Тақырыбы: Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар



жүктеу 20,28 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі20,28 Kb.
#31936
Астрофизика 6


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар.





Қабылдаған:Бекбаев С

Орындаған:Ахматдинова С

Тобы: ЖФИ-711.

Тұтылмалы айнымалы жұлдыздарды, көбінесе тұтылмалы қосарлы жұлдыздар деп атайды. Бұл шындығында, жарықтары тұрақты болатын компоненттері Жер арқылы өтетін жазықтықта жатқан орбитасы бойымен массаның жалпы центрі төңірегінде айналатын спектрлі қос жұлдыздар болып табылады. Сондықтан тұтылмалы қос жұлдыздардың компоненттері айналу процесінде бір-бірін бақылаушыдан периодты жартылай немесе түгелдей көлегейлейді. Тұтылу болмай тұрған кезде бақылаушыға екі компоненттің де жарығы көрінеді. Ал тұтылу кезінде тұтылдырушы компоненттің көлегейлеуінен жарық азаяды және бақылаушы жұлдыз жарқырауының көмескіленгенін байқайды.

Айнымалы жұлдыздың көрінетін жарығының өзгеруі жалтырау қисығы деп аталатын график түрінде бейнеленеді. Бұл қисықтың көрінісі айнымалы жұлдыз компоненттерінің өлшемі, пішіні, массасы, жарқырауы мен өзара ара қашықтығына, сондай-ақ олардың орбиталарының созылыңқылығына және бақылаушымен салыстыра қарағандағы бағдарына байланысты. Айнымалы жұлдыздардың жалтырау қисығын зерттеу олардың ішінен ерекшеліктеріне қарай аталатын үш кейіпті айқындап берді.

Біріншісі – Алголь кейіптес айнымалы жұлдыз. Бұл жұлдыздар компоненттерінің пішіндері шар тәрізді, оның үстіне, жұлдыз-серігінің өлшемі үлкен,ал жарқырауы бас жұлдыздікінен аз. Екі компоненттің де температурасы 9000-11000 К-ге жуық ақ түсті,ал серігінің температурасы 5000-8000 К-ге дейін жететін сары түсті жұлдыз болуы мүмкін. Тұтылуы болмай тұрған кезде жұлдыздардың жалтырауы өзгермейді. Серігі көмескілеу бас жұлдыз тұтылған кезде, оның жалтырауы күрт азаяды. Алголь кейіпті түрлі жұлдыздардың айнымалылық периоды мейлінше әр түрлі, 0,2-ден 10000 тәулікке дейін онан да көп. Жалтырау амплитудасы деп аталатын ең үлкен өзгеруі бірнеше жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін.

Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың екінші түрі – Лирадағы в кейіпті жұлдыздар. Олардың жалтырауы үздіксіз және біркелкі екі жұлдыздық шама аралығында баяу өзгереді. Бас минимумдардың аралығында міндетті түрде қисықтың өркеші кішілеу екінші реттік минимум болады. Айнымалылық периоды – жарты тәуліктен бірнеше тәулікке дейін созылады. Бұл жұлдыздардың ерекшеліктері де Алголь типтес жұлдыздар сияқты зерттеледі. Лирадағы в кейіпті айнымалы жұлдыздардың комоненттері В және А спектрлі кластағы ірі және ақ түсті алыптарға жататын болып шықты.

Бірақ тұтылмалы қос жұлдыздардың компоненттері өлшемдері және жарқырауы жағынан ұқсас әрі фотосфералары тиердей бір-біріне соншалықты жақын болса, онда жалтырау қисығының екінші минимумы үлкендігі жағынан бас минимумға тең, ал айнымалылық периоды тәуліктен әжептәуір аз болады. Мұндай тұтылмалы қос жұлдыздар Жетіқарақшыдағы W кейіпті деп, осы шоқжұлдыздың атына ие болды. Оның айнымалылық периоды бар болғаны 8 сағатқа тең. Бұл жұлдыздардың үлкен компоненттерінің бұлайша ғаламат жылдам айналуын көзге елестету қиын. Бұл жұлдыздар F және G спектерлік класына жатады.

Айнымалы жұлдыздар физикалық үдерістердің нәтижесінде жарығы уақытпен өзгеретін жұлдыз. Егер бірнеше күн бойы әр кеште екі-күш рет Персейдегі β жұлдызын қарап және оның көрінетін жарығын (жылтылын) көрші шоқжұлдыз Кассиопеядағы α және β жұлдыздарымен салыстырса, онда осы жұлдыз жарқырауының айнымалылығын аңғару оңай. Бірде ол Кассиопеядағы жұлдыздар сияқты анық жарқырайды, бірде олардан көмескіленеді.Персейдегі β жұлдызының айнымалылығы ортағасырлық араб астрономдарының өздері-ақ белгілі болатын, олар оған Эль-Гуль деген ат берген. Бертін келе Алголь болып өзгерді. Оның жөні де бар: барлық жұлдыздар біркелкі жарқырап тұрса, ол мезгіл-мезгіл “көз қысқандай” болады.

Бірақ өзінің жарқырауын өзгертетін бір ғана Алголь емес 1596 жылы неміс астрономы Д.Фабрициус (1594-1617) Кит шоқжұлдызындағы О (омикрон) әрпімен белгіленген, поляк астрономы Я.Гевелий жарқыраудың күрт өзгерісіне қарай Ғалам, яғни Ғажайып, немесе Таңғажайып деп атаған жұлдыздың айнымалылығын ашты: жұлдыз жай көзге жарық болып көрінеді. Бірде мүлдем жоғалады.

Европада Персейдегі в жұлдызының айнымалылығын 1669 жылы итальяндық Г.Монтанари (1632-1687) қайта ашты. Ал оның жарқырауының өзгеру периодының дәл уақытын 1784 жылы Лирадағы β және Цефейдегі δ жұлдыздарының айнымалылықтарын ашқан ағылшын Дж.Гудрайк (1764-1786) 173 ж. Тұжырымдады. Бұдан кейін басқа да айнымалы жұлдыздар табылды. Бірақ өткен жұлдыздар деп аталады.

Әсіресе 1921-1940 жылдары және 1946 жылдан бастап жұлдызды аспанды суретке түсіру арқылы көптеген айнымалы жұлдыздар ашылды. Мұндай жұлдыздарды іздеу мен зерттеуде кеңестік астрономдар мен астрономия әуесқойлары үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта 28400 айнымалы жұлдыз белгіленген.

Айнымалы жұлдыздарды тұрақты жұлдыздар жарқырауынан бірден айыру үшін латын алфавитінің R-ден Z-ке дейінгі үлкен әріптермен шоқжұлдыз атын көрсету шартты түрде қабылданған. Мысалы: Лирадағы R, Мергендегі T және т.б. Егер шоқжұлдызда айнымалы жұлдыздар көп болып, көрсетілген әріптер жетпесе, онда екі әріптен тұратын түрлендіру пайдаланылады. (RR,RS…,TT…,ZZ ,AA, AB және т.б. QZ-ке дейін.) Осындай әдіспен шоқжұлдыздағы 334 айнымалы жұлдызды белгілеуге болады.

Бірақ кейбір шоқжұлдыздардағы айнымалы жұлдыздардың көптігі сондай, әріптердің бұл түрлендірулері де жетпейді. Содан кейін осы шоқжұлдыздардағы жаңа ашылған айнымалы жұлдыздар V (латынның variable – айнымалы деген сөзі) әрпімен және шоқжұлдыздағы айнымалы жұлдыздың V 335-шісінен, мысалы Аққудағы V335, Мергендегі V 336 және т.б. деп белгіленетін болды.

Жұлдыздардың жарқырау айнымалылығы тек екі себептен болады. Олар бірін-бірі айналғанда тұтылады. Немесе қойнауларында өтіп жатқан физикалық процестер құбылтады. Сондықтан айнымалы жұлдыздардың өздері де тұтылмалы айнымалы және физикалық айнымалы деп екіге бөлінеді.
жүктеу 20,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау