ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
БАЛАМЕН БАЯУ, ӘРІ
АНЫҚ СӨЙЛЕҢІЗ,
ДАУЫСЫҢЫЗБЕН
ЕСТЕ САҚТАУЫ
ҚАЖЕТ СӨЗДІ БАСА
АТАП СӨЙЛЕҢІЗ.
i
Қашан көмек іздеу керек:
1. Сіз қол бұлғап, «сау бол» дегенде балаңыз қолын
бұлғамайды;
2. Бала сізге әлденені қолымен немесе көзімен көрсетуге
тырыспайды;
3. Бала дыбыстар шығармайды және былдырламайды;
4.
Баланы басқа адамдар қызықтырмайды немесе оларды
қабылдамайды;
5. Бала әуенге құлақ түрмейді.
КІШКЕНТАЙ БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУГЕ КӨМЕКТЕСУ
ҮШІН СІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ:
шомылдыру, тамақтандыру, киіндіру кезінде баламен
көбірек сөйлесіңіз;
ән салыңыз немесе қысқа төрт жолды тақпақтар айтыңыз;
қарапайым ойындар ойнаңыз, мысалы, жасырынбақ («ку-
ку»), ойынды жұмсақ, жылы дауыспен, күлімсіреумен және
күлкімен ойнатыңыз;
көрнекі және дыбыс шығаратын ойыншықтар көрсетіңіз,
олармен ойнауды үйретіңіз («Ойыншық қайда?», «Қайда
кетті?», «Қайдан шықты?»);
баламен бірге үй ішіне саяхат жасаңыз, оған қызыққан за-
тын саусақпен көрсетуді мейлінше ерте үйретіп қойыңыз,
көрсеткен затының атын атаңыз.
12 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
өз атын таниды;
қарапайы «сау бол», «бер», «жоқ» және т.б. сөздерді
түсінеді;
бірдей буындарды айтады, мысалы: ма-ма, па-па, ля-ля,
га-га және т.б.;
күледі және сіздің артыңыздан дыбыстарды қайталап,
сіздің артикуляцияңызға
(артикуляциялық дағдыларыңызға) еліктеуге тырысады;
бірдей заттарды атайтын өзіндік мағыналы «былдыр
сөздерді» айтады.
71
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10
i
Қашан көмек іздеу керек:
1. бала сөз айтуға, дыбыс шығаруға, өз қалауын ым-и-
шаратпен білдіруге талпынбайды;
2. бала бәсең және қатты дыбыстар шыққан жаққа басын
бұрмайды.
i
Қашан көмек іздеу керек:
1. бала бар-жоғы бірнеше ғана сөз айта алады;
2. бала ойыншықтармен ойнамайды;
3. бала сөзіңізді түсінбейді, қарапайым тапсырмаларды және
нұсқауларды орындай алмайды.
i
Қашан көмек іздеу керек:
1. бала ым-ишараттармен және дыбыстармен сізге
еліктемейді;
2. бала қарапайым сөздерді пайдалана бастады, бірақ тоқтап
қалды.
3. бала сөйлеуге талпынбайды;
4.
бала дыбыс шығаратын немесе қандай да бір әрекеттер
жасайтын ойыншықтармен ойнамайды;
5. бала сіздің ерніңізді көрмейінше, сөзіңізді қинала түсінеді.
15 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
жауап ретінде дыбыстар шығарады;
8–10 он сөз айта алады, бірақ анық емес;
«жоқ» дегенді түсінеді және басын шайқайды;
қалағанына қолын созады және оны көрсетеді, әрі дыбыс
шығарады немесе дыбысқа еліктеу жасайды;
қарапайым сұрақтарды және нұсқауларды түсінеді;
ұйқастарды жақсы көреді және оларды қайталауға тыры-
сады.
21 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
таныс кітаптағы суреттерді нұсқап көрсетеді;
ойыншық көліктермен, қуыршақтармен және басқа да
ойыншықтармен сәйкесінше ойнайды;
бірнеше ондаған сөз айтып, оларды сөйлем етіп құрасты-
руға, ым-ишаратты пайдалануға талпынады;
айтқанды орындайды, мысалы: «отыр», «тауып, алып кел»,
«шырынды іш».
18 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
сөздерді түсінеді және дене мүшелерін көрсете алады
(мұрын, құлақ, көз және т.б.);
ойыншықтарын және заттарын іздейді («Доп, қуыршақ,
шәркей, тақия және т.с.с. қайда?»);
сөздерді ым-ишарат пайдаланып, сізге
еліктеп айтады;
«апа», «әке» сөздерін сәйкесінше пай-
даланады.
72
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10
i
Қашан көмек іздеу керек:
1. баланың сөзі сізге түсініксіз;
2. сөздік қоры шектеулі, сөздерден сөйлем құрастырмай-
ды, тек ым-имшаратпен және дыбыстарға еліктеушілікті
қолданады;
3. балаңыз айналасында болып жатқандарды түсінбейді,
басқа адамдарға қызықпайды;
4.
«үлкен», «кішкентай» сөздерінің мағынасын түсінбейді.
24 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
айта алатынынан көп сөзді түсінеді;
сөздік қоры тез толығады, сөздерден сөйлем құрастыра-
ды;
тапсырмаларды ынталана орындайды.
Баланың тілдік дағдылары қалай дамиды?
2 және 5 жас аралығында балалардың көпшілігі өте көп дағ-
дыларды меңгереді. Олардың сөздік қоры шапшаң қарқынмен
өседі. Олар көбірек сөйлей бастайды, көп сұрақ қояды. Оларға
әуен, ересектердің кітап оқып бергені және әңгімесін тыңдаған
ұнайды. Бала бір ертегіні бірнеше рет оқып беруді жиі талап
етуі мүмкін. Кейде балалар сөздерді есіне жақсы сақтап алғаны
соншалық, тіпті кітапқа қарап, мәтінді оқып отырған сияқты
болады.
Сіз бұл жаста балаға оқу-үйренуге қалай көмектесе аласыз:
баламен қарапайым, түсінікті сөздермен анық және
асықпай, қарапайым сөйлемдерді пайдаланып сөйлесеңіз;
сізге сөйлеп жатқанда балаға қарап тұрыңыз; сөйлеуге
талпынысы үшін мақтаңыз;
балаларға арналған әуендер қойыңыз, кітаптар, тақпақтар
оқыңыз;
қайда серуендеуге баратындарыңызды, онда не көретін-
деріңізді айтыңыз, ал қайтып келгенде қайталаңыз, бала-
дан сұраңыз: не көрді, қайда барды?;
баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырыңыз,
бірақ тым күрделі сөздер және сөйлемдерді шамадан көп
пайдаланбаңыз;
балаларға арналған шығармалар оқыңыз, оқығандарыңыз-
ды қимыл-қозғалыспен сүйемелдеңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Көбінесе кітаптағы мәтіндер кішкентай балалар үшін қиын бо-
лады, олар әңгімелегенді жақсырақ түсінеді. Ересектер балаға
айтқан кез-келген мәлімет түсінікті және қонымды болуы тиіс.
Бұл кезеңде ең бастысы – баламен сөйлескенде баланың «тілі-
не» көшпеу, керісінше, «дұрыс» сөздер пайдалану қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Балаға тым күрделі тақпақтар мен әңгімелер тыңдатпаған
жөн. Тіл байлығын дамытудың қызығына түсіп, ауызша
мәлімет баланың жасына сай болуы тиіс екенін ұмытпаңыз.
Өзіңіздің тым жоғары талаптарыңызбен баланың сөйлеуді
қалағысы келмейтін жағдайға жеткізбеңіз. Балаңыз мектепке
баруға дайын болғанда, ол жақсы сөйлеуі және тыңдай
білуі тиіс. Дыбыстарды үйрену баланы кейінірек оқуға және
жазуға дайындайды.
73
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10
Достарыңызбен бөлісу: |