Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет5/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

ІРГЕДЕН ШЫҒАРУ – дағдылы салтқа қайшы келген үрдістерді атқару кезінде жасалатын жосындардың бірі. Ол әмеңгерлік салты бойынша күйеуінің туысына тимеген жесірге және өлікке байланысты ерекше жағдайларда қолданылады. Яғни киіз үйдің есік тұсындағы оң жақ керегені көтеріп, астынан өткізеді немесе оң жақтағы керегелердің бірінің таңғышын шешіп арасынан шығарады.
Алғашқысы бойынша күйеуі қайтыс болған жесір қалыптасқан құқықтық-әдет нормалары негізінде күйеуінің жылы (асы) берілген соң туысқандарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс. Алайда дәстүрлі ортада күйеуінің туысқандарынан рұқсат алып, жат адамға күйеуге шығатын жайт кездесіп отырған. Бөгдеге кетіп бара жатқан әйелді іргеден шығарған. Яғни ақ босағаны, табалдырықты оң аяқпен аттап, есіктен кірген келіннің басқаға кетуін қош көрмегендіктен, енді есіктен емес, тесіктен шығарады. Мәлімет бойынша ондай әйел мәселе шешіліп, кетуге қамданған кезде күйеуінің туыстары үйден шығар жолды бөгеп, есік алдында тұрысады екен. Осы сәтте есік тұсындағы іргені көтерген кезде жесір кереге астынан шығады. Ондайда балалары мен дүние-мүлкі қайтыс болған күйеуінің туысқандарында қалады да, жесірге бір жылқы мен төсек-орны ғана беріледі, яғни төркінінен келген мүлкі ғана қайтарылып, іргеден шыққан кездегі үстіндегі киімімен кетеді. Әмеңгерлік салтына қайшы әрекет жасаған жесірдің мұндай қылығы көпшіліктің ғана емес, тіпті өз әке-шешесі тарапынан да сынға ұшыраған. Ал шешесімен бірге кеткен бала киімшең бала деп аталады.
Іргеден шығарудың келесісі – бір жолда немесе араға көп уақыт салмай (бір айдың шамасында) бірнеше адам қайтыс болса жасалатын болған. Яғни алдыңғы сүйек (мәйіт) кәдімгідей есіктен шығарылады да, соңғысын ырым етіп, өлімді жаңылдыру мақсатында жоғарыдағыдай жолмен іргеден шығаратын болған. Өлікке байланысты дың тағы бір жолы бойынша, аса үлкен қылмыс жасаған, еліне, жұртына жеккөрінішті болған адам қайтыс болғанда оның сүйегін үйінен шығаруда аталмыш тәсіл қолданылған көрінеді.
ІРГЕЛЕС КӨРШІ – қонысы жағынан көршінің ең жақыны. Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша жан-жақтағы ауылдар көршілер, көрші ауылдар, сыбай көршілер, алыс көршілер деп өзара ажыратыла айтылады. Осылардың ішінде іргелес көрші деп ең жақын қоныстанған өзара тату-тәтті көршіні айтады. Бұндай көршілер күнделікті тұрмыста басқаларға қарағанда аралас-құраластығы ерекше болады. «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» дейтін ұстаным (принцип) бойынша іргелес көршілер торқалы той, топырақты өлім кезінде біріне-бірі сүйеу, көмек болып міндетті жосын-жоралғыларды бірлесе атқарған. Осылайша ел ішінде іргелес көршілікке тән этикалық құқықтық нормалар қалыптасқан. Сондай-ақ алыстағы туыстан жақындағы көрші артық деп келетін сөз орамы көршілердің сыйластығы мен бірлестігінің маңыздылығын аңғартса керек. Көршілердің аталмыш қарым-қатынасы әдеттік құқық заңдары бойынша көрші қақысы деген этикалық нормаға негізделген. Яғни көрші қақысы деп көршілік ара-қатынасты реттейтін қағиданы айтады. Көршінің көрші де қақысы бар деп келетін ұғым көрші қашанда көршісінен жәрдем талап етуге құқылы дегенге меңзейді. Мысалы, әртүрлі қиын жағдайларға тап болып, жұтқа ұшыраған, малынан айырылған, сондай-ақ тұрмысы төмен көршілерге іргелес көрші мен сыбай көршілер жәрдем беруді өзінің міндеті санаған. Сонымен қатар көршісі үшін асар ұйымдастыру, жылу жинау, немеурін мен қызыл көтеру сияқты игілікті істерде іргелес көрші қашанда алдыңғы қатарда болған.
ІРКІТ – май пісіп, құрт қайнату үшін күбіге немесе сабаға жинаған сүт. Шикі сүтті сабаға құйып, жинай береді. Пісуге болатындай мөлшерде жиналған кезде оны пісіп, майын алған соң құнары аз, сұйық іркітке айналады. Саба пісіліп май түскен соң майды астауға, тегенеге салып алып, қалған іркіттін сығып шығаруды «іркіттеу» деп атайды. Қалған іркітінен тазарту үшін бірнеше қайтарып, суық сумен тазалап жуып, қылшықтап, тазартады. Майы алынған іркітті әрмен қарай қайнатып құрт, жарма алады. Ел ішінде іркіттің сабаның іркіті, күбінің іркіті, быршыма тәрізді атаулары қолданылады.
Майы бөлініп алынған іркітті құрт қайнатпастан бұрын да ішуге болады. Дегенмен, алғашқы іркітті майын алған соң ғана кісіге құйып береді. Бұл құт-берекенің, ырыс-молшылықтың, өз үйінде қалуын ырымдаудан туған. Сонымен қатар майы алынған іркітке сүт қосып, қайнатып желдірме жасайды. Іркітке май салып ішуге болады. Сондай-ақ іркітті ағаш тостағанға құйып алып, үстіне қойды сауып, көбікті сусын алады. Бұл жас балаларға, ауырған адамдарға қуат беретін құнарлы тағам ретінде ұсынылады.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау