Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет9/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

ІШТЕСУ өзара іш тартып сырласу түрі. Дәстүрлі ортада қалыптасқан мұндай сырласу барысында адамның ішкі жан дүниесін тебіренткен, көпшілікке жариялана бермейтін мәселелер айтылған. Онда кейбір отбасылық қарым-қатынасқа, әйел адам мен ер адамға қатысты мәселелер айтылған. Іштесу көбінесе ана мен қызының, жеңге мен қайын сіңлінің арасында орын алған.
ІШІК – теріден тігіліп, тысталған қыстық сырт киім түрі. Тігілген жануар терісіне байланысты қасқыр ішік, сусар ішік, түлкі ішік, орман ішік (түлкінің жон терісінен ғана), құндыз ішік, елтірі ішік, сеңсең ішік, жанат ішік, таң ішік (ақбөкен терісініен) деген басқадай түрлері көп. Ал пұшпақтан тігілсе пұшпақ ішік деп аталады. Қой, ешкі терісінен тігілмейді, тек олардың төлінің терісінің жүні қысқа немесе әдемі, бұйра болып келуіне байланысты тігіліп, елтірі ішік, сеңсең ішік деп аталады.
Ішіктің шалғайы мен екі өңірі кең пішіліп, тігіледі. Өйткені ол қыста мол қаусырыну үшін, атқа мінгенде тізені жауып және қызасығына дейін жетіп тұратын жылулық үшін қажет. Бала да, үлкен де жыныс таңдамай киетін киім түрі.
ҚР МОМ қорында сақтаулы ер адамның орама жағалы қасқыр ішік (КП 12806) қасқыр терісінен тігіліп, жасыл драппен тысталған. Ұзынд. 142 см, жеңінің ұзынд. 72 см, екі иінінің аралығы 45 см, етегінің шалғайы 242 см болып келген. Ішік жас малдың терісінен және жұқа да жеңіл аң ттерілерінен тігіледі. Сырты тысталатындықтан мұндай терілерді қыбықтырылмай, боялмай қолданылады. Яғни матамен тысталатындықтан қосымша өңдеуді қажет етпейді. Дәстүрлі ішіктердің жағасы, өңірі құндыз, жанат сияқты аң терілерімен көмкеріліп әшекейленеді. Қымбат аңдардың терісінен, қымбат маталармен тысталып тігілген ішіктер біркиер, сәндік киім қатарына жатады. Мұндай сәнді етіліп, қымбат матамен тысталған ішіктер жасауға беріліп, сыйлыққа, тарту-таралғыға жүреді.
Әсіресе жүздеген пұшпақтан құралып тігілетін әрі жылы әрі жеңіл пұшпақ ішіктер өте жоғары бағаланатын.
ІШІРТКІ – науқастанған адамға ішкізу мақсатында парақ бетіне жазылған құран аяттарының судағы езіндісі. Ішірткіге жазылған дұға қағаз бетіне сиямен, ұсақ әріптермен түсіріледі. Сия суда ерігеннен кейін сумен қоса қағазды да шайнап жеген дұрыс деп есептеледі. Дегенмен науқас ауыруының ауыр не жеңілдігіне байланысты ішірткіні бірнеше күнге бөліп ішеді. Ішірткіні кез келген науқас адамға ішуге рұқсат берілген. Дегенмен бір нәрседен қатты шошынған, әсіресе тіл-көз тиіп, ұшынып қалған жас балаларға, уланған адамдарға осындай ем түрі жиі қолданылған. Сырқат адамның тамырын ұстап, ауыруын анықтағаннан кейін, Құран сүрелерінен таңдалған арнайы аяттарды жазады. Халықтық ортада ішірткіні молдалар, діндар адамдар жазып беретін болған. Ішірткіге Ясин сүресі көп қолданылады. Өйткені Ясин сүресі адамның бойына сіңіп, оны емдеп қана қоймай Алланың рахымына бөлеп, жан дүниесін тазалайды деп есептеледі. Су өз бойына барлық жақсы, жаман нәрселерді сіңіріп алатындықтан, суға дұға, аяттардың жазбасын салу не үшкіру арқылы емдеу үрдісі халық арасында кең тараған.
Сондай-ақ, ботасынан жеріген інгенді қайтару үшін ішірткіні суға езіп, суын ботаның арқасына, сауырына жағып, қалғанын тұзбен араластынып, шүберекке түйіп, інгеннің мойынына тағып қоятын болған. Халық арасында түйенің ауырған ботасына ішірткі ішкізіліп, аман қалған деген деректер де кездеседі.
жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау