Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет56/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   134

Білім  беру  ұйымында  оқитын  қызметкерлерге  емтихандар 

тапсыру,  диплом  жобасын  (жұмысын)  дайындау  жəне  қорғау, 

бітірушілер  емтихандарын  тапсыру  кезеңінде  ақы  төленетін 

немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. 

 

Оқу  демалыстары  еңбек  демалысының  дербес  тəуелсіз  түрі 

болып  табылады.  Олар  қызметкерге  осы  кəсіпорындағы 

(мекемедегі, 

ұйымдағы) 

үздіксіз 

жұмысының 

ұзақтығына 

қарамастан  беріледі.  Оқумен  байланысты  қосымша  еңбек 

демалыстары  қатаң  мақсатқа  ие.  Олар  оқу  орындары  көрсеткен 

мерзімдерде  беріледі  жəне  пайдаланылады. «ҚР  еңбек  туралы» 

заңына (69-бабы)  сəйкес,  білім  беру  ұйымдарында  оқитын 

қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) 

дайындау  жəне  қорғау,  бітірушілер  емтихандарын  тапсыру 

кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс 

берілуі мүмкін. 

Оқу  демалысын  беру  жағдайлары  жеке  еңбек,  ұжымдық 

шарттрада белгіленеді. 

Алайда, атап өтетін бір жайт, егер жеке еңбек немесе ұжымдық 

шарттарда бұл жөнінде көзделмесе, жұмыс беруші оқу демалысын 

беруге міндетті емес. 

 

Тақырып бойынша сұрақтар: 

 

1. Жұмыс уақытының түсінігі. 

2. Жұмыс уақытының түрлері. 

3. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. 

4. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы. 

5. Толық емес жұмыс уақыты. 

6. Толық емес жұмыс уақыты үшін ақы қалай төленеді? 

7.  Мерзімнен  тыс  жұмыстар  дегеніміз  не  жəне  олар  үшін 

жалақы қалай төленеді? 

8. Мерзімнен тыс жұмыстарға қандай жағдайларда жол беріледі 

жəне олардың тəртібі. 

9. Демалыс уақытының түсінігі жəне түрлері. 

10. Демалуға жəне тамақтануға арналған үзіліс. 

11. Қандай жағдайларда арнаулы үзілістер беріледі? 

12.  Апта  сайынғы  демалыс  күндері  дегеніміз  не  жəне  олардың 

ұзақтығы қандай? 




13. Демалыс күндері қалай беріледі? 

14.  Ақы  төленетін  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстары  жəне 

олардың ұзақтығы туралы айтыңыз. 

15. 


Əлеуметтік 

мақсаттағы 

еңбек 

демалыстарының 



ерекшеліктері қандай? 

16.  Оқу  демалысы  қандай  жағдайларда  жəне  қандай  мерзімге 

беріледі? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



11  Т А Р А У 

 

ЖАЛАҚЫ



 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек үшін қандай 



да  бір  кемсітусіз  жəне  заңда  көзделген  ең  төмен  мөлшерден  кем 

емес  ақы  алу  құқығын  бекіткен.  Еңбекақы  жүйесінде  ҚР 

Президенітінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы  «Қазақстан 

Республикасы  халқының  өмірінің  əлеуметтік  жағдайларын 

жақсарту  туралы»  жарлығының, 1997 жылғы 1 сəуірдегі 

«Мемлекеттік 

бюджет 

есебінен 



қаржыландырылатын 

ҚР 


органдарының қызметкерлерінің еңбек ақысының бірыңғай жүйесі 

туралы»  жарлығының,  ҚР  Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы 

«Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды 

жетілдіру туралы» қаулысының жəне т.б. актілердің маңызы зор. 

  

«ҚР еңбек туралы» заңының 70-бабы 



 

1.  Жұмыс  беруші  осы  Заңға,  жеке  еңбек,  ұжымдық 

шарттарға  сəйкес  қызметкердің  еңбегіне  ақы  төлеуге 

міндетті. 

2.  Қызметкерлердің  еңбегіне  ақы  мерзімдік,  кесімді  түрде 

немесе  еңбекке  ақы  төлеудің  өзге  де  жүйелері  бойынша 

төленеді.  Ақы  төлеу  еңбектің  жеке  жəне/немесе  ұжымдық 

нəтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. 

3.  Қызметкердің  жалақысы  орындалатын  жұмыстың  саны 

мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді. 

Қызметкерлердің  өндіріс  тиімділігі  мен  жұмыс  сапасын 

арттыруға  материалдық  мүдделілігін  күшейту  үшін  жыл 

ішіндегі  жұмысының  қорытындысы  бойынша  сыйлық, 

сыйақы беру жүйесі жəне материалдық көтермелеудің басқа да 

нысандары енгізілуі мүмкін. 

4.  Ұйымдарда  еңбекке  ақы  төлеу  жүйесі  ұжымдық 

шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді. 

5.  Қызметкерлерге  қойылатын  біліктілік  талаптары  мен 

жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен 

жұмысшылар 

кəсіптерінің 

біліктілік 

анықтамалығы, 

қызметшілер  лауазымдарының  біліктілік  анықтамалығы 

негізінде  белгіленеді.  Аталған  анықтамалықтарды  əзірлеу  мен 


қолданудың  тəртібін  еңбек  жөніндегі  уəкілетті  мемлекеттік 

орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі 

жұмысқа 

жатқызуды 

жəне 

қызметкерлерге 

біліктілік 

разрядтарын 

беруді 

жұмыс 

беруші 

жұмыстар 

мен 

жұмысшылар  кəсіптерінің  біліктілік  анықтамалығына  жəне 

қызметшілер  лауазымдарының  анықтамалығына  сəйкес 

дербес жүргізеді. 

Жалақының түсінігі. Жалақы – бұл еңбек шарты бойынша нақты еңбек 

функциясын  атқару  үшін,  жұмыс  үшін  төленетін,  тараптардың 

келісімімен белгіленетін, алайда, заңдарда белгіленген шектен кем 

болмауы тиіс ай сайынғы ақы, төлем. Қазақстан Республикасының 

заңдарында  еңбек  үшін  қандай  да  бір  кемсітусіз  жəне  заңда 

белгіленгеннен  төмен  емес  ақы  төлеу  қағидасы  белгіленген.  ҚР 

Конституциясы  жəне  ҚР  еңбек  заңдары  бірдей  еңбек  үшін,  яғни, 

бірдей  ұзақтықтағы,  күрделіліктегі  еңбек  үшін  жыныс,  нəсіл,  жас, 

ұлт  жəне  т.б.  белгілері  үшін  кемсітусіз  бірдей  ақы  төлеуді 

кепілдейді. 

Ең  төмен  жалақы  мөлшері  меншік  нысанына  қарамастан, 

ұйымдарда  жалданып  жұмыс  істейтін  адамдарға  ақшалай 

төлемдердің  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  кепілдік 

берген ең төмен мөлшері. Ең төмен жалақы мөлшері шектелмеген, 

тек ол салықтармен реттелуі мүмкін. Нақты қызметкердің еңбегіне 

ақы  төлеу  жұмыс  берушімен  арадағы  өзара  келісімнің  негізінде 

жүзеге асырылады. Əрбір қызметкердің еңбектегі табыстары оның 

жеке  салымына  жəне  еңбегінің  соңғы  нəтижелеріне 

байланысты  болады.  Еңбекке  ақы  төлеудің  нысандары, 

жүйелері 

жəне 

тарифтері 



ұжымдық 

шарттармен 

жəне 

келісімдермен белгіленеді. 



Бұл  ретте  ескеретін  жайт,  заңда  белгіленген  ең  төмен 

мөлшерден  кем  емес  ай  сайынғы  жалақы  алу  құқығын  айлық 

кезеңге есептелген еңбек нормасын орындайтын қызметкерлер ғана 

иеленеді. 

Ең  төмен  жалақы  мөлшеріне  қосымша  ақылар  мен  үстеме 

ақылар, сыйақылар жəне өзге де көтермелеу төлемдері енбейді. Бұл 

дегеніміз, қосымша ақылардың, үстеме ақылардың, сыйақылардың 

жəне  өзге  де  төлемдердің  барлық  түрлері  негізгі  жалақының 

құрамына  енеді,  ал  бұл  жалақының  мөлшері  заңда  белгіленген  ең 

төмен мөлшерден кем болмауы тиіс. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау