Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет2/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

Қар бетіндегі ізді кесу бұл қыс түскен шақтан бастап біршама қолайлы амал саналғанымен, ондай іздер үнемі анық бола бермейді. Аң ізін кесудің қолайлы кезі – алғаш қар жауған сонар. Бірақ қардың бекуі мен тығыздығына қарай аң ізінің пошымы мен бағытын байқау мүмкіндігі де әртүрлі болады. Қар беки қоймаған кезде жортқан аңның табанымен қарды ысырып, іздің бетінен түбіне дейін сызат қалдыруын ысырма жол, екінші аяқты қайта көтергенде, ол қар үстімен сүйретіліп, тағы сызық қалдыруын сүйретпе жол деп атаған. Із тақырыбын арнайы зерттеген А.Лесняктің мәліметіне қарағанда, аң аяғын көтергенде табанының астына жентектеліп басылған қар түйіршіктері ілесе аяқ қозғалысының екпінімен алға қарай шашырай түседі. Осыны ескере отырып, аңның қай бағытқа кеткендігін оп-оңай анықтайды. Егер қар қызыласықтан асып, жіліншіктің ортасына жететіндей қалыңдау болса, із сопақша шұңқыр болып түседі. Қар өте қалың болған жағдайда іздер бір-біріне қосылып кетеді. Оны аңшылар «қар кешу» деп атайды. Осы ретте ескерер жайт – кез келген аңның немесе малдың алдыңғы аяғының мөрі артқы аяғыныкінен ірілеу болады.
Топырақ бетіндегі ізді кесу. Дымқыл топыраққа, су қайраңына, сондай-ақ қара жерге түскен із ұзақ уақыт бойы сақталады. Сусыған құмдағы із желдің әсерінен көмескі тартады, тіпті білінбей де қалады. Қиыршық құм аралас жерлерде ажыратуға қиын іздер таң атып келе жатқанда немесе күн батып бара жатқан кезде оңай ажыратылады. Іздің жыл маусымына қарай өзіндік сипаты болады. Мысалы, боз қырауға із айқын түседі, жер қыртысы қатқан қара күзден бастап із терең түспейді, тіпті ат тұяғының өзінен қатқан тоңда көмескі мөр ғана қалады.
Аң ізін кесу. Бұл із кесу дегі өте қиын істің біріне саналады. Аңшылар із кескенде әр аңның табан таңбасының сипатын салыстыра отырып ажыратады. Мысалы, құндыз ізі адамның саусағы тәрізді салаланып тұрады, аю табаны адам табанына ұқсас, бірақ ені жалпақ, саусақтары мен тырнақтары жерге батыңқы түседі.
Ит пен қасқырдың табан мөрі өзара ұқсас болып келгенімен, қасқыр ізі ұзын әрі артқы аяғын алдыңғы аяғының ізінің үстіне дәл басып отырады. Бірақ ол жол бойы кездескен өткел, тоғай, тау, ор, шұңқыр тәрізді кедергілерден өткенде бөлініп жүретін әдеті бар. Әккі қырағы аңшылар мұндайда қасқырдың ұяластары немесе тобы қанша екендігін шамалап біледі. Қасқыр табанының еті қатты, тырнағы қайратты әрі жуантық келетіндіктен мөрі айқын, ілгері қарай сәл сүйірлеу болады. Әдетте тағының алдыңғы аяғының өкшесі ішіне қарай, ал артқы аяқтың өкшелері сыртына қарай қисайыңқы бітеді. Сондай-ақ әккі аңшылар қасқырдың арланының ізі дөңгелектеу, ал ұрғашысынікі – сәл сопақшалау келетіндігін айтады.
Ал иттің ізі айқын емес, көмескілеу, пошымы жалпақтау болып түседі. Алдыңғы аяқ өкшесінің сыртқы жағы сәл ішке қарай иіліңкі келеді. Ж.Сатылғановтың мәліметіне қарағанда, қасқыр ізінің ұзындығы 9-13 см болса, иттікі 5-10 см-ден аспайды. Ит тіміскілеп жүретіндіктен, «ирек», қасқыр бұрылмай тура жүретіндіктен ізі «түзу» болып түседі. Қасқырдың із таңбасы жинақы, бақайының табақ еті қатты, тырнағы қайратты әрі жуантық келетіндіктен, олардың ізі айқын, ілгері қарай сәл сүйірлеу болады.
Қоянның ізінде төрт саусағының мөрі бірдей байқалады, ортадағы екі тұяқ алға қарай озыңқы, ал сыртқы тұяғы ішкі тұяғынан сәл артқа қарай қалыс болады. Артқы аяқтан алдыңғы аяқ ізі үлкен әрі анық болып түседі.
Мал ізі. Төрт түлік малдың жаратылысына қарай табан мөрі де түрліше болып түседі: жылқы ізінің таңбасы дөңгелек болып тұтас түссе, айыр (аша) тұяқты мал ізінің таңбасы ортасынан қақ бөлінген табақ тәрізді екі бөліктен тұрады. Мініс көлігі мен жүк артылған көліктің ізі мұқият байқалса, оның желісінде іздің ені үлкендеу болады. Яғни мінер және қамшылар жақ аяқтың із қатары бір-бірінен алшақ болып келеді. Жылқының алдыңғы тұяқ мөрі 11-14 см, артқысы10-12 см ұзын. Тай-құнандардың ізінің таңбасы кішкене, сақа айғыр мен мама биенің із таңбасы ірі әрі анық түседі.
Түйе табанының маңдай бөлігінде мүйіз болатындықтан ол топыраққа анық батып түседі. А.Лесняктің мәліметіне қарағанда, түйе ізінің көлемі алдыңғы аяқ мөрі ұзындығы 20-23, ені 17-18 см болса, артқы аяқ ізінің таңбасы әлдеқайда кішілеу, сәйкесінше 16-17 см және 14-16 см. Топыраққа із бірі-бірімен «жарыса» қос-қостан түседі.
Сол сияқты екіге ашаланған сиырдың артқы аяғының таңбасы алдыңғы аяқ ізінің таңбасы бір жақ бүйірін баса түседі. Ашаның ішкі жағындағы бөлігі сыртқысынан кішкене болады. Із таңбасы орта есеппен 13х10 см шамасында, бірақ өгіз бен бұқаның ізінің таңбасы біршама үлкен. Сол тәрізді шау тартқан сиырдың сыртқы жақ бөлігі имек, ішке қисая бітеді. Қой мен ешкінің тұяқ ізінің таңбасы да, ізі де ұқсас болады, 4-5 х 5-6 см мөлшерінде. Сәл-пәл айырмасы мынадай: ешкі мөрі сүйір, үшбұрыштау әрі тұяқтың қыры қойға қарағанда айқын, нақ болып көрінеді. Ал қой мөрі ішке қарай қисая түседі.
Ертеректе көшпелі ортаның тіршілік қамы мәдениетінде өзіндік орны болған із кесудің әлі де болса қазақы ортада қолданыстық жақтары былай тұрсын, ауызекі тілде бейнелі тіркестерде сақталған.
ІЗШІ – жер бетіне түскен аң-құстың төрт түліктің ізіне қарап, оның түрін, жай-күйін, бағыт-бағдарын ажырата алатын адам. Адам бойындағы бұл қасиетті ізшілдік деп атайды. Мұндай сипат тазы иттерде де кездеседі.
Ізші аңғарымпаздық пен сұңғылалық қасиет тән. Дәстүрлі ортада ізші болу үшін арнайы үйрену, тәжірибе жинақтау барысында зерделі адамға «қонатын» өнер түрі ретінде бағаланған. Ізші адамдардың қызметі аңшылықта аң қуу, жоғалған мал іздеп табу сияқты көшпелі тұрмыстың тіршілікқамы қарекеттерін жүзеге асыру барысында өзіндік рөлі болған. Жаугершілік пен ел тыныштығы бұзылған кездерде қарсы жақтың барлаушыларын бақылауда ізшінің маңызы зор болған. Ру-қауым арасында туындайтын даулы мәселелерді ғұрыптық құқық нормалары бойынша қарастыру үшін із кесу нің уәжі мен қорытындысы айғақ ретінде жүрген.
Ізші жерге түскен іздің қандай аң, құс немесе мал ізі екендігін ажыратады. Топ (үйір) болып жүрсе, санын анықтайды. Онан соң жердің жайы, жыл мезгілі, топырақ қыртысының сипаты, ондағы өсімдік жамылғысы сияқты мәселелерді ескере отырып, ізді саралап, дұрыс «сөйлете» білген. Мұнда іздің үлкен-кішілігі, үшкіл, доғал, тік, сүйір салалы, башпайы мен табанының, саусақтарының жер бетіне түскендегі «таңбасының» пошымы ескеріледі. Онан кейін іздің бағытын, аяқ алысын саралайды. Осылайша ізді біршама жерге дейін «қуып» (оны із кесу лер «із кесіп» дейді) барған соң әлгі аң немесе малдың байырқалауы немесе айласын асырып, адастыруға әрекет еткендігіне ден қояды. Осындай байқауларын негізге ала қорытынды шығарады.
Көп ретте бір түрлі аң-құстың ізін екіншісі басып жүретіндіктен, оның қайсысы бұрын басылған ескі, қайсысы жаңа екендігіне оның қай бағытқа, қашан кеткендігін де ажырату қиындық тударыды. Ізді жақсы кесе білетін әккі аңшылар ондайда із «иесінің» қарекетіне ден қояды. Мысалы, табиғатынан айлалы, қу болып келетін аң-құстар ізін ұдайы жасырып, бір жүрген жерін шиырлап (мысалы, қасқыр мен түлкі), білдірместей етіп кетуге тырысады. Ондайда шиырлаған ізді біршама жерге дейін барлап, оның келген және кеткен бағытын болжайды.
Аңшы, саятшылар, сондай-ақ малсақ адамдар арасында жақсы ізшілер болады. Мұндайда, әсіресе ізшінің жершілдігі мен табиғаттың сырларына қанықтықтығы айрықша рөл атқарады. Аң мен құсты іздеп табудың қалыптасқан тәсілдері бар. Аң-құстың мінез-құлығын ескере отырып жем іздеп жүретін жері, іні, апаны, шиырлаған аумағы, қонағы немесе бекінін іздеп табады. Ізшіге ең қолайлы кезең – сонар, соның ішінде қансонар. Із кесуде аңшыға тазылар үлкен жәрдем береді. Тазының ізшілдігі соншалықты, жүздеген іздің ішінен аңның жаңа ізін ажыратып, қуып кете баратындығы.
Бейтаныс өңірге қарай алыс жол жүру, көшіп-қону, мал айдау сияқты қарекеттер кезінде ізге қарап көп мағлұмат алуға болады. Әсіресе ізіне қарай жолаушының бейсауат жүрген немесе суыт жүрісті екендігін білген. Осындай күдікті ізге түскен ізші оның от шалдыруы, жолай тыныстауы, сол жердегі адам ізіне де жете мән берген. Тіпті сұңғыла ізші аттың ізіне қарап, оның кейбір белгілерін анықтай алған.
ІНДЕТ – тез таралатын қатерлі жұқпалы ауруларды білдіретін ұғым. Індет ұғымы негізінен мал мен өзге де жануарлардың, сондай-ақ адамдардың арасында тез таралатын аса қатерлі жұқпалы ауруларға байланысты қолданылған. Малдың белгілі бір немесе бірнеше түрінің арасында таралатын індет түрлері бар. Малда кездесетін індет түрлері шаруашылыққа орасан үлкен шығындар әкеліп отырған. Сиырда кездесетін қарасан, аусыл, қойда кездесетін топалаң, ешкі түлігінде кездесетін шекшек, кебенек сияқты қатерлі жұқпалы аурулар бір ауылдың, тіпті аймақтың малын түгел қырғынға ұшыратқан жайты да болды.
Ондай қатерлі індетен дер кезінде құтылу үшін алуан түрлі шараларды қолданған. Мысалы, індеттің алдын алу шараларында қора-қопсыны тазалап отыру, түрлі жәндіктермен (кеміргіштермен) күресу басты орында тұрған. Қора-қопсы аумағында кене, бүрге, бит сияқты зиянкес жәндіктер кездессе, оларды жою үшін итсигек сияқты улы өсімдіктердің қайнатындысын шашып отырған індеттің алдын алу үшін егу тәсілі де қолданылған.
Індет салдарынан мал шығыны орын ала бастағанда оның жаппай таралуына жол бермеу шараларын қолға алған. Мысалы, малдың ауруға шалдыққандарын бірден бауыздап, өліктерін көміп тастайды немесе өртеп жібереді. Сауларын бірнешеге бөліп, бір-бірінен алшақ бағады. Мал арасына індет келгенде ауру малды киелі, қасиетті саналатын әулие ағаш, киелі бастау, арасан сияқты орындарға паналататын. індеттің себептерімен күрес жүргізіп, олардың иелеріне қатысты көшіру, адастыру сияқты магиялық шараларды да қолданған. Арша, адыраспан сияқты өсімдіктермен қораны, малды аластаған. Әрбір індеттің өз серті болады деп санап, соған сәйкес арнайы ғұрыптарды атқарған. Қатерлі індеттің атын тура атамай, көбінесе жанама атаумен (эвфемизммен) атаған. Өйткені індеттің атын тура атау оның өзін шақырумен тең деп саналған. Сондықтан топалаңдыалаң, секіртпе, ұшпа деп тұспалдап атаса, мәліктіқыз, кемпір, ақбайпақ деп атайтын.
Адамдар арасында аса қатерлі саналатын індет шыққан үйге әдетте өзгелер қатынаспайтын. Ондайда науқастың көңілін сұрау міндетті емес болған. Егер індет өте қатерлі адам шығыны орын алса, ауру адамды жұртта қалдырып, үдере көшіп кететін болған. Ондай оқшаулаған адамға қажетті керек-жарақтарды жақын маңға әкеліп тастап кетіп отырған.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау