12) жеке еңбек шартына сəйкес өзіне сеніп тапсырылған
мемлекеттік,
қызметтік,
коммерциялық
жəне
заңмен
қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мəліметтерді жария
еткен;
13) осы Заңның 21-бабына жəне осы баптың 5)
тармақшасына сəйкес басқаша жұмысқа уақытша ауыстырған
жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;
14) бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот
шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда жұмыс
берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Байқап
отырғанымыздай,
Қазақстан
Республикасының
қолданыстағы еңбек заңдары азаматтардың еңбекке қатысты
құқықтарын қорғау мақсаттарында жұмыс берушінің қызметкерді
өз бастамасымен босату құқығын беретін негіздердің шектелген
тізімін белгілеген. Бұл ретте ескеріп өтетін бір жайт, қызметкерді
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабында көзделген негіздер
бойынша жұмыс берушінің жұмыстан босатуы оның міндеті емес,
құқығы болып табылады. Басқаша айтар болсақ, жұмыс беруші
қызметкерді жұмыстан босату құқығын пайдалануы да,
пайдаланбауы да мүмкін, яғни қызметкерді жұмыс берушінің
бастамасы бойынша жұмыстан босату қатаң шара болып табылады.
Енді жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзудың əрбір негізін қарастырып өтелік:
1) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 1-тармағы
ұйымның таратылуын жəне жұмыс берушінің қызметінің тоқтауын
жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың
дербес негізі ретінде көздеген.
Заңды тұлғаның таратылу тəртібі Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 49-бабымен реттеледі. Мүліктің меншік
иесінің немесе меншік иесі арқылы уəкілеттікке ие болған
органның шешімі бойынша, сонымен қатар заңды тұлғаның
органының шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша
таратылуы мүмкін (ҚР АК 49-б. 1-т.).
«Таратылу» жəне «қайта құру» түсініктерін ажырата білген жөн.
Таратылу – бұл заңды тұлғаның жəне оның қызметінің
құқықмирасқорлықсыз
(мүліктік
құқықтарды
санамағанда)
тоқтатылуы. Ал қайта құру – бұл заңды тұлғаның оның қызметінің
тоқтатылуысыз жəне мүлкінің жойылуынсыз тоқтатылуы.
Таратылу кезінде барлық қызметкерлер қызметінен босатылады.
Ал қайта құру барлық қызметкерлерді жұмыстан босатудың негізі
болып табылмайды, алайда кейбір кездері қызметкерлердің санын
немесе штатын қысқарту кезінде жұмыс берушінің бастамасы
бойынша жеке еңбек шартын бұзудың негізі болуы мүмкін.
Заңды тұлға соттың шешімі бойынша келесі жағдайларда
таратылуы мүмкін:
1) банкроттық;
2) заңды тұлғаның тіркелуі кезінде қалпына келтіруге
жатпайтын заң бұзушылықтар орын алған жағдайда;
3) заңды тұлғаның жарғысында көзделген мақсаттарға қайшы
қызметпен бірнеше рет қайталап айналысқан жағдайларда;
4) қызметін рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, не заң
актілерімен тыйым салынған қызметпен айналысу немесе бірнеше
рет не елеулі заң бұзушылықтар жасаған жағдайында;
5) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайлада (ҚР АК 49-
бабының 2-тармағы).
Бұл жөнінде заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріне
жазба енгізілген соң ғана заңды тұлғаның жойылуы аяқталды, ал
заңды тұлға қызметін тоқтатты деп есептеледі (ҚР АК 50-бабының
10-тармағы). Ұйым-заңды тұлға таратылған жағдайда оның несие
берушілерінің
талаптары
келесі
кезектілікпен
қанағаттандырылады:
1) таратылатын ұйым олардың өміріне жəне денсаулығына зиян
келтірген үшін жауапкершілікте болатын азаматтардың талаптары
қанағаттандырылады;
2) таратылатын банкрот-ұйымның қамтамасыз ету сомасы
шегінде кепілге қойылған мүлкімен қамтамасыз етілген
міндеттемелер
бойынша
несие
берушілердің
талаптары
қанағаттандырылады;
3) жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың
еңбегіне ақы төлеуге қатысты есептесулер жүргізіледі;
4)
өзге
де
несие
берушілердің
міндеттемелері
қанағаттандырылады (ҚР АК 51-бабы).
Жұмыстан босатуға ұйым (заңды тұлға) шынымен таратылған
жағдайда ғана жəне басшылықтың осы негіз бойынша жұмыстан