Сайланбалы кəсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің
мүдделерін көздеп қоғамдық міндеттерді орындау үшін кəсіподақ
оқуына, кəсіподақтар шақыратын съездерге, конференцияларға
делегат ретінде қатысқан, сондай-ақ олардың пленумдарының,
төралқаларының жұмысына қатысқан кезінде өндірістік жұмыстан
босатылады. Жұмыстан босату шарттары мен ақы төлеу
тəртібі ұжымдық шарттар мен келісімдерде көзделеді.
4 Т А Р А У
БАСТАУЫШ КƏСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ
KƏCІПOДAҚ КОМИТЕТТЕР1
20 бап. Бастауыш кəсіподақ ұйымдары кəсіподақ
комитеттерінің өкілеттігі
Бастауыш кəсіподақ ұйымдары кəсіподақ комитеттерінің
өкілеттігі осы Заңмен, кəсіптік одақтардың жарғыларымен, еңбек
ұжымдарының шешімдерімен, ұжымдық шарттармен (егер
комитетке еңбек ұжымы өз мүдделерін білдіруге уəкілдік берген
болса), кəсіптік одақтардың жəне олардың комитеттерінің
кəсіпорын əкімшілігімен немесе мемлекеттік емес кəсіпорынның
меншік иесімен жасаған келісімдерімен белгіленеді.
Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, əкімшіліктің бастамасымен
еңбек шартын бұзу тиісті кəсіподақ комитетінің келісімімен ғана
жүргізілуі мүмкін. Кəсіподақ комитетінің еңбек шартын бұзуға
келісім беруден бас тарту туралы қаулысына əкімшілік ол
қабылданған күннен бастап он күн мерзімде сотқа шағым бере
алады.
Кəсіподақ комитеттері:
еңбектің қорғалуы мен жағдайларын, еңбекке ақы төлеу мен
демалыс беру мəселелерін реттейтін заңдардың сақталуына жəне
тұрғын үйді бөлуге қоғамдық бақылау жасауды жүзеге асырады:
қолданылып жүрген заңдарға сəйкес басқа да əлеуметтік-
экономикалық мəселелерді шешеді.
Ұжымдық шарттарда немесе келісімдерде кəсіпорын əкімшілігі
кəсіподақ комитетімен бірлесіп немесе олардың келісуімен шешім
қабылдайтын өзге де мəселелер көзделуі мүмкін.
21 бап. Кəсіподақ комитеттерінің қызметіне материалдық
жағдайлар жасау
Кəсіподақ комитетінің материалдық жағдайлары ұжымдық шарт
немесе келісім негізінде белгіленеді.
22 бап. Кəсіподақ жарналары
Кəсіподақ комитеттері кəсіпорынның қызметіне нұқсан
келтірмей, жұмыс жəне оқу орны бойынша кəсіподақ жарнасын
жинауға қақылы.
5 Т А Р А У
КƏСІПТІК ОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГІ,
ОЛАРДЫҢ ШAPУAШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ
23 бап. Кəсіптік одақтардың меншігі
Кəсіптік одақтардың меншігі олардың кəсіпорындарынан,
тұрғын үй қорынан, баспаларынан, полиграфиялық базасынан,
емдеу мекемелерінен, демалыс, білім беру, мəдениет, спорт,
балалар мекемелерінен жəне үйлерімен, жабдықтарымен, сондай-ақ
кəсіподақтардың өз қаражатына сатып алынған басқа да мүлікпен
қоса алғандағы басқа да мекемелерінен құралады.
Кəсіптік одақтар меншік құқығымен өздеріне тиесілі мүлік пен
ақшалай қаражатты иеленеді, пайдаланады жəне оларға билік етеді.
Кəсіптік одақтар мемлекеттің, жұмыс берушілердің, басқа да
шаруашылық жүргізуші субьектілердің міндеттемелері бойынша
жауап бермейді, өз кезегінде олар да кəсіподақтардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Кəсіптік одақтардың меншігі заңмен қорғалады.
24 бап. Kəсіптік одақтардың өндірістік жəне шаруашылық
қызметі
Kəсіптік одақтар заңдарға сəйкес заңды ұйымдар болып табылады.
Кəсіптік одақтар мен олар уəкілдік берген органдар сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыруға, кəсіпорындар, мəдениет,
оқу, емдеу, спорт, спорттық-сауықтыру мекемелерін жəне басқа
мекемелер, банкілер, сақтандыру қоғамдары мен акционерлік
қоғамдар құруғa, бірлескен кəсіпорындардың құрылуы мен
қызметіне қатысуға, лотереялар, қайырымдылық шараларын
ұйымдастырып, өткізуге, өз мүшелерін сақтандыруға, баспа
қызметімен айналысуға, ынтымақтастық қорларын, мəдени-ағарту
қорларын жəне əлеуметтік-экономикалық қopлap құpyғa, сондай-aқ
өздерінің
мақсаттары
мен
міндеттеріне,
Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес өзге де өндірістік жəне
шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
9. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы
22 желтоқсан №3000
(1995 жылғы 5 қазандағы №2488, 1999 жылғы 29 қарашадағы
№488-1 өзгертулер жəне толықтыруларымен)
(Қазақстан Республикасының Еңбек туралы негізгі
заң актілері. Алматы. 2001)
Осы Заң қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз
етуге бағытталған, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен
денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, кауіпті жəне зиянды
өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы
ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгілейді жəне меншік
түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кəсіпорындардың
барлық түрін қамтиды.
1 Т А Р А У
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1 бап. Еңбек қорғау ұғымы
Еңбекті қорғау дегеніміз тиісті заң жəне басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін,
денсаулығы мен жұмыс кабілетін сақтауды қамтамасыз ететін,
əлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық
жəне емдеу - алдын алу шараларын білдіреді.
2 бап. Еңбекті қорғау құқығы
Кəсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлік
(шаруа) шаруашылықтарымен жəне меншігі мен шаруашылық
жүргізуі əртүрлі тұрпаттағы ұйымдармен (Бұдан əpi —
Достарыңызбен бөлісу: |