Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет4/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

ІРГЕ КӨРУ / ІРГЕ КӨРЕР – дәстүрлі қазақы ортада ежелден орныққан отбасы-неке қатынасының нормалары мен принциптеріне сәйкес, атастырылған қыз бен жігіттің әкелері, туған ағалары және басқа да жақын туыстары қыз ұзатылғанға дейін туысқандық байланыста болады. Осындай қатынастың механизмі іспеттес сан алуан әдет-ғұрып, салт-жоралардың басы ірге көру немесе ірге көрер деп аталды. Дәстүр бойынша, алдымен күйеу жігіттің әкесі қыздың әкесінің «іргесін» көруі тиіс. Одан әрі қыздың әкесі де құдасының «іргесін» көруге барды. Аталмыш ірге көру салты барысында құдалардың әрқайсысы өздерінің қал-қадеріне қарай бір ірі қарадан үш ірі қараға дейін кәдемен келуі тиіс. Орыстың отаршылдық тәртібі қазақ өлкесіне дендеп орныққаннан кейін аталмыш малдың орнына кәдеге ақша да жүрді. Ал тұрмыс-күйі төмен жұқа құдалар болса, табылмаған аяқты мал немесе оның ақшалай баламасының орнына шапан-шақпыт, шүберек-шаршы дегендей тапқан-таянғандарын алып барып, өзара ірге көрісетін болған. Осы үрдіс барысында қыздың әкесі құдасынан болашақ күйеу баласын, ал жігіттің әкесі болашақ келінін көрсетуді сұрайды. Қайын аталары тиістісінше болашақ келін мен күйеу баласын көргені үшін бір-біріне көрімдік кәдесін береді. Тек осыдан кейін ғана ірге көруге барған әкелері мен ағалары және жақын туыстары қыздың да, жігіттің де жасырынбай қызмет жасауына рұқсаттарын береді. Осы орайда айта кетер жайт – аталмыш кәде-жосынсыз өз бетінше қайын аталарының көзіне көрінген қалыңдық та, күйеу жігіт те айыпты болып есептелінді.
ІРГЕ ШИ – киіз үй іргесіне айналдыра ұсталатын жабдық. Шаруашылық-тұрмыста оны үй іргесінен түрлі зиянкестер кіріп кетпеуі үшін; ең бастысы, іргеден суық жел соққан кездері үйге ықтасын болуы үшін пайдаланған. Көбінесе күн райының суық, салқын кездері тұтынған. Ірге шиді көбіне артылып немесе сынып қалған шиден тоқыған. Биіктігі шамамен 45-60 см болған. Шиді тоқу барысында сынбас үшін әр жерінен ағаш шыбық салып кетіп отырған. Ірге ши сыртын кенеппен тыстаған. Ірге шиді киіз үйдің белдеу арқанына көтеріп байлау үшін оның үш-төрт жерінен шыжым бау тағылады.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау