Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері.
9.1. «Жұмыс беруші» міндетті:
а) қызметкерлерге кәсіптілігіне, мамандығына сәйкес жұмыс беруге;
ә) жұмысқа қабылданған кезде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен қызметкермен еңбек шартын жасасуға;
б) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
в) қызметкердің кінәсінсіз, бос тұрып қалған уақытта ұжымдық шартта белгіленген тәртіппен ақы төлеуге;
г) қызметкерді жабдықпен, құралмен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін
қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
ғ) жұмыс орындары мен техналогиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде қабылдауға,
өндірістік және ғылыми- техникалық прогресті ескере отырып проилактикалық жұмыстар жүргізуге;
д) осы шартта және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі сәйкес еңбекақы төлемдерін,жұмыс уақытының мөлшерін және демалыс уақытын қамтамасыз етуге;
е) қызметкерлерді ұжымдық шартпен және «Жұмыс берушінің» актілерімен таныстыруға;
ж) жалақыны әр айдың бірінші он күндігінде және өзгеде төлемдерді уақытылы, толық төлеуге;
з) қызметкердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және біліктілігін арттыруды Еңбек кодексіне сәйкес қамтамасыз етуге;
и) қызметкердің өмірімен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге.
9.2. «Жұмыс беруші» құқылы:
а) қызметкерден заңда көрсетілге, белгілі бір қызметті атқаруға мүнкіндігін растайтын құжаттар талап етуге;
б) өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
в) қызметкерлерді көтермелеуге, тәртіптік жаза қолдануға, материялдық жауапкершілікке тартуға;
г) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
д) қызметкерді мамандығын, біліктілігін және оның денсаулығына зақым келтірмеуін ескере отырып, оның келісімінсіз уақытша басқа жұмысқа ауыстыруға;
е) қызметкерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқада актілерінің орндалуын талап етуге;
ж) қызметкерді оқытып үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға;
з) қызметкермен еңбек шартын еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға.
и) Қазақстан Республикасының Еңбек кодекісінң 4 тарау 43 бабына сай өндірістік қажеттілік болған, онын ішінде жоқ қызметкерді уақытша ауыстырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейінгі мерзімге еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы
бойынша қайшы келмейті сол ұйымдағы , сол жердегі басқа жұмысқа ауыстыруға ( ағымдағы жөндеу жұмыстары мен каникул кезіндегі жұмыстарға) құқығы бар.
10. Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері.
10.1. Қызметкер міндетті:
а) еңбек міндеттерін еңбек шартына,жұмыс берушінің акітлеріне сәйкес орындауға;
б) еңбек тәртібін сақтауға;
в) «Жұмыс берушінің» және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
г) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
д) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болғаны қызметтік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
е) адамдардың өмірімен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлікінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны; сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
ж) еңбек шартын өз бастамасы юойынша бұзатын, «Жұмыс берушіні» 1 ай бұрын жазбаша түрде ескертуге;
з) жұмыс берушіге келтірілген зиянды Еңбек кодекісінде белгіленген шектерде өтуге.
и) Қазақстан Республикасының Еңбек кодекісінің 4 тарау 43 бабына сай өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айға дейнгі мерзімге еңбек шартында келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда қызметкер сол тапсырлған жұмыстарды ( ағымдағы жөндеу жұмыстары мен каникул кезінде жұмыстарға ) атқаруға міндетті.
Й) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясы Заңы,Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы конвенциясы және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын білу міндетті.
к) психология мен педагогиканы және өз пәнін білуі міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |