3,02.2. 110 м. қашықтыққа кедергiден ceкipy
Кедергi койылғанан 110 м. дистанцияны спортшы 51-52 адымда жүгiрiп өтедi; I-шi кедергiге дейiн кедергi арасын 27 адымда; кедергiден өткенде 1О кедергi адымы мәре бөлiгiн 6-7 адымда.
Сөре және сөрелiк қозғалыс. Жүгiру аласа сөреден басталады, жүгiруде сөрелiк аяқ, тiрегiш колданылады. Кедергiден жүгiру аласа старттан, жай жүгiруге қарағанда көп қиын: кедергiден жүгiрушi белгiленген ара қашықтықта (13,72 М.) ең жоғарғы жылдамдықпен жүгiрiп, бiрiншi кедергiнi нәтижелi өтуi керек. Сөрелiк қозғалыстың бiрiншi адымында кедергiден жүгiрушi, жай жүгiрушiге қарағанда ертерек көтерiледi: дистанцияның, 8-1 О метрiнде, ол оңтайлы жүгiру қалпында болып, сөрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі - 7 адымда, екіншісі - 8 адымда. 7 жүгіру адымын, көбінесе, бойы биік және күштері мығым спортшылар қолданады. Бұндай сөреде сермелетін аяқ алға қойылады. Алдыңғы аяқ тірегіш сөре сызығынан 40-50 см. алдыңғы дән.
Бұл сөрелік қозғалыс вариантында кедергіден жүгіруші тез жоғарғы жылдамдықты алып, жүгіру адым ұзындығы бір қалыпты өседі, бірақ сөрелік қозғалыстан, дистанция бойымен жүгіргенде жүгіруші ырғағы әр түрлі болғандығы қиыншылық тудырады.
8 адымдық екпін алғанда сөре сызығына итерілетін тірегіші алға қойылады (40-66 см. сөре сызығының алдыңғы және артқы аяқ тірегіштің аралығы 20-40 см.). Мұндай сөрелік қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығы қысқартады, бірақ дистанция бойымен жүгіргенде тұрақты ырғақ сақтайды. Адым ұзындығы мынадай болуы мүмкін:
65 + 115 + 130 + 145 + 160 + 180 + 195 + 175 - 11,65 см
Kедергіден өту - техниканың ең қиын элементі: Бұл - итеруден басталады. Итеретін аяқ жерге табанының басына жедел қойылады. Осы жағдай кедергіге шабуыл жасағанда, дененің ортақ масса күші жоғарғы қалыпта болып және жылдамдықты жоғалту аз мөлшерде болады. Итеру бұрышы 65-700. Кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті, "шабуыл жасау" деп аталады. (сурет 57, кадр 1-4) кедергі шабуыл жасауда ең басты элемент, ол сермелетін аяқтың қозғалысы, тізеден бүгілген аяқ жедел, алға-жоғары бағытталған. Сермелетін аяқтың шабуылы аяқталатын сәтте, сирақ қозғалысы тасталып ашылады. Сермелетін аяқтың мұндай қозғалысы тепе-теңдік жылдамдықты жоғары деңгейде ұстайды.
Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте (сермелеген аяқ түзу болған кезде) дене жедел алға еңкейеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол шабуыл алдында шынтақтан 6үгіледі. Сермелетін аяқ түзелген сәтте, қол жазылып, алға жіберіледі, сәл ішке, алақан төмен бағытталған. Кейбір жүгізушілер шабуыл кезінде алға екі қолмен қозғалыс жасайды.
Итерілетін аяқ тізеден бүгіліп, сырт жаққа бағытталып, тез жоғары-алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа бағытталып, тез жоғары, алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа артқа төмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол, жай жүгіру кезіндегідей үгіліп, алға қозғалады. Кедергіден дененің ортақ массаның өтуі кедергіден түсу фазасы деп аталады. Кедергіден сермелетін аяқтың түсуі Д.Ом проекциясына таяу түседі. Аяқ табанының тұмсығына қатты қойылады. Итерілетін аяқ түсерде тіземен жедел алға қозғалады.
Кедергіден түсер сәтте денені еңкейтіп ұстаудың маңызы өте зор ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады. Қол кедергіден түсерде жедел қимыл жасап, жай жүгірудегідей жұмысқа дайындалады. Сермелетін аяқ жақтағы қол тез алға шығарылады, осындай қозғалыс итерілетін аяқтың тез қозғалуына өз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол артқа ығыстырылған сәтте шынтақ буыннан бүгіліп, жай жүгірістегідей қозғалыс жасайды. Кедергіден жүгірушінің осындай кедергіден өту әрекеті жылдамдықтың аз жоғалуына және кедергі арасын тез жүгіруді қамтамасыз етеді.
Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады. Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру адымның параметрі практикалық жүзінде өзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым - ең қысқа, екінші - ең үлкен, үшінші 10-15 см. қысқа, екінші адымға қарағанда. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл жасауға жақсы жағдай тудырады.
Кедергі араларында кедергіден жүгіруші өжет, қайратты, бірақ денені босаңқы ұстағанда өз нәтижесін береді.
Сөреге жету ақырғы кедергіні өткенде басталады және спринттерлік жүгіру болып табылады. Кедергіден жүгіруші осы дистанция бөлігінде
(14,02 кедергіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру.
Достарыңызбен бөлісу: |