Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Көзді арнайы клиникалық әдістермен зерттеу



жүктеу 7,1 Mb.
бет8/8
Дата21.02.2018
өлшемі7,1 Mb.
#10346
1   2   3   4   5   6   7   8

Көзді арнайы клиникалық әдістермен зерттеу. Көзді жарық түсіріп зерттеуі. Бұл тәсіл көздің конъюнктивасындағы, ақ қабықтағы, қасаң қабықтағы, түсті қабықтағы және қарашықтағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін малды қараңғылау жерге қойып, көзіне жарық түсіріп (көз фонары) құралсыз немесе +5,+10 есе үлкейткіш шынымен қараймыз. Жарықты қарашыққа түсіріп, жақындатып – алыстатып оның жарыққа реакциясы анықталады.

33 - ші сурет. Көзді Пуркине – Самсонов бейнесімен зерттеу техникасы (оригинал).
Көзді Пуркине – Самсонов бейнесімен зерттеу. Қараңғылау жерде мал көзіне май шам білтесінің сәулесін жақындатса, сау көзден май шам білтесінің үш бейнесі көрінеді.

Бұл әдіспен қасаң қабықтың мөлдірлігін, көз бұршағының бар – жоғын, мөлдірлігін, көз камераларын зерттейді. Зерттеу техникасы: қараңғылау жерге қойылған малдың көзіне жанып тұрған май шамды 15 – 20 см жақындатады. Зерттеуші мал дәрігері малдың көзіне бір қырынан қарағанда сау көзден май шам білтесінің үш бейнесін көреді. Бірінші бейне дұрыс орналасқан, анық, орташа көлемде. Ол қасаң қабықтан шағылысқан бейне. Екінші бейне де үлкендеу, сәл көмескі. Ол бұршақ дене қабығының алдынғы жағынан шағылысқан бейне. Үшінші бейне алғашқы екі бейнеден ары таман орналасқан, көлемі кішкене, көмескі және төңкерілген. Бұл бұршақ дене қабығының артқы қабырғасынан шағылысқан бейне.

Қорытынды: Егер малдың көзі сау болса барлық үш бейне де анық көрінеді. Егер алғашқы екі бейне ғана көрінсе қасаң қабық мөлдір, көз камераларындағы сұйық тұнық, ал бұршақ дене күнгірттенген. Егер екінші және үшінші бейнелер көрінбесе көздің бұршақ денесінің болмағаны.

Инфекциялық және инвазиялық ауруларға зерттеу үшін көзден материалдар алу және зерттеу.

Көзден қырынды(сүртінді алу), жағында жасау және микроскоппен зерттеу техникасы. Көздің айналасын, қабақтардың жиегін 70% - ды спиртке шыланған бинтпен тазалап сүртіп, конъюнктиваға 2% - ды новокайын тамызылады. 10 – 15 минуттан соң қабақты ашып, арнайы бактериологиялық қырғышпен немесе басына стерильді мақта оралған таяқшамен екі көздің де қонъюнктивасы мен қасаң қабығынан беткейлі қырынды (сүртінді) алынып зат шыныға жағында жасалады. Жағынды бөлме температурасында немесе спиртовка жалынында кептіріліп, абсолюттік спиртпен немесе спирт – эфирмен 20 – 30 минут бекітіледі. Еегер метил спирті қолданылса 3 – 5 минут жеткілікті. Осыдан соң жағынды үстіне Романовский – Гимза бояуы құйылып 45 – 60 минут ұсталады. Бояу дистилденген сумен шайылып, жағынды кептірілген соң микроскоптың астында (90*) зерттеледі.

Қорытынды: Сау малдың көзінде бактериалар болмауы тиіс. Тек аздаған эпители торшалары мен лимфоциттер болады. Ал көзі ауру малда стрептококтар, стафилококтар, диплококтар, риккетсилар анықталады.



