5 бап. Бітістіру комиссиясы
1. Жұмыс беруші өз шешімін еңбек ұжымының назарына
жеткізген, не осы Заңның 3 бабының 1 тармағына сəйкес жұмыс
беруші хабарламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзім
ішінде бітістіру комиссиясы құрылады.
2. Бітістіру комиссиясы еңбек ұжымының талаптарын өзі
құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын
мерзімде қарайды.
3. Бітістіру рəсімі процесінде комиссия еңбек ұжымымен,
жұмыс берушімен, жергілікті атқарушы органмен, өзге де мүдделі
ұйымдармен кеңеседі.
4. Комиссия шешімі келіссөздер негізінде тараптар арасындағы
келісім бойынша қабылданады, тараптардың өкілдері қол қоятын
хаттамамен рəсімделеді жəне оның тараптар үшін міндетті күші
болады.
5. Осы баптың 2 тармағында белгіленген мерзімде бітістіру ко-
миссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда бітістіру
комиссиясының жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек
төрелігі құрылады.
6 бап. Еңбек төрелігі
1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар əлеуметтік-
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық немесе
жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия мүшелерінің қатысуымен
күнтізбелік бес күн ішінде құрады.
2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны жəне оның жеке құрамы
ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптардың келісімімен
анықталады, еңбек төрелігінің құрамында, оның төрағасын қоса
алғанда, кемінде үш адам болуға тиіс.
3. Еңбек төрелігінің құрамына кəсіподақ органдарының, еңбек
жөніндегі органдардың өкілдері, сарапшы-мамандар жəне басқа
адамдар енгізіледі.
4. Еңбек төрелігінің төрағасы тараптардың келісімімен төрелік
мүшелерінің қатарынан бекітіледі.
5. Ұжымдық еңбек дауын еңбек төpeлігі ұжымдық еңбек дауына
қатысушы тараптар өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал
қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалар
өкілдерінің қатысуымен де қарайды.
6. Дауды қарау рəсімін еңбек төрелігі белгілеп, eкi тарапқа да
хабарлайды.
7. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап
күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің жай
көпшілік даусымен қабылданады. Төрелік мүшелерінің дауыстары
тең бөлінген жағдайда, төрелік төрағасының дауысы шешуші
дауыс болып табылады. Шешім дəлелді болуы, жазбаша түрде
баяндалуы керек, оған төреліктің барлық мүшелері қол қояды.
8. Егер тараптар келісімді жазбаша нысанда жасаса, еңбек
төрелігінің шешімі міндетті түрде орындалуға тиіс.
7 бап. Ұжымдық еңбек дауын шешу кезіндегі делдалдар
1. Ұжымдық еңбек дауын қараудың кезкелген сатысында
тараптар делдалға жүгіне алады. Делдалдық рəсімі бiтicтipy
комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі бітістіру рəсімдеріне қатысы
жағынан дербес болып табылады жəне олармен қоса-қабат
жүpгізілyi мүмкін.
2. Ұжымдық еңбек дауларын делдалдың қатысуымен қарау
тəртібін дауласушы тараптармен келісім бойынша делдал
белгілейді.
3. Делдал ретінде тараптар өздері үшін беделді ұйымдарды жəне
тараптарға қатысы жағынан бейтарап адамдарды таңдайды.
Əлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық
немесе жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия ұжымдық дауға
қатысушы тараптардың келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу
жөніндегі жұмысқа орталық жəне жергілікті жерлердегі атқарушы
органдардың қауымдастықтар мен басқа да бірлестіктердің
кəсіпорындардың, кəсіподақ органдарының басшылары мен
қызметкерлерін,
жұмыс
берушілерді,
сондай-ақ
тəуелсіз
сарапшыларды тарта алады. Делдалдарды сайлаудың барлық
жағдайларында олардан делдалдыққа келісім алынуға тиіс.
4. Өз бастамасымен делдалдықты құзыретті мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдар: министрліктер мен олардың
жергілікті жерлердегі органдары, сондай-ақ олардың лауазымды
адамдары, ғылыми қызметкерлер жəне тараптар үшін беделді басқа
да органдар, ұйымдар мен адамдар ұсына алады.
8 бап. Ұжымдық еңбек дауы бойынша тараптардың
келісімге жетуінің нəтижелері
1. Ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар арасында оны
делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келісімге қол
жеткен барлық жағдайларда аяқталмаған бітістіру рəсімдері
тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісім шарттары дауды
шешудің шарттары деп саналады.
2. Дауды шешу туралы тараптар арасындағы келісімге келу
ереуілдің егер ол жарияланған болса, дереу тоқтатылуына себеп
болады.
9 бап. Тараптар мен бітістіру органдарының ұжымдық
еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері
1. Тараптар мен бітістіру органдары ұжымдық еңбек дауының
пайда болуына əкеліп соққан себептер мен жағдайларды жою үшін
барлық мүмкіндіктерді пайдалануға міндетті.
2. Тараптардың бірде-бірінің бітістіру рəсімдеріне қатысудан
жалтаруға құқығы жоқ. Жұмыс беруші бітіcтіpy комиссиясының
жұмысына арнап үй-жай беруге міндетті.
3. Егер бітістipy комиссиясы мен еңбек төрелігі ұжымдық еңбек
дауына қатысушы тараптардың келіспеушіліктерін реттей алмаса,
оның себептері жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына
жеткізіледі. Бұл жағдайда еңбек ұжымы өз мүдделерін қорғаудың
заңда көзделген, тіпті ереуілге шығуға дейінгі, барлық əдістерін
қолдануға құқылы.
10 бап. Бітістіру рəсімдеріне қатысуға байланысты
қызметкерлердің кепілдігі
1. Бітістіру комиссиясының мүшелері, делдалдар, еңбек
төрешілері ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысу кезінде жыл
ішінде үш айдан аспайтын мерзімге орташа жалақысы сақтала
отырып, жұмыс берушілердің келісімі болған кезде негізгі
жұмысынан босатылады.
2. Ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысушы кəсіподақтардың,
олардың бірлестіктерінің, ынталы қоғамдық органдардың өкілдері
ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тəртіптік жазаға
тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды, өздерінің өкіл
болуына уəкілдік берген органның алдына ала келісімінсіз
əкімшіліктің бастамасымен жұмыстан ауыстырылмайды немесе
шығарылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |