А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

 
 
 
111 
мен іске қосу сұлбасы - Э0 және т.с.с. Біріктірілген сұлбаларды орындауға да 
рұқсат  етіледі;  мұдай  жағдайда  бір  типтегі  сұлбада  өзге  типтегі  сұлбаға  тән 
мәліметтерді  көрсетеді,  мысалы,  жалғау  сұлбасында  оның  сыртқы  қосылыс-
тарын кескіндейді. 
          9.3.2 Сұлбаны тұрғызу.  
Сұлбаларды  орындауға  ГОСТ  2.701-2008  қоятын  негізгі  талаптарды 
қарастырайық:  
а)  сұлбаларды  орындау  кезінде  масштаб  сақталмайды  ,  бұйымның 
құрамдас  бөліктерінің  кеністіктегі  шынайы  орналасулары  ескерілмейді 
(немесе жуықтап ескеріледі);  
б)  сұлбадағы  элементтердің  шартты  графикалық  белгілеулерін  (ШГБ), 
олар бұйымда қалай орналасса, дәл сондай тәртіппен орналастыруға болады 
( өйтуге болмайды, егер ол сұлбаны оқуды қиындататын болса); 
в)  атқарушылық  бөліктердің  ШГБ  және  өзара  байланыс  сызықтарын  -
бұйым-ның құрылымын және онын құрамдас бөліктерінің өзара іс әрекеттерін 
неғұр-лым жақсы түсінуге қол жеткізетіндей етіп орналастырған жөн; 
г)  әрбір  сұлбаның  элементтер  тізімі  болуы  тиіс,  және  оны  жеке 
конструкторлық құжат түрінде орындайды немесе сұлбаның бірінші парағына 
орналастырады (9.3.6 бөлімді қараныз). 
Егер бұйымды параллель жалғанған бірнеше бірдей элементтер (сондай- 
ақ  құрылғылар  немесе  атқарушылық  топтар)  бар  болса  ,  онда  параллель 
жалғаудың  тек  бір  ғана  тармағын  көрсетуге,  және  тармақтар  санын 
тармақталуды  белгілеу  жолымен  көрсетуге  рұқсат  етіледі.  Бір  тармақта 
кескінделген ШГБ қасына олардың белгілеулерін жазады (9.1 сурет).  Мұндай 
жағдайда бұл элементтерді элементтер тізіміне бір жолға жазады.    
 
9.1 сурет 
 
Егер  бұйымда  үш  немесе  оданда  көп  тізбекті  жалғанған  бірдей 
элементтер  (не  құрылғылар  ,не  атқарушылық  топтар)  бар  болса  ,онда    әрбір 
элементті  (құрылғыларды,  атқарушылық    топтарды  )  кескіндеудің  орынына 
тек  бірінші  және  соңғы  элементтерді  (құрылғыларды,  атқарушылық  
топтарды),  олардың  арасындағы  байланыстарын  үзілме  сызықтармен 
кескіндеп көрсетуге рұқсат етіледі.  
Элементтердің 
(құрылғылардың, 
атқарушылық 
топтардың) 
белгілеулерін 
тағайындау 
кезінде 
сұлбада 
көрсетілмеген 
(9.2 
сурет)элементтерді  ескеру  қажет  ,  және  үзілме  сызықтың  үстінде  мұндай 


 
 
 
112 
элементтердің  жалпы  саны  көрсетілуі  тиіс.  Элементтер  тізімінде  бұл 
элементтер бір жолға жазылады.  
Сұлбаларды 
бұйымның 
конструкциясын 
қарапайымдандырып  
көрсететін  шартты  контур  шегінде 
орындауға  рұқсат  етіледі;  мұндай 
жағдайларда шартты контурларды өзара 
байланыс  сызықтарының  қалыңдығына 
тең 
қалыңдықтағы 
сызықтармен 
орындайды. Бұған қоса бұйым контурын 
әлдеқайда 
жіңішке 
сызықтармен 
орындауға да болады.                                     
Сұлба  бірнеше  парақтарда  немесе 
бір  типті  сұлбалар  комплектісі  түрінде 
орындалатын 
жағдайларда 
келесі 
ережелерді  ұстану ұсынылады:  
а)  аткарушылық  және  принциптік  сұлбалар  үшін  әрбір  сұлбада  немесе  
әрбір парақта белгілі бір атқарушылық топты, атқарушылық тізбекті, сызықты 
немесе трактіні көрсету; 
б)  жалғау  сұлбалары  үшін  кеңістіктік  бір  орында  немесе  бір 
атқарушылық  тізбекке  тиісті  бұйым  бөлігін  әрбір  парақта  немесе  әрбір 
сұлбада кескіндеу. 
Электрондық  үлгіде  орындалатын  сұлбаларды  бір  парақта  орындау 
ұсынылады,    және  сұлбаны  басып  шығару  кезінде  бұл    парақтың  қажетті 
пішімдерге бөлінуін  қамтамасыз ету қажет. 
Сұлбаларды  орындау  кезінде  ШГБ  екі  көршілес  сызықтарының 
арасындағы  арақашықтықтық  1,0  мм  кем  болмауы,  ал  өзара  байланыстың 
параллель сызықтарының арасындағы арақашықтық 3,0 мм кем болмауы тиіс. 
Жеке ШГБ арасындағы  арақашықтық  2, 0 мм кем болмауы тиіс. 
Дара  принциптік  сұлбасы  орындалатын  құрылғылар    сұлбаларда  өзара 
байланыс  сызығының  қалыңдығына  тең  (фигураларды  өзара  байланыс 
сызықтарының екі еселенген қалыңдығындағы  сызықпен кескіндеуге  рұқсат 
етіледі)  қалыңдықтағы  тұтас  сызықтың  көмегімен  фигуралар  түрінде 
орындалулары тиіс. 
Сұлбада  өзінің  принциптік  сұлбасы  жоқ  атқарушылық  топ  немесе 
құрылғы  көрсетілетін  жағдайларда,  оларды  сұлбаларда  өзара  байланыс 
сызықтарының  қалыңдығына    тең  қалыңдықтағы  контурлық  бір  нүктелі 
үзілмелі сызықтар- мен фигуралар түрінде орындайды. 
Әдетте  контурлық  сызықпен  сызылған  фигураны  тік  төртбұрышпен 
кескіндейді,  бірақ  сұлба  бөліктерін  тік  төртбұрышты  емес  пішіндегі 
фигуралармен белгілеп көрсетуге рұқсат етіледі. 
Құрамында  бірнеше  әр  түрлі  құрылғылары  бар  бұйымды  жобалау 
кезінде әрбір құрылғыға жеке дара принциптік сұлба шығару ұсынылады.  
  9.2 сурет  
 
                         
фронтальной 
изометрии 


 
 
 
113 
Басқа бұйымдарда немесе мүлдем жеке дара қолданылатын құрылғылар 
үшін жеке дара принциптік сұлбалар шығару қажет .  
Құрамына  жеке  дара  принциптік  сұлбалары  орындалатын  құрылғылар 
кіретін бұйымның сұлбасы орындалатын жағдайларда бұл құрылғылар бұйым 
сұлбасының  элементтері  болып  саналады  және  оларды  не  тік  төртбұрыш 
түрінде,  не  тиісті  ШГБ  кескіндейді;  мұндай  элементке  позициялық  белгі 
беріліп , оны элементтер тізіміне бір позиция түрінде жазады.  
          9.3.3 Элементтердің шартты графикалық белгілеулері. 
Сұлбаларды  орындау  кезінде  мынадай  графикалық  белгілеулер 
қолданылады : 
а)  КҚБЖ  стандарттарында  [26-34  және  басқалар]  көрсетілген  ШГБ, 
сондай–ақ  стандартты белгілеулер  негізінде тұрғызылған; 
б) қарапайым тік төртбұрыштар; 
в) 
элементтердің 
қарапайымдандырылған 
сыртқы 
кескіні 
(аксонометриялық  кескіндерді    қоса  алғанда).  Қажеттілік  туғанда 
стандартталмаған  ШГБ қолданылады. 
Сұлбада  стандартталмаған  ШГБ    мен  қарапайымдандырылған  сыртқы 
кескіндер қолданылған кезде тиісті түсіндірмелер келтіріледі. 
Геометриялық  пішіні  немесе  бөлшектендіру  дәрежесімен  бір-бірінен 
ерекшеленетін  және  орындаудың  бірнеше  альтернативті  нұсқалары 
тағайындалған  ШГБ  сұлбада  графикалық  құралдармен  беруді  қажет  ететін 
ақпаратқа байланысты орындалатын сұлбаның түрі мен типіне қарай қолдану 
қажет.  Бұл  жағдайда  құжаттаманың  комплектісіне  кіретін  барлық  бір  типті 
сұлбаларда белгілеудің бір нұсқасы қолданылуы тиіс. Сұлбаларда ана немесе 
мына  бір  ШГБ  қолданылуын  белгілі  бір  түрдегі  немесе  типтегі  сұлбаларды 
орындау ережелерімен анықтайды. 
Элементтердің    ШГБ  КҚБЖ-нің  ШГБ-ге  тиісті  стандарттарымен 
тағайындаған өлшемдерінде кескіндейді. 9.3 суреттегідей бұл стандарттардың 
кейбіреулерінде  модульдік  тордағы  өлшемдердің  арақатынасы  келтіріледі. 
Модульдік тордың адымдар санын  М тігінен 
және  горизонталінен  ШГБ-дің  тік  және 
горизонталь  өлшемдері  анықтайды.  Жеке 
алынған  сұлба  үшін  адым  кез-келген  болуы  
мүмкін,  бірақ  ол  жаңағы  сұлбадағы  барлық 
элементтер  мен  құрылғылар  үшін  бірдей 
болуы  тиіс. 
Модульдік 
тордың 
адымдардағы 
өлшем-дері  тағайындалмаған  элементтердің 
ШГБ тиісті стандарттардың ШГБ-ге қатысты 
келтірілетін  өлшемдерінде  (мм-де)  кескіндеу 
қажет.  ШГБ  өлшемдері,  олардың  өз 
сызықтарының  қалыңдықтары  сияқты  берілген  бұйымның  барлық 
сұлбаларында бірдей болуы тиіс. 
9.3 сурет 
9.3  
 
                         
фронталь-
ной 
изо-
метрии 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау