2
Еңбек құқығының әдісін еңбекті құқықтық реттеудегі тәсілдер кешені
ретінде игеру барысында, оның құқық нормасы арқылы көрінетінін және өзінің
ерекшеліктері бар екенін түсіну қажет. Осыдан келе, әдістің қандай
тәсілдерден тұратынын анықтау қажет.
Еңбек құқығының пәнін, әдісін меңгере келе, енді оның жүйесіне көңіл
бөлуіміз керек. Еңбек құқығының жүйесі дегеніміз құқықтың сол саласының
құрылымы мен мазмұнының бүтіндігін, ажырамас бірлігін құрайтын құқықтық
нормалар жиынтығы.
Тақырыпты толық меңгеру үшін Қазақстан Республикасының
конституциясын және ҚР еңбек кодексін қараңыз.
Әдебиет: 1; 10-16 б.; 2, 8-21 б.; 3; 4
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың түсінігі.
2 Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құрамдас элементтері.
3 Еңбек құқығының мәндік белгілері.
4 Еңбек құқығы пәнін еңбекті қолдануға (мердігер, тапсырма, т.б.)
байланысты азаматтық-құқықтық қатынастардан шектеп бөлу.
5 Еңбек және қызметтік-құқықтық қатынастардың әкімшілік құқықтағы
бірлігі және арақатынасы.
6 Еңбек құқығы әдісінің түсінігі және ерекшелігі.
7 Еңбек құқығы әдісінің негізгі элементтері мен көрініс табу нысандары.
8 Еңбек құқығының жүйесі.
3.2 Тақырып 2. Қазақстан Республикасының қағидалары
Сұрақтар
1 Еңбек құқығы қағидаларының түсінігі, олардың мәні
2 Еңбек құқығы қағидаларының жіктелуі, мазмұны
3 Еңбек құқығының конституциялық қағидалары
4 Еңбек құқығының салалық қағидаларының сипаттамасы
Әдістемелік нұсқама
Тақырыпты меңгеруге көшпес бұрын, ең алдымен құқықтық принциптер
ұғымын анықтап алуымыз қажет. Еңбек құқығының принципі дегеніміз негізге
алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың және оның институттарының
құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді. Принцип
еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі ретінде заңнамада міндетті
түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс. Бұл жағдайда ол құқықтық принципке
айналады.
Еңбек құқығының принциптерін оқу барысында оның жалпы, салалық
және салааралық принциптерінен ажырата білуіміз қажет. Еңбек құқығының
салааралық принциптері Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 4
бабында берілген және бұл принциптерді толық түсіну үшін Қазақстан
3
Республикасының еңбек кодексіне түсініктемесін қарауға болды (Комментарии
к Трудовому кодексу РК. Под ред. Сапарбаева Б.М. Астана 2008.).
Әдебиет: 1; 10-16 б.; 2, 74-89 б.; 3; 4; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек құқығы принциптерінің түсінігі.
2 Еңбек құқығы принциптерінің жіктелуі.
3 Еңбек құқығының салалық принциптерінің сипаттамасы.
4 Еңбек құқығы қайнар көзінің ұғымы.
5 Еңбек заңнамасының жүйесі.
6 Еңбек құқығы қайнар көзінің негізгі түрлері және олардың
сипаттамасы.
3.3 Тақырып 3. Еңбек құқығының субъектілері
Сұрақтар
1 Еңбек құқығының субъектілерінің түісінігі мен түрлері.
2 Еңбек құқығы субъектілерінің еңбектік құқық субъектілігі, оның құқық
және әрекет қабілеттілігі.
3 Жеке тұлға еңбек құқғының субъектісі ретінде.
4 Жұмыс беруші еңбек құқығының субъектісі ретінде.
5 Кәсіптік одақтар еңбек құқығының субъектісі ретінде.
6 Мемлекет еңбек құқығының субъектілері. Олардың еңбек қатынастарға
қатысуының нысандары.
Әдістемелік нұсқама
Бұл тақырыпты оқу үшін оның субъектілерінің ұғымын, түрлерін және
олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесін білуіміз қажет.
Еңбек құқығының субъектісі дегініміз бұл еңбек қатынастарымен
реттелетін, еңбек құқықтары мен сәйкесінше заңды міндеттерді иемденетін
қоғамдық қатынастардың қатысушылары.
Еңбек құқығының субъектілері болып: еңбекке қабілетті азаматтар,
жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар, әр деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктер
және мемлекеттік органдар танылады.
Тақырыпты толық меңгеру үшін міндетті түрде ең алдымен Қазақстан
Республикасының еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының еңбек
кодексінің түсініктемесін және Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар
туралы» заңын басшылыққа алуыңыз қажет.
Әдебиет: 1; 45-68 б.; 2, 118-134 б.; 3; 4; 13; 14; 15; 18
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Еңбек қатынастарының субъектілері ұғымы және сипаттамасы.
1 Халықты жұмыспен қамту дегеніміз не?
2 Азаматтардың жұмыспен қамтылу саласындағы құқықтары.
3 Жұмыссыздарға әлеуметтік кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу.
4
3.4 Тақырып 4. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт
Сұрақтар
1 Әлеуметтік әріптестіктің түсінігі.
2 Әлекметтік әріптестік мақсаттары, қағидалары, жүйесі, нысандары.
3 Әлеуметтік әріптестік тараптары. Әлеуметтік әріптестіктің мазмұны.
4 Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру және келісімдер жасау тәртібі
5 Ұжымдық шарт ұғымы мен тараптары.
6 Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы.
7 Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты әзірлеу мен
жасасудың тәртібі.
8 Ұжымдық шарттың орындалуы және тараптардың жауапкершілігі.
Әдістемелік нұсқама
Студенттер бұл тақырыптарды оқу барысында өткен тақырыптарға
нақтырық айтатын болсақ, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі әдістерге,
еңбек құқығының қайнар көздерінің ерекшеліктеріне, соынмен қатар, кәсіптік
одақтардың жұмыскердердің мүдделерін қорғауға қатысуын сүйенулері қажет.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1 бабына сәйкес,
«әлеуметтік әріптестік – бұл жұмыскерлер жұмыскерлердің өкілдері, жұмыс
берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы
еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге
бағытталған өзара қатынастар жүйесі». Ал ұжымдық шарт - ұйымдағы
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлер ұжымы мен жұмыс
берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 4
бөлімін қараңыз.
Әдебиет: 1; 123-139 б.; 2, 141-154 б.; 3; 4; 6; 7; 13; 14; 15
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Әлеуметтік әріптестік дегеніміз не?
2 Әлеуметтік әріптестік принциптері мен міндеттері.
3 Әлеуметтік әріптестік түрлері.
4 Ұжымдық шарт ұғымы.
5 Ұжымдық шарттың еңбек шартынан өзгешілігі.
6 Ұжымдық шарттың тараптары кімдер?
7 Ұжымдық шарттың мазмұнына қандай жағдайлар кіреді.
8 Ұжымдық шарттың орындалу тәртібі.
3.5 Тақырып 5. Еңбек шарты
Сұрақтар
1 Еңбек шартының ұғымы, тараптары.
Достарыңызбен бөлісу: |