Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет6/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

ІРІ ҚАРА – түйе, сиыр, жылқы түлігінің ортақ атауы. «Ұсақ мал» деп аталған қой-ешкіге қарағанда ірі қара мініс, жүк арту, арбаға жегу, шығырға жегу, астық өңдеу сияқты алуан түрлі шаруашылық қарекетіне жарамды. Ірі қара малдың тірілей салмағы да, соған сай жайылымдық аумағы да ұсақ малға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Ә.Бөкейханның мәліметіне қарағанда, бір бас жылқыға қажетті жайылым 10 ұсақ малға азық болуға жарайды. 45-50 десятина жер бір жылқыға немесе 200 қойға алты ай бойы азық болады екен.
Ірі қараның қазақы ортадағы тағы бір ортақ атауы – «аяқты мал». Соңғы атаудың түптөркіні көш-қон үрдістерінде олар бір күнде кемінде 15-20 шақырым қашықтықты арта тастай алған. Сондай-ақ орта есеппен 10-20 пұт жүкті тасымалдауға қауқарлы ірі қара малдың санына қатысты «бас» «қара» сияқты ұғымдар қолданылады. Керісінше, ұсақ малдың санын тұяқ деп атау орныққан (1 тұяқ бір қой немесе ешкі).
ІРІМШІК – сүтті іріту жолымен әзірлейтін ақ тағам. Дәстүрлі ортада оның ақ ірімшік және қызыл ірімшік деген екі түрі болды. Қызыл ірімшіктің сары ірімшік деген де аты бар. Ақ ірімшік әзірлеу төмендегідей: қайнап тұрған сүтке айран құйып аз уақыт ірітіп алады. Одан бөлінген іркітті кенеп дорбаға салып сарысуынан ажырату үшін сүзуге қояды. Қызыл ірімшік алу үшін айранмен немесе мәйек салынып ірітілген сүтті ұзақ қайнатады. Сарысуы бойын тартылған кезінде қазаннан түсіріп, кептіруге қояды.
Ірімшіктің екі түрін де кептіріп алып пайдаланады. Негізінен қызыл ірмшік сақтап қоюға болатын қысқы азық түріне саналады. Ақірімшіктің суып үлгермеген жылы күйіне сарымай араластырып тұтынатын ақлақ, ақмарқа деген тағам түрі бар.
ІС КЕСУ – дәстүрлі қазақы ортада бидің билік жүргізуі, үкім-кесім шығаруы, төрелік жүргізуі, сондай-ақ билер кеңесінің немесе жүгіністің шешімі деген сияқты синонимдік ұғымдардың бірі болып табылады.
ІСЕК – үш жасар еркек қой.Үш жасында тартылмағаны ісек қошқар, қошқар, ал тартылғаны тартылған ісек, делінеді. Ісек бойдақ мал болғандықтан, қыстан арық шықса да, ауызы көкке ілінгеннен кейін тез көтеріліп, жақсы семіреді. Ал қыс айларында күйлі болып тұруы үшін кейбірі қой ішінен бөлініп алынып, шөптің көгінен салынып, жем беріліп бордақыланады.
Ісек малдың әркез күйлі-қоңды болуы қажет кезде союға, сатуға жақсы. Осындай керек кезінде союға жарамды болуына байланысты «ісек қойдың басы үлкен, саулық қойдың жасы үлкен» деген сөз орамы қалыптасқан.
ІСКЕК – түкті немесе қылды жұлуға арналған қысқыш, тістеуік құрал. Іскек темірден басы жалпақ, түкті шымшып ұстауға ыңғайланып жасалатындықтан, оны шымшуыр деп те атайды. Дәстүрлі ортада іскекті көп жағдайда ер адамдар қолданған. Сақал немесе мұрт қойған ер кісілер сақал-мұрттарын түзегенде, артық жерлерін бір талдап жұлу үшін іскекті пайдаланған. Қазақы ортадағы сабасына қарай – піспегі, мұртына қарай – іскегі деп келетін сөз орамдары осыған байланысты қалыптасса керек.
ҚР МОМ қорында темірден жасалған бірнеше іскек сақталған. Соның бірі ерлердің сақал-мұртын жұлуға арналып (КП 26036/1г) жай темірден жасалған. Оның ұзынд. 5,5 см, ені 0,5 см.
Айта кететін жайт, көшпелі ортада малға түрлі ем-домдар жасағанда ірілеу келген, қарапайым темірлерді иіп, қолдан жасалған іскектер қолданылған. Мұндай іскектермен көбінесе, мал құрттап кеткенде құртын тазалаған. Сонымен қатар бұзаудың тіліне шығатын қылау деп аталатын теріскенді емдеуде ірілеу келген іскектерді пайдаланған. Бұзаудың тіліне аталмыш теріскен шыққанда, ол тілінен қорынып, енесін емуден қалады. Бұл көбінесе, әлі де отыға қоймаған бұзауларда кездесетіндіктен, ертерек емдеу шараларын қолға алмаса, бұзау өліп кетеді. Мұндайда алдымен бұзаудың тіліндегі теріскендерді «қаратікен» тұзбен ысқылайды, яғни қаны шыққанша үйкелейді. Бұлай үйкегенде тілдің жанында бірен-саран теріскен, бөрткендер қалып қояды. Мұндай теріскенді мұқият қарап, аталмыш құрал, іскекпен шымшып ұстап, жұлып тастайды.
ҚР МОМ қорында малды емдеуде қолданылған іскек (КП26036/1в) бар. Оның ұзындығы 13,5 см, ал ені 0,5 см. іскекті темірден иіп, ұстайтын тұсын қолға ыңғайлы етіп жасаған. Басы, яғни қысқанда беттесіп, тістейтін екі ұшы жіңішке келген.
Осылайша, бұзауды қылаудан емдегенде, іскектің көмегімен бірде-бір теріскенді қалдырмай алып тастауға тырысатын. Өйткені теріскен қалып қойса, қайтадан өршіп, ауру қайталануы мүмкін.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау