1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сəйкес
еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты
болып есептеледі.
Жұмыс уақытының түсінігі жəне түрлері. Жұмыс уақыты –
бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық жəне жеке еңбек
шарттарына, ішкі тəртіп ережелеріне сəйкес еңбек міндеттерін
орындайтын уақыт.
Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған
уақыт та, сонымен қатар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек
құқығының нормаларына сəйкес жұмыс уақытынан алып тастауға
болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің тоқтап тұруы,
төленбелі үзілістер жəне т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда
белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да
жұмыс уақытына кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы
төленуі керек.
Демалыс жəне тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы
сақталмайтын демалыс уақыты, сонымен қатар, жұмысқа кешігіп
келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын кету жұмыс
уақытының құрамына енбейді.
Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты белгілі бір дəрежеде
қызметкерлердің өмірінің деңгейіне əсер етеді. Оның ұзақтығы
демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның
дамуына, адамдардың мəдени жəне өзге де қажеттіліктерінің
қанағаттандырылуына əсер етеді.
Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты туралы
заңдардың нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл
жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы
үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға жəне қызметкерлердің
демалуға
жəне
еңбекті
қорғауға
қатысты
құқықтары
бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті.
Қолданыстағы еңбек туралы заңдар жұмыс уақытының келесі
түрлерін
көздейді:
қалыпты
ұзақтықтағы,
қысқартылған
ұзақтықтағы жəне толық емес жұмыс уақыты.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы
2. Жұмыс уақытың қалыпты ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір
сүруіне жəне дамуына зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек
ұзақтығы. Қызметкерлердің кəсіпорындардағы, мекемелердегі,
ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40
сағаттан аспауы тиіс (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-б. 2-т.).
Аталған ереженің күші меншік нысанына, экономика саласына,
кəсібіне,
мамандығына,
лауазымына
қарамастан
барлық
қызметкерлерге таралады.
Қазіргі кезде мемлекет жұмыс уақытының шектелген
ұзақтығын ғана бекітеді. Ал жұмыс уақытымен байланысты өзге
мəселелердің барлығын (жұмыс уақытын қысқартуды, ауысу
сменаларының кестесін, жұмыс режимін) ұйымдардың өздері
шешеді.
Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңына сəйкес
қызметкерлердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына
40 сағаттан аспауы тиіс. Яғни, ұжымдық шартта да, жеке еңбек
шартында да жұмыс уақытының аптадағы ұзақтығын 42 немесе 45
сағат деп көздеуге болмайды. Алайда, жұмыс уақытының
ұзақтығын тараптардың келісімі бойынша қысқартуға болады.
Сонымен, жұмыс уақытының аптасына 40 сағаттық ұзақтығы
шекті норма болып табылады жəне заңда көзделген жағдайларды
санамағанда, оны тараптардың келісімімен көбейтуге болмайды.
Жұмыс уақытының ұзақтығын шектеудің мақсаты –
қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, олардың жұмысқа
қабілеттіктерін арттыруға, оның тұлғасының дамуына, жұмыс
уақытынан тыс бос уақытта біліктілікті көтеруге немесе қосымша
кəсіп иеленуге жəне еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы
1. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін
- аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін -
аптасына 36 сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36
сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
2. Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға
құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен
қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте
зиянды) жəне (немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті)
жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының
ауырлығын жəне өзге де бірқатар факторларды ескере отырып,
тараптардың өзара келісімі бойынша аптасына 36 сағаттан
аспайтын жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы
белгіленуі мүмкін (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы):
· он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан
аспайтын; он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін
- аптасына 24 сағаттан;
· ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан
аспайтын болып белгіленеді. Бұл жұмыстар ерекше тізімде
көзделген;
· жоғарылатылған эмоционалдық, ақыл-ойлық ізденуді қажет
ететін қызметкерлер санаты үшін (мысалы, оқытушылар,
дəрігерлер жəне еңбектің ерекше жағдайларында жұмыс істейтін
өзге де қызметкерлер). Мысалы, мемлекеттік білім беру
мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері үшін апталық
нормативтік оқу жүктемесі келесідей белгіленеді: жалпыға білім
беру мекемесінің бастауыш сатысы үшін – 20 сағаттан аспайтын;
жалпыға білім беру мекемесінің негізгі жəне жоғары сатысы,
бастауыш кəсіби жəне орта кəсіби білім беру ұйымдары үшін – 18
сағаттан аспайтын; мектепке дейінгі ұйымдар үшін – 24 сағаттан
аспайтын; мектептен тыс ұйымдар үшін – 18 сағаттан аспайтын
(балалар жəне жасөспірімдердің спорт мектептері үшін – 24
сағаттан аспайтын) (ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 1999
жылғы 27 тамыздағы № 1262 «Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу
жүктемесін бекіту туралы» қаулысы). Жоғары жəне орта білім беру
мекемелерінің оқытушылары үшін орташа алғанда 6-сағаттық
жұмыс күні белгіленген. Бұл сағат ішіне тек оқу жұмысы ғана емес,
сонымен қатар ғылыми жəне əдістемелік жұмыс та енеді. Еңбектің
ерекше жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер тізімі олардың
қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы көрсете отырып
заңдарда белгіленеді;
·
медициналық
қызметкерлер
(емхана,
амбулатория,
диспансерлер жəне т.б. дəрігерлері) үшін;
Достарыңызбен бөлісу: |