«проблемы формирования творческого потенциала учителя и учащихся»



жүктеу 52,12 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.02.2018
өлшемі52,12 Kb.
#9114


76 

 

«ПЕДАГОГ ЖƏНЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН 



ДАМЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ» 

 

«ПРОБЛЕМЫ ФОРМИРОВАНИЯ ТВОРЧЕСКОГО ПОТЕНЦИАЛА УЧИТЕЛЯ 

И УЧАЩИХСЯ» 

 

 

 

 

 

ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДЕГІ  ҰСТАЗДЫҢ 

ШЕБЕРЛІГІ 

 

 



                                                                                          Азизқызы Нұрила  

                                                                        Тарих жəне өнер факультеті,  

                                                                             музыкалық білім мамандығының  

                                                3-курс студенті 

                                                                              Есмаганбетова Ш.К. ҚМПИ, 

 

 

 

 

 

 

Өнер кафедрасының аға  оқытушысы 

 

Қоғамның мəдениетін, əлеуметтік, рухани өмірін дамытуда əр адамның  жеке тұлғасы, 

азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген 

шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль  атқарады. Жас ұрпақты осындай  

тұлға  етіп тəрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол. Əрине, бұл жолда тəлім 

–тəрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тəрбие бағдарламалары да, тəрбие құралдары да, 

техникалық жабдықтар да қажет, əрі мəнді. Бəрінен  де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс 

танытатын, адамдықтың, əлемдік мəдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын  музыка пəні  

мұғалімінің эстетикалық тəрбие берудегі орны бөлек. 

 Эстетикалық тəрбие дегеніміз -  жас ұрпақты өмірдегі, күнделікті  тұрмыстағы

еңбектегі, табиғаттағы жəне əдебиет пен өнердегі  əсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, 

азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп бойына сіңіре  білуге, əділ бағалауға, 

тіршілкте іске асырып   отыруға баулу, əсемдікті  тани, жасай білуге үйрету. Эстетикалық 

тəрбиенің мақсаты-  əр адамның  ақыл-  ойын,  əсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, 

мінез- құлқының, тəн мен жанның қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты  мұрат  тұтып, 

өзінің тұрмысын, мінез -  құлқын, адамдармен қарым-  қатынасын, ұйымдастыра білу 

қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту.  Эстетикалық тəрбие  жан-  жақты 

дамыған, еңбек  сүйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, əдепті  жастарды тəрбиелеудің  басты  

бір  саласы. 

 Эстетикалық тəрбие - кең ұғым. Ол əсемдікті  сезе білуге тəрбиелейді. Эстетикалық  

тəрбие  көркемөнер  құралдары  арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің

табиғаттың  əсемдігін  тану  кезінде, адамдармен  қарым- қатынас   үстінде тəрбиеленеді. 

 Көркемдікке  көркемөнер   құралдары арқылы тəрбиеленеді. Көркемдікке тəрбиелеу  

эстетикалық  тəрбиенің  негізгі  қүрамдас бөлігі. 

 Эстетикалық  даму дегеніміз  жас ұрпақтың  эстетикалық  нəр алуға  мүмкіндік   

тудыратын  сезім мүшелері  мен  шығармашылық  қабілетін   ұштау,  өмірдегі, 

көркемөнердегі  əсемдікті  түсінуіне, оны  қабылдауына   педагогикалық  жағынан  ықпал ету  

арқылы  адамның  эстетикалық  сезімін дамыту. 

 Эстетикалық  сезім -  дегеніміз өмірдегі  көркемөнердегі əсемдікті  қабылдаудан 

туатын  эстетикалық  нəр алу, толқу, рахаттану.  Ол – адам  табиғатына  ғана тəн жоғары  

сезім. 



77 

 

 Ғалымдар эстетикалық тəрбиені қоғамдық  -   мəдени  өмірдің жан- жақты дамуымен 



байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен  дəуірдің  алдыңғы  қатарлы  дəстүрі  мен 

тəжірибесіне сүйенеді. Əсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің  

шығармашылық  қызметінде өмірді  жəне оның  əсемдігіні сəулелендіреді. Адамның  

əсемдікті  сезе, тани білу қабілеті əсемдікті жасауға қатынасы  оның сезім байлығы  мен 

эстетикалық  мəденитінің  даму  дəрежесіне байланысты. 

Эстетикалық тəрбие өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге құштарлығын 

арттыруға ықпал  етеді. Байқағыштығы мен əсерленгішітігін ( қуану, қобалжу, əрі- сəрі  болу, 

қайғыру)  тереңдетеді.  Эстетикалық  əсерлену əсемдікті  қабылдауға   ғана негізделіп 

қоймайды, өнер шығармасының мазмұны  мен идеясын терең  түсінуге де  негізделеді.  Бұл 

эстетикалық  тəрбиенің  ақыл -  ой,  адмгершілік, еңбек, тəн тəрбиесімен тығыз 

байланыстылығын   байқатады. 

Көркем шығарманы,  табиғат əсемдігін, адамның  жақсы  тəртібін, тамаша мінез - 

құлқын көріп  сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен əсер етеді. 

Əсемдікті   сезіну адамның   өмірін байытып, бір- біріне  достық қарым- қатынасын, 

жақсылық  істеуге  талпынысын, белсенділігін тудырады.  Эстетикалық тəрбиені  бала  

дамуының алғашқы  сатысынан  бастау жан-  жақты  жарасымды  дамыған  ұрпақ  

тəрбиелеудің алғы  шарты. 

Эстетикалық  тəрбиенің  міндеттері :  

1.  Жастардың  эстетикалық  қабылдауын  жүйелі  түрде  дамыту.Осының негізінде  

қоғамдық өмір  мен айналаны терең  таныту жəне олардың  адамгершілік  бейнесін  

қалыптастыру.Олардың  зейінін  өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың   тəртібі  мен 

іс-  əркетіндігі, тал бойындағы əсемдікті  көре білуге аудару, өмірдегі  шын əдеміліктті 

жасанды  əдеміліктен  ажырата  білуге, оны дұрыс  бағалауға  үйрету. 

2. Жастардың  эстетикалық  түсінігі  мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін  

дамыту.  Эстетикалық  жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу,əсерлену, 

бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен 

ренішіне, табысына   бірге қуанып,  бірге қайғырып əсерленуін, көңіл-  күйінің  толқуын   

дамыту. 

3. Жастардың көркемдік  талғамын  тəрбиелеу.  Оларды    жақсы  мен жаманды, 

сұлулық пен кейіпсіздікті, нəзіктік пен дөреклікті, бір түстілік пен ала- құлалықты ажырата  

білуге, өлең, əн, музыка, бейнлеу өнері  шығармалырынң  не себептен  ұнамайтынын  аңғара  

білуге  үйрету. Эстетикалық  талғам- өте кең түсінік. Ол өнер  шығармаларын  түсініп, нəр  

алу ғана  емес сонымен  қатар   табиғаттың, өмірдің,  еңбектің, тұрмыстың, киімнің  əсемдігін 

түсіну  жəне бағалай білу. 

Талғамды дамытуда оқыту  ісі ерекше  роль атқарады.  Сабақта  оқушылар  көркем  

əдебиет, музыка, бейнелеу  өнері туындыларымен  танысады, əсемдік əлеміне  саяхат  

жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезу талғамы  қалыптасады, бұл адамның рухани   

дүниесінің   баюының  негізі. 

4.Жастардың  күшіне  сай өзін  өнерде  көрсете білу қабілетін,  айналаға қажетті 

əдемілік жасауға талпынысын тəрбиелеу, көркемдік- шығармашылық  қабілетін  дамыту. 

5.Эстетикалық  тəрбиенің  тағы  бір мəнді  міндеті  жас ұрпақты  мамандығына 

қарамай, өмірдегі, табиғаттағы əсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға  , молайтуға  үйрету. 

-  Табиғаттағы  əсемдікті  өнердегі  көрсеткіштер  -  ескерткіштер мен сəулет  өнері  

туындыларын  көзінің  қарашағындай  етіп  аялауға  баулу.  Бұл адам  еңбегін бағалауға, 

Отан, табиғат  байлығын  ұқыпты  қарауға  үйрету. 

Қоршаған  дүние, табиғи  орта, күнделікті тұрмыс  эстетикасы, табиғаттан, өмірден  

алған  əсері, көркем  əдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, 

мерекелер  мен  сауық кештері, қарым-  қатынас жасап  араласып жүретін адамдардың  

моральдік бейнесі, тəртібі, қазақ  халқының  салт- дəстүрі эстетикалық    тəрбие құралының  

тиімді  түрлері  болып табылады. 



78 

 

Жас ұрпаққа   эстетикалық тəрбие  беріп, сезіміне ықпал   етуде атап  өткеніміздей 



халықтың салт- дəстүрі, əдет- ғұрпы, музыкалық  шығармалары, əн- күйлері, аңыз- күйлері, 

мақал- мəтелдері, жыр- дастандары, қолданбалы  өнері, ою- өрнектері т.б.   эстетикалық  мəні  

бар өнер  шығармалары пайдаланылады. 

Қазақтың   халықтық  педагогикасында музыкалық-  эстетикалық  тəрбиенің   

құралдары  сан алуан.  Халқымыз  “Ақылды болсаң, əн тыңда”, “Əн  -  көңілдің  ажары”, 

“Ауылдың  алты ауызы”, “Қонақ кəде” айту, күй шерту, күй жарысы, айтыс, терме айту, 

сазды ойындар ойнау, би билеу сияқты  құралдары  отбасында  ,мерекелерде, той думандарда  

т.б.  салт-дəстүр арқылы тəрбиелеген.   

Оқушыларды  концерттерге  , театрға, киноға, көрмелерге  ұжымды  түрде  баруын 

ұйымдастыру  мұғалімнің  сыныптан  тыс  дəстүрлі  шараларына  айналған. 

Тағы  бір  сыныптан  тыс шараларды  ұйымдастыруда  кітапханалардың үлесі өте зор. 

Олар  музыка жəне  музыканттар  туралы, театр жəне  кино  актерлері, əнші, күйшілер  

туралы  көрмелер ұйымдастырады. Мысалы: “Ұлы дала күйшісі-Құрманғазы”  . Соған  

байланысты  көрме ұйымдастырылп, оған өмірбаяны, күйлері жəне  күйлерін  жеткізуіш   

шəкірттері  туралы  мақалалар  көрсетіледі. 

Барлық  мектептен  тыс мекемелердің  мақсаты- балаларды əсемдік  əлеміне, мəдениет 

жетістіктеріне тарту, тұтас алғанда  шығармашылық қабілетін дамыту, жан- жақты дамыған 

жеке адамды тəрбиелеу. Ал мұның өзі үйірмелердің алуан түрі : хор, вокал,  би, аспаптық, 

оркестрлік үйірмелер арқылы жүзеге асады. Олар  оқушылардың  музыкалық  даярлығын  

тереңдетудің  аса маңызды  факторы  болып табылады. 

Қазақ халқы  өзінің  сан ғасырлық тіршілігі  ішінде  балаларды тəрбиелеудің өзіне  тəн 

тəжірибесін жинақтап, жеткіншек ұрпақты тəрбиелеуде өзінше талаптар қойды. Оның ішінде   

музыкалық  эстетикалық  тəрбие  алуан түрлі тəсілдермен жүргізіліп, педагогикалық ықпал  

жасау əдістері көп болды. Бұл тəсілдер яғни тəрбие берудің  əдістері айналадағы  табиғат, 

күнделікті  еңбек, халық ауызекі əдеби жəне музыкалық  творчествосы, ұлттық ойындар  мен 

спорттық жарыстар  арқылы ұрпаққа   музыкалық тəрбие берудің  құралы қызметін  атқарып 

келеді. Музыкалық жазуы,  музыкалық оқу орындары мен мамандары болмағандығына   

қарамастан, қазақ халқы  музыкалық қабілетін, ұнаған музыкалық немесе  əдеби  шығарманы  

бірден қағып  алуға мүкіндік  беретін есте сақтау қабілетін дамытып,  ұрпақтан-  ұрпаққа  

тəрбиенің бұл түрін  жеткізіп келеді. Сыныптан  тыс жүргізілетін жұмыстардың  ішінде  

халық  музыкасын  оқыту  жəне  соның өзін тəрибелеу процесіне  пайдалану  əдісін  тиімді  

қолдана  отырып “ Қазақ халқының  əн өнері”  деген  бағдарламамен  факультативтік курстар 

ашуға болады. Бұл факультативтың басты мақсаты- оқушыларды  қазақ халқының халықтық  

əн жанрымен  таныстырып, халықтық музыканы  сүюге  тəрбиелеу. 

Осындай  мектеп пен мектептен  тыс мəдени  мекемелердің  оқу тəрбие  жұмысының  

маңызды  түрінің бірі- музыкалық  лекторийдің тəжірибесінде педагогика саласында баршаға  

танымал түсіндіру, əңігмелесу, лекция - концерт, қызу пікірталастар, жарыс,  педагогикалық 

байқау жəне т.б. басқа тəрбие əдістерін қолданылады. Əсіресе, жоғарыда аталған  

педагогикалық жарысу əдісі мектеп оқушыларының мектепішілік, мектепаралық, 

 

Республикалық “Əнші болғым келеді”, “Сиқырлы қазан” жарысында  өте  ұтымды   



пайдаланылады. Осындай  жарыстармен   бірге  музыкалық  кештер, тақырыптық  концертер, 

лекторий, диспуттар мен  сынптан тыс мəдени ағартушылық  “Қыз сыны”, “Жігіттің  

сұлтаны” сияқты жаңа сипаттағы т.б. ойын-  жарыстары, байқауларын өткізе отырып, 

музыкалық бағыт-  бағдар ғана қоюмен шектелмей, олардың музыкалық тəрбие 

 

деңгейлерінің  өсуіне көмектеседі. 



Сыныптан  тыс өтілетін  жұмыстардың   тəрбиелік  пəрменділігі  оқушылардың  жас 

шамаларына,  өзіндік  жеке дайындығына  байланысты. 

Эстетикалық тəрбиеде, сонымен  бірге оқушылардың өлеңдерді, əндерді, əңгімелерді, 

ертегілерді   қайталап  қабылдау əдістері  пайдаланылады. 




79 

 

Көріп отырғандай , эстетикалық  тəрбиенің   оқу процесіндегі  мүмкіншіклетір ұшан- 



теңіз. Оларды тек  пайдалана білу керек.  Дегенмен  де өнермен тікелей байланысты  шешуші  

роль оқу  сабақтарына байланысты.   

Өнер адам сезіміне  көркем образ  арқылы əсер етеді, оның жарқын толғанысын 

оятады, əр түрлі  сезімдерді қалыптастыруға  ықпалын тигізеді.   

Сондықтан  оқушылармен жұмыс жүргізген кезде, балаларға əсемдігін ашып, олардың 

рухани  бейнелерін   байыту үшін, қоғамдық қызметке деген белсенділігін   оятып, адамның 

өмірдегі  жақсы мұраттарын бекітуге бөгет  болатындармен күрес  жүргізу  үшін, өнермен  

шұғылдану  жолында əрбір  мүмкіндікті пайдалану қажет.  

Қоғамның  экономикасын, мəдениетін, əлеуметтік, рухани өмірін дамытуда əр 

адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, 

еңбекке деген  шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль  атқарады. Жас  

ұрпақты осындай тұлға  етіп тəрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол. Əрине, 

бұл жолда тəлім –тəрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тəрбие   бағдарламалары да,  

тəрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, əрі мəнді. Бəрінен  де жас ұрпаққа 

рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, əлемдік мəдениеттің шырқау  шыңына 

бағдарлайтын  музыка пəні  мүғалімінің орны бөлек. 

А.С.Макаренконың педагогикалық техниканы  игерудің маңызын ерекше бағалаған.  

Өнер институтындағы сияқты педагогикалық оқу орындарында да дауысты қою, сөйлеу, 

қарау өнерімен таныс болу қажет  деп есептеген. Дауысты мұғалімнің  жұмыс  құралы  деп 

таныған. ”Тəрбиенің даусын үйлестіре білуінде де, өзінің бет құбылысын басқара білуінде де  

педагогикалық   шеберлік  болады”,- деген, ендеше əрбір педагог  шеберлікке  жетуді  мұрат  

етуі тиіс.  

 Мұғалімінің  күнделікті жұмысында  психология мен педагогикадан  терең білімді 

білу, тəрбиенің мақсат-  міндеттерін,  прициптерін, оқушы-  тəсілдерін теориялық тұрғыда  

түсінуге мүмкіндік тудырады. Сондай -ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі,  жеке 

оқушыларға, оқушылар ұжымына дəл мінездеме беруге оқушылардың əрекетіне, құбылыстар 

мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тəрбие əдістерін белгілеуге мүмкіндік  

тудырады. 

Қызығушылығы бар оқушыларды музыкалық –  эстетикалық үйірмелерге тарту 

арқылы оларды зиянды əдеттерге əуестенуден сақтандырамыз.  

Əрбір бала тəрбиелеуши педагог маман оқушы тəрбиесіне өз үлесін өз пəні 

шеңберінде ғана емес, сол шеңбер сыртындағы шығармашылық арқылы жүргізе білуі керек. 

Сонда ғана оқушы санасна мəдениетті, сауатты, пайдалы тəрбие сіңіре аламыз.  

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 



ЖОЛДАРЫ 

 

Бегжанова Ж.Е, Сейдина Б.З. 



Ы.Алтынсарин ат. 

Арқалық педагогикалық институты 

 

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жұмыстарының мазмұны 

дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адамның шығармашылық іс-əрекет тəсілдерін 

меңгеру мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, 

интеллектуалдық ой-өрісін кеңейту. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, 

қабілетті, ізденімпаз, өз пікірін дəлелдей алатын, шығармашылықпен іс-əрекет жасайтын 

дербес, білімді жеке тұлғаны айтамыз. 

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім 

беру мазмұнының теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, 

шығармашылық іс-əрекет пен ерікті сезім тəжірибесін меңгеруді ұсынады[1]. 



жүктеу 52,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау