ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23
155
Үш жасқа толғаннан кейін бала өзінің дербес тұлға
екенін, өзге адамдардан бөлек әртүрлі тілектер мен әре-
кеттер көзі екенін анықтайды. Бала қолданысына жарай-
тын ерік-жігері бар екенін түсіне бастайды. Оның ерік
білдіруге деген талпынысы пайда болады: ол дербестік-
ке, өз қалауын ересектердің қалауына қарсы қоюға тал-
пынады. Ол заттар мен адами қарым-қатынастар әлемін
өзгертуге қауқарлы екенін сезінеді, өз әрекеттерін және
өз қиялын басқара алуға қабілеті жететінін сезінеді.
Өзінің құдыретін, артып келе жатқан тәуелсіздігін сезе
отырып, бала шектеулерге тікелей қарсы тұруға көшеді
және кез-келген мәселеге қатысты өз пікірін қалыптас-
тыруға тырысады. Үш жаста «мен өзім» деген сана-сезім
қалыптасады. Екі жарым жастан үш жарым жасқа дейінгі
кезең кейде «негативизм (теріске шығару) кезеңі» неме-
се «алғашқы ересектік кезеңі» деп аталады.
Ү
ш жастағы дағдарыс – бұл, ең алдымен, бала тұлғасы
мен оның айналасындағы адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынастар дағдарысы. Аталмыш дағдарыс ере-
сектер баланың дербестікке ұмтылу үрдісін байқамаса
немесе байқағысы келмесе, баланың белсенділігін,
бастамашылдығын тежесе және кез-келген жолмен өза-
ра қарым-қатынастың авторитарлық (өктемшіл) сипатын
сақтауға тырысса ғана шиеленіскен түрде өтеді.
156
ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23
ҚЫҢЫРЛЫҚ – бұл бала өзі соншалық қалағандықтан
емес, талап еткендіктен өз дегеніне көндіргісі келетін
жағдай. Көбінесе ата-ана, «кім кімді жеңеді» деген
желеумен, қыңырлық көріністерін күшейтіп, нығайтып,
баланы орын алған қақтығыстан абыроймен шығу мүм-
кіндігінен айырып, тұйыққа тірейді.
ҚЫРСЫҚТЫҚ негативизмнен адамға емес, өмір салты-
на, осы сәтке дейін оның мінез-құлқын белгілеп келген
ережелерге қарсы бағытталатынымен ерекшеленеді. Бұл
- бала бұрын көргеніне қарсы шығарған жасырын бүлік.
НЕГАТИВИЗМ (ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ) баланы өз қалауы-
на қайшы әрекет етуге итермелейді. Бала одан сұраған
әрекетті жасаудан бас тартады – қаламағандықтан емес,
тек одан солай істеуді өтінгендіктен ғана. Бала әре-
кетінің басты себебі – одан өтінгендей емес, керісінше
істеу.
ТІЛАЗАРЛЫҚ. Негативизм тілазарлықтан бөлек. Тіл
алмағанда бала өтініш мазмұнына қарсы шығады және
ересек адамның нұсқауларына ермейді, себебі, сол
сәтте өзіне қызықтырақ басқа іспен қолы бос емес. Тіл
алмағанда бала ересек адамның қалауына қарама-қай-
шы өз қалауына ереді. Негативизм жағдайында бала
өз қалауына қайшы әрекет етеді. Негативизм әлеу-
меттік мәнге ие және өтініш мазмұнына емес, адамға
бағытталған. Негативизм талғампаз: бала тек белгілі
бір адамдардың ғана өтінішін орындаудан бас тартады,
мысалы, тек анасының немесе тек әкесінің. Қалған басқа
айналадағылармен ол тілағыш және жуас болуы мүмкін.
3 ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛА
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ТӘН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР
157
ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23
ДЕСПОТИЗМ (озбырлық) көбінесе жалғыз балалы
отбасында жиі кездеседі. Ол бар күшін салып айнала-
сындағыларға билік жүргізгісі келеді, бұрын, бар қалауы
орындалған ерте балалық шағындағы орнын иеленгісі
келеді. Мұндай жағдайда бала «тақсыр» атанғысы келеді.
ҚЫЗҒАНЫШ. Егер отбасында бірнеше бала болса, бұл
белгіні қызғаныш деп атауға болады. Бала бұрынғы-
ша билік етуге тырысады, бірақ билікті өзара бөлісуге
мәжбүр бауырларына қызғанышын көрсетеді.
БІРБЕТКЕЙЛІК баланың қолынан келмесе де, бар-
лығын өзі жасағысы келетіні түрінде орын алады. Бұл
ретте оның дербестікке ұмтылысы белгі береді.
НАРАЗЫЛЫҚ – бүлік бала мінезінің наразылық сипа-
тына ие болуымен өзгешеленеді, бала айналасындағы-
ларға соғыс ашқандай әсер қалдырады.
Наразылық-бүлік ата-анамен жиі ұрыс-керіс шығаруға
алып келеді.
ҚҰНСЫЗДАНУ – бұрынғы заттарға, адамдарға, мі-
нез-құлық ережелеріне үйірліктің құнын қашыру. Бала
бұрын-соңды үйде айтуға болмайтын балағат сөздер
айта бастауы мүмкін. Сөзінде тек жаман, теріс мағынаға
ие сөйлемдер пайда болады. Жақында ғана қастерлі
болған ойыншықтар, кітаптар құнынан айырылуы мүм-
кін, бала оларды лақтыруы, жыртуы, жағымсыз атау беруі
мүмкін.
158
ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23
БАЛАЛАР БОЙЫН КЕРНЕГЕН АШУ-ЫЗАНЫ
ҚАЛАЙ ЖЕҢЕДІ
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
1. Өшпенділік сыртқа, өзге адамдарға немесе заттарға
бағытталады. Мысалы, бала текшелерден көпір
жасауға тырысып жатыр, бірақ қолынан келер емес,
ол жасаған көпірін түгін қалдырмай бұзып тастайды
немесе қақтығысқа кінәліні айыптайды: «Бұл сенің
кінәң. Сен істедің».
Бала бойындағы өзгерістерге сәйкесінше әрекет етуге
тырысыңыздар:
авторитарлық (өктемшіл) әрекеттестікті, шамадан
тыс қамқорлық көрсетуді серіктестікке өзгертіңіз;
балаға өз бетінше әрекет етуге (орынды шектерде)
мүмкіндік беріңіз;
баланы сезім және ашу қысқанда парасаттылық
танытыңыз;
бала ашуын жағымсыз, кейінгі қалдырылған, бүрке-
меленген немесе алмастырылған болып қалмай-
тындай өзге арнаға бұрыңыз.
159
ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23
2. Ашу-ыза үшін жауапкершілік өзіне артылады, ашу
және өзін-өзі сынап-мінеу, айыптау түрінде жаза-
лау әрекеттері өз-өзіне бағытталады. Бұл баланың
кінә сезімін бастан кешіруі, жазалануды күтуі,
басын төмен салбыратуы, «солғын моторика», «Мен
кінәлімін. Бәрі менің кесірімнен болды» деген сөз-
дер түрінде көрініс береді.
3. Ашу-ыза тұншықтырылады. Бұл тәсіл ашу-ыза
тудыратын қақтығысты жағдайды құндылығынан
айыруды білдіреді. Мысалы, бала құлап, соғылып
қалып, «Ал менің еш жерім ауырған жоқ», «Ештеңе
етпейді, жазылып кетеді» дейді; ойыншығын басқа
бала тартып алғанда: «Ал менің басқа ойыншығым
бар» дейді, басқа балалар ойынына қабылдамаған-
да: «Ал мен басқа ойын ойнаймын» дейді.
Жоғарыда сипатталған ашу-ызаны жеңу тәсіл-
дерінің әрқайсысы тек белгілі бір жағдайларда
ғана орынды бола алады. Ата-ананың міндеті ба-
лаға кейде басқалар, кейде өзі кінәлі болатынын,
ал кейде бала сезімдерін дабырайтып жіберетінін
түсінуге көмектесуінде жатыр.
Сол кезде бала өз ашуын немесе ызасын сындар-
лы арнаға бұруға мүмкіндік алады және кейінгі
өмірінде өз ашу-ызасын тиісінше реттеуге септе-
сетін құралдарды иеленді.
160
ҮШ ЖАСТАҒЫ
ДАҒДАРЫС
23
Достарыңызбен бөлісу: |