жылы қазақтардың 19 бен 43
жастың арасындағы еркектері
«қара жұмыс армиясына алын-
сын» деген патшаның «Маусым (июнь)» жар-
лығы елге таратылды. Бұған дейін орыс пат-
шалығы қазақтарды әскерге алмайтын. Енді
патша уәдесін бұзып, «соғыс жұмысына оры-
стан басқа ұлттардың еркектерін алу керек»
деген шешімге келіп, оны тездетіп орында-
туға кірісті. Патшаның соғыс күшінің қорына
деп ел мойнына қосымша салық салынып,
жәрдем ақша жиналды. Ең ақыры «соғыс жаб-
дығына керек» деп самаурынның сары жезі,
қ
алайы мен қорғасынға дейін жиылды. Бұл
қ
азақ халқының басына түскен ірі зобалаң-
ның бірі болды.
Торғай өлкесіне патшаның «Июнь жар-
лығы» жетісімен-ақ, ауыл-ауылдардың бә-
рінде халық дүрлігіп көтеріле бастады. Кө-
терілісті барша халық жақтады. Әбдіғаппар,
Карбоз, Садуақас, Қосжақ Өмен сияқты би-
болыстар сарбаздарға бас-көз болды, көте-
рілісті өздері ұйымдастырып, басшылықты
қ
олдарына алды. Амангелді Үдербайұлы, Уәлі
Жалмағамбетұлы, Бекболат Отызбайұлы,
Омар Тынымұлы сияқты азаматтар ел басы-
на «күн туғанда» көтеріліс туы астына кірді,
батыр атанды. Болыстарда ірі сарбаздар тобы
құ
рылды. Әр топтың басшысы да айқындал-
ды. Бәрі жиылып орталарынан хан сайлады.
Хан болып сайланғанның бірі Әбдіғаппар Жан-
босынұлы еді.
Әбдіғаппар Жанбосынұлы (1870 жылы
бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезі, Қара-
торғай болысында дүниеге келіп, 1919 жылы
қ
арашада қаза тапқан) Қыпшақ Тілеулі батыр-
дың ұрпағы. Арғы атасы Нияз би - Абылай
ханның сенімді серігі, әкесі Жанбосын (1847 -
1895) көп жылдар болыс болған. Анасы - Алуа
Ақтасқызы (1840- 1934). (Ақтас-Ахмет Бай-
тұрсыновтың әкесінің ағасы). Әбдіғаппар ауы-
лында бастауыш мектеп ашқан. Ағаштан ою
ойған шебер болған, суармалы егіншілікпен ай-
налысқан, ақыл-парасатымен ел ағасы атан-
ған. 1916 жылдың жазында Қараторғай болы-
сының, кейін бүкіл Торғай уезінің көтерілісші-
лері Әбдіғаппар маңына топтасты. Сол жы-
лғы 21 қарашада Жалдама өзенінің бойында
13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Әбдіғап-
парды хан көтерді. Әбдіғаппар ханның орда-
сы Үрпекке 15 шақырым жердегі Дүкенбай-
ұ
лы Сейдіғазымның қыстауында орналасты.
Әбдіғаппар ел билігін соғыс жағдайына бе-
йімдеп қайта құрды. Өзін хан деп атамай, әмір
деп есептеді. Ол өзі басқарған Торғай елін
бүкіл қазақтың тәуелсіз мемлекеті құрылға-
нға дейін патша билігін мойындамайтын, жау-
гершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы
автономиялық аймақ деп санады. Әбдіғапар
көтерілісшілерді 20 адамнан тұратын халық
өкілдерінің кеңесі арқылы басқарды. Бұл ке-
ңес әскери, әкімшілік, шаруашылық мәселе-
лерін шешетін басшы орталық болды.
Хан кеңесінің шешімі болмай, бір де бір
шаруашылық, соғыс мәселесі орындал-
майтын. Кеңес үкім шығарып, ауылдарға
«Қызыл бекет» арқылы, бұйрықтар таратып
отырды. Шығарылған үкім қағаздары заңды
болу үшін ханның мері басылатын. Хан жар-
лығы мен кеңестің шешімдерін іске асыру үшін,
көмекші уәзір сайланды, әскербасы-сардар-
лыққа Амангелді Үдербайұлы тағайындалды.
Қ
азына шаруасын басқару жұмысы Дәуіт Ер-
жанұлына тапсырылды. Елшілік мәселесі,
қ
ару-жарақпен қамтамасыз ету Садуақас
Жанбосынұлына жүктелді. Қазылық-би жұмы-
сы - Досан Қарабайұлына, Қосжан Манабай-
ұ
лына, сот Дәуіт Ержанұлына тапсырылды.
Бұл аты аталған азаматтар түгелдей кеңестің
құ
рамына енді.
Хан жарлығын іске асыру үшін болыстар-
да елбегілер сайланды. Елбегілер тікелей Дәуіт-
ке бағынатын. Олар мал-жанның есебін алды,
елден сарбаздардың мұқтаждығына ақша, мал
жинады. Хан жарлығы бойынша байлар 40 қой-
дан 1 қой, 5 қарадан 1 қара мал зекет берді,
қ
ару-жарақ алу үшін, елшілердің жол қаража-
ты үшін ақша қоры қазынашылар қолында жи-
налды. Елде тәртіп болу үшін ұрлық-қарлыққа
қ
арсы қатал жарлық шықты. Бұйрық қағазда-
рын, жалпы хабарларды тарату үшін әрбір 15-
20 шақырым жерде байланыс бекеттер орна-
тылды, халық оларды «қызыл бекеттер» деп
атады. Себебі, орналасқан үйлердің көбі
қ
ызыл кірпіштен еді.
Көтерілісті жақтаған болыстар өз орын-
дарында қалдырылды. Көтерілісшілер ежелгі
шығыс дәстүрімен ондық, жүздік, мыңдықта-
рға жіктелді. Оның қоластына Қазақстанның
көптеген аймақтарынан көтерілісшілер жасақ-
тары келіп қосылды, қарамағындағы сарбаз-
дардың саны күннен-күнге өсті. Бір деректер-
де 6000-дай сарбаз жиналды делінеді.
Сарбаздарды топтастыруда, мылтықтары
бар 200 сарбаздан 5 ерекше мергендер тобы
құ
рылды (әрқайсысында 40 мергеннен бол-
ды), соның екі тобы винтовкамен қаруланған
еді. Мыңбасылары жорыққа шыққанда жанын-
да 40 мерген ертіп жүретін. Мергендерді жат-
тықтыруға Кейкі, Жағыпар тағайындалды.
Кейкі бүкіл Торғай еліне аты шыққан мерген,
халық оны «қол мерген» деп атайтын, себебі,
мылтығын бір қолымен ұстап сермеп қалып,
атып дәл тигізетін.
Әбдіғаппар қарамағындағы ауылдардан
бір де бір адам «соғыс» жұмысына бармады.
Әбдіғаппар мен Амангелді қатал әскер тәртібін
енгізді, сарбаздарға соғыс тәсілдері үйретілді.
Осындай жағдайда Әбдіғаппар барлық істі
ақылдасып, елмен (6 болыс арғын, 6 болыс
қ
ыпшақ, 1 болыс найман) бірге шешуді дұрыс
көрді.
Әбдіғаппар мен Амангелді сарбаздарын
соғыс тәсілдеріне үйрете отырып, дүркін-
дүркін мыңбасыларын жорықтарға шығарып,
патша әскерімен шайқасқа түсті. Әбдіғапар
жасақтаған әскери құрылым империяның
қ
арулы күштеріне аса тегеурінді қарсылық
көрсетті.
Ресейде, 1917 жылғы ақпанда, буржуа-
зиялық-демократиялық көтеріліс жеңіске жет-
ті, патша тағынан түсті. Уақытша үкімет жа-
залаушы әскерлер тобын кері қайтарды. Бұл
кезде қазақ даласы әлі буырқанған теңіздей
тулап жатыр еді. Елінің бостандығын аңсаған
есіл ерлер енді кеңестік империяның бұғауы-
на бастарын оңайлықпен сұққылары келмеді.
Кеңес үкіметінің асырасілтеушілік әрекеттер-
іне қарсылықтарын ашық білдірді. Бірақ, құ-
рығы ұзын коммунистік жүйе елді арамдық-
пен де арандатып тынды. Сондай құр-
бандыққа ұшырағандардың бірі Әбдіғаппар
Жанбосын ұлы еді. Елінің егемендігін, халқы-
ның тәуелсіздігін аңсаған есіл ер 1919 жыл-
дың күзінде қызыләскерлер қолынан Батпақ-
қ
ара маңындағы Зәуре қопасында қаза тап-
ты. Торғай қазақтарының 1916-1917 жылдар-
дағы патшаға қарсы жүргізген соғыс әрекет-
тері ерліктің ұлы өнегесі еді.
жылдан бастап Кеңес Одағын-
да, әсіресе, Қазақстанда, қан-
дай да болмасын оқиға, комму-
нистік идеологияға бағындырылды, соның
ішінде, 1916-1917 жылдың тарих мәселелеріне
көзқарас күрт өзгерді. Жеке адамға табыну-
шылық саясаты жүргізілді. Батыр аталары-
мыздың аттары құрдымға жіберілді, ұлт-азат-
тық көтерілісте жанын-тәнін аямай ерлік көр-
сеткен азаматтар әдейі ұмыт болды, аруақ-
тары аяқ асты етілді. Әбдіғаппар Жанбосын-
ұ
лының ұрпақтары «хан тұқымы» ретінде
аяусыз қуғынға ұшырады. Енді міне, еліміз еге-
мендік алып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп
жатқан уақытта Кешегі екі алып империяға
жалаң кеуде, жалаң қылышпен қарсы шыққан
ерлерімізбен, солардың басын бір тудың ас-
тына біріктіре білген дара тұлғаларымызды
ұ
лықтасақ болар еді.
Еңбек ТІЛЕУОВ,
Жезқазған қалалық
қ
ан орталығы бастығы.