А. Т. Оралова, Н. К. Цой, Ю. Д. Обухов, А. М. Суимбаева, А. Ж. Ауелбекова



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет9/72
Дата15.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#43403
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
УП Экология 1 болим каз

Қолданбалы экология
– адам әрекетінің түрлі аудандарымен және 
адам қоғамының табиғатпен арасындағы қарым-қатынасымен байланысты 
дисциплиналарының үлкен бір тобы. Ол экономикалық экологиялық 
критерийлерін топтастырады, табиғат пен қоршаған ортаға антропогенді 
әсерінің механизмдерін зерттейді, оның сапасын қадағалап, табиғи 
ресурстарды пайдалану нормативтерін негіздейді, шаруашылық әрекетін 
экологиялық регламенттеуді жүзеге асырады және т.б. 
1.4 Экология білімдері мен мәдениетінің құрылуы. Экологияның 
басқа ғылымдармен байланысы. Экологияның басқа ғылымдар 
жүйесінде алатын орны мен атқаратын рөлі 
Өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін «табиғат үйіне» қамқорлық 
таныту, әлбетте, алғашқы адамның қолында болатын. Тірі қалу үшін, адам, 
оны қоршап жатқан орта жайлы, табиғат күші, өсімдіктер мен жануарлар 
туралы, олармен қалай пайдаланатынын, осының барлығын білуге тиісті 
болды. Өркениетті, адам тіршілік ететін орнын өзгертуге мүмкіндік 
беретін, жылынуға, тамақ жасау үшін, т.с.с. мақсатта от пен басқа қару 
жарақтарды пайдалануды үйренгенде пайда болды деп есептейді. Адам-
жинақтаушы жан-жаққа қараумен болды: қайда және қандай жерлерде 
жеуге келетін өсімдіктер жиналғанын, балық қайда ауланатынын, құстар 
мен жануарлар жүретін жерлерді қарастырып, тіршілік әрекетін 
жалғастырып отырды. 
Қазіргі заманның өзінде адам табиғатпен тікелей байланысты. 
Заманауи экология дисциплинааралық сипаттағы негізгі фундаментті 
ғылымдардың бірін білдіреді. 
Өткен жүзжылдықтың 20...30 жылдарын экологияның «алтын 
ғасыры» деп атайды. Осы уақытта популяцияның өсуі мен олардың 
арасындағы қарым-қатынасын сипаттайтын базалық теориялық модельдер 
құрылған болатын. 
Бүгінде көптеген ғалымдар экологияны тірі организмдердің не 
организмдер топтарының қоршаған ортамен байланысы, тірі организмдер 
мен олардың өзі өмір сүріп жатқан мекенімен байланысы жайлы ғылым 
деп есептейді; мұнда адам баласы табиғаттың бір бөлігі ретінде 
қарастырылады. Алайда, бұл тым жалпыланған құрылым қосымша 


12 
толықтырулар мен дәлдемелерден өткен болатын. Және сол жайлы сөз 
таластар әрі қарай жалғасын табуда. Олар экология пәніне, зерттеу 
объектісіне, осы ғылымның шекараларына және олардың басқа 
шекаралармен байланысына, білімнің жақын аймағына қатысты. 
Осылайша, Ю.Одум қысқа және ең мамандандырылған анықтаманы, 
дәлірек айтқанда: экология – бұл «қоршаған ортаның биологиясы» 
(environmental biology) анықтамасын ұсынды. 
Уақыт 
өте 
келе 
адам 
әрекетінің 
көптеген 
сфераларында 
«экологияландыру» жүріп жатыр. Экологиялық тәсілдеме барлық жаңа 
ұстанымдарды жаулап алды және экология түсінігі біршама кеңейді. Бұл 
«экология» түсінігінің жырмалануына және зерттеу пәнінің жойылуы мен 
басқа ғылым салаларымен нақты шекараларын жоғалтуға әкеп соқты. 
ХХ ғасырдың соңында, ғылым ретіндегі экология дисциплинааралық 
бола бастады және биологиялық, геологиялық-географиялық, техникалық 
және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың торабында тұр деген ой 
туындады. Экологияға қатысты ең алғаш классикалық көріністер енді 
артқы орындарға бірте-бірте жылжып, қазіргі уақыттың экологиялық 
мәселелерімен 
шиеленіседі. 
Жалпыға 
қарсыластырып 
қойылған 
қолданбалы экология туралы, экологиялық процестер мен жаһандық 
деңгейдегі биосфераның дамуының заманауи үрдістерді, мемлекеттердің 
экономикасымен байланысын, әлеуметтік құрылғылары мен индустриалды 
дамудың алуан түрлі деңгейін қарастыратын жаһандық экологияға 
қарағанда көп әңгіме қозғалмайды. Экологиялық қауіпсіздік, экологиялық 
дағдарыс, экологиялық төтенше жағдай, экологиялық мәдениет пен 
экологиялық құлықтылық және т.б. жаңа терминдер пайда болды. 
Классикалық экология негізінде білімнің бүтіндей жаңа аймақтары – қауіп-
қатердің биосфераға антропогенді әсерін талдау мен бағалау пайда болып, 
әрі қарай дамуда. Олардың, қоршаған ортаға деген техногенді әсерлерін 
болар нәтижелермен тұрғындардың денсаулығы мен табиғи экожүйелерге 
тиетін зақымды азайту мақсатында байланыстыратын таза практикалық 
сипаты бар. 
Жеке ғылыми дисциплина ретіндегі заманауи экология көптеген 
ғылыми бағыттардың қиылысында пайда болып, биологиялық, 
техникалық, экономикалық, эстетикалық және басқадай бағыттарды, 
адамның (қоғамның) алуан түрлі организмдермен және табиғаттың өлі 
элементтерімен қарым-қатынасы мен байланысын зерттеп оқытатын 
ғылымға айналды, «адам-табиғат» жүйесіндеғы қарым-қатынасты 
оңтайландыруға жәрдемдесті. 
Экология 

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау