Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет2/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134

құқығынан  көрініс  табады.  Қазақстан  Республикасының  əрбір 

азаматы  кез  келген  нысандағы  ұйымдарда  жалданбалы  жұмыс 

істеуге,  кəсіпкерлік  қызметпен  айналысуға,  мемлекеттік,  əскери 

немесе  кез  келген  өзге  де  қызметпен  айналысуға,  заңды  тұлғаны 

құрмастан  жеке  еңбек  қызметімен  айналысуға  немесе  ешқандай 

еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. 

ҚР  Конституциясының  жəне  ҚР  «Еңбек  туралы»  заңының  бұл 

ережелері  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Бас  Ассамблеясының 1948 

жылғы 10-желтоқсанда  бекіткен  Адам  құқықтары  жалпы 

декларациясының жəне еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-

құқықтық актілердің талаптарына сəйкес келеді. 

Еңбек  құқығының  пəні.  Еңбек  құқығын  оқу  пəні  жəне  құқық 

саласы  ретінде  қарастырмастан  бұрын, «еңбек»  жəне  «құқық» 

сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. 

Жалпы  алғанда,  құқық  адамдардың  əр  түрлі  қоғамдық 

қатынастардағы  жүріс-тұрыстарын  реттейді,  яғни,  тəртіптейді, 

қалыпқа  келтіреді,  нормаларға  сəйкестендіреді.  Еңбек  құқығы 

атауының  өзі  бұл  құқық  саласының  еңбекпен  байланысты 

қоғамдық  қатынастарды,  яғни,  еңбек  қатынастарын  (еңбек 

үрдісінде  туындайтын  қатынастарды)  жəне  еңбек  қатынастарынан 

туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. 

Ал еңбек дегеніміз не? 

Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылды 

адам  еткен  еңбек»  деген  пікірлер  де  бекер  емес.

 

Сонымен  қатар, 



еңбек  адамның  өмір  сүруінің  маңызды  жағдайы  болып  табылады, 

себебі,  ол  адамның  материалдық  жəне  рухани  қажеттіліктерін, 

басқаша  айтқанда,  тамақтануға,  баспана  иеленуге,  киінуге, 

адамдармен  араласуға,  білімге,  қағазға,  оқуға,  өнерге  жəне  т.б. 

қатысты  қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Кең  мағынада  еңбек 

тек  адамның  ғана  емес,  сонымен  қатар    қоғамның  да  табиғи 

қажеттігі  болып  табылады,  себебі,  еңбек  қоғамның  материалдық 

негіздерін қалыптастырады. 

Өзінің  саналы  жəне  тіпті  санасыз  ғұмырында  адам  əйтеуір  бір 

нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар 

болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының 

өтініші  бойынша  бір  нəрсені  əкеліп  береді,  апарады,  жылжытады 

жəне  т.б.  Адамның  қолынан  жасалған  заттың  барлығы – инеден 

бастап  ұлы  жаңалықтарға  дейін  еңбектің  нəтижесінде  дүниеге 

келген. Сонымен,  кез  келген  адамның өмірі  еңбексіз  мүмкін  емес, 



еңбек  барлығын  жасайды,  адамның  материалдық  жəне  рухани 

қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның 

материалдық  негіздерін  құрайды.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей, 

еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды. 



Еңбек – бұл  еңбек  өнімін  алу  үшін  адамның  дене,  ақыл-ой, 

рухани қабілеттерін жұмсау арқылы  жүзеге асатын  мақсатты 

қызмет.  Еңбек  дене,  ақыл-ой  жəне  рухани  қабілеттіктерден 

туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне 

санаткерлік құндылықтар жасалады. 

Еңбек  жеке  шаруашылықта,  бау-бақшада,  тіпті  үйде  жəне  өзге 

де  жерлерде  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Мұндай  еңбекпен 

адамдардың  басым  көпшілігі  бала  кезінен  айналысады.  Алайды, 

еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. 

Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі? 

Көп  жағдайда  еңбек  бірлескен  немесе  ұжымдық  сипатты 

иеленеді. Бірлескен еңбектің нəтижесінде адамдар қоғамдық еңбек 

қатынастарына  қатысады.  Мұндай  жағдайда  еңбектің  екі  түрін 

ажыратып  алған  жөн:  өз  игілігіне  бағытталған  жеке  еңбек  жəне 

жалданбалы еңбек. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен 

қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. 

Сонымен  қатар,  меншік  иелері  мен  меншік  иесі  емес 

тұлғалардың  ұжымдық  еңбегін  көздейтін    еңбектің  үшінші  түрі – 

аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек 

құқығы  тек  жалданбалы  еңбекке  негізделетін  еңбек  қатынастарын 

ғана  реттейді.  Дербес  еңбекке  негізделген  еңбек  қатынастары 

(меншік  иелерінің  еңбегі)  еңбек  құқығының  пəніне  кірмейді. 

Мұндай  қатынастарға  жалданбалы  қызметкерлердің  еңбегін 

пайдаланбайтын  жеке  еңбек  қызметі,  меншік  иесі-кəсіпкерлердің, 

еңбек  кооперацияларының  қызметі  жəне  т.б.  қызмет  жатады. 

Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды 

тұлғаны құрмастан дəріхана, дүкен, шаштараз жəне т.б. орындарды 

ашып,  қызметкерді  жалдамастан,  өзі  өз  дəріханасында,  дүкенінде, 

шаштаразында 

жұмыс 


істесе. 

Жазушының, 

ғалымның, 

өнертапқыштың  қоғамдық  кооперциядан  тыс  жүзеге  асырылатын 

еңбегі  де  еңбек  құқығының  саласына  жатпайды.  Алайда,  егер 

жазушының  немесе  ғалымның  еңбегі  журнал  редакциясының 

немесе  ғылыми  мекеменің  еңбек  ұжымында  еңбек  шартының 

шеңберінде  жүзеге  асырылатын  болса,  онда  бұл  қатынастар  еңбек 

құқығымен  реттелетін  еңбек  қатынастарына  айналады.  Бірақ, 



Қарулы  Күштерде,  ішкі  істер  органдарында,  шекаралық  əскерде, 

ішкі  жəне  сыртқы  барлауда  əскери  міндетін  өткеру  еңбек 

құқығының  пəніне  жатпайды,  олар  əкімшілік  құқықтың  пəнін 

құрайды.  Аталған  органдардағы  қызмет  қарапайым  жұмыс  пен 

еңбек  қатынастарының  шеңберінен  шығып  кетеді.  Бұл  қызмет 

мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты. 

Сонымен, еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен 

қатар  еңбек  үрдісіндегі  еңбек  қатынастары  жəне  олардан 

туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. 

 

ҚР «Еңбек туралы» заңының 5-бабының 1-тармағы 



 

Жұмыс  беруші  мен  қызметкердің  арасындағы  еңбек 

қатынастары  нормативтік  құқықтық  актілермен,  еңбек 

туралы  заңдарға  сəйкес  жасалған  жеке  еңбек,  ұжымдық 

шарттармен реттеледі. 

    

Еңбек  құқығының  пəнін  құрайтын  барлық  қатынастарды 

қарастырып өтелік: 

1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер) 

қызметкердің  еңбекке  қабілетін  (оның  жұмыс  күшін,  білімін, 

дағдыларын  жəне  т.б.)  пайдалануымен  байланысты  еңбек 



қатынастары  шарттық  жəне  ақылы  негізде  жүзеге  асырылады. 

Қызметкер  өз  еңбегі  үшін  алдын-ала  белгіленген  нормалар 

(тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал 

жұмыс  беруші  өзіне  қажетті  еңбек  өнімін  алады.  Еңбек 

қатынастарына  қызметкер  жəне  жұмыс  беруші  өз  еркі  бойынша 

қатысады.  Еңбек  құқығы  қатынастарын  қызметкердің  жұмыс 

берушімен еңбек жағдайларын пайдалану жөніндегі заңды байланысы 

(қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға, ал жұмыс беруші оған жалақыны 

жүйелі түрде төлеуге міндетті) құрайды. 

Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады: 

а) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне 

жүктелген  белгілі  бір  еңбек  функциясын  орындайды.  Ал  бұл 

функция тұрақты сипатқа ие жəне соңғы нəтижемен аяқталмайды, 

яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар. 

Өзге  құқықтық  қатынастарда,  мысалы,  еңбекпен  байланысты 

азаматтық  құқықтық  қатынастарда  орындаушыға  нақты  бір 

тапсырма  беріледі,  ол  бұл  тапсырманы  орындаған  соң  барлық 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау