Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас
не кəсіподақ немесе өзi уəкілдік берген өзге де орган кейпінде
қатыса алады.
Кəсіпорындарда бірнеше кəсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол
қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың
ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы
мəселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында)
шешіледі.
4 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу
Ұжымдық шарттың жобасын əзірлеуді еңбек ұжымы өз
мүшелерінің, осы ұжымда құрылған кəсіподақ ұйымдарының жəне
басқа да еңбекшілер қоғамдық бірлестіктерінің кеңінен
қатысуымен жүзеге асырады.
Ұжымдық шарт тараптарының кез келгені екінші тарапқа
келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама енгізуге құқылы.
Тараптардың келссөздер жүргізуден, шарт қағидаларын
əзірлеуден жəне қол қоюдан бас тартуына жол берілмейді.
Тараптар келіссөздер жүргізу үшін комиссия құрады.
Еңбек жəне əлеуметтік-экономикалық мəселелерді таңдауда
жəне талқылауда комиссияға толық еркіндік беріледі.
Тараптар комиссияны келіссөздер жүргізу үшін қажетті
ақпаратпен қамтамасыз етеді. Келіссөздерге қатысушылардың
мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
мəліметтерді əйгілеуіне қақысы жоқ.
Келіссөздерге қатысушылардың осы баппен көзделмеген
кемшіліктерін, оларды жүргізу тəртібі туралы басқа да ережелерді
тараптар анықтайды. Келіссөздердің нəтижесі ұжымдық шарттың
жобасы болуы тиіс.
5 бап. Ұжымдық шарттың мазмұны
Ұжымдық шартпен: еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу
жүйесі; ең төмен тарифтік нарықтар мен қызмет айлықақыларының
мөлшері; тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты
жұмыскерлер табысын өтеу тəртібі мен мөлшері; жұмыскерлер
жұмысынан айырылған жағдайда оларды қорғау шаралары;
жұмыссыздық жөніндегі жəрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту
мүмкіндігі мен мөлшері; зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы
жəне жартыкеш отбасыларына қосымша жеңілдіктер беру мен
көмек көрсету; еңбек пен тұрмыс жағдайы; ерікті жəне міндетті
медициналық
əрі
əлеуметтік
сақтандыру;
жұмыскерлерді
жұмыспен қамту жəне қайта оқыту; өндірісті дамыту мəселелері;
еңбек жəне өндіріс тəртібін сақтауда еңбек ұжымы мүшелерінің
жауапкершілігі; басқа да еңбек жəне əлеуметтік- экономикалық
мəселелер жөніндегі ережелер анықталады.
Ұжымдық шарт оның қолданылу кезеңі, орындалуын бақылау
тəртібі, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережелерді
қамтиды.
Еңбек заңдарының қолданылуы нақтылауды талап етпейтін
жалпы қағидаларын ұжымдық шартқа қоспауға да болады.
Ұжымдық шарттардың ережелері еңбек ұжымдары мен олардың
мүшелерін бұларға заңдармен берілетін құқықтарда шектей
алмайды, заңдармен белгілеген еңбек жағдайын нашарлатпауы
жəне əлеуметтік кепілідіктерді бұзбауы əpi оған қайшы келмеуі
тиіс.
6 бап. Ұжымдық шарт жасасу тəртібі
Комиссия даярлаған ұжымдық шарт жобасы еңбек
ұжымында талқылаудан өтеді Талқылау түрін еңбек ұжымы
мүшелерінің мүдделерін бiлдірушi органдар анықтайды.
Жобаны түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып
комиссия пысықтайды жəне тараптардың өкілетті өкілдері қол
қояды.
Ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін еңбек ұжымы оны
жалпы жиналыста (конференцияда) бекітуі қажет.
7 бап. Ұжымдық шарттың күші жəне қолданылу аясы
Ұжымдық шарт оған қол қойылған кезден бастап не онда
белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Шарт күшінің мерзімін
тараптар анықтайды.
Ұжымдық шарт қысқа мерзімді (бір жылдық) жəне ұзақ
мерзімді болуы мүмкін.
Ұжымдық
шарттың
қағидаларын
жұмысқа
жаңадан
қабылданғандарды қоса алғанда, еңбек ұжымының барлық
мүшесіне кəсіподаққа мүшелігіне қатыссыз қолданылады.
8 бап. Ұжымдық шартты мерзімінен бұрын бұзған кездегі
кепілдіктер
Кəсіпорынды басқару органдарының құрамы өзгерген, меншік
иесі ауысқан жағдайда ұжымдық шарт күшінде қалады жəне
тараптардың бірінің бастамасымен жаңа ұжымдық шарт
қабылданғанға дейін қолданыла береді.
Кəсіпорын қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріккен,
бөлінген, бөліскен, қайта құрылған) кезде меншік иесі (жұмыс
беруші, кəсіпкер) қайта ұйымдастырудың бүкіл кезеңінде ұжымдық
шартпен анықталған жұмыскерлер үшін жеке-дара жеңілдіктерді
сақтауы, еңбек ұжымы əлеуметтік дамуының барлық мəселесінің
шешілуін өз мойнына алуы тиіс.
Кəсіпорын таратылған кезде ұжымдық шарт таратудың бүкіл
мерзімінде қолданылады. Бұл жағдайда еңбек ұжымы мен
жекелеген адамдардың ұжымдық шарт бойынша талаптары
бюджетпен, банкілермен жəне басқа да кредит берушілерімен есеп
айырысуға
дейін
таратылатын
кəсіпорынның
мүлкінен
қанағаттандырылады. Қаржының мөлшерін шартқа қол қойған
кəсіподақ немесе өзге де еңбекшілер өкілді органдарымен келісе
отырып, тарату комиссиясы анықтайды жəне ұжым бөлімшелері
бойынша əpi мүшелері арасында бөледі.
9 бап. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау
Ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды осы Заңның 4-
бабына сəйкес құрылған комиссия, еңбек ұжымы органдары,
кəсіподақ органдары жүзеге асырады.
10 бап. Ұжымдық шарт тараптарының жауапкершілігі
Тараптарды білдіретін адамдардың келіссөздерге қатысудан,
ұжымдық шартты əзірлеуден, жасасудан, өзгерістер мен
толықтырулардан жалтаруы, олардың келіссөздер жүргізу
мерзімдерін бұзуы немесе тиісті комиссиялардың жұмысын
қамтамасыз етпеуі бip мың сомға дейінгі мөлшерде айыппұлға əкеп
соқтырады.
Осы Заңмен көзделген айыппұлды салу Қaзaқ KCP əкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленген тəртіпте
жүргізіледі.
11 бап. Ұжымдық шарттарды жасасу жəне орындау кезінде
туған дауларды шешу
Достарыңызбен бөлісу: |