Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет107/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134

4.  Қоғамдық  жұмыстар  уақытша  жұмыс  орындарын  ашу  жолымен 

ұйымдастырылады жəне олардың мынадай ерекшеліктері болады:  

1) жұмыссыздарға əдейі арналған;  

2)  жұмыс  орындарының  саны ic жүзінде  шектелмейді,  жұмыс 

уақытша сипатта болады жəне оларды ұйымдастыру үшін тұрақты 

жұмыс  орындары  мен  бос  қызмет  орындарын  пайдалануға 

болмайды;  

3)  жұмысты  толық  емес  жұмыс  күні  жағдайында  жəне  икемді 

график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі болады;  

4)  аймақ  үшін  экономикалық  əлеуметтік  жəне  экологиялық 

пайдасы болады;  

5)  арнаулы  білімі  жоқ  адамдардың  уақытша  жұмысқа 

орналасуына мүмкіндік береді.  

5. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша:  

1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;  

2) аймақтардағы ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың 

түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне 

төленетін  ақының  мөлшері  жəне  оларды  қаржыландыру 

көздері бекітіледі.  

6.  Авариялар,  дулей  зілзалалар,  апаттар  жəне  басқа  төтенше 

жағдaйлap  зардаптарын  жедел  жою  қажеттілігіне  байланысты 

қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.  

7.  Қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыру  жəне  қаржыландыру 

.тəртібін Казақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.  

8.  Ақы  төленетін  қоғамдық  жұмыстарға  қатысатын  адамдарға 

еңбек  зейнетақымен  қамсыздандыру  жəне  сақтандыру  туралы  заң 

актілері қолданылады.  

9.  Осы  Заң  қылмыстық  заңдарда  көзделген  қоғамдық 

жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейді. 

  

4   Т А Р А У 



 

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ 

БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТІЛІК

 

 

21  бап.  Халықты  жұмыспен  қамту  туралы  мемлекеттік 



статистикалык есептілік  

1.  Халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  жағдайға,  сондай-aқ 

еңбек  рыногындағы  ахуалға,  оның  болжануы  мен  реттелуіне 



обьективті баға беру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына 

сəйкес мемлекеттік статистикалық есептілік белгіленеді.  

2.  Еңбек  делдалдығымен  айналысатын  жеке  жəне  заңды 

тұлғалар 

уəкілетті) 

органға 


Қазақстан 

Республикасының 

заңдарында  белгіленген  тəртіппен  жəне  мерзімде  мемлекеттік 

статистикалық есептілік табыс етуге міндетті.  

3.  Уəкілетті  органдар  статистика,  салық  органдарымен,  көшi-

қон  қызметтеpi  органдарымен,  республикалық  жəне  аймақтық 

деңгейдегі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен əр тараптың 

өз  міндеттерін  орындауы  үшін  қажет  болатын eceптi  құжаттама 

мен мəліметтерді өтемсіз негізде алмасады.  

4.  Уəкілеттi  органдар  орталық  атқарушы  органға  Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  белгіленген  тəртіппен  жəне 

мерзімде мемлекеттік статистикалық есептілік табыс eтeдi.  

 

22  бап.  Жұмыспен  қамту  туралы  заңдардың  сақталуын 

бақылауды жүзеге асыратын органдар  

Қазақстан  Республикасының xaлықты  жұмыспен  қамту  туралы 

заңдарының  сақталуын  бақылауды  орталық  атқарушы  орган  жəне 

жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган мен олардың 

қызмeттері жүзеге асырады. 

  

23  бап.  Жұмыспен  қамту  туралы  заңдардың  бұзылғаны 



үшін жауаптылық  

Xалықты  жұмыспен  қамту  туралы  заңдарды  бұзған  жеке  жəне 

заңды  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының  заң  актілеріне  сəйкес 

жауапты болады. 

 

 

6. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ТУРАЛЫ



 

Қазақстан Республикасының заңы 1992 жылғы 

4 шілде №1541-XII (Қазақстан Республикасының 

Еңбек туралы негізгі Заң актілері.  Алматы 2001.) 

 

Осы заң ұжымдык шарттарды əзірлеу, жасасу жəне орындаудың 



жалпы құқықтық əpi ұйымдық негіздерін анықтайды.  

 

 



 


1 бап. Ұжымдык шарт.  

Ұжымдык  шарт  тараптардың — кəciпopын  иесінің  (жұмыс 

берушінің,  кəсіпкердің)  жəне  еңбек  ұжымының  мүдделерін 

келістіру  құралы  қызметін  атқарады,  қолданылып  жүрген  заңдар 

негізінде  жасалады  əpi  бір  жағынан — еңбек  ұжымының,  оның 

мүшелері  мен  олардың  отбасыларының  еңбек  жəне  əлеуметтік-

экономикалық  мəселелерін  шешу  жөніндегі  меншік  иесінің 

міндеттемесін,  екінші  жағынан — меншік  иесінің  құқықтары  мен 

мүдделерін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  еңбек  ұжымының 

міндеттемесін қамтиды.  

 

2  бап.  Ұжымдық  шартты  əзірлеу,  жасасу  жəне  орындау 

принциптері 

Ұжымдық шарт:  

—  тараптардың  əлеуметтік  серіктестігі,  өзара  сенімі  мен 

құрметі, құқықтары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;  

—  шарт  қағидаларын  əзірлеуге  еңбек  ұжымы  мүшелерінің 

кеңінен қатысуы;  

шарт қағидаларын əзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;  

тараптарға  жүктелетін  міндеттемелерді  материалдық  өндірістік 

жəне  қаржылай  қамтамасыз  етудің  нақты  мүмкіндіктерін  ескеру, 

олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;  

—  шартқа  енгізілген  міндеттемелердің  орындалуы  үшін 

тараптардың  бақылау  жасауы  мен  жауапкершілік  принциптері 

негізге алына отырып жасалады. 

  

3  бап.  Ұжымдык  шарттың  тараптары  жəне  олардың 



өкілдері 

Мемлекеттік  кəсіпорында  немесе  өзге  де  мемлекеттік 

құрылымда  (бұдан  əpi — «мемлекеттік  кəсіпорын»)  жасалатын 

ұжымдык  шарттың  тараптары  кəсіпорын  басшысы  мен  еңбек 

ұжымы болады.  

Мемлекеттік емес кəсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес 

құрылымда  (бұдан  əpi — «мемлекеттік  емес  кəсіпорын») 

жасалатын  ұжымдык  шарттың  тараптары  кəсіпорын  иесі 

немесе  ол  өзінің  өкілі  болуға  уəкілдік  берген  кəсіпорын 

басшысы мен еңбек ұжымы болады.  




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау