Талдықорған қаласы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды.
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: otdelkadrov_tdk@mail.ru, БСН: 001140002257
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен -жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Байқаушылар туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесу өтетін орын мен уақыты: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 256, 316 кабинет.
«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ММ, жалпы орта білім және тәрбие жұмысы секторының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты), Е-R-4 санаты, № 89-14-04 1 - бірлік.
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары білім, гуманитарлық ғылымдар, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Қаланың жалпы білім беру ұйымдарын жинақтау мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен, облыстық білім басқармасымен байланыс жасайды. Қала мектептерінің басшыларын тағайындау мәселесі бойынша конкурстар жариялап, оны дайындап өткізуін,тағайындаудағы құжаттарын дайындау қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының басшылары резервін жинақтайды. Педагогикалық кадрларды аттестаттау, тестілеуден өткізу, педагогикалық кадрлармен жұмыс жүргізу мемлекеттік органдағы ақпараттандыру шараларынының жүргізу, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кадрларымен жұмыс атқару, аттестаттау процедураларын өткізу, біліктілік талптарының Жинағын дайындау. Осы мәселелер бойынша тиісті органдарға жылдық, тоқсандық мемлекеттік статистикалық есептер дайындап тапсыру. Білім бөлімі рұқсат беретін мемлекеттік қызметтердің регламентін дайындап орындау, оның ішінде білім беру қызметін лицензиялау қызметіне қатысу.
Бөлім құзыреттілігі шегінде жетекшілік ететін мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының, ҚР Еңбек Кодексінің орындалуына бақылау жасауды іске асырады. Бөлім құзыры шегіңде білім беру ұйымдарымен, білім басқармасымен байланыс жасау.
Педагогикалық кадрлар мәселесі бойынша қала әкімінің сайтына ақпаратты жаңартып отыру.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, қабылдау жүргізу.
Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ, құрылыс секторының бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №89-19-05; 1 - бірлік.
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары құрылыстық, сәулетшілік, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Жобалау, зерттеу, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу, мемлекеттік сатып алу құжаттарын ресімдеу және жинау жұмыстарымен айналысу;
Жаңа құрылыс және орны бар объектілердің реконструкциясына рұқсатты құжаттарды даярлау, ашық конкурс, баға ұсыныс тәсілі, бір көзден пайдалану арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге қатысу;
Жұмыс жүргізу үшін рұқсат алу құжаттарын уақытында толтыру;
Есеп дайындау және күрделі жөндеу жұмысының ақау ведомостіне құрылған комиссия құрамына қатысу;
Мердігерлік кәсіпорындардың құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес бағалардың дұрыс қолдануын қамтамасыз ету;
Жобалау ұйымдарымен жұмыс істеу-жобалау қабылдаған жобалық шешімдерге келісім беру, жобалау мерзімінің сақтаулын бақылау, мемлекеттік ведомствадан тыс экспертиза өткізу, қабылдау, тіркеу және сақтау, орындалған жобалау-сметалық құжаттарын өткізу;
Мердігерлік кәсіпорындардың келісім-шарттағы міндеттерінің орындалуына бақылау жасау.
Орындалған жұмыстардың қабылдау актісі бойынша есеп жүргізу, орындалған жұмыстар актілерін тексеру, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстар көлемінің есебін жүргізу; техникалық және авторлық ілеспе құрылыс жүргізетін мамандармен жұмыс атқару. Бюджеттік қаражаттар уақытында игерілуі және мақсатты пайдалануына жауапты;
Жоғары тұрған мекемелерге уақытында мәлімет дайындау;
Құрылыс алаңында техникалық және атқарушы құжаттарды жүргізу, қолданылатын материалдардың, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу сапасын және жобалау шешімдерін сақталуын бақылау;
Құрылыс жұмысына техникалық қадағалау және бақылау жасау;
Өткізілген обьектілерді эксплуатациялық қызмет орындарының теңгеріміне өткізіп беру.
Іс жүргізу негіздері талаптарын орындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттары, өтініштері мен арыздарын қарау, жеке тұлғалар және заңды тұлғалармен қабылдау жүргізу жүзеге асырады.
Мемлекеттік тілді білуі және компьютермен жұмыс істей алуы, Word, Excel, «Lotus Notes» бағдарламалары бойынша жұмысты атқаруын білу.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
_________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |