Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет74/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

Асүйден теңселе басып, Тимур Қалдыбаевич шығады.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч 
(Мария
Петровнаға).
О-о, Маржанка-а!.. 
М а р и я П е т р о в н а 
(иығын қиқаң
еткізіп).
Қайдағы Маржанка!.. 
А қ м а р а л. Бұ кісі әйелдердің бәрін Маржан деп ойлайтын болу керек. 
Өзінің әдеті. 
М а р и я П е т р о в н а 
(күліп).
Иә, еркектердің кейде 
бізді өсітіп бір-бірімізбен шытыстырып алатын кездері болады. 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Маржан-ка-а!.. Сен манадан бері 
қайда кеттің-әй?.. 
(Мария Птеровнаның
топ-толық білегінен ұстап, асүйге қарай икемдейді).
Пардон мадам! Прошу!.. 
М а р и я П е т р о в н а
 (Ақмаралға
күлімсірей бұрылып)
. Байқаймын, жаңа қонақ 
көңілсіз адаи емес сияқты. Әрине, енді швқырған соң, бару керек. 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
 (Мария
Петровнаның топ-толық білегінен ұстаған күйі орындыққа отырып жатып).
Маржанка, 
Маржанка дейім. Сен манадан бері... 
М а р и я П е т р о в н а. Қайдағы Маржан?! Мен сізді 
қалжыңдап тұрған шығар десем, мен Мария Петровнамын!.. 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч 
(көзін
бақшитып, Мария Петровнаға мұқият зер салып).
Әй, шыныда, Маржан 
емес-әй... Кешіріңіз, қалай-қалай... 
М а р и я П е т р о в н а. Ма-а-ри-ия Пе-етров-на!.. 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Мария Петровна... Мария... 
Кешіріңіз, шыныда да, бүгін біраз... былай... 
М а р и я П е т р о в н а. Оқасы жоқ. Кімнің басында 
болмайтын жай. Кейде қыдыру да, көңілдену де керек. 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч 
(риза
болғаннан орнынан атып тұрып).
О-о-о!.. Міне, түсінетін 
кісі!.. «Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сондықтан да оны кейін өкінбестей 
етіп өткізу керек». Маржанка... То есть, кешіріңіз-з, Мария Петровна, осылай 
деп кім айтқан, а, айтыңызшы?! 
М а р и я П е т р о в н а. Меніңше, Николай Островский болу 
керек. 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. О-о-о! Айтып отырмын ғой – 
түсінетін кісі деп. Менің манадан бері іздеп жүргенім осындай кісілер ғой. Да, ну, к черту 
этого Алика!.. Кешіріңіз, Мария, бұл сізге емес... Айтпақшы, басыңызды не ғып таңып 
алғансыз, 
жараланып қалғансыз ба?.. 
М а р и я П е т р о в н а. Жо-жрқ. Түстен кейіннен бері, 
басым солқылдап сынып барады. Осы үйден енді жатқан-тұрған анальгин табылмас па 
екен деп, сұрай келіп едім. 
(Ақмаралға
мойнын созып).
Қызым, тілеуіңді берсін, анальгин бар ма екен жатқан-тұрған, 
қарай қойшы, а... Табылса, кетейін. Мен сол үшін ғана келгем. 
А қ м а р а л. Қазір-р... 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч 
(Мария
Петровнаға).
Түһ, Сіз де қызық екенсіз. При 
чем тут анальгин?! Бас аурудың бірден-бір дәрісі – мынау ғой!.. 
Ол 
костюмнің 
қойын 
қалтасынан 
аузы 
бұрандалы, 
төртбұрышты
шетелдік ықшам шишаны суырып алады да, оның ішіндегі арақты лықылдатып алдында
тұрған екі кесеге құяды.
Мінекейіңіз!.. 
Таңданбай-ақ қойыңыз. 
(Шишаны көрсетіп)
Это мой – ДП. Дополнительный паек дегенім 
ғой. 
(Екі алақанын бір-біріне
шабыттана ысқылап).
Ал, қане!.. 
М а р и я П е т р о в н а 
(басын
шайқап).
Мені одан сайын ауырсын дегеніңіз 
бе... 
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Қымбаттым!.. Мария Петровна. Мен 
ғылым кандидатымын. Білмесем айтып нем бар, дүние жүзіндегі дәрінің атасы – 
осы! Нанбасаңыз, медиктерден сұрап көріңізші, не дер екен. Дәрі атаулының бәрі 
осыдан, спирттен жасалады. 
М а р и я П е т р о в н а 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау