А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет17/24
Дата20.11.2017
өлшемі0,8 Mb.
#1192
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

 

2 Еңбек шартының мерзімі, мазмұны. 



3 Еңбек шартын жасасу тәртібі. 

4  Басқа  жұмысқа  ауыстырудың  түсінігі  және  түрлері.  Басқа  жұмысқа 

ауыстырудың жағдайлары мен тәртібі. 

5 Еңбек шартын тоқтату және бұзу. 

6 Еңбек кітапшасы. 

7 Жұмысқа қабылдауды ресімдеу. 

8  Маусымдық  жұмыскерлермен,  үй  жұмыскерлермен  және  үйде  жұмыс 

істейтін жұмыскерлермен еңбек шартын  

9 Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлермен еңбек шартын жасау 

10  Халықтың  әлеуметтік-қорғалмаған  санаттарымен  еңбек  шартын 

жасасу  

11  Әйелдердің  және  отбасылық  міндеттері  бар  өзге  адамдардың  еңбегін 

реттеу ерекшеліктері 

12  Қоса  атқаратын  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің  еңбегін  реттеудің 

ерекшеліктері 

13 Азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу ерекшеліктері 



 

Әдістемелік нұсқама 

   


Бұл  тақырыпты  меңгеруді  еңбек  ету  бостандығын  көздейтін  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясының  24  бабынан  бастаған  жөн.  Яғни: 

«Әркiмнiң  еңбек  ету  бостандығына,  қызмет  пен  кәсiп  түрiн  еркiн  таңдауына 

құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе 

соғыс жағдайында ғана жол берiледi» - деп атап көрсетілген.   

   


Еңбек  шарты  еңбек  құқығында  маңызды  роль  атақарады.  ҚР  Еңбек 

кодексінің 1 бабына сәйкес, еңбек шарты – бұл жұмыскер мен жұмыс берушінің 

арасындағы  жазбаша  келісім,  бұған  сәйкес  жұмыскер  белгілі  бір  жұмысты 

(еңбек  функциясын)  жеке  өзі  орындауға,  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерін 

сақтауға  міндеттенеді,  ал  жұмыс  беруші  жұмыскерге  келісілген  еңбек 

функциясы  бойынша  жұмыс  беруге,  ҚР  Еңбек  кодексінде,  Қазақстан 

Республикасының  заңдары  мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерінде, 

ұжымдық  шартта,  жұмыс  берушінің  актілерінде  көзделген  еңбек  жағдайын 

қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге 

міндеттенеді. 

   

Бұл нормалар Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 2 бөлімінің 4 



тарауында бекітілген. 

Әдебиет: 1; 130-167 б.; 2, 193-244 б.; 3; 4; 6; 9; 13; 14; 15 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Еңбек шартының ұғымы. 

2 Еңбек шартының мазмұны. 

3 Еңбек шартын тоқтату мен бұзудың негіздері. 

4 Еңбек шартында қандай ережелер мiндеттi болып табылады? 

5 Еңбек шарты қандай мерзiмге жасалуы мүмкiн. 

6 Маусымдық жұмыскерлер ұғымы. 



 

7  Үй  жұмыскерлері  мен  үйде  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің 



ерекшеліктері. 

8 Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлермен жеке еңбек шартын 

жасасу ерекшеліктері

 



 

3.6 Тақырып 6. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты 

   Сұрақтар 

1 Жұмыс уақытының түсінігі және оның белгілері. 

2 Жұмыс уақытының түрлері. 

3  Жұмыс  уақытының  режимі.  Жұмыс  аптасының,  жұмыс  ауысымының, 

жұмыс күнінің түсінігі және түрлері. Ауысым кестесі. 

4  Үстеме жұмыстар. Жұмыскерді үстеме жұмыстарға тарту. Жұмыскерді 

түнгі жұмыстарға тарту.  

5 Жұмыс уақытының есебі. 

6 Тынығу уақытының түсінігі және түрлері.  

7 Тынығу уақытының түрлеріне жалпы сипаттама: 

   7.1 Тынығу және тамақсаныға берілетін үзіліс; 

   7.2 Арнайы демалыстар

   7.3 Демалыс және мереке күндері; 

   7.4 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы; 

   7.5    Әлеуметтік  демалыстар:  жүктілігі  және  босануы  бойынша 

демалыстар,  үш  жасқа  дейін  баласы  бар  әйелдерге  жалақысы  сақталмайтын 

қосымша демалыс беру, оқу демалысы. 



       

Әдістемелік нұсқама   

   


Тақырыпты  меңгеру  барысында  ең  алдымен  осы  екі  ұғымға  тоқталып 

кетейік.    Жұмыс  уақыты  -  жұмыскер  жұмыс  берушінің  актілеріне  және  еңбек 

шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ 

ҚР  Еңбек  кодексіне  сәйкес  жұмыс  уақытына  жатқызылған  өзге  де  уақыт 

кезеңдері ал  тынығу уақыты - жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос 

және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты (ҚР ЕК 1 б.). 

Жұмыскер  еңбек  міндеттерін  жұмыс  уақытынын  ішінде  орындауға 

міндетті. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс 

уақыты  болуы  мүмкін.  Бұл  жұмыс  уақытының  ұзақтығы  аптамен  белгіленеді. 

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 

ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат 

болғанда  -  7  сағат  12  минуттан  және  апталық  норма  24  сағат  болғанда  5 

сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың 

(жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, 

апталық  норма  36  сағат  болғанда  -  6  сағаттан  және  апталық  норма  24  сағат 

болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. 

Еңбек  кодексіне  сәйкес  тынығу  уақытының  мынадай  түрлері  бекітілген: 

1)  жұмыс  күні  (жұмыс  ауысымы)  ішіндегі  үзілістер  -  тынығуға  және 




 

тамақтануға  арналған  үзіліс;  ауысымішілік  және  арнаулы  үзілістер;  2) 



күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз 

тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыста. 

Студенттерге  Қзақастан  Республикасының  еңбек  кодексінің  7  және  8  

бөлімінің нормаларын білулері қажет. 



Әдебиет: 1; 248-269 б.; 2, 269-288 б.; 3; 4; 6; 13; 14; 15 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1 Жұмыс уақытының түсiнiгi. 

2 Жұмыс уақытының түрлерi. 

3 Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы. 

4 Толық емес жұмыс уақыты. 

5 Мерзiмiнен тыс жұмыстар дегенiмiз не? 

6 Тынығу уақытының түсінігі 

7 Тынығу уақытының жалпы сипаттамасы 

 

 

3.7  Тақырып 7. Жалақы. Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен 



өтемақылар төлеу 

   Сұрақтар 

1  Жалақының  түсінігі  және  еңбегі  үшін  көтермелеулердің  басқа  да 

түрлерінің айырмашылығы.  

2 Жалақыны құқықтық реттеудің әдістері. 

3  Жалақының  минималды  шегі.  Ең  төменгі  жалақы,  өмір  сүру  деңгейі, 

айлық есептік көрсеткіштің айырмашылығы. 

4 Жалақының нысаны мен ақы төлеу жүйесі. 

5  Қалыпты  еңбек  жағдайынан  ауытқыған  жағдайда  еңбекке  ақы  төлеу: 

үстеме, демалыс және мереке күндері, түнгі жұмыстар. 

6 Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу тәртібі. 

7  Қызметтік  іс  сапарда  жүрген  кезде  және  ұйыммен  бірге  басқа  аймаққа 

ауысқан кезде төленетін өтемақылық төлемдер. 

 

Әдістемелік нұсқама 

   


Студенттер  жоғарыда  көрсетілген  тақырыптарға  байланысты  жалақы 

дегеніміз  не,  оның  басқа  заңнамада  көзделген  төлемдер  мен  қосымшалардан 

қандай айырмашылықтары бар екенін білулері қажет.   

«Еңбекақы»    категориясының  мазмұны  екі  аспектіні  анықтайды: 

экономикалық  және  құқықтық.  Экономикалық  ұғымда  еңбекақы  жұмыс 

күшінің бағысы мен құнын білдіреді. Ал құқықтық категория ретінде еңбекақы 

-  жұмыскердің  біліктілігіне,  орындалатын  жұмыстың  күрделілігіне,  санына, 

сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ 

өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер (ҚР ЕК 1б.). 

   


Студенттер  еңбекақыны  кеплілдіктер  мен  өтемақы  төлемдерінен 

ерекшелейтін  элементтеріне  назар  аударулары  тиіс.  Өтемақы  төлемдері  - 

жұмыстың  ерекше  режимі  мен  еңбек  жағдайларына,  жұмысынан  айрылуына, 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау