Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет47/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   134

ұсынымды,  сондай-ақ  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңында  көзделген 

жұмыс туралы басқа да құжаттарды беруге міндетті (ҚР «ҚР еңбек 

туралы» заңының 14-бабы). 

Егер  жұмыстан  босату  кезінде  қызметкерге  тиесілі  сомаларға 

қатысты  даулар  туындаса,  онда  басшылық  белгіленген  мерзімде 

қызметкерге дауланған соманы беруге міндетті. Өзіне тиесілі төлем 

сомасын алып үлгермеген қызметкер қайтыс болған жағдайда, онда 

ала алмаған жалақы заң бойынша мұрагерлерге беріледі. 

Қызметкермен  жеке  еңбек  шарты  бұзылған  кезде  жұмыс 

берушінің  кінəсінен  оған  тиесілі  басқа  да  төлемдер  белгіленген 

мерзімдермен  салыстырғанда  кешіктірілген  кезде  жұмыс  беруші 

қызметкерге берешек пен өсімақы төлейді (ҚР «ҚР еңбек туралы» 

заңының 76-бабының 3-тармағы).  Өсімақының  мөлшері  жалақы 

төлеу  жөніндегі  міндеттемелерді  орындау  күніне  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  Банкінің  қайта  қаржыландыру  ставкасы  бойынша 

белгіленеді жəне төлем жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап 

əрбір  кешіктірілген  күнтізбелік  күн  ішінде  есептеліп  төленген  күнмен 

аяқталады. 

Жұмыс 

берушінің 



кінəсінен 

еңбек 


кітапшасын 

беру 


кешіктірілген  кезде  қызметкерге  мəжбүрлі  жұмыста  болмаған 

уақыты үшін орташа жалақы төленеді. 

Жекелеген  жағдайларда  жеке  еңбек  шарты  жарамсыз  деп 

танылуы мүмкін. 



Жеке  еңбек  шартының  жарамсыздығы  бұдан  туындайтын 

құқықтардың  құқықтық  қорғауға  жатпайтынын  білдіреді.  Егер 

жеке  еңбек  шартының  негізгі  талаптары  жарамсыз  деп  танылса, 

онда  бүкіл  еңбек  шарты  өз  күшін  жояды.  Мысалы,  оқытушы 

лауазымында  жұмыс  істеудің  міндетті  талабы  болып  жоғары 

педагогикалық  білімнің  болуы  табылады.  Сондықтан,  кез  келген 

оқу  мекемесінің  педагогикалық  лауазымға  орналасауға  ниет 

білдірген, алайда    жоғары педагогикалық білім туралы дипломды 

ұсынбаған  тұлғамен  жеке  еңбек    шартын  жасасуына  тыйым 

салынады. 

Жеке  еңбек  шартының  əлеуметтік,  экономикалық  жəне 

құқықтық  мəні  аса  зор.  Жеке  еңбек  шартының  əлеуметтік  мəні 

оның 


көмегімен 

азаматтардың 

еңбекке 

құқығы 


жүзеге 

асырылатынынан  жəне  еңбек  шартының  елдің  жұмыс  күшін 

дамытуға  жағдай  жасайтынынан  көрініс  табады.  Жеке  еңбек 

шартының  экономикалық  мəні  оның  елді  қажетті  кадрлармен 




қамтамасыз  етудегі  негізгі  құқықтық  нысан  болып  табылатынын 

білдіреді.  Жеке  еңбек  шартының  құқықтық  мəні  оның  еңбек 

құқығы қатынастарының туындау негізі, қызметкерге ҚР «ҚР еңбек 

туралы» 


заңының 

күші 


таралатынының 

негізі 


болып 

табылатынынан  жəне  қызметкер  тұлғасын,  оның  еңбектегі 

абыройы мен ар-намысын қорғайтынынан көрініс табады. 

 

Тақырып бойынша сұрақтар: 



 

1. Еңбек шартына (келісіміне) анықтама беріңіз. 

2. Еңбек шарттарының түрлерін атаңыз. 

3. Еңбек шарттарының белгілерін атаңыз. 

4. Кімдер еңбек шартының тарапы болып табылады? 

5. Еңбек шартының мазмұнын не құрайды? 

6.  Еңбек  шартының  мазмұнында  қандай  ережелер  міндетті 

болып табылады? 

7.  Еңбек  шартының  мазмұнында  қандай  ережелер  қосымша 

болып табылады? 

8. Қандай тұлғаларды жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімі 

белгіленбейді? 

9. Еңбек шарты қандай мерзімге дейін жасалуы мүмкін? 

10. Еңбек шартының жекелген түрлерінің ерекшеліктері. 

11. Жұмысқа қабылдаудың жалпы тəртібін атаңыз. 

12.  Жұмыс  беруші  қызметкерді  жұмысқа  алар  кезде  қандай 

құжаттарды талап етуге құқылы? 

13. Сынақ мерзімінің құқықтық салдары қандай? 

14.  Жұмысқа  қабылдау  кезінде  қандай  тұлғалар  міндетті 

медициналық тексеруден өтуге міндетті? 

15. Жұмысқа қабылдаудан бас тартудың қандай себептері болуы 

мүмкін? 


 

 

 



 

 

 



 

 

 




9   Т А Р А У 

 

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ 

ДЕМАЛЫС УАҚЫТ

Ы 

 

Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының 



өзара  байланысты  түсініктері.  Қызметкерлердің  еңбек  қызметінің 

ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. 

Жұмыс  уақыты  жəне  оның  ұзақтығы  жұмысшылар  қозғалысы 

тарихындағы  ең  негізгі  талаптардың  бірі  болды.  Адамзат 

тарихында  еңбек  уақыты  ұзақ  уақыт  бойы  заң  шеңберімен 

шектелмеді  жəне  жұмыс  беруші  еңбек  міндеттерін  орындау 

уақытының  ұзақтығын  өз  қалауынша  белгілейтін.  Əдетте,  бұл 

кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды жəне жұмыс уақытының 

ұзақтығы  барлық  шектерден  асып,  тəулігіне 14-16 сағатқа  дейін 

жетті. 


ХІХ  ғасырдың  басындағы  жұмысшылар  қозғалысы  негізгі 

талаптардың  бірі  ретінде  жұмыс  уақытын  қысқартуды  талап  етті. 

Бірқатар  мемлекеттерде  жұмысшылар  көшелерге  шығып,  жұмыс 

уақытының  ұзақтығына  белгілі  бір  шек  қоюды  талап  етті. 

Жұмысшылар 

қозғалысының 

нəтижесінде 

ХІХ 


ғасырдың 

ортасында  əйелдер  мен  балалар  үшін  жұмыс  уақытын  қысқарту 

туралы  заңдар  қабылданды.  Кейінірек  бұл  ереже  ер  адамдарға  да 

таралды. 

1897  жылы  Ресейде  жұмыс  уақытын 11,5 сағатқа  дейін,  ал 

əйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң 

қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, 

мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады. 

1917  жылы  Кеңестік  биліктің  Декретімен  Ресейде  алғаш  рет 

ұзақтығы 8 сағаттық  жұмыс  уақыты  енгізілді.  Бұл  Декреттің  күші 

Қазақстанның  аумағына  да  таралды.  Яғни,  осы  күнді  Қазақстанда 

ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған 

жөн болар. 

Қазіргі  кезде  аталған  уақыт  жұмыс  уақытының  ең  жоғарғы 

ұзақтығы  болып  табылады  жəне  ол  қызметкерлердің  басым 

көпшілігіне таралады. 

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау