Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет105/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   134

1.  Ішкі  еңбек  рыногын  қорғау  мақсатында  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында 

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 

жыл сайын квота белгілейді.  

2.  Орталық  атқарушы  орган  жұмыс  берушілерге  Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  белгілеген  квота  шегінде  шетелдік 

жұмыс күшін тартуға руқсат береді.  

3. Квота белгілеу тəртібін, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс 

күшін  тартуға  рұқсат  беру  шарттары  мен  тəртібін  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі белгілейді.  

4.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  еңбек  қызметін 

жүзеге  асыру  үшін  тартылатын  шетелдік  жұмыс  күшінің  білім 

деңгейі  (кəсіби  даярлығы)  мен  практикалық  жұмыс  тəжірибесі 

(стажы)  жұмыстар  мен  кəсіптердің  біліктілік  анықтамалығына 

жəне  қызметшілер  лауазымдарының  біліктілік  анықтамалығына 

сəйкес жұмысшылардың кəсіптеріне жəне басшылардың, мамандар 

мен  қызметшілердің  лауазымдарына  қойылатын  біліктілік 

талаптарына сай келуі тиіс.  

5.  Шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  жəне  Қазақстан 

Республикасынан  шетелге  жұмыс  күшін  шығаруға  байланысты 

қызметке  лицензия  берудің  шарты  мен  тəртібін  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі белгілейді. 

  

12 бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық жəне 

аймақтық бағдарламалары  

1.  Қазақстан  Республикасының  Yкiмeтi  мен  жергілікті 

атқарушы  органдар  қызметкерлер  мен  жұмыс  берушілер 

өкілдерінің 

қатысуымен 

əлеуметтік-экономикалық 

дамудың 

индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың:  

1)  халықты  жұмыспен  қамту  деңгейін  өcіpyre  ынталандыратын 

шараларды;  

2)  жұмыс  күшіне  сұраныс  пен  ұсынысты  теңдестіру  жөніндегі 

шараларды;  

3) халықтың əлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының 

жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;  

4)  қосымша  жұмыс  орындарын  ашатын  шағын  жəне  орта 

кəсіпкерлікті қолдау мен дамытуды;  




5) 

еңбек 


рыногындағы 

қажеттілікті 

ескере 

отырып, 


жұмыссыздарды  кəсіби  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  икемді 

жүйесін ұйымдастыруды;  

6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетілдіруді;  

7)  жұмыспен  қамтудың  аймақтық  проблемаларын 

шешуде  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  арттыру 

жөніндегі шараларды;  

8) жұмыспен қамтуды реттеу жəне еңбек рыногы мəселелерінде 

уəкілетті  органның  қызметін  жұмыс  берушілермен,  қоғамдық 

бірлестіктермен,  еңбек  делдалдығымен  айналысатын  жеке 

жұмыспен қамту агенттіктерімен ұштастыруды;  

9)  жұмыспен  қамту  мəселелері  жөніндегі  деректердің 

ақпараттық базасын жетілдіруді;  

10)  инвестициялык  бағдарламаларды  əзірлеген  кезде  еңбек 

рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын 

ашуды көздейтін бағдарламаларын əзірлейді жəне бекітеді.  

2.  Халықты  жұмыспен  қамту  бағдарламаларын  қаржыландыру 

республикалық  жəне  жергілікті  бюджет  қаражаттары  жəне 

Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  өзге  де  кездер 

есебінен жүзеге асырылады.  

 

3  Т А Р А У



 

 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН MЕMЛЕKETTIK 

ƏЛЕУМЕТТ1К ҚOPFAУ

 

 

13  бап.  Азаматтардың  жұмыспен  қамту  саласындағы 

құқықтары  

1. Азаматтардың:  

1) жұмыс берушіге, уəкілетті органға не жеке жұмыспен қамту 

агенттігіне  тікелей  өтініш  жасау  арқылы  жұмыс  орнын  еркін 

таңдауға:  

2)  өз  бетінше  жұмыс  іздестіруге  жəне  шетелде  жұмысқа 

орналасуға;  

3) уəкілетті органдардан жəне халықты жұмысқа орналастыруға 

жəрдемдесетін  жеке  жұмыспен  қамту  агенттігінен  консультация 

жəне ақпарат алуға;  

4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға;  



5) мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің жəне олардың 

лауазымды 

адамдарының 

шешімдеріне, 

əрекеттеріне 

(əрекетсіздіктеріне)  орталық  атқарушы  органға  немесе  сотқа 

шағымдануға құқығы бар.  

2.  Азаматтар  жұмысынан  айырылу  (жұмыссыздық)  жағдайына 

ерікті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.  

 

14 бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік əлеуметтік қорғау  

Мемлекет  жұмыссыздықтан  əлеуметтік  қорғаудың  мынадай 

түрлерін көрсетеді:  

1) жұмысқа орналасуға жəрдемдесу;  

2) жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта 

даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;  

3)  қоғамдық  жұмыстарда  істейтін  жұмыссыздардың  еңбегіне 

ақы төлеу;  

4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне 

сəйкес мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек көрсету. 

  

15 бап. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу жəне есепке алу  

1.  Жұмыс  тапқысы  келетін  жұмыссыз  азаматтар  уəкілетті 

органға  жəне  жеке  жұмыспен  қамту  агенттігіне  жұмысқа 

орналасуына жəрдемдесу туралы өтініш жасай алады.  

2.  Жұмыс  іздестіруге  өтініш  жасаған  жұмыссыз  азаматтарды 

тіркеу  үшін  мынадай  құжаттар  қажет:  жеке  куəлігі  (паспорты), 

əлеуметтік  жеке  кодының  берілгені  туралы  куəлік  (ƏЖК),  еңбек 

қызметін  куəландыратын  құжаттар,  салық  төлеушіні  тіркеу  нөміpi 

(СТТН).  

3.  Шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдар,  бұларға  қоса 

шетелдіктің  ықтиярхатын  жəне  азаматтығы  жоқ  адам  тұрғылықты 

жері  бойынша  тіркелгендігі  туралы  белгі  соғылған  куəлігін  табыс 

етеді.  


4.  Осы  баптың 2, 3-тармақтарында  көрсетілген  құжаттар  табыс 

етілген күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей, уəкілетті 

орган  мен  жеке  жұмыспен  қамту  агентігі  нысанын  орталық 

атқарушы  орган  бекітетін  дербес  есеп  карточкасына  (деректердің 

компьютерлік  базасы)  мəліметтер  енгізу  арқылы  азаматтарды 

тіркейді.  

5.  Жұмыс  іздестіріп  жүрген  жұмыссыз  азаматтар  тұрғылықты 

жері бойынша уəкілетті органда тіркеледі.  




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау