А. Т. Оралова, Н. К. Цой, Ю. Д. Обухов, А. М. Суимбаева, А. Ж. Ауелбекова


 Экологияның мақсаты, міндеттері мен әдістері



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет6/72
Дата15.09.2023
өлшемі1,39 Mb.
#43403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
УП Экология 1 болим каз

1.2 Экологияның мақсаты, міндеттері мен әдістері 
Заманауи экологияның ғылым ретіндегі басты 
мақсаты
оның әртүрлі 
бөлімдері мен ірі фактілі материалдарының шоғырлануы, олардың табиғат 
пен адамзат қоғамының арасындағы байланысты жан-жақты айқындайтын 
жүйесіне біріктірілуі. Біз қазіргі заманғы экологияның мәселелерін түсініп, 
оларды шешу жолдарын табу үшін, адам мен табиғат арасындағы тұрақты 
дамуын қамтамасыз ету үшін қажет. 
Экология келесі 
тапсырмаларды
орындайды. 
1.
Табиғат пен ондағы ресурстардың күйіне тексеріс жүргізу, тірі 
табиғаттың антропогенді жүктемеге қатысты төзімділік шегін анықтау; 
2.
Адам баласының экономикалық және қоғамдық дамуының 
түрлі сценарийінде адамды қоршап отырған орта мен биосфераның 
өзгеруіне қатысты болжамдарды әзірлеу; 
3.
Оңтайландыру критерийлерін жасап шығару – қоғамның 
экологиялық бағдарланған әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын 
таңдау; 
4.
Ортаға 
бейімделу 
механизмдерін 
зерттеу. 
Заманауи 
жағдайларда бұл әрекеттің экстремалды жағдайлары бар территорияларды 
(шөлейтті, құрғақ жерлер, полярлық және т.б.) танып білумен байланысты 
маңызы бар. Адам экологиясы мақсатты түрде аталмыш экстремальді 
шарттары бар аудандарды қоса отырып, Жер шарының түрлі аудандарында 
ең қолайлы жағдайларды құру мәселелерімен айналысуы керек. 



5.
Популяция санын реттеу. Өсімдіктер мен жануарлардың, 
сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүру шарттарын зерттеу 
негізінде 
малдар 
саны 
мен 
түрлерін 
реттеп 
отыруға, 
ауылшаруашылығындағы жануарлар мен өсімдіктерге кесірін тигізетін 
заттармен, ауруды таратушылармен және т.б. күресуді ұйымдастыруға 
болады. 
6.
Өнім беру процесін басқару. Бұл мәселе өзіне трофикалық 
деңгейлер жүйесіне энергетикалық ағымның сандық сипаттама сұрақтарын 
шешуді қосады (фотосинтезді басқару, топырақтың құнарлылығын 
жоғарылату, егістерді рационалды түрде орналастыру және т.б.). бұл 
басқаларға қарағанда жергілікті жағдайларға жақсырақ бейімделген және 
ең көп өнімділік пен астық өнімін беретін өсімдік пен малдар түрлерін 
өсірудің ғылымға негізделген жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. 
7.
Экологиялық индикация – масштабтарды анықтау мен 
адамның қоршаған ортаға тигізетін әсерінің мүмкін нәтижелерін болжау. 
Табиғат жағдайларында биологиялық индикаторларға - болуы мен күйі 
бойынша, сонымен қатар, ортадағы өзгерістерге, соның ішінде 
ластағыштардың болуы мен олардың концентрациясымен айқындалатын 
іс-қимылымен байланысты бір түрдің ағза топтары немесе биотикалық 
қоғамдастық кіреді. Соған қоса, қоршаған ортаның қасиетінің өзгеруіне не 
сипатына бағыттайтын күйдің ауысуы (түсі, реңінің өзгеруі) немесе саны, 
физикалық құбылыстар мен химиялық заттар индикатор болуы мүмкін. 
8.
Мониторинг – қоршаған орта параметрлерін динамикада 
қайталап, мақсатты түрде бақылау жүйесі. Берілген бақылаудың негізінде 
табиғат ресурстарын рационалды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау 
жөнінде нұсқамалар беріледі. 
Экология орта қорғаушылық және табиғат қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін іс-шаралардың комплексті түрде әзірленуіне бағытталған. Бұл жерде 
табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны қорғау түсініктерін шатастырмау 
керек. Соңғысы қазіргі заманғы адамға қатысты қолданылады, себебі оның 
ортасында көптеген жасанды түрде құралған, табиғи емес компоненттер 
бар. Және бұл жағдайда әңгіме адам қажеттіліктері мен қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету жайлы қозғалып тұр. 
Табиғатты 
қорғау 
биологиялық 
процестердің, 
биологиялық 
түрөзгерістерді топтастыруды, табиғи экологиялық жүйелерді сақтауды 
қамтамасыз етуі керек. 
Жоғарыда бекітілген тапсырмаларды орындауда экология келесі 

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау