Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 7,1 Mb.
бет2/8
Дата21.02.2018
өлшемі7,1 Mb.
#10346
1   2   3   4   5   6   7   8

АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ
1982 жылы Семейдің зоотехникалық – малдәрігерлік институтын «ветеринария» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын бұрынғы Семей обылысы Ақсуат ауданы Комсомол совхозында мал дәрігерлігінен бастаған. 1986 жылдан жоғарғы оқу орнында қызмет істеп келеді. Ветеринариялық клиниканың мал дәрігері, меңгерушісі, эпизоотология, паразитология кафедраларының ассистенті, аға оқытушысы болды. 2007 жылы 03. 00. 19 «паразитология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша ғылыми журналдарда 26 мақаласы жарияланды, оның ішінде екі өнертабыс куәлігі мен екі алдын ала патенттері бар. 2011 жылы баспадан шыққан «Құс паразитоздары» атты кітаптың авторларының бірі. 10 - нан аса жаңа пәндердің оқу - әдістемелік кешенін дайындап, оқу үрдісіне енгізді. Қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Аграрлық факультетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының доценті қызметін атқарады.


КІРІСПЕ

Көз – жануарлардың қоршаған ортаны көретін аса маңызды дене мүшесі. Көру арқылы олар кеңестікте еркін қозғалады, азығын тауып жейді. Қажет болғанда жауынан қорғанады, қашып кете алады.

Жануарлардың көздері ауруларға біршама жиі шалдығады. Себептері де сан алуан. Көз ауруларына шалдыққан, көзі нашар көретін немесе мүлде көрмейтін жануарлардың өнімділігі төмендейді, арнайы күтімді қажет етеді. Кейде мертігіп өлімге де ұшырайды. Ал, асыл тұқымды малдар құнсызданады. Шаруашылықтарға біршама экономикалық зиян тигізуі мүмкін.

Жануарлардың көз ауруларын ветеринария ғылымдарының бір саласы - ветеринариялық офтальмология зерттейді.

Офтальмология – гректің екі сөзінен құралған. Ophthalmos – көз, logos – оқу, білім, көз туралы ғылым дегенді білдіреді. Қазіргі ғылыми түсінік бойынша офтальмология – көздің анатомиясы, физиологиясы, көз ауруларының пайда болу себептері, патогенезі, анықтау, зерттеу, емдеу әдіс – тәсілдері мен алдын алу шаралары жөніндегі ғылым.

Ветеринариялық офтальмология – көптеген ветеринариялық ғылым салаларымен тығыз байланыста және олармен бірге дамып келеді. Көздің анатомиясы мен физиологиясын және әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерін білмей оның ауруларын зерттеу, анықтау, емдеу мүмкін емес. Көздегі патологиялық үрдістердің (процестердің) ағымын, ерекшеліктерін түсіну үшін патологиялық анатомия мен патологиялық физиологияны меңгеру керек. Көздің инфекциялық ауруларын зерттеу үшін микробиология, вирусология, індет тану, иммунология пәндерін білу қажет. Ал, паразиттер туғызатын ауруларын паразитологияны білмей зерттеу, анықтау, емдеу, алдын алу мүмкін емес. Ветеринариялық фармокология – көз ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілердің фармадинамикасын түсіндіреді. Дәрілерді таңдау және қолданудың ең тиімді мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Көзді зерттеудің клиникалық әдістері мен тәсілдерін клиникалық диагностика пәні оқытады. Көздің көптеген ауруларын емдеуде хирургиялық әдіс - тәсілдер кеңінен қолданылады. Ол үшін хирургиялық әдіс – тәсілдерді меңгеру қажет.

ХҮ111 – ғасырдың ортасына дейін жануарлардың көз аурулары жан – жақты зерттелмеді. Малдың көз аурулары «соқырлық» деген атпен ғана белгілі болды. Х1Х – ғасырдың басынан бастап ветеринариялық офтальмология ғылымы тез дамып, хирургияның үлкен бір саласына айналды. Жануарлардың көз ауруларының этиологиясы, даму механизмі, анықтау және емдеу әдістері біршама терең зерттелді. 1888 – ші жылы Н.Н. Маридің алғашқы ветеринариялық офтальмология оқулығы, 1904 - жылы В.Г Гутманның оқулығы жарық көрді. Ветеринария мамандарын дайындайтын оқу орындарында ветеринариялық офтальмология оқытыла бастады. Ветеринариялық офтальмология қазір де даму үстінде.

Қазақстанда жануарлардың көз ауруын зерттеуге елеулі еңбек сіңірген ғалымдардан Р.Д Даутбаевты., Б.К. Ілиясовты., М.Н Жолановты және тағы басқаларды атауға болады.

Бүгінгі таңда ветериариялық офтальмологияға төмендегі міндеттерді шешу жүктелген :


  1. Жануарлардың көз ауруларын анықтау мен емдеуге осы заманғы әдіс - тәсілдерді кеңінен енгізу,

  2. Көз ауруларының алдын алу шараларын жетілдіру,

  3. Көз ауруларынан болатын экономикалық шығындарды азайту.

Ветеринариялық офтальмологияның мақсаттары:

Бүгінгі таңда ветеринариялық офтальмологияның жетістіктері мен бірге шешімін толық таппаған мәселелері де бар. Ветеринариялық офтальмологияның мақсаты соларды шешу. Олар:



  1. Ірі шаруашылықтардағы (құс фабрикалары, сүт кешендері) жануарлардың жаппай көз ауруларына шалдығу себептерін толық анықтау,

  2. Көз ауруларын топтап емдеу мен алдын алудың тиімді әдіс – тәсілдерін ұсыну,

  3. Жануарлардың көзінің аллергиялық ауруларын түпкілікті зерттеу, себебін анықтау, емдеу мен алдын алу шараларын жетілдіру,

  4. Жануарлардың көз ауруларын зерттеу мен емдеуде қазіргі заманғы ветеринариялық құрал – жабдықтар мен дәрілерді кеңінен қолдануға жетісу.

Қазіргі кезде мал дәрігерлері жануарлардың көптеген көз ауруларын емдеп жазуға қол жеткізіліп отыр. Кейінгі кезде көптеген дамыған елдерде мал дәрігерлеріұсақ үй жануарларының, ит пен мысықтардың көз ауруларын зерттеу, емдеу әдістерін жетілдіруді қарқынды жүргізуде. Ветеринариялық клиникаларда жануарлардың көз ауруларын анықтауда, емдеуде қазіргі заманғы тәсілдер, құралдар мен дәрілер кеңінен пайдаланылуда.

Ветеринариялық офтальмологияның жетістіктерімен қатар жануарлардың көзін зерттеудің кейбір қиындықтарына байланысты әлі толық шешімін таппаған мәселелері де бар. Олар:



  • Жануарлардың түсті ажырата алатыны белгілі болғанымен оны анықтау әдістері әлі табылған жоқ.

  • Медициналық офтальмологияда көздің рефракция дәрежесін арнайы кестелердің көмегімен анықтаса, ветеринариялық офтальмологияда ол әлі өз шешімін таппаған мәселе.

  • Жануарлардың кейбір көз ауруларының емі әлі толық ұсынылмаған (торлы қабықтың түсуін емдеу, рефракцияны түзеу).

  • Қазақстанда жануарлардың көз ауруларын емдеуге қолданылатын, жаңадан шығарылып жатқан тиімділігі жоғары дәрілер тапшы және қымбат. Олар көбіне алыс шет елдерден (АҚШ, Англия) әкелінеді.

  • Қазіргі заманғы көзді зерттеуге, емдеуге пайдаланылатын құрал – саймандар (микрохирургиялық операциялар жасауға арналған құралдар) тапшы және қымбат.

Мұнымен қоса әр түрлі жан – жануарлардың көздерінің өздеріне тән кейбір анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бар. Мысалы әр түрлі жануарлардың қарашығының тұрпаты мен көз түбінің суреттері әртүрлі. Бұл зерттеушіге белгілі қиындықтар туғызады. Жоғарыда айтылған шешімін тосып тұрған мәселелерге қарамай бүгінгі таңда ветеринариялық офтальмология айтарлықтай жетістіктерге жетті.

«Жануарлардың көз аурулары» пәні 2009 – 2010 оқу жылынан бастап таңдау компоненті бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 5В120100 - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттеріне оқытылады. Студенттерге пәнді менгеруге қиындық туғызып отырған мәселе арнайы оқулықтар мен оқу құралдарының жетімсіздігі. Ертеректе шыққандары тапшы және көптеген деректері ескірген, қайта өңдеуді, толықтыруды қажет етеді. Қазақ тілінде ветеринариялық офтальмология оқулығы бұрын - соңды жарық көрмеген. Ұсынылып отырған оқу құралы осы олқылықтың орнын толтыруға жасалған алғашқы қадам.


ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨЗІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1 – ші сурет. Көздің анатомиялық құрылымы (К.А. Фомин бойынша):

1 - қасаң қабық; 2 - ақ қабық; 3 - тамырлы қабық; 4 - кірпікті немесе цилиар денесі ; 5 - түсті қабық; 6 - бұршақ дене; 7 - торлы қабық; 8 - сары дақ; 9 - шыны тәрізді дене; 10 - клокетов өзегі (каналы); 11-шлемов өзегі (каналы); 12 - көздің артқы камерасы; 13 - көздің алдынғы камерасының бұрышы; 14 - көздің алдынғы камерасы; 15 - лимбо; 16 - көзді қозғаушы бұлшық еттердің апоневроздары; 17 - конъюнктивалар; 18 - көру жүйкесі; 19 - петитов өзегі (каналы); 20 - көру жүйкесінің бүртігі; 21 - торлы қабықтың орталық артериясы.
Көз – көру мүшесі (латынша – oculus, грекше - ophthalmos). Көз ауруларын, көздің және оның қосымша мүшелерінің қызметтерінің бұзылуын зерттеу, анықтау, емдеу үшін бірінші кезекте олардың анатомиясы мен физиологиясын жақсы білу қажет. Көз жұп мүше және ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың пішінін, көлемін, түсін, және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады. Эволюциялық даму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам және тағы басқа сүт қоректі жануарларда, құстарда ол дамудың ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Көз - көз алмасынан, қорғаныш және қосымша мүшелерден, көз бұлшық еттерінен тұрады.

Көз алмасы – (Bulbus oculi) бас сүйектің алдыңғы жағындағы ойықта - көз шарасында орналасқан көру талдағышының негізгі мүшесі. Пішіні шар тәрізді, аздап алдынан артына қарай сүйірлене біткен мүше. Оның артқы жағындағы ретробульбарлық кеңестікте көз бұлшық еттері, қан және жүйке тамырлары, көз майы орналасқан. Көз алмасының анатомиялық құрлымы екіге бөліп қарастырылады. Біріншісі көз алмасының қабықтары. Екіншісі көз алмасының жарықты сындыру орталары. Көз алмасының қабықтары үшеу. Олар: фиброзды, тамырлы және торлы қабықтар. Фиброзды қабық көз алмасының ең сыртқы қабығы. Ол көз алмасын сыртынан толық қоршап, қаптап оның пішінін (формасын) анықтайды. Бұл қабықтың көз алмасының алдыңғы жағындағы мөлдір бөлігі – қасаң қабық, ал көз алмасының артқы жағын түгел қоршап, қаптап жатқан тығыз, мөлдір емес бөлігі – ақ қабық деп аталады. Олар бір – бірімен астасып жатады.

Қасаң қабық – (cornea) қалыпта мөлдір, жылтыр және өте тығыз. Ол фиброзды қабықтың 1\6 ғана құраса, 5\6 бөлігі ақ қабыққа тиісілі. Көптеген жүйке талшықтары бар. Ал қан және лимфа тамырлары жоқ. Ол өзінің көптеген торша аралық саңылаулары арқылы көздің алдыңғы камерасы сұйығымен диффузия көмегімен және конъюнктива жиегінің ұсақ қан тамырларының ілмектері арқылы қоректенеді. Жүйке жүйесін қасаң қабықтың эпителий қабатында орналасқан үштік жүйкенің тармағы болып табылатын алдыңғы кірпікті дене жүйке талшықтары құрайды. Қасаң қабық сиыр мен жылқыда көздің сыртқы бұрышына қарай сәл созылыңқы, тік диаметрі көлденең диаметрінен қысқа, элипис пішінді. Ал басқа жануарларда домалақ. Шөп қоректі жануарларда көздің қасаң қабығының орта тұсы жұқа, ал ет қоректі жануарларда оның ортасы шет жағына қарағанда қалыңдау болады. Қасаң қабықтың шет жағы біртіндеп ақ қабыққа ұласады. Осы тұста жартылай мөлдір шеңбер бар, ол «лимбо» деп аталады. Гистологиялық құрылымы бойынша көздің қасаң қабығы 5 қабаттан тұрады. Олар: эпителий қабаты, бауменов қабаты, негізгі қабат, десцеметов қабаты және эндотелий қабаты.

Эпителий қабаты – көп қабатты жалпақ эпителий торшаларынан тұратын сыртқы қабат. Көздің конъюнктивасының эпителий қабатымен ұласады. Ол өте тез және толық қалпына келу (регенерация) қасиетіне ие бола отырып, қасаң қабықты механикалық әсерлерден қорғайды.

Боуменов қабаты - эпителий қабаты астында орналасқан жұқа қабат. Бұл қабат жылқы мен шошқаның көзінің қасаң қабығында жоқ. Торшасыз, тығыз, аз майысатын, қайта қалпына келу қасиеті жоқ қабат. Ол қасаң қабықтың пішінін сақтап тұру қызметін атқарады.

Негізгі (строма) қабат – қасаң қабықтың ең қалың қабаты. Ол қасаң қабықтың 90% құрайды. Бұл қабаттың негізі фибрилл талшықтарынан тұрады және оның арасында мүйізгек торшалы аралдар орналасқан.

Десцементов қабаты - эндотелий қабатының үстіндегі өте жұқа қабат. Ол эндотелий қабатынан түзіледі. Мөлдір, майысқақ және жақсы қалпына келеді.

Эндотелий қабаты – қасаң қабықтың ішкі қабаты. Оның шет жағы түсті қабыққа ұласады.

Қасаң қабықтың бұл қабаттары тығыз қабаттасып, бір – біріне ауыса отырып, мөлдір, майысқақ, жарық сындыру қасиеті бар біртұтас қабық түзеді.

Тамырлы қабық – (tractus uveus) көз алмасының фиброзды қабығының астында орналасқан ортаңғы қабығы. Ол үш құрылымға бөлінген. Біріншісі түсті қабық (iris), екіншісі кірпікті (цилиар) дене (corpus cilifre), үшіншісі негізгі тамырлы қабық (chorioidea).

Бұл қабықтар анатомиялық жағынан астасып, бірігіп жатыр. Қан айналымы, жүйке жүйесі бірге. Осыған орай олардың бірінде пайда болған патологиялық үрдістің екіншісіне ауысуы жиі кездеседі. Сөйтіп олардың аурулары қабаттаса жүреді. Мысалы: түсті қабық пен кірпікті дененің бірге қабынуы – иридоциклит, кірпікті дене мен негізгі тамырлы қабықтың қабынуы – циклохориойдит немесе үшеуінің бірге қабынуы – иридоциклохориойдит жиі кездеседі. Көздің негізгі тамырлы қабығы мен кірпікті дене терең орналасқандықтан оларды тікелей зерттеу қиын. Дегенмен бұл құрылымдардың нақты қызметтер атқаруларына және қабынуларына тән клиникалық белгілердің болуы олардың аурулары туралы жанама қорытынды жасауға мүмкіндік береді.



Түсті қабық – (iris) тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Аты айтып тұрғандай әр түрлі жануарларда түсі әр түрлі, пигментке байланысты қара, қоңыр, қызыл, көкшіл тағы басқа түсті. Ол көз алмасының осьіне тік (перпендикуляр), қасаң қабықтың артында, көз бұршағының алдында орналасқан. Қасаң қабық пен түсті қабықтың аралығындағы кеңестік – көздің алдыңғы камерасы, ал түсті қабық пен көз бұршағы аралығындағы кеңестік – көздің артқы камерасы деп аталады. Түсті қабықтың ортасындағы тесік – қарашық (pupilla) деген атпен белгілі. Түсті қабықтың бұлшық еттерінің бірі (сфинктер) жарық мөлшеріне байланысты қарашықты кеңейтеді (жарық аз болғанда) немесе кішірейтеді (дилятор) (жарық көп болса). Қарашықтың пішіні әр түрлі жануарларда әр қилы. Шөп қоректілерде қалыпты кішірейген қарашықтың пішіні көлденеңінен сопақ, шошқаларда жарықта көлденеңінен – эллипс, ал қараңғыда домалақ. Мысықтардың қарашығы өте жарықта тік қуыс, ал жарық аз болса домалақтау. Иттің көзінің қарашығы домалақ. Сонымен қоса жылқылардың қарашығының жоғарғы жиегінен 2 – 5 домалақ денешіктер ( жүзім шоғыры) байқалады. Бұндай өсінділер сиырдың қарашығының жоғарғы және төменгі жиегінен де байқалады. Ал шошқа мен иттің көзінің қарашығында жүзім шоғыры болмайды.

Кірпікті (цилиар) дене – (corpus cilifre) тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі. Түсті және негізгі тамырлы қабықтың ортасында орналасқан, жалпақтығы 10 мм – дей, қалың, тамырға бай бөлік. Пішіні сақина тәрізді бұлттың келген ет ұлпасынан тұрады. Одан 70 – 100 – дей өсінділер (кірпікшелер) шығып, кірпікті дене (цинново) байламын (zonula Zinni) түзеді. Кірпікті дене байламына бұршақ дене ілініп, қарашықтың ортасында ұсталып тұрады. Кірпікті дене байламының талшықтары аралығында кеңестік бар, ол – «петитов каналы» деп аталады. Ақ қабықтың астында тегіс талшықты кірпікті дене бұлшық еті орналасқан. Оның қозғалысқа келуін көзді қозғау жүйкесі мен үштік жүйке талшықтары жүзеге асырады. Қанмен алдыңғы және артқы ұзын цилиар артериялары қамтамасыз етеді. Кірпікті (цилиар) денеде көз камерасын толтырып тұратын және көздің ішкі қысымын реттейтін көз сұйығы түзіледі.

Негізгі тамырлы қабық - (tunica chorioidea) кірпікті дененің артында, ақ қабық пен торлы қабықтық арасында орналасқан. Өте жұқа (0,5 мм – ге дейін), тамырлы қабықтың 2\3 бөлігін құрайды. Ақ қабықпен нашар байланысқан. Негізгі берік байланысы қан тамырлары мен көру жүйкесі өтетін жерлерде. Артқы жағында көздің көру жүйкесі өтетін жерде ақ қабықтағы сияқты тесіктері – торлы пластинкасы бар. Құрамында түйірлі меланин пигменті бар торшалардың (клетка) көп болуына байланысты негізгі тамырлы қабықтың түсі қара қоңыр. Көздің көру жүйкесінен жоғары негізгі тамырлы қабықтың жарықты шағылыстыру қабығы – tapetum орналасқан. Шошқа мен қоянда тапетум жоқ. Жылқыда жарықты шағылыстыру қабығының түсі көкшіл – жасыл, өте жылтыр. Сырда жасылдан қою көке дейін, жылтыр. Итте ортасы алтындай сары, ал шеті изумруд түстес жасыл. Пішіні де әр қилы, үшбұрыш, төртбұрыш немесе жарты ай сияқты. Тапетумның физиологиялық рольі – нашар жарықта тітіркендіру әсерін күшейтіп, көруге бейімделуді қамтамасыз ету. Соның арқасында жануарлар ала көлеңкеде де көру мүмкіндігіне ие. Тамырлы қабық негізгі бес қабаттан тұрады. Қан тамырына бай сол себептен көз алмасының ішкі құрылымдарын қоректендіруде басты роль атқарады.

Торлы қабық – (retina) көз алмасының қызмет жасайтын негізгі бөлігі және оның ішкі қабығы. Көздің көруі осы торлы қабықтың қызметіне байланысты. Ол жұқа, мөлдір, қызғылт түсті. Бір жақ бетімен негізгі тамырлы қабыққа жабысса, екінші беті көз алмасының ішкі жағына қарайды. Торлы қабық көретін және көрмейтін бөлікке бөлінеді. Көретін немесе оптикалық бөлігі көздің көру жүйкесінің бүртігінен басталып, кірпікті дененің тісті шетіне дейін созылады. Ал көрмейтін бөлігі жүйке торшалары жапқан кірпікті дене мен түсті қабықтың сырт жағы. Торлы қабық көз алмасының артқы жағында орналасқан көздің көру жүйкесінің бүртігіне қозғалмайтындай берік бекіген. Ал қалған бөлігі кірпікті дене мен түсті қабыққа бекіген. Оның беріктігі көздің шыны тәрізді денесінің көлемі мен тығыздығына байланысты. Егер оның көлемі мен тығыздығы азайса ол тамырлы қабықтан ажырап, бүлінеді. Торлы қабықтың көретін бөлігі екі қабаттан тұрады. Тамырлы қабыққа жабысатын түсті (пигментті) қабаты және көз алмасының ішкі жағына қараған негізгі қабаты.

Көру механизмі. Торлы қабық көзге түскен жарықты қабылдап, көздің көруінде аса маңызды роль атқарады. Ол гистологиялық құрылымы бойынша дәнекер ұлпадан және жүйке торшаларының 10 қабатынан тұрады. Олар: түсті (пигменті) эпителий қабаты, таяқша және сауытша (колба) тәрізді жүйке торшалары қабаты, сыртқы (арнайы глиальдық жүйке торшалары бар) глиальдық шекаралық жарғақ (мембрана) қабаты, сыртқы түйіршікті қабат, торлы қабат, ішкі түйіршікті қабат, ішкі торлы қабат, ганглионарлық (ганглий – жүйке түйіні) қабат, жүйке талшықтары қабаты және ішкі глиальдық шекаралық жарғақ қабаты. Қызметіне байланысты торлы қабық екіге бөлінеді: ішкі қабаты – жарық өткізгіш қабат, сыртқы қабаты – жарық қабылдағыш қабат. Жарық қабылдайтын қабат торшаларының пішініне байланысты таяқша және сауытша (колба) тәрізді жүйке торшалары қабаттарына бөлінеді. Әр түрлі жануарларда олардың ұзындығы мен қалыңдығы әр түрлі. Соған байланысты олардың көздерінің көру мүмкіншілігі де әр қилы. Жүйке торшаларының жалпы саны 138 миллион болса, оның 130 миллионы таяқша тәрізді торшалар, ал қалған 8 миллионын сауытша тәрізді торшалар құрайды. Бұл жүйке торшалары торлы қабықтың көретін бөлігінде орналасқан. Көздің көру жүйкесінің бүртігі маңында мүлде жоқ. Таяқша тәрізді жүйке торшалары жарық сезгіш, ал сауытша тәрізді жүйке торшалары түсті ажыратады. Олардың алғашқысында родопсин, ал соңғысында иодопсин пигменттері (бояу заттар) бар. Жарық сәулесі түскенде бұл заттар химиялық өзгеріске түседі. Жарық сәулелері таяқша тәрізді торшалардағы родопсин молекулаларын ыдыратады, одан пайда болған иондалған орта жарық рецепторларын тітіркендіреді (қоздырады). Олар өте аз жарықты да қабылдай алады. Бұл қозулар жүйке талшықтары арқылы көздің көру жүйкесінің бүртігіне беріліп, одан ми қыртысына бағытталып, мидың көру орталығында қоршаған ортаны көру жүзеге асады. Қараңғыда көру пигменті қайта қалпына келеді. Оның қайта қалпына келуі үшін организмде «А» витамині – каротин жеткілікті болуы қажет. Сауытша тәрізді торшалар – заттың түсін, пішінін, көлемін ажыратады. Жарық әсерінен таяқша және сауытша тәрізді торшалардағы (бірінші нейрон) жүйке қозуы биполярлы торшаларға (екінші нейрон), одан мультиполярлы торшаларға (үшінші нейрон) беріледі. Соңғылардың ұзын өсінділері көздің көру жүйкесімен жалғасқан.

Неміс ғалымдары (Университет Гете, Франкфурт, Германия) Катрин Стаппут басшылығымен құстардың оң жақ көзінде жердің магнит өрісін «көре» алатын ерекше молекулалар болатынын, жыл құстары сол арқылы барар жерлерін адаспай табатынын анықтаған. Ал құстың сол жақ көзінде ондай қасиет болмаған.



Торлы қабық екі жолмен қоректенеді. Сыртқы қабаты тамырлы қабықтың капиллярларынан осмотикалық жолмен қоректенсе, ал ішкі қабатын торлы қабықтың орталық көз артериясы (a. centralis retinae) қанмен қамтамасыз етеді. Бұл артериялар мен веналарды офтальмоскоппен көруге болады. Әр жануарда оның тармақталуы әртүрлі. Торлы қабықтың артериялары мен веналары және жүйке түйіндері айналасында лимфа қуыстары орналасқан.

3 – ші сурет. Көздің торлы қабатының құрылысы (Т.Аксенфельд бойынша):



1 - торлы қабықтың эпителий қабаты; 2 - жарық сезгіш қабат немесе таяқша және сауытша (колба) тәрізді жүйке торшалары қабаты (бірінші нейрон); 3 – 4 биполярлы торшалар (екінші нейрон) және мультиполярлы торшалар (үшінші нейрон) қабаты.
Көздің көру жүйкесі - (n. Opicus) бас - ми жүйкесінің екінші сыңары, жуандығы 5,5 мм дейін жетеді. Көздің көру жүйкесі көздің жарықтан тітіркену импульстарын мидың көру орталықтарына жеткізеді. Ал жарықты қабылдайтын көздің толы қабығында орналасқан таяқша және сауытша тәрізді көру торшалары (нейрондар) екені белгілі. Олардың ұзын өсінділері көздің көру жүйкесінің талшықтары шоғырынан құрылған көру бүртігімен жалғасқан. Көру жүйкесінің әрбір талшығын 200 – дей таяқша және сауытша тәрізді көру торшалары қызмет етеді. Осы бүртіктен басталатын көру жүйкесінің талшықтары (1930 жылғы Эйслердің зерттеуі бойынша олардың жалпы саны 400 000 – 800 000 – дей) көздің ақ қабығы және тамырлы қабығының артқы жағындағы торлы пластина арқылы көз шарасының ретробульбарлық кеңестігіне шығып, онда олар жүйке тамырына бірігіп, бас сүйектің көру тесігі арқылы ми қабына енеді. Осы жерде екі көзден келген жүйке тамырлары бірігіп, «хиазма» түзеді. Сөйтіп екі көздің бірге көруін, яғни «бинокулярлық көруді» қамтамасыз етеді. Одан әрі көру жүйкесі мидың алғашқы көру орталығына, содан соң оның талшықтары мидың шүйде бөлігінде орналасқан негізгі көру орталығына барады. Көру жүйкесінің сырты ми қабықтарына сәйкес келетін үш қабықпен қапталған. Олар ми қабықтарының жалғасы және бір – бірімен қатынаста. Сыртқы қабық – қатты ми қабығы. Ортаңғы қабық – шілтер (тор) қабық. Ішкі қабық – жұмсақ қабық. Соңғы қабық көздің көру жүйкесімен жабыса біткен. Бұл қабықтардың араларындағы кеңестіктер көру жүйкесінің қынабын түзеді. Қынап ішінде ми – жұлын сұйығы бар. Көру жүйкесінің қабығының ішінде торлы қабықтың орталық артериясы мен венасы қоса орналасқан.

Көз алмасының жарықты сындыру орталары. Көз алмасының жарықты сындыру орталарына көз алмасының алдыңғы және артқы камераларының сұйығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене жатады. Бұлардан басқа көздің қасаң қабығы да жарықты сындыруға қатысады. Бұлар көздің оптикалық жүйесін құрайды және көзге түскен паралелл жарық сәулелерін сындырып, көздің торлы қабатына жинақтайды. Көз алмасының алдыңғы және артқы камераларын мөлдір сұйық толтырып тұрады. Құрамына су, белок, минералдық тұздар және витаминдер енеді. Бұл сұйықты кірпікті дене үнемі түзіп, толықтырып, жаңартып отырады. Көз камераларының сұйығы көзді қоректендіреді және көздің ішкі қысымын тұрақты ұстайды. Оның жарықты сындыруы онша жоғары емес.

Көздің бұршақ денесі - (lens crystallina) екі жағы дөңес (алдынғы жағынан артқы жағы дөңестеу), мөлдір, линза тәрізді дене. Ол қарашық пен түсті қабықтың артында, шыны тәрізді дененің алдыңғы жағындағы тостаған сияқты ерекше орында орналасқан. Оны қарашықтың ортасында кірпікті дене (цинова) байламы ұстап тұрады. Бұршақ денеде қан және жүйке тамырлары жоқ. Көз қуыстарының сұйығынан осмос арқылы қоректенеді. Бұршақ дене көздің негізгі жарықты сындыру мүшесі. Көз қусын (камерасын) алдыңғы және артқы камераларға бөледі. Көз бұршағының негізгі қызметі рефракция, яғни параллел жарық сәулелерін сындырып, оларды бір нүктеге жинау. Бұл нүкте «фокус» делінеді. Қалыпты фокус көздің торлы қабатына сәйкес келіп, жануарлар қоршаған орта заттарын анық көреді.

Шыны тәрізді дене – (corpus vitreum) көз алмасының көз бұршағы артында орналасқан камерасын толтырып тұратын іркілдек, мөлдір, фибрилл талшықтарымен айшықталған масса. Оның 98,5% су, ал қалғанын органикалық және бейорганикалық заттар құрайды. Қан және жүйке тамырлары жоқ. Кірпікті дене сұйығымен толығып отырады. Негізгі қызметі жарықты сындыру, сонымен қоса көздің ішкі қысымын, тамырлы және торлы қабықтарды қалыпты жағдайда ұстап тұрады.

Көз қосымшалары. Көз қосымшаларына жатады: көз шарасы, көз шарасының ішкі қабы, қабақтар, жас аппараты, көз майы және көз бұлшық еттері.

Көз шарасы – (orbita) бас сүйектің көз алмасы мен оның қосымшалары орналасқан ұяшығы. Оның жоғарғы жағын маңдай сүйек, төменгі жағын шықшыт және жас сүйектер, сырт жағын шықшыт және самай сүйектің шықшыт өсіндісі, ал іш жағын жас және маңдай сүйектер құрайды. Жылқыда, сиырда, қойда ол бастың алдына қарай шығыңқы орналасса, шошқада жанына қарай орналасқан. Негізгі қызметі көзді және оның қосымшаларын механикалық зақымдалулардан қорғау.

2 - ші сурет. Мүйізді ірі қараның бас сүйегінің көз шарасы аумағы:

1 - көз асты тесігі; 2 жас – танау қуысы; 3 - жас сүйегі; 4 - жас қабының шұңқыры; 5 - шықшыт сүйек; 6 - шықшыт сүйектің маңдай тармағы; 7 - шықшыт сүйектің самай тармағы; 8 - жас қабы; 9 - маңдай сүйек; 10 - маңдай сүйектің шықшыт тармағы; 11- көз шарасы.


Көз шарасының ішкі қабы – (periorbita) көз шарасының ішкі жағында орналасқан созылғыш дәнекер ұлпадан тұратын қапшық. Қапшықтың алдыңғы жағы көз шарасының арт жағындағы көру тесігінің айналасына бекісе, ал негізі көз шарасының айналасына бекіген. Оның ішінде көз алмасы, көз бұлшық еттері және көз майы орналасқан. Онда жүйке (артқы жағында көздің көру жүйкесі) және қан тамырлары өтетін торлы тесік бар.

Қабақтар – (palpebrae) көздің алдыңғы жағын жауып тұратын тері – етті қатпар. Ол көзді механикалық зақымдалулардан, шаң – кір түсуден, сондай – ақ қасаң қабықты кеуіп кетуден қорғайды. Сонымен бірге көзге түсетін жарық мөлшерін реттеуге қатысады. Ауыл шаруашылық малдарында үш қабақ бар. Олар: жоғарғы, төменгі және үшінші қабақ. Жоғарғы және төменгі қабақтар қозғалғыш, қақпақ сияқты көз саңылауын ашып – жауып тұрады. Қабақтың жиегі ішкі және сыртқы қабырғаларға бөлінеді. Сыртқы қабырғасында кірпіктер, ішкі қабырғасында мейбомиев безінің түтігі ашылады. Қабақтың ішкі жағы кілегейлі қабықпен қапталған. Ол қабақ конъюнктивасы деп аталады. Одан әрі көз алмасына ауысып, көз алмасының конъюнктивасы делінеді. Олардың бір – біріне ауысатын тұсы – конъюнктива төбесі болып табылады. Ал қабақтың ішкі қабырғасы мен көз алмасының аралығындағы қуыс «конъюнктивалық қап» делінеді. Қабақ терісі астында көздің дөңгелек бұлшық еттері (m. Orbicularis palpebrarum) орналасқан. Ол көз саңылауын кеңейтеді не тарылтады. Сонымен бірге жоғарғы қабақтың сыртқы, ішкі көтергіш бұлшық еттері (m. Levator palpebrae inferioris, m. Corrugator supercilii) және төменгі қабақтың түсіргіш бұлшық еттері (m. Depressor palpebrae inferioris) бар. Үшінші қабақ – (palpebra tertia) конъюнктиваның қатпары. Құстарда көздің ашып – жұму жарғағы деп аталады. Малдардың үшінші қабағының ішінде жарты ай тәрізді жұмсақ шеміршек пластика бар және ол көздің ішкі бұрышында орналасқан. Қой мен иттің үшінші қабағының ішкі бетінде лимфа фолликулалары шоғыры орналасқан. Олар қабынғанда айқын байқалады. Жоғарғы, төменгі қабақтар, үшінші қабақ, құстардың ашып – жұму жарғағы үнемі қозғалыста болып, көзді қорғап, түскен ұсақ бөгде заттардан тазартып отырады.

Көздің сірі қабықтары – (фасция) көз және оның бұлшық еттерін үш сірі қабық қоршап жатыр. Олар беткі (F. Superficialis), терең (F, profunda) және көз алмасы немесе тенова (f, bulbi) сірі қабықтары. Соңғы көз алмасы немесе тенова сірі қабығы көздің қасаң қабығының шетінен басталып, ақ қабықты, көз алмасын жауып, көз шарасының көру тесігінің айналасына бекіп, терең сірі қабықпен бірігіп, көздің көру жүйкесінің қынабын түзіп, бас сүйектің қуысына өтіп, ми қабымен байланысады. Сөйтіп көз алмасы мен ми арасындағы анатомиялық байланысты қамтамасыз етуге қатысады.

Көз майы – ол көз алмасының май жастықшасынан және май қапшығынан тұрады. Алғашқысы көз шарасының ішкі қабығының сыртында орналасқан және самай ойығын толтырып тұрады. Ол көздің сыртқы майы болып есептелінеді. Ал соңғысы көз шарасының ішкі қабығының ішінде орналасқан. Ол көз бұлшық еттерінің және көздің сірі қабықтарының аралықтарын толтырады және көру жүйкесін сыртынан қаптап жатады. Көз майы көз алмасының оңай қозғалуын қамтамасыз етеді. Оны жарақаттанудан, суық пен ыстықтан қорғайды.

Жас аппараты – (apparatus lacrimalis) жоғарғы және үшінші қабақтардың жас бездерінен, жас өзегінен, жас нүктелерінен, жас қапшығынан және жас – танау өзегінен тұрады. Жоғарғы қабақтың жас безі көз шарасының ішінде, көз алмасының жоғарғы жағында маңдай сүйектің көз шарасы өсіндісінің іш жағындағы арнайы ойықта орналасқан. Ол жалпақ келген, қызғылт түсті мүше. Диаметрі 5,5 см дейін жетеді. Сиырда екі бөліктен тұрады және одан 6 – 8 жас түтіктері шығады. Жылқыда жас түтіктерінің саны 12 – 16 дейін болады. Жас түтіктері жоғарғы қабақтың конъюнктивасында ашылады. Үшінші қабақтың жас безі (гардерова безі) оның шеміршегінде орналасқан. Одан 2-3 жас түтігі шығып, үшінші қабақтың көз алмасына қараған жағында ашылады.

Жас - жас безі шығаратын секрет. Ол әлсіз сілтілік мөлдір сұйық. Оның құрамы 99% судан, 1% қатты органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Сонымен бірге жаста лизоцим бар. Ол антибактериалдық қасиетке ие. А витамині жетіспесе жаста лизоцим мөлшері азаятыны белгілі. Ол көз ауруларының пайда болуына себеп. Жас қабақтардың қозғалысы, яғни қабақ қағу кезінде шығып, конъюнктиваны, қасаң қабықты жуып, көздің ішкі бұрышына жиналады. Одан әрі жас шығару жолы арқылы (жас нүктелері, жас өзегі, жас қабы, жас – танау өзегі) танау қуысына шығарылады.

4 - ші сурет. Жылқының жас аппаратының құрылымы:

А. Бас сүйектегі жас – танау өзегінің сызбасы; Б. Жас органдары; 1 - жас безі; 2 - жас түтіктері; 3 - жас нүктелері; 4 - жас өзегі; 5 - жас қапшығы; 6 - жас - танау өзегі; 7 - жас - танау өзегінің танау қуысындағы тесігі.
Көзді қозғалтатын бұлшық еттер. Көз алмасын жеті бұлшық ет қозғалысқа келтіреді. Олардың төртеуі түзу бұлшық еттер. Жоғарғы және төменгі (m.m. recti bulbi dorsalis et ventralis), сыртқы және ішкі (m.m. recti lateralis et medialis) бұлшық еттер. Олар жиырылғанда көзді өз қасиеттеріне сай белгілі бағытқа қарай (жоғары – төмен немесе ішке – сыртқа) бұрады. Көздің екі қиғаш бұлшық еті бар. Жоғарғы қиғаш бұлшық ет (m. Oblidus bulbi dorsalis) көзді ішке және жоғары бұрады. Төменгі қиғаш бұлшық ет (m. Oblidus bulbi ventralis) көзді ішке және төмен бұрады. Көз алмасын тартқыш бұлшық ет (m. retractor bulbi) көз алмасын көз шарасының артына қарай тартып ұстап тұрады. Көздің барлық бұлшық еттері бірлесе – үйлесімді жұмыс істейді.

Көздің қан айналым жүйесі. Ауыл шаруашылық малдарында көзді қанмен төмендегі артериялар жүйесі қамтамасыз етеді және олар бір – бірімен анастомоз арқылы қатысады.

Қабақ артериялары жүйесі. Бұл жүйені төменгі қабақ артериясы, маңдай, шеткі самай және жартылай жас артериялары тармақтары құрайды.

Цилиар жүйесі. Ол сыртқы көз артериясынан басталады. Онда төрт цилиар артериясы бар. Қысқа артқы артерия, негізгі тамырлы қабыққа барады. Қысқа алдыңғы артерия – цилиар денесіне барады. Алдыңғы ұзын артерия – түсті қабық пен цилиар денесіне барады. Екі ( сыртқы және ішкі) ұзын артқы артериялар. Олар көз алмасының ішіне енеді.

Торлы қабықтың орталық артерия жүйесі. Ол ішкі көз артериясынан бастау алады. Ол тармақталып торлы қабықты қанмен қамтамасыз етеді.



Көз жүйкелері. Көзді бірнеше жұп бас – ми жүйкелері, симпатикалық жүйке тармақтары және көз алмасының цилиарлық жүйкесі жүйке жүйесімен қамтамасыз етеді.

Көзді қозғаушы жүйке – (n. Oculomotorius) Ол көздің жоғарғы қисық, сыртқы түзу және көз алмасын тартқыштың сыртқы тармақтарынан басқа барлық бұлшық еттерін жүйке жүйесімен қамтамасыз етеді. Бұл жүйкенің тармақтары көз және жоғарғы жақ жүйкесі тармақтарымен бірігіп, кірпікті дене өрімін түзеді. Одан кірпікті дене жүйкесі басталады. Көзді қозғаушы жүйкенің парасимпатикалық талшығы кірпікті дене түйініне келіп, одан түсті қабық сфинктеріне және кірпікті дене бұлшық етіне барады. Бұл жүйке симпатикалық жүйкенің антогонисі болып табылады.

Тежегіш жүйке – (n. Trochlearis) бұл жүйке алдыңғы ми желкенінен басталып, бір тармағы көздің сыртқы қисық бұлшық етіне барады.

Үштік жүйке – (n. Trigeminus) бірнеше тармақтарға бөлінеді. Оның көз тармағы жоғарғы қабақты, көздің терісін, конъюнктиваны, жас безін, жас өзектерін, жас қапшығын және үшінші қабақты жүйкемен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге бір тармағы кірпікті дене түйінін түзуге қатысады. Жоғарғы жақ тармағы көздің төменгі қабағының терісін тармақтала қамтиды. Ал күйіс қайыратын малдарда оның тармақтары көздің бұлшық еттеріне де барады.

Бұрушы жүйке – ( n. Abducens) мидан шығатын бұл жүйкенің бір тармағы көз алмасының тартқыш бұлшық етін және көздің сыртқы түзу бұлшық етін қамтиды.

Бет жүйкесі – ( n. Facialis) қабақтың айналма бұлшық етін және жоғарғы қабақтың сыртқы көтергішін қамтиды.

Симпатикалық жүйке сабағы – ішкі ұйқы жүйкесі түзетін қуысты өрімінен кірпікті дене байламына симпатикалық жүйке талшықтары шоғыры бағытталады. Кірпікті дене байламы арқылы өткен олар көз алмасына еніп, кірпікті денеге, түсті қабыққа бағытталып, қарашықты кеңейтетін бұлшық етті жүйкемен қамтиды. Бұдан басқа қуысты өрім жас безіне, көз алмасы тамырлары бұлшық етіне және қабаққа симпатикалық жүйке талшықтарын береді. Оның дәнекер талшықтары көздің қозғаушы жүйкесінің, тежегіш жүйкесінің, бұрушы жүйкесінің және көз жүйкесінің құрамына енеді.

Көз алмасының цилиар жүйкесі – қысқа және ұзын цилиар жүйкесіне ажыратылады. Алғашқысына сезгіш, қозғағыш және симпатикалық, соңғысына тек сезгіш талшықтар енеді. Цилиар жүйкелері перихориойдальдық кеңестікке келіп, көздің ақ қабығы мен тамырлы қабығына тармақтарын береді. Кірпікті дене бұлшық етінде олар өрім түзіп, одан бұлшық еттің өзіне, цилиар өсіндісіне, түсті қабыққа және қасаң қабыққа бұтақтары тарайды.



Көз алмасының лимфа жүйесі. Көз алмасының ішінде лимфа тамырлары жоқ, бірақ лимфа кеңестіктері бар. Ол алдыңғы және артқы лимфа кеңестіктері болып бөлінеді. Алғашқысына көздің алдыңғы және артқы камералары кіреді. Ал артқы лимфа кеңестігі жүйесіне торлы қабық, шыны тәрізді дене, тамырлы қабық және ақ қабық лимфа жолдары енеді. Көздің кірпікті (цилиар) денесінде түзілген сұйық (лимфа) көздің артқы камерасына түсіп, одан қарашық арқылы көздің алдыңғы камерасына өтеді. Көздің алдыңғы камерасының бұрышында орналасқан фонтан кеңестігі бөлігінде сұйық алдыңғы цилиар венасына сүзіліп - сіңіп отырады. Сонымен қоса артқы камера қуыс кеңестік арқылы петитов каналымен байланысқан. Торлы қабықтың лимфа жолы шыны тәрізді дененің негізгі лимфа жолы – клокетов каналымен (клокетов канал – көздің бұршақ денесімен көру жүйкесін қосатын канал) және бүйірлік тармақтары петитов каналымен қосылған. Тамырлы қабық пен ақ қабық аралығында перихориоидальдық кеңестік жатыр. Одан лимфа сұйығы ирек венаның периваскулярлық қуысы арқылы теново кеңестігіне одан әрі көздің көру жүйкесінің қынабына түседі. Соңғысы өз кезегінде мидың субдуральды және субарахноидальды кеңестіктерімен қатынасады. Көз алмасының лимфа айналымында негізгі маңызға алдыңғы жүйе ие. Өйткені ол арқылы көзден лимфаның негізгі бөлігі ағып шығады.

5 – ші сурет. Жануарлардың қалыпты көз түбінің офтальмологиялық суреті (К.А. Фомин бойынша):



1 - жылқының қалыпты көз түбі; 2 - альбинос жылқының көз түбі; 3 - мүйізді ірі қараның көз түбі; 4 - ешкінің көз түбі; 5 - иттің көз түбі.

6 – ші сурет. Жануарлардың қалыпты көз түбінің офтальмологиялық суреті (К.А. Фомин бойынша):



1 - солтүстік бұғысының көз түбі; 2 - мысықтың көз түбі; 3 - пілдің көз түбі; 4 - түркімен түйесінің көз түбі.
жүктеу 7,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау