А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

 
 
 
109 
Атқарушылық бөлік – бұл қандайда бір қызмет атқаратын не элемент, не 
құрылғы, не атқарушылық топ. 
Атқарушылық  тізбек  деп  нақты  атқарушылық  міндеті  бар  (мысалы, 
байланыс каналы ) трактіні, желіні немесе каналды айтады . 
Байланыс  немесе  өзара  байланыс  сызығы  -  бұйымның  атқарушылық 
бөліктерінің арасында байланыс бар екендігін көрсететін түзу кесіндісі.  
9.2 Сұлбаның түрлері және типтері  
Сұлбаларды  орындау  ережелерін,  олардың  түрлері  мен  типтерін, 
сондай-ақ  сұлбаларды  орындаудың  жалпы  талаптарын  ГОСТ  2.701-2008 
тағайындайды.  
Сұлбалар  элементтердің  турлеріне  және  бұйымды  құрайтын 
байланыстарға тәуелді он түрге бөлінеді . 
Сұлбаның  түрлері  орыс  алфавитінің  бас  әріптерімен  белгіленеді: 
электрлік  –  Э,  гидравликалық  -  Г,  пневматикалық  -  П,  газдық 
(пневматикалықтан өзге) - X, кинематикалық - К, вакуумдық - В, оптикалық -
Л, энергетикалық - Р, бөлу - Е, аралас - С
Бөлу сұлбаларын бұйымның құрамын анықтау үшін орындайды. 
Егер  бұйым  әртүрлі  түрдегі  элементтерден  тұратын  болса,  онда  оған 
аралас  сұлба  орындалады.  Сұлбаларды  олардың  негізгі  арналуларына  сәйкес 
сегіз типке бөледі . Сұлба типі араб сандарымен белгіленеді: 1 - құрылымдық 
сұлба,  2  -  атқарушылық  сұлба,  3  -  принциптік  (толық)  сұлба,  4  -  жалғау 
(монтаждық)  сұлба,  5  -  іске  қосу  сұлбасы,  6  -  жалпы  сұлба,  7  -  орналасу 
сұлбасы,  0- біріктірілген сұлба. 
Біріктірілген    сұлба    бір    түрге  жататын,  бірақ  екі  немесе  оданда  көп 
әртүрлі  типтегі сұлбалардан тұрады (мысалы, біріктірілген  электрлік  жалғау  
және іске қосу  сұлбасы – Э0). 
Құрылымдық    сұлба  бұйымның  негізгі  атқарушылық  бөліктерін  
анықтау  үшін,  сондай-ақ    оның  неге  арналғандығын    және  өзара 
байланыстарын анықтап, бұйым туралы жалпы түсінікті қалыптастыру  үшін 
қажет.  Мұндай  сұлбада    бұйымның    жұмыс  істеу  принципі  емес,  тек 
жекелеген  атқарушылық    бөліктер  арасындағы  өзара  іс  әрекеттері 
анықталады. Мұнда бұйымның құрамдас бөліктері жәй ғана тік төртбұрыштар 
түрінде  кескінделеді.  Бұған  қоса  шартты  графикалық  белгілеулерде  
пайдаланылулары  мүмкін. 
Атқарушылық  сұлба  бұйымның  әртүрлі  атқарушылық  желілерінде 
немесе  тұтас  бұйымның  өзінде    жүріп  жатқан  процесстерді  түсіндіру    үшін  
қажет. Мұндай сұлба бұйымның жұмыс істеуін зерттеу кезінде қолданылады; 
бұдан басқа ол бұйымдарды жұмыс жағдайына реттеу, жөндеу және бақылау 
кезінде қолданылады. 
Принциптік  сұлба  элементтердің  толық  құрамын  және  олардың 
арасындағы    байланыстарын  анықтауға  арналған  және  көп  жағдайда 
бұйымның  жұмыс  істеу  принципі  туралы  толық  түсінік  алуға  мүмкіндік 
береді.  Принциптік  сұлбаның  негізінде  басқа  конструкторлық  құжаттар 


 
 
 
110 
(орналасу  мен  жалғау,  және  басқа  да  сұлбалардың  құрастыру  сызбалары) 
жасалынады. 
Жалғау  сұлбасы  (немесе  монтаждық  сұлба)  бұйымның  құрамдас 
бөліктерінің қандай ретпен біріктірілетіндігін түсіндіреді, сондай-ақ  біріктіру 
элементтерінің  (кабельдердің,  жгуттардың,  ауа  өткізгіштердің)  құрамын, 
олардың біріктірілетін жерлерін, енетін және шығатын жерлерін анықтайды.  
Іске қосу сұлбасы бұйымның сыртқы іске қосу құрылғыларына (электр 
желісіне,  сумен  жабдықтау  жүйесіне  және  т.б.)  қалай  қосылатындығын  
көрсетеді.  Іске  қосу  сұлбасы  басқа  конструкторлық    құжаттарды  жасау  үшін 
және бұйымдарды жөндеу кезінде қолданылады. 
Жалпы  сұлба  кешеннің  құрамдас  бөліктерін  анықтауға  және  оларды 
пайдалану  орынында  өзара  біріктіруге  арналған.  Жалпы  сұлба  кешендермен 
танысу  үшін,  кешендерді  жобалау  үшін  және  оларды  бақылаумен  пайдалану 
үшін қолданылады. 
Орналасу  сұлбасы  бұйымды  құрайтын  бөліктердің  салыстырмалы 
кеңістіктік  орналасуын  анықтау  үшін  пайдаланылады;  сондай-ақ  өткізгіш 
құбырлардың,  жгуттардың,  өткізгіш  сымдардың  және  басқаларының 
салыстырмалы  орналасуларын  анықтау  үшін  пайдаланылуы  мүмкін.  Бұдан 
басқа  орналасу  сұлбасы  басқа  конструкторлық  құжаттарды  жасау  үшін, 
сондай-ақ бұйымдарды жасау мен пайдалану үшін қажет. 
          9.3 Сұлбаларды орындауға қойылатын жалпы талаптар 
          9.3.1 Сұлбалар номенклатурасы. Пішімдер. Сұлба коды. 
Бұйымға  қанша  сұлба  және  қандай  сұлбалар  шығару  керек  екендігін  , 
яғни бұйымға арналған сұлбалардың комплектісін (немесе номенклатурасын ) 
бұйымның  ерекшеліктеріне  қарай  жобалаушы  өзі  анықтайды.  Бұйымға 
арналған  сұлбалар  типтерінің  саны  неғұрлым  аз  болуы  керек,  бірақ  сұлба 
комплектісінде  бұйымды  жобалау  үшін,  жасау  үшін,  бақылау  мен  жөндеу 
үшін қажетті мәліметтер жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. 
Сұлбалар  ГОСТ  2.301-81  сәйкес  пішім  парақтарында  орындалуы  тиіс 
және  оларды  орындауға  негізгі  пішімдер  таңдап  алынғаны  дұрыс.  Пішім 
сұлбаны  пайдалану  кезінде  көрнекілік  пен  қолайылықты  қамтамасыз  етуі 
керек.  Егер  сұлба  бірнеше  парақтарда  орындалса,  онда  барлық  парақтар 
бірдей  пішімде  болуы  керек,  және  онда  өлшемдері  кіші  пішімдерді 
пайдаланған дұрыс. 
Басқа  конструкторлық  құжаттардағы  сияқты  сұлбада  да,  онда 
кескінделген  объектілер  туралы  мәліметтер  енгізілетін  негізгі  жазу  болуы 
тиіс.  Негізгі  жазудың  (ГОСТ  2.104-2006  бойынша  1  форма)  1  графасында 
сұлбасы  орындалған  бұйым  атауынан  кейін  сұлбаның  атауын  (өлшемі  кіші 
қаріппен) жазады. 
Әрбір  сұлбаның  коды  болуы  тиіс;  код  сұлбаның  белгілеуінің  оң 
жағынан  көрсетіледі.  Ол  сұлбаның  түрін  көрсететін  әріптен  және  сұлбаның 
типін  көрсететін  саннан  тұруы    керек.  Осылайша,  электрлік    атқарушылық 
сұлбаның коды - Э2, кинематикалык принциптік сұлба - К3, электрлік жалғау 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау