Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет49/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134

· І жəне ІІ топ мүгедектері (көз аурулармен, ауыр науқастармен 

ауыратын) болып табылатын қызметкерлер үшін. 

Қысқартылған  ұзақтықтағы  жұмыс  уақытында  жұмыс  істеуге 

құқылы  тұлғалар  санаттарын  анықтау  үшін  жұмыс  уақытының 

ұзақтығын  қысқартуға  құқық  беретін  өндірістердің,  цехтардың, 

кəсіптер  мен  лауазымдардың  тізімін,  сонымен  қатар,  еңбек 

жағдайлары зиянды жұмыстар тізбесін басшылыққа алу қажет. 

Қысқартылғын  ұзақтықтағы  жұмыс  уақытындағы  еңбек 

қалыпты  ұзақтықтағы  жұмыс  уақытының  нормалары  бойынша 

төленеді. 



Толық  емес  жұмыс  уақыты – бұл  белгіленген  жұмыс 

уақытының      қалыпты  немесе  қысқартылған  ұзақтығының    бөлігі. 

Толық  емес  жұмыс  уақытын  жұмыс  беруші  мен  қызметкер 

жұмысқа  тұрар  кезде  де,  содан  кейін  де  өзара  келісім  бойынша 

толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы түрінде 

белгілеуі  мүмкін.  Толық  емес  жұмыс  күні  кезінде  күнделікті 

жұмыстың  ұзақтығы  жұмыс  күндерінің  саны  сақтала  отырып 

азаяды. Мысалы, толық емес жұмыс күнінде қызметкере күн сайын 

8  сағаттан  емес, 5 сағат  жұмыс  істейді.  Толық  емес  жұмыс 

аптасында  күнделікті  жұмыс  уақытының  белгіленген  ұзақтығы 

сақтала  отырып  жұмыс  күндерінің  саны  азаяды.  Мысалы,  толық 

емес жұмыс аптасында қызметкер үш күн 8 сағаттан жұмыс істейді. 

Немесе төрт күн 6 сағаттан жұмыс істеуі мүмкін. 

Бұл  жағдайлардың  барлығында  еңбекке  ақы  төлеу  жұмыс 

істеген уақытына қарай төленеді. 

Толық  емес  жұмыс  уақыты  қысқартылған  жұмыс  уақытына 

қарағанда өзгеше. Біріншіден, қысқартылған жұмыс уақыты толық 

жұмыс  уақытына  саналады,  ал  толық  емес  жұмыс  уақыты  толық 

жұмыс  уақытының  бір  бөлігі  ғана.  Екіншіден,  қысқартылған 

жұмыс  уақыты  үшін  жалақы  толығымен,  ал  толық  емес  жұмыс 

уақытында жалақы жұмыс істеген уақытқа қарай төленеді. 

Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс қызметкерлер үшін ақы 

төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына, еңбек стажын есептеуге 

жəне  т.б.  еңбек  құқықтарына  қатысты  қандай  да  бір  шектеулер 

туғызбайды.  Еңбек  кітапшаларында  қызметкердің  толық  емес 

жұмыс уақытында жұмыс істегені көрсетілмейді. 

Жұмыс уақыты ұзақтығының апталық нормасын белгілеу еңбек 

заңдарында  жұмыс  аптасының  екі  түрінің  болуымен  байланысты, 



олар: бес күндік (5 жұмыс күні, 2 демалыс күні) жəне алтыкүндік (6 

жұмыс күні, 1 демалыс күні). 

Көптеген  қызметкерлер  үшін  екі  демалыс  күні  бар  бес  күндік 

жұмыс  аптасы  белгіленген.  Өндірісінің  сипаты  мен  жұмыс 

жағдайлары  бойынша  бес  күндік  жұмыс  аптасын  енгізу  орынсыз 

ұйымдарда  бір  күндік  демалысы  бар  алты  күндік  жұмыс  аптасы 

белгіленеді.  Көп  жағдайда,  бұл – білім  беру,  медициналық,  сауда 

жəне өзге де халыққа қызмет көрсететін мекемелер. 

Жұмыс  күні  ретінде  заңда  белгіленген  бір  тəулік  бойындағы 

жұмыс уақыты танылады. Еңбек заңдарында белгіленгендей, алты 

күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күнделікті  жұмыстың  ұзақтығы 

апталық  норма 40  сағат  болғанда – 7 сағаттан  аспауға, 

апталық  норма 36 сағат  болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 24 

сағат болғанда – 4 сағаттан  аспауға  тиіс («ҚР  еңбек  туралы»  заңның 

47-бабы). 

  

«ҚР еңбек туралы» заңының 48-бабы 



 

Түнгі уақыттағы жұмыс 

 

4. 22 сағаттан  бастап  таңғы  сағат 6-ға  дейінгі  уақыт  түнгі 

уақыт болып есептеледі. 

5.  Жүкті  əйелдерді  түнгі  уақытта  жұмыс  істеуге  тартуға 

олардың келісімімен ғана жол беріледі. 

6.  Түнгі  уақытта  жұмыс  істеуге  он  сегіз  жасқа  толмаған 

адамдар  мен  түнгі  уақытта  жұмыс  істеуге  тыйым  салатын 

медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар 

жіберілмейді. 

 

Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген 

ұзақтығы 1 сағатқа  қысқарады.  Бұл  ереже  жұмыс  уақытын 

қысқарту көзделген қызметкерлер мен жұмысшыларға таралмайды. 

Мысалы,  еңбек  жағдайы  зиянды  жəне  ауыр  өндірістерде  жұмыс 

істейтіндерге.  Қысқартылған  уақыт  үшін  кейін  еңбекпен  өтеу 

көзделмейді.  

  

Жекелеген жағдайларда қызметкерлердің кейбір санаттары үшін 



түнгі 

жұмыстың 

ұзақтығы 

күндізгі 

жұмыс 

уақытымен 



теңестіріледі. Бұл мына қызметкерлерге қатысты белгіленеді: 


1.  олардың  ауыр  дене  жұмысында  жəне  зиянды  еңбек 

жағдайларындаға  жұмыста  істеуіне  байланысты  қысқартылған 

жұмыс уақыты бұрыннан  көзделген қызметкерлер үшін; 

2.  өндірістің  жағдайлары  бойынша  қажет  болған  жағдайда, 

үздіксіз өндірістердің қызметкерлері үшін; 

3.  алты  күндік  жұмыс  аптасы  жəне  бір  демалыс  күні 

жағдайындағы ауысым жұмыстарының қызметкерлері үшін. 

Түнгі  уақытта  жұмыс  ауысымының  ұзақтығы  жұмыс 

уақытының апталық нормасы сақтала отырып қысқартылады. 

Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, егер қызметкер түнгі уақытта 

жұмыс  істеу  үшін  арнайы  қабылданса  (мысалы,  күзетші  ретінде), 

онда түнгі жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылмайды. 

 

 «ҚР еңбек туралы» заңының 49-бабы 



  

Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу 

 

1. «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 45-бабында  белгіленген 

жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзімнен тыс 

жұмыстар деп есептеледі. 

2.  Мерзімнен  тыс  жұмыстарға  тартуға, «ҚР  еңбек  туралы» 

заңының 51-бабында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда, 

қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі. 

3.  Мерзімнен  тыс  жұмыстарға  он  сегіз  жасқа  толмаған 

қызметкерлер жіберілмейді. 

 

Еңбек туралы заңдарға сəйкес мерзімнен тыс жұмыстар ретінде 



басшылықтың  өкімі  бойынша  заңдарда  немесе  жұмыс  уақыты 

ұзақтығының  ауысымдық  кестелерінде  белгіленгеннен  артық 

жұмыс істету танылады. Мерзімнен тыс жұмыстар ретінде ҚР «ҚР 

еңбек  туралы»  заңның 45-бабында  белгіленген  жұмыс  уақытының 

ұзақтығынан тыс жұмыстар саналады. Мерзімнен тыс жұмыстарға 

он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді. 

Қызметкердің қарапайым еңбек міндеттерін орындауына немесе 

жұмыс  берушінің  тапсырмасын  орындауына  қарамастан,  жұмыс 

уақыты  заңдарда  белгіленген  ұзақтықтан  асып  кетсе,  онда  ол 

мерзімнен тыс жұмыс деп саналады. 

Мыналар мерзімнен тыс жұмыстар деп саналмайды: 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау