Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет15/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

Ырғақты қимыл-қозғалыс 
«Жоралғы» - бұл балада сіздің көмегіңізбен пайда 
болатын тыныштандыратын әдеттер іспеттес. «Жоралғы» 
белгілі бір кезекпен жасалатын әрекеттерден тұрады. 
Егер сіз ұйықтар алдындағы жоралғыны өзіңіз таңдап, 
ол балаңызға ұнаса, ол күнделікті осы жоралғының бү-
ге-шегесіне дейін орындалуын талап ететін болады. 
Егер не істесеңіз де, балаңыз жатқысы келмесе немесе 
шыңғырып жыласа, амалы жалғыз: ешқашан оны жалғыз 
жылатып қалдырмаңыз, бірақ ешқашан қолыңызға да 
алмаңыз.
Ұйықтар алдындағы уақыт тыныш, жайбарақат болуы 
тиіс. Кешкілік уақыт – баланы тәртіпке үйрететін уақыт 
емес.
Сүйікті жұмсақ бұйымдар 
Психолог мамандар оларды өтпелі, тыныштандырушы 
заттар деп атайды. Олар әртүрлі бұйымдар болуы мүм-
кін, дәке жаялықтан, көнетоз көрпешеден бастап, жұмсақ 
ойыншықтарға дейін. Бұл қауіпсіз, әрі сенімді заттар, 
олар «жамандықтың бетін қайтарады» және анасының 
оралуынан дәмелендіреді. Балақай сүйікті бұйымын 
жай ғана қолында ұстауы мүмкін, ал кейде онымен тіпті 
күтпеген әрекет жасауы мүмкін. Мәселен, бөкебайды 
басына орап, бір ұшын бетіне жауып, тесігінен саусағын 
соруы мүмкін. Мұндай сүйікті бұйым бала үшін қала 
сыртына шыққанда ұмытып кетуге болмайтын және 
егер бала ауруханаға жатқызылса, 
үйде қалдырып кетуге болмайтын 
ең маңызды затқа айналады. 
Көреген ата-ана қиын жағдай-
ға ұрынбау үшін осындай 
заттың көшірмесін жасап 
қояды (дәл сондай 
зат сатып алады).
57
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8


Тысқары тітіркендіргіштер 
Кейде баланың түнде жиі оянуына тысқары тітіркен-
діргіштер себеп болуы мүмкін: кейбір түнгі дыбыстар, 
көшедегі қозғалыс, төмен биіктікте ұшып бара жатқан 
ұшақ, пәтер ішіндегі аяқ дыбыстары, әңгіме және т.б.
Көмек қажет екеніне сенімді болмасаңыз, ұйықтап 
жатқан балаға қонақтардың кіруіне рұқсат бермеңіз, 
өзіңіз де кірмеңіз. Ара-тұра кіріп, тексеріп, өз-өзіңізді 
тыныштандыру үшін бала ұйықтап жатқан бөлменің 
есігін жартылай ашық қалдырыңыз.
Ішкі тітіркендіргіштер
Бала көбінесе түнде жылайды, себебі, оны түнгі 
қорқыныштары мазалайды. Бірақ жанына барсаңыз, ол 
тез тыныштанады.
Мұндай мінез тым еркелетіп жіберуден қорқып, 
ата-анасы аймалап-мәпелемейтін, қолға 
алмайтын балаларға тән. Сіздің назарыңызды 
аударатын айғайымен, жылауымен бала көңіл 
бөлу жетіспеушілігінің орнын толтырады, сіздің 
махаббатыңыз үшін «күреседі».
Егер балақай түнде оянып кетіп, жыласа немесе сізді 
шақырса, кідірудің қажеті жоқ – бірден баланың 
жанына барған дұрыс.
Балақайға арнап аз да болса жағдай жасаңыз: 
жөргегінен шығарыңыз, ішетін сусын беріңіз. Оған 
жарық қосылған бөлмеде, ойыншықтарының жанында 
оянған ұнамдырақ болады.
Үлкенірек балаларыңыз болса, олар кейде балақайға 
серік бола алады. Ертеңгілік ойындар – отбасындағы 
балалар арасындағы берік, әрі мызғымас махаббат 
кепілі.
Балаға таңертең және түстен кейін 
демалу қажет. Бірақ, егер ол 
ұйықтамай, ойынға кірісіп кетсе, 
қамықпаңыз. Ол бәрібір 
демалады. 
58
БАЛАЛАРДЫҢ_ҰЙҚЫСЫНЫҢ_БҰЗЫЛУЫ_8__ТИІСТІ_ҰЙҚЫ_ТӘРТІБІН_ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА_ҚАЖЕТТІ'>БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8