Көзді паразиттерге зерттеу. Көздің конъюнктива қапшығында, жас жолдарында телязиоз (ноғала) ауруын туғызатын ұсақ (20 – 21 мм), ақ - сұр жұмыр құрттар (Thelazia rhodesi, Th. Gulosa, Th. Shrjabini) паразиттік тіршілік етеді. Олар тірі балаңқұрттар туады. Телязилерді анықтау үшін жылы физиологиялық ерітіндіні инесіз шприцке толтырып алып, қысымен шапшыта конъюнктва қапшығына, үшінші қабақ астына жіберіп, шайындыны Петри табақшасына жинап алып паразиттерге зерттейді. Оң нәтижеде шайындыдан телязилер анықталады.

Көз алмасы мен оның қосымшаларына цитологиялық зерттеу жасау. Бұл офтальмологияның қосымша жылдам зерттеу әдісіне жатады. Онда алынған деректер диагноз қоюға көмектеседі. Мысалы сүртінді алып, жағында жасап зерттегенде қасаң қабық, конъюнктива сау болса, жағындыдан бірнеше лимфоциттер және полинуклеарлық нейтрофилдер ғана анықталады. Ал көз құрылымдары қабынған болса бұл торшалар күрт көбейеді, сондай ақ эозинофилдер мен базофилдер, эпителий торшалары тіпті бактериалар мен зең саңырауқұлақтары да анықталады (Ж. Гейер. 2008).
Мүйізді ірі қараға ретробульбарлық новокайн блокадасын жасау техникасы.

Көздің асептикалық және іріңді қабынуларында новокайн блокадасын қолдануды алғаш ұсынғандардың бірі В.Н. Авроров. Ол 0,5% новокайн ертіндісін көз алмасының артындағы ретробульбарлық кеңестікке егуді ұсынды. Біз тәжірибе жүзінде мүйізді ірі қараның көз ауруларын емдеуге ретробульбарлық новокайн блокадасын 0,5% новокайнға бициллин – 3 антибиотигін қосып қолданып, өте жақсы нәриже алып жүрміз. Оны жасау техникасы:

Алдымен мал станокқа бекітіледі. Содан соң көмекші малдың басын қозқалтпай ұстайды. Ол үшін блокада сол көзге жасалатын болса, көмекші оң жақтан тұрып, сол қолымен малдың сол жақ шекесінен (мүйізінен), ал оң қолымен астыңғы жағының тісі жоқ жиегінен ұстап, малдың мойны мен басын сол жақ жамбасына қыса қозғалтпай ұстайды. Ал оң жақ көзге блокада жасағанда керісінше көмекші сол жақтан тұрып, оң қолымен малдың оң жақ шекесінен (мүйізінен), ал сол қолымен астыңғы жағының тісі жоқ жиегінен ұстап, малдың мойны мен басын оң жақ жамбасына қыса қозғалтпай ұстайды. Мал дәрігері үстіңгі қабақтың терісін көз шарасына дейін 5% иод ертіндісімен өңдейеді. Блокаданы оң жақ көзге жасағанда, мал дәрігері малдың мойынына сүйене оң жағынан тұрып, сол қолының алақанын малдың маңдайыа қояды (сол жаққа жасағанда керісінше). Сонда бас бармағы көз шарасының жиегіне және көз алмасының жоғарғы жағына жанасуы тиіс. Осылай қабақ пен көз алмасын қозғалтпай ұстап тұрып, бір рет қана қолданылатын шприцтің инесін қабақ терісі арқылы көз шарасы сүйегі мен көз алмасы арасынан келесі жақтың құлағының сыртқы есту тесігіне бағыттап, тайыншаларға 5 – 6 см, ал ірі сиырларға 6 – 8 см тереңдікке енгізеді. Тайыншалардың көзінің ретробульбарлық кеңестігіне 10 мл, ірі сиырларға 20 мл 0,5% - ды новокайнға езілген бициллин -3 антибиотигінің ерітіндісі егіледі. Бициллин – 3 тайыншалардың бір көзіне 300 мың ӘБ, ал ірі сиырдың бір көзіне 600 мың ӘБ – нен есептеп қолданылады. Ішкі көз құрылымдарының асқынған, іріңді қабынуларында бициллин – 3 антибиотигінің қолдану мөлшері екі еселенеді. Ерітінді жылы болғаны дұрыс. Егер блокада малдың екі көзіне де жасалуы тиіс болса, екінші көзіне дәрі келесі күні егіледі. Дәрі еккеннен соң көз алмасының аздап көз шарасынан томпайып шыққаны, қарашықтың кеңейгені, жоғарғы және үшінші қабақтардың түскені, конъюнктива мен ақ қабықтың қызарғаны, ісінгені және қабақ пен көз алмасының қозғалысының шектелгені байқалады. Бұл құбылыстар 1,5 - 2 сағаттан соң басылады. Ем көрсетіліміне қарай арасына 3 – 5 күннен салып, 2 – 3 рет қайталанады.

ҚОСЫМШАЛАР:
Ветеринариялық офтальмологияда жиі қолданылатын дәрілер.
Көзге ауырсындырмау жасау үшін:
Rp.: Sol. Dicaini hydrochloridi 0,25% (1%) — 10,0

D. S. Тамшылатып беткейлі ауырсындырмау жасауға.


Rp.: Sol. Novocain! 0,5% (2%)—10,0

D. t. d. N 5 in ampullis

S. Ретробульбарлық ауырсындырмау жасауға.
Rp.: Atropini sulfatis 0,05 (0,1)

Aq. pro injectionibus

M. f. silutio. Sterilisetur!

D. S. Сиырға қоспа дәрі ретінде тері астына егуге.



Блефаритті емдеу үшін:

Rp.: Methyleni coerulei

Spiritus acthylici 70% — 10,0 M.

D. S. Қабақты майлау үшін.


Rp.: Sulfacyli natrii 6,0 Aq. destill. 01. Vaselini aa 2,0 Lanolini 4,0 Vaselini 6,0 M. f. ung.

D. S. Қабақтың жиегін және үстінгі жағын майлау үшін.


Rp.: Ung. Zinci oxydati 1% — 10,0

D. S. Күніне 2 - 3 рет қабақты майлау үшін..


Конъюнктивитті және кератитті емдеу үшін:
Rp.: Fluoresceinі 0,1

Natrii hydrocarbonatis 0,15

Aq. destill. 10,0

M. D; S. Кератитті анықтау үшін 1 – 2 тамшыдан көзге тамызуға.


Rp.: Benzylpenicillini-natrii 200 000 ED

Sol. Natrii chloridi 0,9% — 10,0

M. D. S. Көз тамшысы, 2 – 4 тамшыдан күніне 6 ретке дейін.

Rp.: Susp. Hydrocortisoni 0,5% (2,5%) — 5,0



D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан күніне 2 - 6 рет.
Rp.: Ung. Hydrocortisoni ophthalmia' 0,5% —3,0

D. S. Көз майы, күніне 3 – 4 рет.
Rp.: Sol. Glucosi 40% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 – 4 тамшыдан күніне 3 - 4 рет.


Rp.: Kalii iodidi 0,3

Aq. destill. 10,0

M. D. S. Көз тамшысы, 2 – 4 тамшыдан күніне 3 рет.

Rp.: Ung. Kanamicini monosulfatis 0,5% —5,0

D. S. Көз майы, күніне 3 – 4 рет.
Rp.: Linim. Synthomycini 1% (2—5—10%) — 20,0

D. S. Көз майы, күніне 2 – 3 рет астынғы қабаққа салу.


Rp.: Ung. Hydrargyri oxydi flavi 1% (2%) 10,0

D. S. Көз майы, қасаң қабықтың созылмалы бұлдырлануында.

Rp.: Sol. Nystatini natrii 1% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 – 4 тамшыдан күніне 4 - 5 рет.


Rp.: Vitamini A concentrati 5,0

D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан күніне 1 - 2 рет.


Rp.: Sol. Synthomycini 3% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 - 3 тамшыдан күніне 3 - 5 рет.


Rp.: Sol. Streptomycinі 250 000 ED — 10,0 ;

D. S. Көз тамшысы, 2 - 3 тамшыдан күніне 3 - 5 рет.


Rp.: Sol. Sulfacili-natrii 10% (20—30—40%)— 10,0

D. S. . Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 4 рет.


Rp.: Ung. Sulfacili-natrii 30% (40%) - 10,0

D. S. Көз майы, күніне 3 - 4 рет.


Rp.: Pulv. Sulfacili-natrii subtilissimi 5,0

D. S. Конъюнктиваға себу үшін.


Rp.: Sol. Furacilini 0,2% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 - 3 тамшыдан күніне 2 - 4 рет.


Rp.: Zinci oxydati 0,5

Ichthyoli 0,2

Lanotini 2,0

Vaselini 8,0

M. f. Ung.

D. S. Көз майы, күніне 2 - 3 рет.


Rp.:, Sol. Zinci suifatis 0,25%. - 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 2 – 3 рет.


Rp.: Zinci suifatis 0,025

Sol. Acid, borici 2% — 10,0

M. D. S. Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 2 – 3 рет.
Rp.: Sol. Zinci suifatis 1% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 1 – 2 тамшыдан күніне 2 – 3 рет.


Rp.: Zinci suifatis 0,025 , •

Resorcini 0,1

Dicaini 0,01. ,

Acidi borici 0,2 Aq. destill. 10,0

M. f. solutio

Adde: Sol. Adrenalini hydrochloridi 0,1% gtts X

M. D. S. Көз тамшысы, 2 – 3 тамшыдан күніне 3– 4 рет.
Rp.: Sol. Ecmolini 0,5% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 – 3 тамшыдан күніне 4 – 5 рет.


Rp.: Ung. Erythromycinі 1% 10,0

D. S. Көз майы, күніне 2 – 5 рет.


Rp.: Sol. Erythromycinі 1% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан күніне 4 – 5 рет.


Rp.: Sol. Aethyfrhorphini hydrochloridi 0,5% (1—5%)— 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан күніне 3 рет алғашында әлсіз ерітіндісінен бастап..


Rp.: Aethylmorphini hydrochloridi 0,1 Lanolini anhydrici Vaselini aa 5,0 M. f. ung.

D. S. Көз майы, күніне 2 – 3 рет.


Rp.: Kalii iodidi 0,1 (0,2)

Natrii hydrocarbonatis 1,5

Vaselini 10,0

M. f. ung.

D. S. Көз майы, күніне 2 – 3 рет.
Rp.: Acidi borici 5,0

Aq. destill. 200,0

M. D. S. Конъюнктива қапшығын жуу үшін.


Көздің риккетсиозын емдеуге:
Rp.: Неомицин сульфатты ГЛП

D. t. d. № 30.

S. Аурудың алдын алу үшін айына 1 рет төменгі қабақ астына салуға.
Rp.: Сульфопирадозинді ГЛП

D. t. d. № 30

S. Аурудың алдын алу үшін айына 1 рет төменгі қабақ астына салуға.
Rp.: Олететринді ГЛП

D. t. d. № 30.

S. Аурудың алдын алу үшін айына 1 рет төменгі қабақ астына салуға.
Rp.: Тетраолеанмен ГЛП

D. t. d. № 30.

S. Аурудың алдын алу үшін төменгі қабақ астына салуға.
Rp.: Linim. Synthomicini 10% — 100,0

D. S. Көз майы. Аурудың алдын алу үшін айына 1 рет 3 күн төменгі қабақ астына салуға.

Rp.: Ung. Sulfacili-natrii 30% (40%) — 100,0

D. S. Көз майы. Аурудың алдын алу үшін айына 1 рет 3 күн төменгі қабақ астына салуға.


Rp.: Ung. Tetracyclini ophthalmici 1% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 3 - 5 рет.
Rp.: Ung. Охуtetracyclini 1% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 3 - 5 рет.
Rp.: Ung. Oxolini 0,25% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 2 - 3 рет.


Rp.: Sol. Oxolini 0,2% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 – 4 тамшыдан күніне 4 – 5 рет.


Rp.: Ung. Oletetrini 1% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 3 - 5 рет.
Rp.: Oletetrini 5,0

Oleandomycimi phosphatis 1,0

Tetracyclini 2,0

Vaselini 100,0

M. f. ung.

D. S. Көз майы.


Rp.: Chlortetracyclini hydrochloridi et Synthomicyni et Benzylpenicillini-natrii aa 10,0

M. f. pulvis subtilissimus

D. S. Күніне 1 рет конъюнктива мен қасаң қабыққа себу үшін.
Rp.: lodi puri 1,0 Kalii iodidi 1,5

Aq. coctae 2000,0

M. f. solutio

M. D. S. Конъюнктива қапшығын шаюға.

Rp.: Sol. sulfacili natrii 30%.—10,0

Novocaini 0,3

M. D. S. Көз тамшысы, 3 – 5 тамшыдан күніне 2 рет.
Rp.: Ditrasini phosphati 4,0

Aq. pro injectionibus 40,0 M. f. solutio. Sterilisetur!

D. S. Көз шарасы аумағына егуге. (10—15 мл - ден).
Ксерофтальмияда:
Rp.: 01. jecoris Aselli 20,0 Synthomycini 2,0

M. D. S. Көз тамшысы, 2 – 3 тамшыдан күніне 2 рет.


Rp.: Carotini 5,0

D. S. Көз тамшысы, 2– 3 тамшыдан күніне 1 - 2 рет.


Rp.: Linim. Synthomycini 5% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 3 - 3 рет.


Қарашықты кеңейту үшін:
Rp.: Sol. Atropini sulfatis 1% - 10,0

D. S. 2—3 тамшыдан конъюнктива қапшығына.


Rp.: Homatropini hydrobromidi 0,05 (0,1)

Aq. destill 10,0 M.

D. S. Көз тамшысы.
Rp.: Sol. Ephedrini hydrocloridi 2% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан.


Rp.: Sol. Adrenalini hydrochloridi 0,1% — 10,0

D. S. Көз тамшысы.


Тамырлы қабық қабынуында:
Rp.: Sol Atropini sulfatis 1% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 1– 2 тамшыдан күніне 2 - 4 рет.


Rp.: Ung. Atropini sulfatis 1% —5,0

D. S. Көз майы, күніне 2 - 4 рет.


Rp.: Sol. Atropini sulfatis 1% — 1,0 D. t. d. № 5 in ampullis.

S. Бұзаудың конъюнктвасының астына егу үшін.


Rp.: Pulv. Atropini sulfatis subtilissimi 0,5

D. S. Синехиді ажырату үшін, 1 – түйірден астыңғы қабақтың астына.


Rp.: Sol. Adrenalini hydrochloridi 0,1% — 10,0

D. t. d. № 5 in ampullis.

S. Конъюнктваның астына егу үшін.
Rp.: Sol. Kalii iodidi 3% - 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2– 4 тамшыдан күніне 3 рет.


Бұршақ дене күнгірттенгенде:
p.: Riboflavini 0,01 (0,1)

Sacchari albi 2,0

M. f. pulvis

D. t. d. № 20

S. Қан тамырға. Ұсақ жануарларға күніне 3 рет.
Rp.: Natrii iodidi 0,05

Aethylmorphini hydrochloridi 0,1

Aq. destill. 10,0

M. f. solutio

D. S, Көз тамшысы.

Глаукомада:
Rp.: Sol. Adrenalini hydrochloridi 0,2% — 10,0

Pylocarpini hydrochloridi 0,1 "

M. f. solutio

D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан күніне 2 - 3 рет.


Rp.: Sol. Pilocarpini hydrochloridi 1% (2%)— 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 тамшыдан күніне 2 - 4 рет.


Rp.: Ung. Pilocarpini Hydrochloridi 2% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 2 - 4 рет.


Rp.: ГЛП пилокарпин гидрохлоридпен

D. t. d. № 30

S. Көзге күніне 1 рет салуға.
Rp.: Pilocarpini chloridi 0,1

Physostigmini salicylatis 0,025

Aq. destill. 10,0

M. f. solutio.

D. S. Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 3 - 4 рет.
Rp.: Sol. Resorcini 0,5% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 3 - 4 рет.


Rp.: Sol. Phosphacoli 0,02% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 2 -3 рет.


Rp.: Sol. Armini 0,005% — 10,0

D. S. Көз тамшысы, 1 - 2 тамшыдан күніне 2 -3 рет.


Көздің көру жүйкесінің ауруларында:
Rp.: Ung. Thiamini bromidi 0,5% — 10,0

D. S. Көз майы, күніне 2 – 3 рет.


Rp.: Riboflavini 0,002

Sol. Glucosi 2% — 10,0

M. D. S. Көз тамшысы, 2 - 4 тамшыдан күніне 2 -3 рет.

Rp.: Sol. Cyanocobalamini 0,003% —1,0 (0,005% —1,0)

D. t. d. № 12 in ampullis

S. Бұлшық етке, аптасына 1 рет.


Көз аурулары пәнінен бақылау сұрақтары

  1. Көз аурулары пәнінің мақсаты мен міндеттері

  2. Ветеринариялық офтальмология және оның ветеринариялық ғылымдар салаларымен байланысы.

  3. Жануарлардың көзінің анатомиясы мен топографиясы

  4. Көз алмасының жарықты сындыру орталары, қызметтері

  5. Көз қосымшалары және олардың қызметтері

  6. Көздің көру механизмінің физиологиясы

  7. Көз рефракциясы және оның түрлері

  8. Аккомодация

  9. Монокулярлық және бинокулярлық көру

  10. Көз ауруларын анықтау әдістері

  11. Жануарлардың көзін клиникалық әдіспен зерттеу

  12. Жануарлардың көзінің көру қабілетін анықтау әдістері

  13. Көзді зерттеудің арнайы клиникалық әдістері: көзді Пуркине – Самсонов бейнесімен зерттеу техникасы

  14. Көзді инфекциялық ауруларға зерттеу

  15. Көзді инвазиялық ауруларға зерттеу

  16. Кератоскопия, техникасы

  17. Офтальмоскопия, техникасы

  18. Көз алмасы, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  19. Қасаң қабық, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  20. Тамырлы қабық, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  21. Түсті қабық, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  22. Торлы қабық, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  23. Бұршақ дене, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  24. Шыны тәрізді дене, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  25. Көздің жас аппараты, анатомиясы, топографиясы және физиологиясы

  26. Жануарлардың көз аурулары туралы түсінік

  27. Конъюнктива жарақаты, анықтау, емдеу

  28. Катаральді конъюнктивит, анықтау, емдеу

  29. Іріңді конъюнктивит, анықтау, емдеу

  30. Фолликулярлық конъюнктивит, анықтау, емдеу

  31. Көздің ақ қабығының (склера) аурулары, анықтау, емдеу

  32. Көздің қасаң қабықтың жарақаттары, анықтау, емдеу

  33. Беткейлі кератиттер, анықтау, емдеу

  34. Терең кератиттер, анықтау, емдеу

  35. Фликтенулезді – пустулезді кератиттер

  36. Көздің тамырлы қабығының жарақаттары

  37. Ирит, анықтау, емдеу

  38. Циклит, анықтау, емдеу

  39. Хориойдит, анықтау, емдеу

  40. Көздің шыны тәрізді денесінің аурулары, анықтау, емдеу

  41. Көздің алдыңғы камерасының тұмандануы, анықтау, емдеу

  42. Көздің алдыңғы камерасына қан құйылу, анықтау, емдеу

  43. Көздің алдыңғы камерасындағы бөгде заттар, анықтау, емдеу

  44. Көз бұршағының аномалиялары (афакия, лентиглобус, лентиконус)

  45. Бұршақ дененің «шығуы», анықтау, емдеу

  46. Катаракта, анықтау, емдеу

  47. Торлы қабыққа қан құйылу, анықтау, емдеу

  48. Ретинит, анықтау, емдеу

  49. Торлы қабықтың ыдырауы, анықтау, емдеу

  50. Көз шарасы аурулары (жарақаты, флегмонасы, анықтау, емдеу

  51. Қабақ жарақаттары, анықтау, емдеу

  52. Блефарит, анықтау, емдеу

  53. Теріскен, анықтау, емдеу

  54. Халазион, анықтау, емдеу

  55. Ретробульбарлық неврит, анықтау, емдеу

  56. Интрабульбарлық неврит, анықтау, емдеу

  57. Глаукома, анықтау, емдеу

  58. Көздің гипотониясы, анықтау, емдеу

  59. Дакриоаденит, анықтау, емдеу

  60. Дакриоцистит, анықтау, емдеу

  61. Панофтальмит, анықтау, емдеу

  62. Көздің сулы домбығуы, анықтау, емдеу

  63. Көздің қайталамалы қабынуы, анықтау, емдеу

  64. Көздің семуі, анықтау, емдеу

  65. Қисық көзділік, анықтау, емдеу

  66. Нистагм, анықтау, емдеу

  67. Көздің жұқпалы емес аурулардан болатын екінші реттік аурулары

  68. Көздің инфекциялық аурулардан болатын екінші реттік аурулары

  69. Көздің инвазиялық аурулардан болатын екінші реттік аурулары

  70. Риккетсиозды керато – конъюнктивит, анықтау, емдеу

  71. Телязиозды керато – конъюнктивит, анықтау, емдеу

  72. Көздің қатерлі ісіктері, анықтау, емдеу

  73. Көз ауруларын емдеуге қолданылатын әдіс – тәсілдер

  74. Көз ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілер

  75. Ветеринариялық офтальмологияның жетістіктері мен шешімін таппаған мәселелері



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


    1. В.Н. Авроров., А.В Лебедев. Ветеринарная офтальмология. М. Агропромиздат, 1985. 271с.

    2. К.А. Фомин. Глазные болезни животных. М. Колос, 1968. 272 с.

    3. А.К. Кузнецов. Ветеринарная хирургия, офтальмология и ортопедия. Ленингра. Колос, 1975. С – 432-461 с.

    4. Б.К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы, 2008. Б-362 - 400.

    5. К.Қ. Мүрәлінов. Оперативтік хирургия. Алматы, 2006. Б-214-222.

    6. Г.Абишев. Травматизм сельхозяйственных животных. Қайнар, 1975. 167 с.

    7. К.Н. Қожанов. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. Семей, 2005. Б – 298 - 353.

    8. М. Сабаншиев., Т. Сүлейменов., Ө. Қарамендин., Г. Шабдарбаева., М. Жантөре. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы, 2003. Б- 404 – 408.

    9. А. Бартоло. Локализация повреждений глаза неврогенной природы. Журнал «Ветеринар» - № 3. 2009.

    10. К. А. Перепечаев. Лечение катаракта методом факоэмульсификаций с последующим имплантаций интраокулярный линзы (ИОЛ). Журнал «Ветеринар» - № 3. 2007.

    11. О.Джонг., А. Регнир. Негативное действие лекарственных препаратов в ветеринарной офтальмологии. Журнал «Ветеринар» - № 3. 2008.

    12. Ф.Гуль. Коллагеназная язва у Бретонского эпаньола. Журнал «Ветеринар» - № 5. 2008.

    13. Ж.Гейер. Интерпретация результатов цитологического исследования жидкости и тканей глаз. Журнал «Ветеринар» - № 3. 2008.

    14. А. Бартоло. Эозинофильный гранулематозный кератит. Журнал «Современная ветеринарная медицина» - № 1. 2010. С- 26 –30.

    15. Ілиясов Б.К., Қажыкерейүлы А. Хайуандардың конъюнктивиті мен кератиттерінің емін жетілдіру. Жаршы. -42- 2003. - 37-39 б.

    16. Ілиясов Б.К, Жоланов М.Н., Байшашров ДА Иттің көз ауруларына шолу. - Жаршы. - ғ 11.- 2003. - 54-57 б.

    17. Ілиясов Б.К., Алимгазина С. Ит кератоконъюнктивитінің емін жетілдіру. - Жаршы. -' 8. - 2004. - 29-30 6.

    18. Ильясов Б.К., Юсупов М.А. Инфекционный кератоконъюнктивит животных и меры борьбы с ним в Казахстане. в КН "Актуальныс вопросы диагностики болезней животных. Материалы 2-ой международной конференций.

    19. Фридман Ф.Е., Гундарова Р.А., Нодзов М.Б. Ультразвук в офтальмологии. - Москва. - 1989.

    20. Даутбаев. Р.Д. Факторы обуславливающие возникновение и распространение рикетсиозного керато – коньюнктивита крупного рогатого скота. Диссертация на соискание ученой степени кандидата ветеринарных наук. Семипалатинск, 1972г. – 155с.

    21. Авроров В.Н. Новокаиновая блокада при некоторых болезнях глаз. Ветеринария. 1970. № 9. – С. 97-98.

    22. Авроров В.Н. Ретробульбарная новокаиновая блокада при заболевании глаз. Материалы Всесоюзного конференции по вопросам ветеринарной хирургии. Харков, 1970. –С. 166-167.

    23. Сайдулдин Т. Орысша – қасақша малдәрігерлігі сөздігі. Алматы, «Қайнар». 1993. 167 б.

    24. Ф.М. Орлов. Словарь ветеринарных клинических терминов. Москва, «Россельхозиздат». 1985. 413с.


МАЗМҰНЫ




Кіріспе...............................................................................

5



Жануарлардың көзінің және оның қосымшаларының анатомиясы мен қызметі .................................................

8




Көздің және көз қосымшаларының физиологиясы .......

24



Көз аурулары. Көз шарасының аурулары .......................

28



Қабақ аурулары .................................................................

32



Жас аппаратының аурулары ............................................

45



Конъюнктива аурулары ....................................................

49



Көздің ақ қабығының аурулары .......................................

53



Қасаң қабық аурулары ......................................................

55



Тамырлы қабық аурулары ...............................................

70



Торлы қабық аурулары ...................................................

73



Көз камераларының аурулары .......................................

77



Бұршақ дененің аурулары ..............................................

81



Шыны тәрізді дененің аурулары ....................................

91



Көздің көру жүйкесінің аурулары ..................................

95



Көздің лимфа айналысы бұзылуынан болатын аурулары.............................................................................

103




Көздің барлық құрылымдары зақымдалатын аурулары.............................................................................

105




Көз қызметінің бұзылуымен сипатталатын аурулары..

112



Көздің екінші реттік аурулары .......................................

114



Жануарлардың көзін зерттеу әдістері ............................

119



Қосымшалар ......................................................................

128



Қолданылған әдебиеттер .................................................

139






жүктеу 7,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау