Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет45/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   134

шеттетіп (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 31-бабының 2-тармағы), 

оны жұмыстан босату туралы мəселені шешуі тиіс. 

Бұл  жерде  ерекше  атап  өтетін  бір  жағдай,  жұмысқа  жұмыс 

уақытынан тыс кезде, демалыс күндерінде, еңбек демалысы кезінде 

жəне т.б. кезде алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе 

өзге  де  түрдегі  уыттық  улану  жағдайында  келген  қызметкерді 

жұмыстан босатуға болмайды. 

Жұмыстан  босату  негізі  ретінде  тек  осындай  күйде  келу  ғана 

емес, сонымен қатар жұмыста жұмыс уақыты кезінде алкогольдік, 

нашақорлық  масаң  күйді  немесе  өзге  де  түрдегі  уыттық  улану 

жағдайын туғызатын заттарды пайдалану да болуы мүмкін. Мұндай 

заттарға  спирттік  ішімдіктер,  нашақорлық  заттар,  мұнай 

өнімдерінің  қалдықтары,  əсері  күшті  дəрі-дəрмектер  жəне  т.б. 

осындай  масаңдануды  туғызуы  мүмкін  заттар  жатады.  Ескеріп 

өтетін  бір  жайт,  жұмыстан  босату  үшін  мұндай  заттарды  жұмыс 

уақытында  пайдалану  негіз  болады.  Егер  қызметкер  аталған 

заттарды  жұмыстан  тыс  уақытта  пайдаланса,  онда  жеке  еңбек 

шартын  бұзудың  негіздері  жоқ.  Мұндай  заттарды  жұмыс  істеу 

нормасын  орындай  отырып,  алайда  жұмыс  уақытында 

пайдалану  жеке  еңбек  шартын  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы» 

заңының 26-бабының 9-тармағына сəйкес бұзуға негіз болады. 

Жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  жеке  еңбек  шартын 

бұзудың  негізі  болып  қызметкердің  еңбек  қорғау  немесе  өрт 

қауіпсіздігі  не  көліктегі  жүріс  қауіпсіздігі  ережелерін  бұзуы  да 

табылады.  Алайда,  қызметкерді  еңбек  қорғау  немесе  өрт 

қауіпсіздігі  ережелерін  бұзудың  кез  келген  түрі  үшін  емес, 

тек  ауыр  зардаптарға  əкеп  соғуы  немесе  əкеп  соғу 

мүмкіндігі болғанда ғана жұмыстан босатуға болады. 

Еңбекті  қорғау  жəне  өрт  қауіпсіздігі  нормаларын  сақтау  жеке 

еңбек  шартының  бір  ережесі  болып  табылады.  Бұл  ретте  мына 

жағдайды  ескерген  жөн,  жұмыс  беруші  қызметкер  үшін  еңбекті 

қорғау  жөніндегі  белгіленген  стандарттарға,  ережелерге  жəне 

нормативтерге  сəйкес  қалыпты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  етуге  міндетті,  алайда  сонымен  қатар  еңбекті  қорғау 

жəне  өрт  қауіпсіздігі  ережелерінің  сақталуына  қадағалау  мен 

бақылауды  қамтамасыз  етуге  міндетті.  Ұжымдық  немесе  жеке 

еңбек  шартының  бұл  ережесін  бұзғаны  үшін  кінəлі  лауазымды 

тұлғалар  да  белгіленген  тəртіп  бойынша  жауапкершілікте  болады. 

Қызметкерлер  тек  ауыр  зардаптарға  əкеп  соғуы  немесе  əкеп  соғу 




мүмкіндігі  болған  еңбекті  қорғау  жəне  өрт  қауіпсіздігі  ережелерін 

өрескел  бұзғаны  үшін  жұмыс  беруші  өз  бастамасымен  оны  осы 

негіз бойынша жұмыстан босатуға құқылы. 

Заңдар жұмыс орнында ұрлық (соның ішінде ұсақ заттарды) 



жасаған қызметкермен жұмыс берушінің жеке еңбек шартын бұзу 

құқығын  көздейді.  Ұсақ  ұрлық  ретінде  құны 1 дəрежелі  тарифтік 

ставканың айлық көлемінің 10-еселік мөлшерінен аспайтын ұрлық 

танылады.  Бұл  ретте  қызметкердің  қандай  мүлікті  (мемлекеттік 

немесе  жеке  меншік)  ұрлағаны  аса  зор  мəнге  ие  емес.  Жұмыстан 

босатуға негіз болу үшін мұндай ұрлық соттың заңды күшіне енген 

үкімімен 

немесе 


қаулысымен 

дəлелденуі 

тиіс. 

Қалған 


дəлелдемелердің  барлығы  жұмыстан босатуға  негіз  бола  алмайды. 

Егер  қызметкер  ұрлықты  өз  жұмыс  орнында  жасамай,  басқа  жеке 

немесе заңды тұлғалардың затын ұрласа, онда оны осы ұрлық үшін 

өз жұмысынан босатуға жол берілмейді. 

10)  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 26-бабының 10-тармағына 

сəйкес  ақшалай  немесе  тауарлық  құндылықтармен  тікелей 



қызмет  ететін,  яғни  осы  құндылықтарды  қабылдауға,  сақтауға, 

тасымалдауға, таратуға басшылық жасайтын қызметкер кінəлі іс-

əрекет  жасаған  жағдайда  оны  жұмыстан  босату  жүзеге  асырылуы 

мүмкін. 


Мұндай 

қызметкерлердің 

қатарына 

кассирлер, 

экспедиторлар,  қоймашылар,  инкассаторлар,  қойма  немесе  база 

меңгерушілері  жəне  т.б.  жатады.  Егер  бұл  қызметкерлердің 

əрекеттері оған жұмыс беруші тарапынан сенімнің жоғалуына негіз 

болса, 


онда 

мұндай 


қызметкерлерді 

жұмыс 


берушінің 

бастамасымен  жұмыстан  босату  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Бұл 

ретте  келтірілген  зиян  үшін  материалдық  жауапкершіліктің 

мөлшері  аса  зор  мəнге  ие  емес.  Əдетте  мұндай  қызметкерлермен 

толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады. Алайда, 

тіпті  толық  материалдық  жауапкершілік  туралы  шарт  жасалмаса 

да,  бұл  жеке  еңбек  шартын  сенімнің  жоғалуына  байланысты  бұзу 

туралы шешімге əсер етпейді. 

Сенімнің 

жоғалуы 


материалдық 

жауапкершіліктегі 

қызметкерлердің  материалдық  зиянды  туындатуы  мүмкін 

əрекеттерімен  байланысты  болуы  мүмкін.  Мұндай  əрекеттерге 

алдау мақсатында кем өлшеу, асыру тарту, бағаларды көтермелеу, 

материалдық құндылықтарды иемдену, төлемді тиісті құжаттарсыз 

алу  жəне  т.б.  жатады.  Мұндай  қызметкерлердің  ұрлық  жасағаны, 

пара  алғаны  немесе  өзге  де  пайдакүнемдік  мақсаттағы  құқық 




бұзушылықтарды  жасағаны  анықталған  жағдайда,  бұл  құқық 

бұзушылықтардың  олардың  жұмысымен  байланысы  жоқ  екеніне 

қарамастан, ол  қызметкерлерге  қатысты  сенімнің жоғалуы  себепті 

жұмыстан босатылуы мүмкін. 

Соған 

қарамастан, 



бухгалтерлер, 

тауар 


мамандары, 

экономистер,  бақылаушылар

 

жəне  ақшалай  немесе  тауарлық 



құндылықтарға тіды тікелей қызмет көрсетпейтін т.б. мамандар бұл 

негіз бойынша жұмыстан босатылмайды. 

11)  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 26-бабының 11-тармағына 

сəйкес  егер  білім  беру  саласында  тəрбиешілік  міндетті  атқарушы 

қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға жат 

қылық жасаса, жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен 

бұзылуы  мүмкін.  Басқаша  айтар  болсақ,  заңдар  педагогикалық 

қызметкерлерге ерекше талаптар қояды. 

Бұл  негіз  бойынша  жұмыстан  босату  тек  білім  беру  саласында 

тəрбиешілік  функцияларды  атқаратын  қызметкерлерге  таралады. 

Мұндай  тұлғалардың  тізімі  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

1999  жылғы 3 қыркүйектегі  № 1304 қаулысында  берілген.  Оларға 

тəрбиешілік  функцияларды  атқаратын  келесі  тұлғалар  жатады: 

ұстаздар, оқу мекемелерінің оқытушылары, балалар ұйымдарының 

тəрбиешілері,  өндірістік  білім  беру  шеберлері  жəне  т.б.  Оқу  жəне 

тəрбиелеу 

мекемелерінің 

тəрбиешілік 

қызметпен 

тікелей 


айналыспайтын  өзге  де  қызметкерлерін  жұмыстан  босату  жалпы 

негіздер  бойынша  жүзеге  асырылады.  Басқаша  айтар  болсақ,  оқу 

жəне  тəрбиелеу  мекемелерінде  жұмыс  істейтін,  бірақ  тəрбиелеу 

жұмысымен  тікелей  айналыспайтын  қызметкерлер – ғылыми 

қызметкерлер,  əкімшілік-шаруашылық,  инженерлік-техникалық 

құрам қызметкерлері бұл негіз бойынша жұмыстан босатылмайды. 

Үлкен  энциклопедиялық  сөздікке  сəйкес  моральға  қайшы 

əрекеттерге 

қоғамдағы 

жалпымен 

танылған 

жүріс-тұрыс 

нормаларына,  өнегелік  қағидаларға  жəне  моральдық  ережелерге 

қарсы  жүріс-тұрыстар  жатады.  Бұл  түсінік  тек  жұмыс  орнында, 

еңбек ұжымында тікелей істелетін əрекеттерді ғана емес, сонымен 

қатар  тұрмыстағы,  қоғамдық  жерлердегі  əрекеттерді  де  қамтиды. 

Мұндай  əрекеттерге  мыналар  жатуы  мүмкін:  маскүнемдік,  азғын 

əрекеттер,  өздерінің  тəрбиеленушілерінің  жəне  өзге  де  кəмелетке 

толмағандарды  жыныстық  қатынастарға  тарту,  тұрмыстағы 

құқыққа қайшы əрекет жəне т.б. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау