11
2 Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздері.
3 Нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек саласындағы адамның негізгі
құқықтары мен босандықтарын қорғау.
4 Шетелдердің еңбек құқығының түсінігі және пәні.
4 Тәжірибелік есептер шағару
4.1 Есептер шығару 1 –ден 10
Есеп 1
Азаматша Қалқаманова М.А. Қостанай қалысының №8 орта мектебінде
1990 жылдан мұғалім болып қызмет істейді. 2015 жылы оның зейнеткерлік
жасқа толуына байланысты мектеп директоры онымен еңбек шартын тоқтатуды
талап етеді.
Мектеп директорының талабы заңды ма?
Қызметкерге сол қызметте әрі қарай істей беруге бола ма, жоқ әлде
зейнеткер ұстаздардың сол еңбек ұжымында жұмыс істеуін шектейтін
қандай да бір заң нормасы бар ма?
Есеп 2
Экономист Сагидуллинды жұмысқа алу барысында жұмыс беруші одан
келесі құжаттарды сұрайды: төлқұжат, тиісті білімін растайтын құжат, үй
кітапшасын, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме, денсаулығы туралы құжат.
Жұмыс берушінің айтылған құжаттарды талап етуі заңды ма және
Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартын жасасқан
кезде қандай құжаттар талап етілуі тиіс?
Есеп 3
Төлеби атындағы мектеп интернатының тәрбиешісі Омарова, интернатқа
келіп түскен балаларға арналған төсек бұйымдары мен басқа да керек-жарақ
заттарды қабылдайды. Олардың бір бөлігін үйіне жеке пайдалануына алып
кетіп, сол әрекеті үшін жұмыстан шығарылады.
Сот отырысында талапкер Омарова, «ол төсек бұйымдарын ұрлау туралы
еш ой болған жоқ, тек оны пайдаланып, белгілі бір уақыттан кейін ол заттарды
орнына қоямын деп ойладым» деп жауап береді.
Жұмыс берішінің оны жұмыстан шығаруы заңды ма?
Есептің жауабын Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің
нормаларына негіздеңіз.
Есеп 4
20 қазанда Сарбаев Қостанайдағы жылу беретін мекемесінде от жағушы
болып жұмысқа қабылданды. 15 сәуірде жылу беретін маусымның бітуіне
12
байланысты жұмыстан шығарылды. Сарбаев жұмыстан шағарылғандығына
қарсылық білдірмеді, бірақ ол демалыс жәрдемақысы мен пайдаланылмаған
жыл сайынғы еңбек демалысына өтемақы талап етті.
Сарбаев маусымдық қызметкер болып табыла ма?
Есеп 5
Қабдрашев пен Төлебаевты «Красный мак» АҚ әкімшілігі экономист
және кассир ретінде жұмысқа қабылдау барысында келесі құжаттарды талап
етті: жеке басын куәландыратын құжат; еңбек кітапшасын; Жоғары оқу орнын
бітіргені туралы дипломын; мендициналық анықтамасын; бұрынғы жұмыс
орнынынан мінездеме.
Әкімшіліктің Қабдрашев пен Төлебаевтан талап еткен құжаттары
заңды ма?
Жауап беру барысында ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сілтеме
жасаңыз.
Есеп 6
Арманова А. аудандық 11 жылдық отра мектепте - 1989 жылдан
аудандық оқу бөлімінің жіберуімен келіп, ауырғанша үзбей жұмыс істеді.
Ауырған себебі - мектеп өте суық, кабинетінде қыста 5 - 8 градусқа дейін
барады. Арманова жұмыстан босатыңыз деп өтініш жазбаған, бірнеше ай
ауырып ІІ топ мүгедегі тағайындалды. Оны дәлелдейтін МӘС -тің анықтамасы
бар. Мектептің бұрынғы директорына мүгедектік анықтамасы берілген.
Осы ауру - аллергиялық бронх демікпесі – кәсіптік ауруға жата ма?
Мектеп директоры (басқа адам) оған қайта жұмысқа қабылдағандай
қарап, жұмысқа алғысы келмейді. Осы заңға сәйкес пе?
Мәселені шешіңіз. Қандай органга жүгіну керек?
Есеп 7
Темір өңдеу зауытына жұмысқа тұруға мынадай азаматтар өтініш
білдірді: 9 сынып бітірген 14 жасар жасөспірім, официер, бұрын колхозда
істеген қызметкер, жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-технолог лауазымына
жіберілген жас маман. Олардың барлығы, бұған дейін жай жұмысшы болып
қызмет атқармаған.
Жоғарыда аталған тұлғалар жұмысқа қабылдану барысында қандай
құжаттар әкелуі тиіс.
Оларды жұмысқа қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?
Бірінші рет жұмысқа қабылданып отырған қызметкерге еңбек
кітапшасы қанша күнде толтырылуы тиіс, және ол қайда сақталуы тиіс.
Сонымен қатар, еңбек кітапшасында қандай мәліметтер жазылады?
13
Есеп 8
Арқалық қалалық Прокуратурасы ұйымдарды кезекті тексеру барысында
мынадай фактілерді анықтады:
а) «Калибр» зауытында ерлі-зайыты Мамыровтар жұмыс істейді: ері -
цехтың бастығы, зайыбы - медпункттің меңгерушісі;
б) «Қазақстан» концерт залында ерлі-зайыты Сарбаевтар жұмыс істейді:
ері - дирежер, зайыбы – бас администратор;
в) дәріханада ерлі-зайыты Адамовтар жұмыс істейді: ері - басқарушы,
зайыбы – дайын препараттар бөлімінің фармоцевті;
г) Университтің органикалық химия кафедрасында профессор Литвинов
меңгерушілік етеді, осы кафеданың оның апасы Лимонова доцент ретінде
қызмет істейді
Аталған жағдайларда, аталған тұлғалар арасында туыстық қатынас
негізінде жұмыс істеуге жол беріледі ма?
Есеп 9
Маман болып қызмет істеп жүрген Арыкбаев 2009 жылы 20 маусымда
Әскер қатарына шақырылады. Оның орнына Галымов жұмысқа қабылданады.
Денсаулығының нашарлауына байланысты Арыкбаев 2009 жылы 10 тамызда
қайтып келуіне байланысты, бұрынғы жұмыс орнына қайтып алуын талап етеді.
Мекеме әкімшілігі Галымов өзіне жүктелген еңбек міндеттерін жақсы
меңгеретіндігін басшылыққа алып, Арыкбаевты жұмысқа қайта алудан бас
тартады. Арыкбаев бұрынғы жұмысына қайта алуын талап етіп, прокурорға
жүгінеді.
Дауды шешіңіз.
Есеп 10
№ 5 автопаркіне Тимофеев жеңіл автокөліктің жүргізушісі болып
жұмысқа қабылданады. Автопарктің бұйрығымен автобус жүргізушісі ретінде
қызметке ауыстырылады. Тимофеев автобус жүргізушісі болудан бас тартады.
Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма?
Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма?
4.2 Есептер шығару 11-ден 20
Есеп 11
Қалалық тұрмыстық қызмет көрсету орталығы директорының
бұйрығымен 20 қаңтарда №29 шаштаразының ерлер жас үлгісінің мастері
Достарыңызбен бөлісу: |