Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет36/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43

АЛБЫРТТЫҚ:
бала өзіне қойылған сұрақтарға ойланбай, аяғына дейін 
тыңдамай жауап береді, кейде жауаптарын айғайлап 
айтады;
қай жерде болмасын өз кезегін әрең күтеді;
көбінесе өзгелерге кедергі жасайды, әңгімесіне, ойында-
рына араласады, айналасындағыларға тиіседі; 
шыдамсыздық танытады, өз тілек-қалауларының табан 
астында орындалуын талап етеді.
Кейде басқа да қосымша белгілері болуы мүмкін:
нәзік қимылдардың (бау байлау, қайшыны пайдалану, бояу, 
жазу, сурет салу) бұзылуы ; 
тепе-теңдіктің бұзылуы (бала велосипед, коньки тебуді 
әрең үйренеді);
көру-кеңістіктік үйлесімділіктің бұзылуы (спорттық, әсіре-
се, доппен ойналатын ойындар ойнай алмайды); 
құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас құру-
да қиындықтарға тап болуы – гипербелсенді мінез-құлық 
ата-анасының да, мұғалімдерінің де ашуын шақыруы мүм-
кін, айналасындағылардың тарапынан жақтырмаушылық 
тудыруы мүмкін, нәтижесінде бала қатігез, ештеңеге 
көнбейтін болып кетеді.
ЗЖГС ТУУ СЕБЕПТЕРІ 
ЗЖГС туындауында генетикалық механизмдер маңызды 
рөл атқарады. Егер отбасында балалық шағында ЗЖГС 
синдромына байланысты қиындықтары болған отбасы 
мүшелері болса, гипербелсенділіктің даму қауіп-қатері 
шамамен 30% құрайды.
ЗЖГС туындау жайттарының жартысы дерлік жүктілік пен 
босану кезіндегі жағымсыз факторларға тәуелді:
• 
құрсақ ішіндегі гипоксия (оттегі жетіспеушілігі); 
• 
жүктіліктің үзілу қаупі; ананың жүктілік кезінде 
шылым шегуі және дұрыс тамақтанбауы; жүктілік 
кезіндегі күйзелістер;
• 
нәрестенің шала туылуы (сәби денесінің салмағы 
2500 г кем болуы);
• 
мерзімінен бұрын, шапшаң немесе ұзақ босану, 
босану үдерісін жеделдету. 
Отбасындағы шиеленіскен қарым-қатынастар, жиі жанжал 
шығару, балаларға төзбестік пен шамадан тыс қаталдық 
таныту да осы синдромның өрбуіне өз үлесін қосады. 
149
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕР:
1.  Тәрбие әдістерінің әркелкілігі (әжелер мен аталар, 
әкелер мен аналар, тәрбиешілер мен мұғалімдер).
2.  Балаға қойылатын талаптардың жүйесіздігі (ере-
желер үнемі өзгеріп отырады, бала оларға үйреніп 
үлгермейді).
3.  Ашушаңдықты басқаруда білім мен дағдылардың 
болмауы және оларды балаға үйрете алмау.
4.  Эмоционалдық жылудың жетіспеушілігі: гипербел-
сенді балалар тіпті ең жақын туыстарының өзін 
қажытады, ашуландырады.
ЕМДЕУ ЖӘНЕ ТҮЗЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ 
ЗЖГС сырқатын емдеу кешенді болуы тиіс, яғни құрамы-
на дәрі-дәрмектермен емдеу, сонымен бірге, психоло-
гиялық түзеу шаралары енгізілуі тиіс. Негізі, ең дұрысы, 
бала дәрігердің немесе психологтың бақылауында 
болуы, ата-анасының қолдауын, олардың емдеу оң нәти-
желер беретініне сенімін сезінуі тиіс. Бұл қолдау емдеу 
барысында бала үйренетін дағдыларды орнықтырады.
Гипербелсенді балалардың психологиялық ерекшеліктері 
олардың сөгісті және жазалауды ұғынбауында, бірақ олар 
тіпті болмашы мақтаудың өзіне мәз-мейрам болады. Берілетін 
нұсқауларды анық, түсінікті, қысқа және көрнекі етіп құрау 
қажет. Осындай бала қандай да бір нұсқауды немесе өтінішті 
орындауы үшін аталмыш нұсқаулар мен өтініштер қысқа (он 
сөзден артық емес) болуы тиіс, әйтпесе, бала сізді тыңдамайды. 
Ата-анасы балаға бір мезетте бірнеше тапсырма бермеуі тиіс, 
оларды жеке-жеке берген дұрыс.
Ата-ана күн тәртібінің 
сақталуын қадағалауы тиіс: 
тамақтану, серуендеу, ойын, 
үй тапсырмаларын орындау, 
ұйықтау уақытын нақты 
белгілеп отыруы тиіс.
Балақайға артық күш-қуа-
тын дене жаттығуларына, 
ұзақ серуендерге, жүгіруге 
жұмсауға мүмкіндік жасау 
қажет.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ТЕК ДӘРІГЕРДІҢ 
ТАҒАЙЫНДАУЫМЕН ҒАНА ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ! 
150
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


Мінез-құлықты түзеу үшін, баламен талқылай отырып, жақсы 
және жаман мінез-құлық үшін мақтау және жазалау жүйесін 
қолдануға болады; сонымен қатар, балаға ыңғайлы жерге 
балабақшадағы және үйдегі мінез-құлық ережелерінің тізімін 
іліп қойып, баладан оларды дауыстап айтып шығуын сұрауға 
болады. Тыйым салғанда, келесіні есте сақтау қажет: тыйым 
салу көп болмауы тиіс. Тыйым саларда алдын-ала баламен 
келісіп алу керек, тыйымдар нақты сөздерден құралуы тиіс; 
бала тыйымдарды бұзудың қандай салдары болатынын білуі 
тиіс. Жазалау шаралары теріс қылық жасалғаннан кейін бірден 
қолданылуы тиіс, яғни, теріс қылық жасалған уақытқа барынша 
жақын болуы тиіс, әйтпесе, бала оның мәнін түсінбей қалуы 
мүмкін.
Тапсырмалар орындату кезінде баланы шамадан тыс шаршат-
паған жөн, себебі, шаршаңқылық гипербелсенділікті күшейтуі 
мүмкін. Шапщаң қозғыш балаларды көп адам қатысатын іс-ша-
раларға қатыстырмау немесе қатысуын шектеу қажет.
Ойын барысында серіктес 
таңдау да маңызды – олар 
салмақты және байсалды 
болғаны абзал.
Бала сырқат болса, оны тілазарлығы үшін ұрсу тиімсіз ғана 
емес, сондай-ақ, зиян. Ондай жағдайда балаға тек баға бе-
руге болады, яғни, баланың тұлғасына оң баға, ал жағымсыз 
қылықтарына теріс баға беруге болады. (Мысалы, «Сен жақсы 
баласың, бірақ қазір істеп тұрған қылығың дұрыс емес, олай 
етуге болмайды…» деу керек). Баланы ешқашан басқа балалар-
мен теріс мағынада салыстыруға болмайды («Марат жақсы, ал 
сен жамансың!»).
Телебағдарламаларды және компьютерлік ойындарды көру/
ойнау уақытын қысқартқан жөн. Гипербелсенді бала үшін 
теледидар бағдарламаларын көруде және компьютер алдында 
отырып, ұзақ тапсырма орындауда шек қойылады (компьютер 
алдында неғұрлым ұзақ отырса, эмоционалдық қозғыштығы да 
соғұрлым жоғары болады, оны тыныштандыру қиындай түседі).
151
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау