Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет3/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

ІНДЕТУ / ІННЕН АЛУ – аңшылық барысында немесе кездейсоқ кездескен аңды әдейілеп інге кіргізген соң соғып алу тәсілі. Інге әдейілеп қуып кіргізуді індету деп атайды. Аңның артынан інге «сүңгитін» (кіретін) арнайы баулынған тазылар (сондай-ақ дүрегейлер) ішінара да болса кездеседі. Індеткен аңды қайта шығарудың басқа да жолдары көп: іннің ішіне түтін жіберіп тұншықтырып шығару, ұзын құрықты бойлата отырып бұрап шығару, тік тайыз індерге су құю және т.б. Індеткен аңды соғып алудың тағы бір жолы – інді қазып алу. Бұл, әсіресе суыр сияқты іні үлкен аңдарға жасалады. Ондайда аңның қыр-сыры мен жердің жайын жетік білетін аңшы іннің бағытын айқындап алған соң, оның жатқан тұсына жақын жерден теседі. Сол тұстан ары қарай (көбінесе аң іннің түкпірінде жатады) қаза отырып, оған жеткен кезде сойыл, шоқпар сияқты құралмен соғып алады. Бірақ, дәстүрлі сенім бойынша, інді талқандап қазуға тыйым салынды.
Бұрау салып алу. Егер ін тар болса, аңшы басы айыр келген ұзын сырықты немесе құрықты іннің түбіне дейін бойлатады. Ағашты аңға қаттырақ тіреген соң, ыңғайына қарай айналдыра бұрап ширатады да, еппен ыспалап кері қарай тартады. Себебі ағаш сырық терісін «шымшылап» бұрау аңның жанына бататындықтан, ол суыра тартқан қимылмен ілесіп шығуға мәжбүр болады. Сондықтан бұл әдісті аңшылар бұрау салу деп атаған.
Түтінге тұншықтырып алу. Бұл тәсіл әдетте қарсақ, суыр, мәлін, түлкі сияқты аңдарды қуып «індеткеннен» кейін жасалады. Әуелі іннің аузы мықтап бекітіліп, ішіне түтін (ыс) жіберіледі. Ең дұрысы – шөп-шалам, тезек, қурай сияқты бықси жанып, мол түтін шығаратын «отындарды» жағу. Жақын маңайдағы індердің де аузын бітеп тастайды. Бықсып жанған түтін ішке қарай бойлап жеткен кезде тұншыққан аң амалсыздан сыртқа шығуға мәжбүр болады.
Індеткен аңды қолға түсіру оңай болғанымен, алған олжа аңшылықтағы «байлау» ғұрпы бойынша өзгеге тартыла бермейді. Қалыптасқан үрдіс бойынша, індеткен аң қуып келген аңшыға тиесілі деп саналады. Інді қазып алған аңның кімге тиесілі екендігін анықтаудың мынадай ережесі де болған: егер ін қазғанда алынған аң ұрғашы болса ол аңшыға, ал еркек болса, олжа ін қазуға көмектескен адамға бұйырады. Егер көмектесуші адам бірнешеу болса, олжа жолы үлкен адамға байланады.
ІРГЕ КИІЗ – киіз үйдің етегіне ұсталатын киіз. Ол киіз үй тігіліп болған соң, туырлықтың сыртынан, іргесін бастыра ұсталады. Оны етек киіз деп те атайды. Ол жылу сақтағыш қызмет атқарады. Сонымен қатар киіз үйдің ішіне құрт-құмырсқа және қарақұрт сияқты зиянкес жәндіктердің енуінен сақтайды. Оның ұзынд. екі құлаш, ені бір кез көлемінде болады. Әдетте, бір киіз үйдің ірге киізінің саны алтыдан – сегізге дейін жетеді. Ірге киіздің бетіне матадан қиылған түрлі өрнек бастырылып, сырылып көркемдеп жасалады. Кенересі айналдырыла ызылған жиекпен көмкеріледі. Ірге киіздің жоғарғы жағының үш, төрт жерінен есілген бау тағылады. Осы бау арқылы ірге киіз, киіз үйдің белдеу арқанына көтеріліп байланады.
ҚР МОМ қорында сақтаулы ірге киіздің ақ түсті төсегіне қызыл түсті барқыттан тұмарша түрінде туырлыққас өрнегі сырылған. Етегіне ұласпалы желілі сыңарөкше өрнегі бастырылған. Өлшемі: ұзынд. 230 см, етегі 272 см, ені 97 см болып келеді. Сондай-ақ киіз үйдің іргесіне ұстауға арналған іргеліктің шиден жасалған түрлері де болады. Оны ірге ши деп атайды.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау