ДЫБЫСТАРҒА ЕЛІКТЕУ ЖӘНЕ
ДЫБЫСТАРҒА ҰҚСАТУ СӨЗДІГІ
Баланың дәл
осы алғашқы сөздерінен, өзі айта алатын және
түсінетін, бірақ жеткiзе алмайтын сөздерінен бастапқы сөздік
қоры – ана тілін енді меңгере бастаған баланың нақты сөздік
қоры қалыптаса бастайды. Баланың алғашқы сөздерін айтуына
көмектесу үшін ең кішкене тыңдармандарға (1 жастан бастап 1
жас 6 айға дейінгі балаларға) арналған тақпақтарды пайда-
лануға болады. Асты сызылған сөздерді баламен қосылып
айтыңыз, сонда ол оларды өзі айтып үйренеді.
Әрекет түрлерін білдіретін дыбыс кешендері
нәйім-нәйім
даңғыр-даңғыр
шырыл-шырыл
Жан-жануарлардың және құстардың дауыстары
аф-аф
ме-е-е
қаңқыл-қаңқыл
з-з-з
Жылау, күлу, айғайлап шақыру, басқа адамдардың таңқала, қуа-
на және жалпы сезімін білдіре сөйлеген сөздерін ұқсатып айту
а-а
ау
алло
Көлік құралдарының, аспаптардың,
сағаттардың дыбысы
би-би
бам-бам
дың-дың
секең-секең
күмп (шолп)
дыңғыр-
дыңғыр
сырт-сырт
иа-иа
мө-мө
қар-қар
қо-қо
и(һ)о-о
ах
ой
пырс
зың-зың
ту-ту-у
сықыр-сықыр
зың-зың
ла-ла-ла
қаз-қаз
кеңк-кеңк
ку-ка-ре-ку
ку-ку
бақ-бақ
ха-ха
тшш!
түу
тоқ-тоқ
бух-бух
шиқ-шиқ
тық-тық
мяу
шиқ-шиқ
р-р-р
қорс-қорс
83
БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ
СӨЗДЕРІ ҚАНДАЙ?
11
-Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Көзің неге тостақ?
- Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
- Су ішінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Пұшау, пұшау, қоңырым,
Қулық білмес момыным,
Дөң маңдайды, көзіңді,
Ұнатамын өзіңді.
Жүнің де әйбат жібектей,
Мүйіз де өсер жыл өтпей.
Қос құлағың салбырап,
Мазаны алма маңырап.
Шыр-шыр
еткен торғайды,
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Тарпаң - тарпаң тайлағым,
Ботақаным, маймағым.
Қара - көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің желбіреп
Желк - желк етіп желесің
Енеңе еріп келесің.
Әукім-әукім, әукешім!
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Құлыным, құр-құр, құлыным,
Қасыңа жақын барайын.
Желбіреп тұрсын тұлымың,
Жалыңды күлте тарайын.
Құлыным, тыр-тыр, құлыным,
Елеңдеп бекер үрікпе.
Бекіді берік буының,
Көрейін бір сәт мініп те.
Томпаң - томпаң торпағым,
Шошаладан қорқағым,
Сүзісуге батырым,
Жарысуға шорқағым.
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін
жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
84
БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ
СӨЗДЕРІ ҚАНДАЙ?
11
Т
аңертегілік жаттығудың пайдасы туралы баршамыз
білеміз: балақай бірнеше қарапайым жаттығу жасаса
– күні бойы сергек, әрі көңілді жүреді. Бірақ тіл дамыту
жаттығуының пайдасы туралы білетіндер аз. Айтпақшы,
дәл осындай «ауызған арналған жаттығу» дауыс ырғағын,
сөйлеу мәнерлілігін және тіпті тіл табыса білу қабілетін
жақсы машықтандырады! Әрі ол қарапайым және көңілді,
себебі, әр жаттығу қызықты ойын сияқты.
Сабын көпіршіктерін шығару немесе стақан ішіндегі
түтікше арқылы «бүлкілдеу» бала үшін тіс тазалау сияқты
пайдалы екенін кім білген? Тыныс алу жаттығулары тіл
дамуына
септігін тигізеді, дыбыстардың дұрыс айтылуын
қалыптастырады, сонымен қатар, бала ағзасын керемет
нығайтады.
Тыныс алу жаттығуларын жасау барысында баланың
ерніне жіті көңіл бөліңіз. Ерін түзу түтікше түрінде жиы-
рылуы тиіс, қос ұрт бірқалыпты томпиюы және орнына
келуі тиіс. Дем алу мен дем шығару үдерісін қол және
аяқ қимылымен үйлестірген өте пайдалы.
Көбінесе балалар іркіліп, ауық-ауық тыныс алады,
оларға терең дем алу, дем алу мен дем шығаруды
мұрын және ауыз арқылы кезектестіру қиынға соғады.
Бұл дұрыс және мәнерлеп сөйлеуге кедергі келтіреді.
Ол олқылықты сөйлеу кезінде тыныс
алу жаттығулары
түзете алады:
Балаға ертегі, тақпақ айтып бергенде, мысалы, әңгіме
жел туралы болса, баланы үрлеуге үйретіңіз, бетіне
үрлеңіз; уақыт өте келе ол сізге еліктей бастайды. Кейін
сіз оның үрлеуін өтініп ойнауға болады: балаға кішкен-
тай селдір мақта шөкімін беріңіз, бұл қар, жел соққанда
ол ұшады деп түсіндіріңіз, үрлегенде ауызбен, ерінді
домалақтап, бірқалыпты үрлеп, демді ішке мұрынмен
тарту керек.
86
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
12
Қағаздан көбелек немесе ұшақ жасаңыз, оған
жіп байлап,
балаға оларға үрлесе, ұшатынын көрсетіңіз. Үрлегенде дем
шығару барынша ұзағырақ бола түсуіне қол жеткізу қажет.
Ағаш жасаңыз: қағаздан бірнеше жолақ қиып алып, таяқшаға
немесе қарындашқа жапсырыңыз, «жел» ағаштың жапырақта-
рын тербелтеді. Мұндай жаттығулар қиялды да дамытады.
Баламен бірге қағаздың
қиындысын немесе балауыз
жалын үрлеңіз. Дем шығару
оқыс болмауы керек, өйткені,
жалын сөніп қалуы мүмкін,
сондықтан, бірқалыпты және
жеңіл үрлеу керек.
Қағаздан
құстарды қиып
алып, үстелдің ең шетіне
қойыңыз. «Құстар ұшсын!»
деп әмір беріңіз де, тек бір
рет қана үрлеңіз. Құстар
алысырақ ұшуы үшін
шыққан дем мейлінше ұзақ
болуы тиіс.
Солған бақбақты жұлып
алып, үлпектері ұшатындай
етіп үрлеңіз. Бала ауаны жұт-
пай, сыртқа шығармай, қос
ұртына
жақсылап жинауын
қадағалаңыз.
Айналғыш немесе ойыншық
диірмен жасаңыз (немесе
сатып алыңыз), баланы қа-
наттарды айналдыратындай
етіп үрлеуге үйретіңіз.
Баланы ыстыққа үрлеуге,
қолын демімен жылытуға үй-
ретіңіз, мұрнымен дем алып,
қолын аузына апарып, демін
аузынан шығарсын.
Балаға ит ыстықтағанда
қалай тыныс алатынын
көрсетіңіз: тілін шығарып,
ентігіп, тез.
Балалар дем алу мен дем
шығаруды, ауызбен және
мұрынмен дем алуды және
дем
шығаруды шатастыруы
мүмкін. Гүл иіскеуді үйретіңіз
(әсірелетіп (арнайы) мұрын-
мен дем алу керек те, ар-
тынша «А» деген дыбыспен
демді сыртқа шығару керек).
87
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
12