УДК 517
DREAMWEAVER ПРОГРАММАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН
ВЕБ-САЙТ ЖАСАУДА ҚОЛДАНУ
Алдабергенова Айгуль Оналбековна, п.ғ.к., доцент
Кажетова Жансая Шындалиевна
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
zhansaya_777@mail.ru
Сайт құруға арналған программалар қазіргі кезде өте көп. Соның ішінде ең
танымалы Macromedia Dreamweaver және Microsoft FrontPage программалары. Бұл екі
программада WISIWIG (What I See Is What I Get — не көрсең, соны аласың) визуалды
редакторлар болып табылады. Бұл екі программада сайт жасауды жаңадан
үйренушілерге таптырмайтын құрал болып табылады. Мақалада Macromedia
Dreamweaver программасының мүмкіндіктерін веб-сайт жасауда қолдану туралы
айтылған.
Программ для создания сайтов существует множество, но как правило, когда
речь заходит о создании сайтов, вспоминают о двух программах — FrontPage и
Dreamweaver. Обе эти программы позволяют создавать сайты даже новичку, который
не знаком с языком разметки гипертекста (HTML). В данной статье рассматривается
возможности использование программы Macromedia Dreamweaver при созданий веб-
сайта.
Programs for creation of web-sites there is a great number, but as a rule, when speech
calls about creation of web-sites, remember about two programs - FrontPage and
Dreamweaver. Both these programs allow to create web-sites even to the novice that is not
acquainted with a hypertext markup language (HTML). This article discusses the possibility of
using the program Macromedia Dreamweaver when creating a website.
Кілт сөздер: сайт, веб-бет, Macromedia Dreamweaver программасы, интернет.
Бүгінде сайт жасау кәсібі кең таралған қызмет түріне айналып кетті. Жалғыз басты
адамнан, шағын және үлкен топқа дейін, компанияларға дейін сайт әзірлеу, жетілдіру,
қызмет көрсету жұмыстарын жасайды. Сәйкесінше, сайт жасау технологиялары да
әртүрлі. Сайт (ағыл. сөзі, Site – орын; мәндес сөздері – веб торап, веб сайт, ресурс) – бұл
өз адресі (URL), өз иесі бар және біртұтас бүтін секілді қабылданатын веб-беттерден
тұратын Интернеттегі орын. Веб-бет (ағыл. сөзі – web-page) – бұл (URL) адреспен
бірмәнді анықталатын Интернеттің логикалық бірлігі. Ол суреттерді, скриптерді,
форматталған мәтінді, дыбысты, бейнені басқа веб-беттерге немесе Интернет
ресурстарына сілтемелерді енгізе алады. Сонымен, веб-сайт – бұл дайындаудың ортақ
мәнері бар болуы және өзара біртұтас тақырыппен байланыста болуы тиіс веб-беттер тобы
[1].
Интернетті қолданушылардың қажетіне сай келетін, қызықты сайт жасау үшін
сайтты құрастырушы адамның белгілі бір дәрежеде білімі, компьютерлік сауаттылығы
болуы қажет.
Сайт құрастыру үшін төмендегідей екі әдісті қолдануға болады:
Бірінші әдіс- Microsoft Front Page, Adobe (Macromedia) Dreamweaver секілді
визуалды HTML редакторлардың көмегімен жеткілікті дәрежеде жақсы сайт құрастырып,
оны интернетте орналастыруға болады. Визуалды редакторлар ең алдымен сайттың
сыртқы бейнесімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Яғни, сізге web- парақтың ішкі
құралдарымен жұмыс жасаудың қажеті болмай қалады. Бұл жұмыстың бәрін сіздің
орныңызға визуалды редакторлар орындайды. Бұл программалардың басты
артықшылығы: біріншіден, сізге HTML тілін (Hypertext Markup Language – гипермәтіндер
тілі) жоғары дәрежеде білудің қажеті жоқ; екіншіден, бұндай программалардың көмегімен
қарапайым, шағын сайтты аз ғана уақыттың ішінде құрастыруға болады; үшіншіден,
бұндай программалармен жұмыс жасай жүріп, сіз Web-сайт жасаудың негізгі
принциптерін игересіз.
Екінші әдіс- HTML тілін терең білуде жатыр. HTML тілін жеткілікті дәрежеде
меңгерген маман Microsoft Front Page, Macromedia Dreamweaver секілді редакторларда
жұмыс жасай білсе де, білмесе де кез-келген сайтты құрастыра алады. Әрине оларға
браузерге қажетті HTML кодты басынан аяғына дейін өзіне жазуға тура келеді. Қателерді
де өзі түзетіп, HTML-анықтамаларын қолдана алады [2].
Біз мақаламызда веб-сайт құруда Macromedia Dreamweaver программасының
мүмкіндіктерін қолдану туралы айтпақпыз.
Dreamweaver программасын орнатудың басқа программаларды орнатудан еш
айырмашылығы жоқ. Программаны орнатқаннан кейін оны жүктеу керек. Ол үшін жұмыс
үстеліндегі жалауша немесе мәзір арқылы Пуск | Программы | Macromedia Dreamweaver
командасын орындаймыз.
Жалауша немесе сілтеменің үстіне тышқанның сол жағын бассақ, сұхбаттық терезе
шығады. Ол терезеден редактор интерфейсінің стилін таңдау керек, оның екі түрі болады:
Designer (Дизайнер), Coder (Кодер) (1- сурет).
1- сурет. Редактор интерфейсінің стильдері
Designer жұмыс аймағында дизайн және сайттың сыртқы түрімен жұмыс жасай
аламыз. Ал Coder-де парақшаның ішкі бөлімімен яғни кодпен жұмыс жасаймыз. Жұмыс
аймағын Window (Окно) | Workspace Layout (Расположение рабочей области) командасы
арқылы өзгерте аламыз (2 -сурет) :
2- сурет. Редактор интерфейсінің стильдері
Таңдау жасалғаннан кейін редактор жүктеліп, Macromedia Dreamweaver
программасының алғашқы беті ашылады (3- сурет):
3-сурет. Dreamweaver программасының терезесі
Терезенің жоғарғы бөлігінде тақырыбы орналасқан, сәл төменірек командалық
мәзір орналасады. Ол он пунктен тұрады. Олардың әрқайсысы біріктірілген командалық
мәзірден тұрады (4- сурет).
4- сурет. Командалық мәзір
Төменгі бөлігінде Properties (Қасиеттер) терезесі орналасқан. Терезенің ортаңғы
бөлігі үш бөліктен тұрады:
Open a Recent Item (Открыть последние файлы). Программаны қолданған
болсаңыз сол жағында соңғы ашылған файлдар тізімі шығады. Программаны бірінші рет
ашқан болсаңыз ол бос болады.
Create New (Создать новый) бөлігі (5-сурет) жаңадан құруға болатын файлдар
типінің тізімін шығарады: HTML, GoldFusion, PHP… JavaScript, CSS т.б.
Create from Samples (Создать по образцам) бөлігі Dreamweaver-де сатылай
орналастыру стильдерінің ( CSS) дайын үлгілері ( шаблондар), фреймдік құрылым мен
сайт дизайны кірістірілген.
5-сурет. Жаңа құжат терезесі
Жаңа файлды құрудың бірнеше тәсілдері бар:
- Dreamweaver-дің қосалқы терезесінің көмегі арқылы;
- командалық мәзірден File (Файл) | New (Новый) командасын орындау арқылы ;
- + функцияналды батырмаларын басқанда New Document (Новый
документ) сұхбаттық терезесі ашылады (6-сурет).
6- сурет. Жаңа құжат құру тәсілдері
Пайда болған терезеден Web-бетке дайын шаблондарды таңдауға болады. Create
(Создать) батырмасын басқанда жаңа жұмыс аймағы пайда болады (7-сурет).
7- сурет. Жұмыс жасау аймағы
Біз қаңқа жасаудан бастаймыз. Қаңқаны кесте арқылы жасау ыңғайлырақ болады.
Жұмысты жеделдететін құралдар мен функцияларды білу пайдалы, сондықтан сіздерде
Common (Общее) панелі ашық болса, онда тышқанды бір рет шертіп жаңа кесте құру
мүмкіндігі бар (8-сурет).
8- сурет. Кесте құру
Жаңа кестені мәзірдегі Insert (Вставка) | Table(Таблица) командасы арқылы құруға
болады (9-сурет).
9- сурет. Кесте өлшемдерін беру
Бірінші бөлікте Table size (Размеры таблицы) мына өлшемдерді беруге болады:
- жол (rows) мен баған(columns) санын;
- кесте енін (table width); кесте енін процент немесе пиксель арқылы
таңдап аламыз;
- шекара қалыңдығын (border thickness); үнсіз келісім бойынша 1 пиксельден
тұрады;
- ұяшық мәні мен ұяшық шекарасы (cell padding) және ұяшықтар арасының (cell
spacing) мәнін береміз.
Келесі Header (Загаловка) бөлігінде кесте тақырыпшасының аты орналасатын 4
нұсқаның біреуін таңдауға болады: None –тақырыпша жоқ; Left –1- ші баған түрінде; Top
–1- ші жол түрінде; Both –біріктірілген түрде ( 1- ші баған мен 1- ші жол).
Тақырыпша мәндері берілгеннен кейін ұяшыққа енгізілген мәліметтер
қоюлатылған шрифтпен центрде орналасады.
Барлық параметрлер берілгеннен кейін ОК батырмасын басып, келесі кестені
аламыз (10- сурет):
10-сурет.Кесте
Енді жоғарғы тұрған екі бағанды бір жол болу үшін біріктіруіміз қажет.
Ұяшықтарды біріктірмес бұрын оларды ерекшелеп алу қажет. Ол үшін тышқанды
жолдың сол жағына апарсақ, ұяшық шекарасы қызыл түс болып, курсор нұсқағышқа
айналады (11-сурет,12-сурет,13-сурет).
11-сурет. Ұяшықтарды біріктіру
Шертетін болсақ ерекшеленген ұяшықтардың шекарасы қалың қара сызық болады.
12- сурет.
Ерекшеленген ұяшықтарға тышқанның оң жағымен шертіп мәзірден Table
(Таблица) пунктін таңдап, ашылған мәзірден Merge cells (Объединить ячейки) таңдаймыз.
Немесе мына батырмалар жиынын басамыз ++.
13- сурет.
Нәтижесі:
Астыңғы ұяшықтармен де солай жасаймыз, ол жерде копирайт орналасады. Енді
Properties (Свойства) тақтасымен танысайық (14-сурет):
14-сурет. Properties (Свойства) тақтасы
Егер сіздерде тақта басқа параметрлермен көрінетін болса, онда кестені алдын- ала
ерекшелеу қажет кестенің кез-келген жерінде тышқанның оң жағын шертіп мәзірден Table
(Таблица) | Select Table (Выделить таблицу) таңдаймыз. Бұл тақтаның көмегімен
кестенің алғашқы берілген мәндерін-жол мен баған санын, енін т.б. өзгертуге болады.
Ұяшық параметрлері төменгі бөлігінде, ал жоғарғы бөлігінде мәтіннің қасиеті
жайлы ақпарат орналасады. Қазіргі ұяшықтың ені-20%. Бұл жерде сайт мәзірі орналасады.
Енді ұяшықта орналасатын тышқан курсорын орнатамыз, ол жерде мазмұн болады және
негізгі тарауларды немесе + (жол аралықтары) батырмалары
арқылы енгіземіз. Енді жұмысымызды сақтаймыз. Ол үшін File (Файл) | Save as
(Сохранить как) командасын орындаймыз (15-сурет).
15-сурет.Құжатты сақтау
Save as терезесінің құрылымы басқа редакторлық терезелерден еш айырмашылығы
жоқ. File (Файл) | Save (Сохранить) немесе саймандар тақтасындағы арнайы Standard
(Стандартты) батырмасы командаларын орындаймыз. Файл аты жолағында құжатқа
index.html деп ат береміз. Standard тақтасын Window (Окно) | Insert (Вставка) немесе
+ батырмалары арқылы шақыртуға болады. Сақталған құжатты ашу үшін
алдымен программаның өзін ашып алып, содан кейін ғана File (Файл) | Open recent
(Открыть последние) командасын шақыртамыз. Немесе File (Файл) | Open (Открыть)
командасы орындаймыз. Құжатты өзі орналасқан бумадан да ашуға болады, ол үшін
тышқанның оң жағын басып пайда болған мәзірден Edit with Dreamweaver (Редактировать
в Dreamweaver) таңдау қажет.
Біз сіздерге Dreamweaver программасының қызметтерін пайдаланудың алғашқы
мүмкіндіктерін және негізгі ерекшеліктерін беруге тырыстық. Оларды қолдану –
толығымен қарапайым сайт жасауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, интернетте сайт жасаудың нағыз маманы болу үшін бір ғана Front Page
немесе Adobе Dreamweaver программасын білудің өзі жеткіліксіз. Бірақ, айта кету керек,
бұндай редакторлар - сайт жасауды жаңадан үйренушілерге таптырмайтын құрал болып
табылады.
Қорыта келе, біздің мақаламыз веб-сайт жасауды үйренгісі келетін кез-келген
адамға пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
https://ru.wikipedia.org/wiki/Adobe_Dreamweaver
2.
Носов В.П. Исследование и разработка методов построения и кэширования веб
приложений. Диссертация на соискание ученой степени кандидата технических
наук.Москва, 2009
Достарыңызбен бөлісу: |