ТИІСТІ ҰЙҚЫ ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚАЖЕТТІ 
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.  Баланы ұйықтатарда (ұйықтау «жоралғысы») жа-
салатын іс-шаралардың реттілігін сақтау. Ұйықтау 
жоралғысына кіретіндер: баланы шомылдыру, кітап 
оқу, шамды қалдырып, жарықты сөндіру, бесік жы-
рын айту, баланы басынан, қолынан, үстінен сипалау 
(«аналық массаж»).
2.  Жаңа туылған бала үшін алғашқы айларда шомылу 
әдісін пайдалану қажет. Бірқалыпты қозғалыста 
бөбек тынышталып, тез ұйқыға кететіні белгілі. Ол 
үшін баланы бесікке жатқызып, әрі-бері тербетуге 
болады. Дөңгелегі бар төсектер үлкенірек балаларға 
арналған, әрі тербетуге келмейді.
3.  Бесік жырын айту. Бесік жырының ырғағы, со-
нымен қатар, ызыңдаған және ысылдаған дыбы-
стардың саналуандығы тыныштандырушы әсерге 
ие.
 
Бір сарынды, ырғақты сөз құрылымы балақайды 
тыныштандырады, тезірек ұйықтауға көмектеседі. 
Жақынының байыпты сөзі мен мейірімі жұбатады, 
балаға өзін туғандарының жақсы көретініне және 
қамқор болатынына сенімділік береді. Бесік жы-
рының мәтіні болса, есту қабілетінің дамуына әсер 
етеді, баланы сөз тіркестерін, 
сөйлемдер құруға үйретеді.
 
Бесік жырларының 
ырғақты дыбыстық «бе-
дері» - жылы сөз, әсіресе, 
кішкентай бөбектердің қа-
лауы. Ол балаға да, анасына 
оң әсер етіп, жайлы, сенімді 
қарым-қатынас ортасын 
құрады.
59
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8


Ұйықтар алдында балаға бесік жырын айтыңыз, оның 
жеңіл, түсінуге оңай түрде өрбітіңіз. Назарыңызға бір-
неше бесік жырын ұсынамыз, олар сізге және балапа-
ныңызға ұнайды деп үміттенеміз.
БЕСІК ЖЫРЛАРЫ
Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Су бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де,
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әй-әй бөпем, әй бөпем.
Ән айтайын, бал бөпем.
Ән тыңдағын келсе егер,
Және айтайын, жан көкем…
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ме екен?!
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?!
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әлди, әлди, аппағым,
Әлди, әлди бөпешім,
Әнімді айтып берейін.
Аялап, сені жүрейін,
Өскеніңді, көрейін.
 Былдырлаған тіліңнен,
Айналайын бөпешім.
Таптым, бақыт өзіңнен,
Ұйықтай ғой, енді көкешім.
 Сұрап алдым Алладан,
Тапқан жоқпын даладан.
Өзіңде ғой бар арман,
Болдың бізге сен жалған.
 Әлди, әлди бөпешім,
Бақыт саған тілегім.
Ұйықтай ғой енді көкешім,
Алтын менің бөпешім.
Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!
Қойдың жүні – қалпағың.
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.
Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!..
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын күн бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар үйінде,
Ақылбайдың үйіне
Бұрала барып түс, бөпем,
Қымызынан іш, бөпем!
60
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау