116
Егер сұлба бірнеше парақтарда орындалатын болса, онда сұлба үшін
толығымен алғандағы жалпы техниқалық шарттарды сұлбаның бірінші
парағының негізгі жазуының үстіне немесе бос сызба өрісіне орналастыру
қажет.
Сұлбаның әртүрлі элементтеріне қатысты техникалық шарттарды тиісті
элементтің кескінінің жанына немесе бұл техникалық шарттар сұлбаны оқу
үшін неғұрлым пайдалы болып табылатын сұлба парағының бос сызба
өрісінде орналастырылуы тиіс.
9.3.6 Элементтер тізімі.
Элементтер тізімін жеке құжат түрінде орындайды немесе оны
сұлбаның бірінші парағына орналастырады. Элементтер тізімі электронды
құжат
ретінде орындалса, онда ол тек жеке құжат түрінде орындалуы тиіс.
Егер ГОСТ 2.053 сәйкес бұйымның элетрондық құрылымы жобаланса
онда элементтер тізімін ГОСТ 2.701-2011 талаптарына сай жинақталған есеп
түрінде осы электрондық құрылымнан алу ұсынылады. Элементтер тізімі
жоғарыдан төмен қарай толтырылатын кесте (9.4 сурет) түрінде болуы тиіс.
Кестенің графаларына төменде көрсетілген берілгендер енгізіледі:
а) «Поз. белгілеулер» - элементтердің, құрылғылардың және
атқарушылық топтардың позициялық белгілеулері;
б) «Атауы» - элемент немесе құрылғы үшін – құжаты көрсетілген атау
және оған сәйкес қолданылған бұл элемент немесе құрылғы (бұл не негізгі
констукторлық құжат, не ГОСТ, не ҚР стандарты, не фирманың стандарты, не
техникалық шарттар); - атқарушылық топ үшін – топ атауы;
в) «Ескертпе» - мұнда элементтің немесе құрылғының атауларында
көрсетілмеген техникалық берілгендерді ғана көрсету қажет.
Элементтер тізімі сұлбаның бірінші парағында орындалатын жағдайда
оны негізгі жазудың үстіне орналастыру ұсынылады.Мұндай кезде элементтер
тізімі мен негізгі жазу арасында биіктігі 12
мм болатын бос сызба өрісі
қалдырылуы тиіс. Элементтер тізімі жалғасуы мүмкін; кестенің жалғасын
оның басын қайталап негізгі жазудың сол жағына орналастырады. Егер
элементтер тізімі жеке құжат түрінде шығарылса, онда бұл құжаттың
кодының құрамында «
П» (перечень) әріпі және осы тізім шығарылатын
сұлбаның коды болулары тиіс, мысалы, жылулық принциптік сұлбаға
элементтер тізімінің коды –
ПРЗ. Элементтер тізімінің негізгі жазуындағы 1
графада (2.5 сурет) бұйымның атауы, сондай-ақ құжат атауы «Элементтер
фронталь-
ной изомет-
рии
9.4 сурет
фронталь-
ной изомет-
рии