ҚАҒидалары жалпы ережелер



жүктеу 78,5 Kb.
Дата04.01.2020
өлшемі78,5 Kb.
#25859


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2016 жылғы

« »


№ Жарлығына

2-ҚОСЫМША



«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін

аттестаттаудан өткізу

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 63-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) аттестаттаудан өткізу тәртібін және аттестаттаудан өтетін «Б» корпусы қызметшілерінің санаттарын айқындайды.

2. Аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындығының деңгейін және атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін анықтау болып табылады.

3. Аттестаттаудан, төмендегілерді қоспағанда, «Б» корпусының барлық қызметшілері өтеді:

1) аттестаттаудан өткізу кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан кем уақыт қалған


«Б» корпусының қызметшілері.

Осы тармақшаның бірінші бөлігіндегі уақыт 2017 жылдың 5 қаңтарынан 30 маусымын қоса алғандағы аралықта болатын болса, бұл аттестаттаудан босатылуға негіз болып табылады;

2) жүктілік пен босануға байланысты демалыстағы және бала күтіміне байланысты демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;

3) жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынған жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он төрт жасқа дейінгі балаларын тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарды (18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар), көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да тұлғалар;

4) 2016 жылы конкурстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке алғаш және қайтадан тағайындалған тұлғалар. Қайтадан тағайындалғандар деп мемлекеттік қызметте 3 айдан аса үзілісі болған тұлғалар түсініледі;

5) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған «Б» корпусының қызметшілері;

6) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, ауылдық округтер құрамына кірмейтін ауыл, кент, әкімдері.

4. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) аттестаттау кезеңдерінің өткізу мерзімін анықтайды, соның негізінде мемлекеттік органдар уәкілетті орган мен олардың аумақтық бөлімшелерімен келісіп, аттестаттауды өткізудің кестелерін бекітеді.

5. Аттестаттаудан өтуге жататын «Б» корпусының қызметшілеріне жыл сайынғы еңбек демалысын беру, оларды қызметтік іс-сапарға жіберу, сондай-ақ қайта даярлау және біліктiлігін арттыру курстарына аттестаттауды өткізудің кестелерін есепке ала отырып жүзеге асады.

6. «Б» корпусының қызметшілері аттестаттау кезеңінде оқу демалысында, еңбекақысы сақталмайтын демалыста, іссапарда болған немесе сырқат салдарынан жұмыста болмаса, аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін алты айдың ішінде өтеді.

7. Аттестаттау комиссияларының жұмыс органы болып персоналды басқару қызметтері (кадр қызметі) болып табылады.

8. «Б» корпусының қызметшілері аттестаттаудан атқаратын қызметтерінің санатына байланысты әр түрлі деңгейде өтеді.

9. Аттестаттауды өткізу үшін әрбір деңгейде тиісті аттестаттау комиссиялары құрылады:

бірінше деңгейде – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – ЖАК);

екінші деңгейде – орталық мемлекеттік органдарда, оның ведомстволарында, орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларының әкімі аппараттарында құрылатын аттестаттау комиссиялары;

үшінші деңгейде – орталық мемлекеттік органдардың және оның ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ аудандар, қаланың аудандары және облыстық маңызы бар қалалары әкімі аппаратында құрылатын аттестаттау комиссиялары.

10. Екінші және үшінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының құрамы осы Ереженің 35 және 41-тармақтарында айқындалған тиісті аттестаттау комиссияларының актілерімен бекітіледі.

11. Аттестаттау комиссиясының төрағасында актілер шығару бойынша өкілеттігі болмаған жағдайда, аттестаттау комиссиясының құрамы актіге қол қоюға уәкілеті бар жоғары тұрған лауазымды тұлғамен бекітіледі.

12. Аттестаттау комиссиясының құрамына «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, соның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан, алдыңғы деңгейде аттестациядан сәтті өткен мемлекеттік қызметшілер, әдеп жөніндегі уәкілетті, қоғамдық кеңестердің, ғылыми-сараптамалық, академиялық ортаның, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ әдеп кеңесінің мүшелері кіре алады. Аттестациядан сәтті өткен деп Заңның
63- бабының 3-тармағы 1) және 2) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін тұлғалар танылады.

13. Орталық деңгейде құрылатын аттестаттау комиссияларына Парламенттің Сенат және Мәжіліс депутаттарын, өңірлерде – тиісті мәслихаттардың депутаттарын тартуға рұқсат етіледі.

14. «Б» корпусының қызметшілері аз мемлекеттік органдарда аттестаттау комиссияларының құрамына басқа құқықтық мәртебе белгіленген өзге де мемлекеттік қызметшілердің енгізілуіне рұқсат етіледі.

15. Аттестаттау комиссиялары кемінде бес мүшеден, соның ішінде, төрағадан тұрады. Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

16. Аттестаттау комиссиясы төрағасының ерекше жағдайларда отырысқа қатыса алмаған жағдайында, оның тапсырмасы бойынша аттестаттау комиссиясының отырысы аттестаттау комиссиясының басқа бір мүшесінің төрағалығымен өткізілуіне жол беріледі.

17. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып есептеледі.

18. Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және дауыс беруге құқығы жоқ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі болып табылады.

19. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі болмаған жағдайда немесе оның аттестаттаудан өтуі кезеңінде аттестаттау комиссиясының хатшысы болып аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен басқа тұлға белгіленеді.

20. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен, аттестацияланушының қатысуынсыз қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

21. Қабылданған шешім аттестаттау комиссиясының отырысынан кейін үш жұмыс күні ішінде аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің бірегей пікірін білдіретін, аттестаттау комиссиясының төрағасымен және хатшысымен қол қойылатын хаттамамен рәсімделеді.

22. «Б» корпусының қызметшісі тиісті аттестаттау комиссиясының хаттамасымен қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қол қойып танысады.

23. «Б» корпусы қызметшісінің сұранысы бойынша, заңнамамен белгіленген тәртіпте өзіне қатысты аттестация құжаттарының көшірмелері беріледі.

24. Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде бекітілген мерзімде жоғары тұрған немесе төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік орган тағайындау бойынша шараларды 2017 жылдың ішінде қабылдайды.

25. «Б» корпусының қызметшісі ұсынылған жоғары тұрған лауазымнан бас тартқан жағдайда атқарып отырған лауазымда жұмыс істеуін жалғастырады.

26. «Б» корпусының қызметшісі ұсынылған төмен тұрған лауазымнан бас тартқан жағдайда атқарып отырған лауазымынан босатылуға жатады.

27. «Б» корпусының қызметшілеріне лауазым біліктілік талаптарына сәйкес бір рет ұсынылады.

2. Аттестаттаудан өткізу кезеңдері
28. Аттестаттау келесі кезеңдерді қамтиды:

1) бағалау парағын дайындау;

2) құзыреттер бойынша тестілеуден өту;

3) ЖАК немесе аттестаттау комиссияларында әңгімелесуден өту;

4) әңгімелесу қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясымен Заңның 63-бабының 3-тармағымен көзделген шешімдердің бірін қабылдау.

29. Бағалау парағының нысаны және оны толтыру нұсқаулығы, тестілеу бағдарламасы мен оны ұйымдастыру, сондай-ақ әңгімелесуді өткізу тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.



3. Бірінші деңгейдегі аттестация
30. Бірінші деңгейде аттестаттауды ЖАК-да А-1, А-2, А-3, В-1, С-1,
С-О-1, D-1, D-2, D-О-1 санатындағы «Б» корпусының қызметшілері өтеді.

31. ЖАК-ның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі болып табылады.

32. ЖАК-ның хатшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып табылады.

4. Екінші деңгейдегі аттестация
33. Екінші деңгейде аттестаттау комиссиялары:

А-4, В-2, В-3, В-4, В-5, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-2 санаттарындағы


«Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында;

С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2 санаттарындағы


«Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінде;

D-3, D-4, D-5, D-О-2, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-1, Е-2, Е-R-1 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері аппараттарында құрылады.

34. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім, мәслихат аппараттарының, тексеру комиссияларының, сондай-ақ атқарушы органдарының «Б» корпусының қызметшілерін аттестаттаудан өткізу үшін бірыңғай облыстық/қалалық аттестаттау комиссиялары құрылады.

35. Екінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының төрағалары болып келесі лауазымды тұлғалар:

1) орталық мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясына – жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы лауазымдары енгізілмеген мемлекеттік органдарда – мемлекеттік орган басшысы белгілеген өзге тұлға;

2) орталық мемлекеттік орган ведомствосының аттестаттау комиссиясына – ведомство басшысы;

3) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің аттестаттау комиссиясына – аумақтық бөлімшенің басшысы;

4) ведомствоның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің аттестаттау комиссиясына – ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы;

5) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдер, мәслихаттар аппараттарының, тексеру комиссияларының, сондай-ақ атқарушы органдарының бірыңғай аттестаттау комиссиясына – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының басшылары белгіленеді.

36. Ведомство басшысы, орталық мемлекеттік органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің басшылары болмаған немесе олардың ЖАК-да аттестаттаудан өтпеген жағдайда, аталмыш мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясының төрағасы болып жауапты хатшы немесе жоғары тұрған органның аппарат басшысы немесе олардың шешімімен ЖАК-нан аттестаттаудан сәтті өткен өзге лауазымды тұлға белгіленеді.

37. Ведомствоның облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған немесе оның ЖАК-да аттестаттаудан өтпеген жағдайда, аталмыш мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясының төрағасы болып ведомство басшысы немесе оның шешімімен ЖАК-нан аттестаттаудан сәтті өткен өзге лауазымды тұлға белгіленеді.

38. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімі аппаратының басшысы болмаған жағдайда, бірыңғай аттестаттау комиссиясының төрағасы болып ЖАК-нан аттестаттаудан сәтті өткен облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімі аппараты басшысының орынбасары белгіленеді.



5. Үшінші деңгейдегі аттестация
39. Үшінші деңгейде аттестаттау комиссиялары:

C-R-3, C-R-4, C-R-5 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінде;

E-3, E-4, E-5, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4,
E-G-5 санаттарындағы «Б» корпусының қызметшілері өтетін аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалары әкімі аппараттарында құрылады.

40. Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалары әкімі аппараттарының, сондай-ақ атқарушы органдарының, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттарының «Б» корпусының қызметшілерін аттестаттаудан өткізу үшін бірыңғай аудандық/қалалық аттестаттау комиссиялары құрылады.

41. Аттестаттау комиссияларының төрағалары болып келесі лауазымды тұлғалар анықталады:

1) орталық мемлекеттік органның аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшенің аттестаттау комиссиясына – аумақтық бөлімшенің басшысы;

2) ведомствоның аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшенің аттестаттау комиссиясына– ведомствоның аумақтық құрылымының басшысы;

3) аудан, қаладағы аудандары және облыстық маңызы бар қала әкімі аппараттарының, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының бірыңғай аудандық/қалалық аттестаттау комиссиясына – облыстық маңызы бар қаланың, облыстың аудан және қаладағы аудан әкімі (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаланың әкімін қоспағанда);

4) облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын бірыңғай қалалық аттестаттау комиссиясына, қала әкімімен аттестациядан сәтті өткен қала әкімі орынбасарларының бірі белгіленеді.

42. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандардағы, қаланың аудандарындағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған немесе оның екінші деңгейдегі аттестаттаудан өтпеген жағдайында, аттестаттау комиссиясының төрағасы болып жоғары тұрған органның басшысы немесе оның шешімімен аттестаттаудан сәтті өткен өзге лауазымды тұлға белгіленеді.

43. Облыстық маңызы бар қала, облыстың ауданы және қала ауданының әкімі болмаған жағдайда, аттестаттау комиссиясының төрағасы болып аттестаттаудан сәтті өткен аудан, қаланың ауданы және облыстық маңызы бар қала әкімі орынбасарларының бірі белгіленеді.

6. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану
44. «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік органның басшысына, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне немесе сот тәртібінде аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым бере алады.

45. Мемлекеттік органның басшысы шағымды қарастырудың нәтижесі бойынша тиісті аттестаттау комиссиясына «Б» корпусы қызметшісінің дәлелінің негізділігін қарастыруға ұсыныс бере алады.

46. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі аттестаттау өткізу тәртібінің бұзылуын анықтаған жағдайда Заңның 5-бабы 2-тармағының
17) тармақшасына сәйкес тиісті аттестаттау комиссиясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізеді. Ұсыныммен қабылданған шешімді қайта қарау ұсынылуы мүмкін.

47. Мемлекеттік орган басшысының ұсынысы немесе уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымы аттестаттау комиссиясымен оның отырысында бұрынғы құраммен қаралады.

48. Аттестаттау комиссиясы қабылданған шешім туралы мемлекеттік орган басшысын немесе уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшесін және шағым білдірген «Б» корпусының қызметшісін мемлекеттік орган басшысының ұсынысы немесе уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлайды.

49. Арызды қарастыру қорытындысы бойынша мемлекеттік орган басшысының немесе уәкілетті органның қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметші өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактілерін анықтаған болса сотқа жүгінуге құқығы бар.



7. Қорытынды ережелер
50. Персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) тиісті аттестаттау комиссиясының шешімін мемлекеттік қызметшінің қызмет ету тізіміне енгізеді.
__________________________________
жүктеу 78,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау