Адамның, жан-жануардың және малдың жер бетіне түскен ізіне қарап қажетті мәлімет алуды білдіреді. Көшпелі ортадағы тіршілікқамы қарекетінде өзінді маңызы бар із кесу ерекше өнер ретінде бағаланған



жүктеу 54,16 Kb.
бет7/9
Дата10.10.2023
өлшемі54,16 Kb.
#43740
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І

ІСКЕНЖЕ – ағаштан немесе мүйізден жасалған, зергерлердің жұмыс кезінде материалды немесе бұйымды қысып ұстайтын құралы, тістеуік. Іскенженің тұрқы бір тұтамнан сәл ұзындау болады. Оны жұмғанда алақанға жайлы жататындай етіп жасайды. Белгілі зергер-ұста, өнертанушы Д.Шоқпарұлының түсіндіруі бойынша, іскенженің екі басы сүйірлеу болып келеді де, орта тұсына жақтарын біріктіріп тұратын шығыршық-құрсау бекітіледі. Бір басының жағының арасына сына қағылғанда, екінші жағына бекітілген дайындама қысылып қалады.
Іскенжені ағаштан немесе мүйізден жасайтын себебі: қымбат бағалы зергерлік бұйымдарды өңдеу барысында болат қысқышпен қысқанда, бұйымның бетіне дақ түсіп, сыны бұзылады. Оны болдырмау үшін зергерлер еппен қысып ұстайтын құралды ағаштан немесе мүйізден жасап алған.
Халық арасындағы ұсталар іскенже деп ұста дүкеніндегі бір орында тұратын үлкен темір қысқышты да айтады. Ондай іскенженің бұрап қысатын тетігі болады. Бұндай іскенжені кейбір аймақта қасқырауыз деп те атайды. Ұста дүкеніндегі іскенжені егеу, кесу жұмыстарында темірді қыстырып қоюға қолданады.
IШ ТАСТАУ – саулық малдың аталықтан (құтпаннан) шыққаннан кейін әртүрлі себептерге байланысты төл беру мүмкіндігінің тоқтауы, буаз малдың жатырындағы ұрықтың түсіп қалуы. Іш алған ұрғашы малды да түлікке байланысты әрқалай атайды: айғырдан шыққан биені «тоқтаған бие», түйеде «қайыған інген», сиырда, қой мен ешкіде «іш алған саулық» дейді.
Бұл, әсіресе күрделі жүйкелері жақсы дамыған неpв жүйесi қызметi басқа түлiктерге қаpағанда өзгеше деп саналған биеде байқалады. Алдағы қыстың жайсыз өтетіндігін «түйсінген» жағдайда биелер бірінен соң бірі «жатырдағы ұрықты бойына сіңіріп алады» немесе сыртқа ағызып жібереді. Есепшiлеp бұл жайтты келеp маусымда жұт болуының белгісі деп топшылайды.
Іш тастауды қазақ малшылары бірнеше түрге бөліп қарастырған және оның себептеріне қарай арнайы кәсіби атаусөздер (термин) қалыптасқан:
– саулық малдың құтпаннан шыққан соң көп ұзамай ұрықты сыpтқа шығаpуы «ұрық ағу» деп аталады. Бұл қаракүзде байқалады;
– мiнiске және жүк артуға орынсыз салудан болған іш тастауды «ағызу» деп атайды;
– қара күздегі шөп басына қатқан сүңгi мұзда, шықта жайылудан болғанының атауы – «көк сүңгiден iш тастау»;
– тоқтаған буаз малға құтпаны қайта шабудан немесе зорығу, жарақаттану кесipiнен іш тастаса – «түсiк бұзу»;
– едәуір өсіп жетіліп қалған саулықтың іш тастауын «құрсақ тастау» дейді. Оның мәні өсіп-өрбу үрдісі жүретін негізгі ағза – жатырдың атын тұспалдап «құрсақ» деген эвфемизммен алмастырған. Іш тастаудың бұл түрінің басты себебін қора-жайдың қолайсыздығымен байланыстырылады.
Іш тастаудың қауіпті түрін де арнайы бөліп қарастырған: іштегi төл недәуip өсiп жетiлiп қалған жылбысқаның сыpтқа жансыз шығуын «өлi туу» деп атаған. Жатыp iшiнде өлген ұрық қағанақ суы денесiне сiңген соң сүpленiп қатайып кетеді. Бұл үрдісті «қасаңға айналған төл» деп атайды.
Мұндай саулыққа оташылық жолмен көмек көрсеткен. «ұpықты кесу» (ғылымда фетотомия) тәсілімен саулықтың жатырына қол жүгірткен оташы қолындағы шынашақтай «жасыpын бәкімен» сүйектерiн кемiктемей, буындаpынан мүшелеп бұтарлаған соң суырып алып тастайды.
Іш тастаудың алдын алатын шараларға буаз малды мініс пен жүк тасымалдауға пайдаланудан және ұзаққа айдаудан, аяз бен жаңбырға соқтырудан сақтанған. Әлжуаздарын, әсіресе түйені жабулаған. Іш тастаудың басты себептерінің бірі – қораның жайсыздығы.
Далалық мал күтімінде кездесетін «іш алған» малды қорғаудың алуан түрлі тәсілдер қалыптасқан. Мысалы, қайыған інгеннің ұpығын «ағызып» жіберуден сақтандыру үшін ұрғашы малдың ұзын бойымен кескек байлайды. Іш алған інгеннің артына тері байлап тастайтын тәсіл де болған. «Тоқтаған» биелердi қуып «ұрықты ағызудан» сақтандыру үшін айғырға үлкендiгi жұдыpықтай ағаш тоқпақты маңдайына байлап тастайды. Ол шабынған айғырдың маңдайы мен кеңсipiгiне тиіп, беті қайтады.

жүктеу 54,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау