Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет1/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
І


І


ІЗ КЕСУ / ІЗ ШАЛУ – адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған. Ізді жан-жақты сараптап талдау үшін өңірдің жер бедері мен топырақ қыртысы, өсімдік жамылғысы, қар мен жаңбырдың жаууы сияқты табиғи ерекшеліктері негізге алынады. Із кесуде балшық, топырақ, құмға түскендерін ғана емес, тақырдағы және шөптесін жерлердегі ізді де қарайды. І
Із кесу барысында оны із кесуші адам жерге түскен іздің үстін баспай, оны жанамалап жүреді, қажетті жағдайда қайталап барлап өтеді.
Із кесу төмендегі мақсаттарға байланысты атқарылған:
– аңшылық барысында аң-құстың ізін анықтау және оны олжалау (соғып алу);
– елсіз иен далада қажетті бағыт-бағдар айқындау және жол табу;
– ұрлық пен барымтаға түскен және жоғалған малды табу;
Ж.Бабалықұлы мен А.Тұрдыбаевтардың мәліметіне қарағанда, із кесушілер күдікті деп танылған ізді қуалап ауылға дейін келген жағдайда ауыл адамдары ұрлыққа қатысы жоқ екендіктерін дәлелдеулері қажет. Яғни жоқшыны ауылға дейін алып келген күдіктінің немесе жоғалған малдың ауылдан шығып кеткендігін із кесу арқылы айғақтау керек. Әйтпесе жоқшы күдікті деп саналған әлгі ауылдың адамдарының үстінен билерге арыздануға құқылы болды.
Ізге шөп салу. Із кесу тәжірибесінде жерге түскен іздің пошымы, тереңдігі, қайталану сипаты, оның желісі сияқты мәселелер мұқият сараланады. Аңның төрт аяғының мөрін саралау барысында оның адымының кеңдігі мен іздің еніне мән беріледі. Мұндағы адым ұғымы бір аяқтың табанының екі мөрінің ұзындығы, ал іздің ені оң және сол аяқтың мөрлерінің арасы дегенді білдіреді. Бұл екі өлшем аңның (малдың) жаратылысына (үлкен-кішілігіне) байланысты болады. Олардың алдыңғы және артқы аяғы қозғалыс екпініне қарай (жай жүру, бүлкектеу, шоқырақтау, желу, жүйтку, жүгіру, көсіле шабу және т.б.) әртүрлі болады.
Із мөрінде тұяқтың маңдайы (ұшы) аңның жүрген жағына қарай бағытталып жатады. Ал табан шұңқырлары мен ойықтарының ашаланған жағы аңның беталыс бағытына қарама-қарсы болады. Осыдан кейін ізші табан мөрінің бойына шөп немесе шырпы салып, оның ені мен ұзынын және бір аяқтың екі мөрінің аралығын, яғни адымының мөлшерін өлшеп алады. Із кесуде ертеде жиі қолданылған бұл тәсілді «ізіне шөп салу» деп атаған.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау