10
биосферадағы әртүрлі жүйелер мен қоғамдастықтарды топтастыру мен
ұйымдастырудың сипаттамалары мен принциптерін зерттейді.
Жеке
экология анықталған рангінің нақты топтарын зерттеумен айналысады:
адамзат, қалалар, жан-жануарлар экологиясы және т.б. Басқа да экология
бөлімдерін ажыратады.
Факторлы
(немесе ауто-) экология түрлердің
қоршаған ортамен
қарым-қатынасын зерттеп, экологиялық факторлардың тірі организмдерге
қосарласқан түрде тигізетін әсерін айқындайды.
Популяциялық экология
(немесе демэкология)
популяцияның
кеңістіктегі құрылымын, олардың генетикалық құрамын,
сандар
динамикасын, түрлі жастар аралығындағы топтарымен қатынасын зерттеп
оқытады.
Биогеоценология
(немесе синэкология) экожүйелер, биоценоздар мен
биогеоценоздардың әртүрлі параметрлері мен құрылымын зерттейді.
Белгіленген экология бөлімдерімен Сіздер төменірек қарай танысасыздар.
«Жаһандық экология»
сияқты экология бөлімі салыстырмалы түрде
аз уақыт бұрын пайда болды. Ол экологиялық процестер мен биосфераның
дамуының заманауи үрдістерін жаһандық деңгейде қарастырады; толықтай
адам қоғамдастығының тіршілік етуі үшін мағынасы бар әсерлерді, Homo
sapiens популяция түрі мен заманауи өркениеттің сақталу әрекеттерін
зерттейді.
Экологияны негізгі бөлімдерге бөліп қарастыру 1.1-суретте
бейнеленген.
1.1-сурет – Экология және оның негізгі бөлімдері
Жалпы экология
Жаһандық
экология
Адам экологиясы:
Адам
биоэкологиясы,
әлеуметтік
экология, адамзат
экологиясы
Биоэкология:
аутоэкология,
синэкология,
демэкология
Геоэкология:
геосфералар,
табиғи
аудандардың
экологиясы
Қолданбалы
экология
Жаһандық
экологиялық
қауіпсіздік,
жаһандық
мониторинг
Табиғат пен
қоршаған ортаны
қорғау
Экологиялық
қауіпсіздік,
мониторинг,
қалыптандыру,
сараптама
Табиғатты пайдалану
Инженерлік
экология: өндірістік,
құрылыстық,
транспорттық т.с.с.
11
Геоэкология
географиялық тиесілілігінің
көзқарасынан организмдер
мен тіршілік ортасының қарым-қатынасын зерттейді. Оған кіретіні: орта
экологиясы (ауадағы, жердегі, топырақтағы, судағы және т.б.), табиғи-
климаттық аудандардың экологиясы (тундра, тайга, қырлар, шөлді жерлер
т.с.с.),
географиялық облыстардың, аудандардың мемлекеттердің,
континенттердің экологиялық сипаттамасы.
Адам экологиясы
–
адам әрекетін жеке, дербес тұлға ретінде оны
қоршап жатқан табиғат пен әлеуметтік ортамен байланысын зерттейтін
дисциплина тобы.
Достарыңызбен бөлісу: