Мұғалімдер тағы да сұрақтың топтастырылуын жіктеді, олар негізгі, жетекші, жасырып
айту. Алдымен балалар алдында негізгі сұрақ тұрады (тікелей). Егер ол қиындық тудырса, онда
жетекші сұрақ қоданылады. Кейін жасырын сұрақ қойылады, ол жауап мәліметінен тұрады, тек
қана келісу не теріске шығарудан тұрады.
Диалогтік сөйлеу тілі дамуының негізгі әдісі әңгімелесу, дидактикалық ойын,
драматизацияланған ойын жатады. Е.А.Флериннің[3]. еңбектерінде әңгіме диалогтік сөйлеу тілінің
қалыптасуына әсер ететіні, сонымен қатар егер мектепке дейінгі жастағы балалар сұрақ қоюды
үйренсе, онда баланың ақыл-ойының дамуына да әсер ететіні қарастырылған. Э.П.Короткова[4].
оның көзқарасын жіктеп және мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімені өткізу талаптарын
жасады.
Дефектологтар әңгіме әдісін қолданудың жетіспеушілігін оқытудың түзетушілік-
дамытушылық үдерісінде әмбебап ретінде көрсетеді (С.А.Зыков). Бұл мұғалімнің басым
белсенділігімен байланысты және әңгіме өткізу барысындағы баланың жеке ерекшелігін есепке
алу қиындығымен байланысты. Көптеген балалар өзінің кемшілігінің спецификалық күшінде
әңгіме барысында қиындық көреді. Осы балалар үшін әңгімеге қатысу сөйлеу тілінің сұрақ-жуап
формасын меңгеру бойынша жұмысты арнайы ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет.