Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет37/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43

Келесіні есте сақтаған жөн, тым жоғары талаптар мен 
шамадан тыс оқыту баланың үнемі шаршаңқылығына 
және оқуға деген жиіркенішінің пайда болуына алып 
келеді, сондықтан, жеңілдетілген оқу үдерісі дұрыс – 
топтағы, сыныптағы балалар саны мейлінше аз, сабақта-
ры қысқа және т.с.с.
Бала үйге келген соң, тым болмаса бір сағат бойы бар 
көңіліңізді соған бөліңіз. Осы уақыт ішінде бала ішінде-
гісін ақтарып, бір күн ішінде өзін мазалаған жайттармен 
бөлісіп үлгереді. Ұйықтар алдында (2-3 сағат бұрын) 
серуендеген, баламен сөйлескен, әңгімесін мұқият 
тыңдаған жөн екенін есте сақтаған жөн. Артық күйзелісті 
шығару үшін үнемі жеңіл, тыныштандыратын массаж 
(сылау-уқалау) жасап, босаңсытатын жаттығулар жасау 
қажет. Ондай балалар қорқыныштарға душар болғыш. 
Оларға сіздің қолдауыңыз бен қолпаштауыңыз қажет.
ГИПЕРБЕЛСЕНДІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
ОЙЫН МЫСАЛДАРЫ 
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ ОЙЫНДАРЫ 
«Слалом майталманы».
Орындықтардан екі қатарлас слалом жолағы жасалады, сол жо-
лақты сайысқа түскен командалар екі жақ басынан да арқамен 
алға қарай жүріп өтуі тиіс. Орындықтар арасымен келе жатып, 
олардың біріне соғылып қалған қатысушы қайта бастау үшін 
сөреге оралады. Жолақты қателіксіз өткен команда жеңеді.
«Көшбасының артынан қуу».
Жарысқа түсетін екі қатысушы орындықтардан жасалған шең-
бер сыртында тұрады. Олар шеңберді ортаға алып, бір-біріне 
қарама-қарсы тұрады. Бір мезетте бірге бастап, ойыншылар 
арқасымен алға қарай, ирелеңдеп бірін-бірі қуалап жүгіреді. 
Жеңімпаз бес айналымнан кейін анықталады. Егер ойыншы 
орындыққа үш рет тиіп кетсе, жеңілді деп есептеледі.
i
Балалардың бір бөлігі есейе келе гипербелсенділігінен 
арылады, яғни, жасөспірімдік шақта сырқат белгілері 
жоғалады. Бірақ, басқа балаларда ЗЖГС сырқаты жасөспірімдік 
кезеңге де, ересектік кезеңіне де (әсіресе, баланы емдетпесе) 
ұласады. 
152
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


«Ырғақты есте сақта».
Жүргізуші қатысушыларға қол шапалақтау арқылы жасаған 
ырғақ үлгісін қайталауды ұсынады. Естігенін есте сақтай ал-
мағандар үшін бағдар ретінде ырғақ үлігісінің сандық жазбасы 
беріледі, ондағы сан бір-бірінің артынан үздіксіз соғылған ша-
палақ санын, ал арасындағы сызықшалар кідірістерді білдіреді 
(мысалы, 1-1-3-4-2). Тапсырманы жеңілдету үшін шапалақтар 
санын көрсетілген үлгіге сәйкес дауыстап санау ұсынылады. 
Ырғақты әуен толығымен есте сақталғанда шеңберді айналды-
ра алдымен баяу, артынша үдемелі жылдамдықпен қайталана-
ды. Шатасып қалған қатысушы ойыннан шығады.
«Ойыншық көлік».
Алдыңғы ойындағыдай, пантомимикалық үлгі беріледі, атал-
мыш үлгі белгілі бір реттілікпен жасалатын қимыл топтарынан 
тұрады, әр қимылға шартты белгілеме беріледі (екі «төрт-
бұрыш», екі «бүкпе», бір «төртбұрыш»).
«Сиқырлы бөрік».
3 секунд бойы бөрік астына жиналған барлық заттарды есте 
сақтап, артынан тізіп айтып беру қажет.
«Шеңбердегі доп». 
Шеңбер ішінде тұрып, қатысушылар 
бір-біріне 1, 2, 3 және одан көп доп 
лақтырып, өзінің лақтыру ниетін 
сөздердің көмегінсіз білдіреді. 
Лақтырған добын ешкім ұстамаған 
ойыншы ойыннан шығады.
«Броун қимылы».
Жүргізуші шеңбердің ішіне бірінен соң бірін бірнеше ондаған 
теннис доптарын енгізеді, доптар тоқтамауы да, шеңбер шека-
расынан шықпауы да тиіс.
«Допсыз волейбол».
6 адамнан тұратын екі топ волейбол ережелері бойынша (үш 
пас) бірақ допсыз, көз қимылымен және сәйкес қимыл-қозға-
лыстар арқылы ойнайды.
ШЫДАМДЫЛЫҚТЫ ЖАТТЫҚТЫРУ
«Қосалқы ойыншылар орындығы».
Кез-келген ойыннан шығып қалған ойыншы орындықта ойын 
біткенше отыруы тиіс. Егер ол орындықтан тұрса немесе тыныш 
отырмаса, бүкіл командаға айып ұпай немесе жеңіліс есепте-
леді.
«Балауыз мүсін».
Ойын біткенше әр ойыншы «мүсінші» қалдырған кейіпте қалуы 
тиіс.
«Жанды сурет».
Сюжетті қойылым жасап, қатысушылар басқа ойыншы
қойылымның атын таппайынша қатып тұрады.
«Көлік».
Балалар көліктің қосалқы бөлшектері («дөңгелектері», «есік-
тері», «жүксалғышы», «капоты» және т.с.с.) рөлін ойнайды, басқа 
ойыншы сол балалардан көлік құрастыруы тиіс.
«Теңіз толқиды» және басқа да «қат – жібі» ойындары.
153
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


ҰСТАМДЫЛЫҚТЫ ЖАТТЫҚТЫРУ
– ҚЫЗБАЛЫҚТЫ БАСҚАРУ 
«Адалдық күші».
Әр топ мүшесі кезек-кезек, шамасы келгенше, бірақ «адал», 
яғни, еденге кеудесін толығымен тигізіп, еденнен қолын 
толығымен жазып тұру арқылы еденге тартылу жаттығуын 
жасауы тиіс. «Адал» орындай алмаса, ойыншыны топтағы 
серіктестерінің бірі алмастырады, ал шыққан ойыншы кезектің 
соңына барып тұрады. Жаттығуды 100 рет «адал» жасаған топ 
жеңімпаз атанады. Жаттығу түрін қажетінше өзгертуге болады.
«Жеуге жарамды-жарамсыз», «Қараны ақпен киюге болмай-
ды», «ИӘ және ЖОҚ деуге болмайды» және осыларға ұқсас 
басқа да, қызбалыққа бой алдырмау үшін өзін-өзі басқаруды 
талап ететін ойындар.
«Үнсіз сөйле».
Ойын шарттары бойынша балаларға бір-бірімен сөйлесу 
рұқсат етілгенде өз ойын тек үнсіз ғана білдіруге болады. 
Сөйлеп қойған ойыншыға айыппұл салынады немесе бүкіл топ 
жазаланады.
«Ырғақты жалғастыр». 
Әр қатысушы көрсетілген ырғақты үздіксіз орындауға қатыса-
ды, орындау барысында шеңбер бойында тұрған көршісінен 
кейін бір рет қол шапалақтауға ғана құқылы. Шапалақ соғып 
үлгермеген, кідіріс уақытын сақтамаған немесе артық қол 
шапалақтаған ойыншы ойыннан шығады.
«Шыңға өрмелеушілер».
Қатысушылар бос қабырғаның бойымен, оған тек үшін дене 
мүшесімен кезек-кезек сүйеніп өтуіне болады. Бір мезет-
те екі бірдей дене мүшесін қабырғадан ажыратқан немесе 
жылжытқан ойыншы «құзға құлаған» болып есептеліп, сөреге 
қайтып оралады. Толық құраммен қабырғаның екінші жағына 
бірінші болып жеткен топ жеңімпаз атанады.
154
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау