27
6. Жұмыс уақыты. Тынығу уақыты
Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты режимінің негізгі
элементтері:
аптадағы жұмыс
күндерінің саны;
күнделікті жұмыстың
басталуы мен
аяқталуы;
жұмыс
ауысымдарының
ұзақтығы мен
алмасуы.
Бес күндік жұмыс аптасы
кезінде күнделікті жұмыстың
(жұмыс ауысымының) ұзақтығы
апталық норма 40 сағат болғанда
- 8 сағаттан,
апталық норма 36 сағат болғанда
- 7 сағат 12 минуттан және
апталық норма 24 сағат болғанда
- 5 сағаттан аспауға тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасы
кезінде күнделікті жұмыстың
(жұмыс ауысымының) ұзақтығы
апталық норма 40 сағат болғанда
- 7 сағаттан, апталық норма 36
сағат болғанда - 6 сағаттан және
апталық норма 24 сағат болғанда
4 сағаттан аспауға тиіс.
28
Жұмыс уақыты
Күнделікті жұмыстың
(жұмыс ауысымының)
ұзақтығы, күнделікті
жұмыстың (жұмыс
ауысымының) басталу және
аяқталу уақыты, жұмыстағы
үзілістер уақыты жұмыс
аптасының белгіленген
ұзақтығы сақтала отырып,
ұйымның еңбек
тәртіптемесі ережелерімен,
еңбек шартымен, ұжымдық
шартпен белгіленеді.
Өнер және мәдени демалыс
кәсіптік ұйымдарының
шығармашылық
қызметкерлері, бұқаралық
ақпарат құралдарының
қызметкерлері, спортшылар,
жаттықтырушылар үшін
Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына, жұмыс
берушінің актілеріне,
ұжымдық шартқа немесе
еңбек шартына сәйкес
күнделікті жұмыстың өзгеше
ұзақтығы белгіленуі мүмкін.
Жұмыс уақытының
жиынтық есебі үздіксіз
жұмыс істейтін
өндірістерде, цехтарда,
учаскелерде және өндіріс
(жұмыс) жағдайлары
бойынша қызметкерлердің
осы санаты үшін
белгіленген жұмыс
уақытының күнделікті
немесе апта сайынғы
ұзақтығы сақтала алмайтын
жұмыстардың кейбір
түрлерінде қолданылады.
29
Тынығу уақыты
Тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін
орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана
алатын уақыты.
Тынығу уақытының түрлері:
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер -
тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс;
ауысымішілік және арнаулы үзілістер;
2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);
4) мереке күндері;
5) демалыстар болып табылады.
Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде
тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты
сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.
Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні
басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті
(ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан
кем болмауға тиіс.
Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына
екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір
күн беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс
аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып
табылады.
30
Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс
күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан
кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан
кешіктірілмей белгіленуге тиіс. Ұзақтығы 8 сағаттан
асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында)
жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі
кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс
күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан
кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін.
Тынығу уақыты
Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге
технологияға және өндіріс пен еңбекті
ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына
қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл
жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің ұзақтығы
мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс
берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып
қабылданған актілерінде белгіленеді.
Қызметкердің келісімінсіз демалыс
және мереке күндері жұмысқа
тартуға мынадай жағдайларда жол
беіледі:
1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе
өндірістік аварияны болдырмау не олардың
зардаптарын дереу жою үшін;
2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын
немесе бүлінуін болдырмау және оларға тексеру
жүргізу үшін;
3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген
бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы
осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын
шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау
үшін жол беріледі.