114
ГОСТ 2.701-2008 келесілерге рұқсат етеді:
а) ШГБ барлық өлшемдерінің пропорционалды өзгертілуіне;
б) Басқа элементтердің (құрылғылардың) белгілеулерінің құрамдас
бөліктері ретінде пайдаланылатын элементтердің ШГБ басқа элементтермен
(мысалы, көпірлік түзеткіш сұлбадағы диодтар) салыстырғанда кішірейтіп
кескіндеуге болады.
ШГБ сұлбаларда өзара байланыс сызықтарынікі сияқты қалыңдықтағы
сызықтармен орындаған жөн.
Әдетте, элементтердің ШГБ сұлбаларда – олар стандарттарда қалай
келтірілген болса, сол жағдайында кескіндейді; егер тиісті стандарттарда
арнайы нұсқаулар болмаса, онда ШГБ-ді 90° еселенген бұрышпен бұрылған
күйінде кескіндеуге болады. Сондай-ақ ШГБ-ді 45° еселенген бұрышпен
немесе айналық шағыла бұрылған күйінде кескіндеуге рұқсат етіледі. Егерде
ШГБ бұру немесе айналық кескіндеу белгілеудің мағынасын немесе оқуға
қолайлылығын бұзатын болса, онда мұндай жағдайда олар стандарттарда
қалай көрсетілген болса, бұл белгілеулер тек сол көрсетілген жағдайында
кескінделулері тиіс.
Ішінде сандық (немесе әріптік-сандық) белгілеулері бар ШГБ-ді сағат
тілінің жүрісіне қарсы бағытта тек 90° немесе 45° бұрыштарға бұруға рұқсат
етіледі.
9.3.4 Өзара байланыс сызықтары.
Өзара байланыс сызықтары 0,2 мм-ден 1,0 мм дейінгі қалыңдықта
орындалулары және олар сұлба пішімі және ШГБ өлшемдеріне сәйкес
анықталулары тиіс. А3 және А4 пішімдерінде қалыңдықтары 0,3-тен 0,4 мм-
ге дейінгі сызықтар жақсы көрінеді.
Ережеге сай өзара байланыс сызыктары горизонталь және тік
кесінділерден тұрулары тиіс, және олар неғұрлым аз сынулармен өзара
қиылысулардан тұрулары қажет. Ерекше жағдайларда көлбеу кесінділерді
қолдануға рұқсат етіледі; көлбеу кесінділердің ұзындықтарын барынша
азайтуға тырысу керек.
Бір парақтан екінші параққа өтетін өзара байланыс сызықтарды сұлба
кескінінен тыс нұсқамаларсыз үзіп орындау қажет.
Өзара байланыс сызықтары үзілетін жерге таман, бұл сызықтар үшін
тағайындалған белгілеулері немесе атаулары (мысалы, кабель нөмірі,
сигналдың қысқартылған белгілеуі және т.с.с.) көрсетілулері және сұлба
бірнеше парақтард) орындалатын жағдайларда дөңгелек жақшалар ішінде
сұлба парағының нөмірі және аймағы (мысалы, Парақ 3 аймақ В4) немесе
өзара байланыс сызығы өтетін құжат белгілеуі, егер сұлбалар жеке дара
құжаттар түрінде орындалатын жағдайда көрсетілулері тиіс.
Әдетте, сұлбада өзара байланыс сызықтарын бір парақтың шегінде
толығымен көрсетеді. Егерде ол сұлбаны оқуды қиындататын болса, онда
өзара байланыс сызықтарын үзуге рұқсат етіледі. Өзара байланыс
сызықтарының үзіктерін нұсқамалармен аяқтап отыру қажет және олардың
115
тұсынан үзілген сызықтардың белгілену орындары көрсетілуі тиіс. Мұндай
белгілеулердің мысалдары ретінде кернеуді, полярлықты, қысымды, газ
шығынын және т.с.с. атауға болады.
Бұйымның құрамына кіретін және сұлбада кескінделетін элементтер,
сондай-ақ құрылғылар мен атқарушылық топтар сұлбалардың нақты түрлерін
орындау ережелерін тағайындайтын стандарттарға сәйкес белгіленулері тиіс.
Бұл белгілеулер әріптік, әріптік-сандық және сандық түрде болулары мүмкін.
9.3.5 Мәтіндік ақпарат.
Сұлбаларда, мінездемесі сұлбаның арналуына тәуелді болатын әртүрлі
түрдегі техникалық берілгендерді орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл
берілгендерді не ШГБ жанында (егер мүмкін болса не оң жағына, не үстіне),
не бос сызба өрісінде орналастырады.
Элементтер мен құрылғылардың ШГБ қасынан мысалға,элементтер
параметрлерінің номинал мәндерін, ал сұлбаның бос сызба өрісінде - түрлі
мәтіндік түсіндірмелерді, кестелерді, диаграммаларды және т.с.с. көрсетеді.
Сұлбалардағы мәтіндік түсіндірмелерді - оларда бар ақпаратты ШГБ немесе
графикалық түрде беру қиын немесе мүлдем мүмкін болмайтын жағдайларда
келтіреді. Мұндай жағдайда мәтіннің мазмұны дәл және түсінуге жеңіл болуы
керек. Сұлбалардағы мәтіндік түсіндермелерде – стандарттарда жалпы
қабылданған немесе тағайындалған қысқартулардан өзге қысқартылған сөздер
қолданылмауы керек.
Мәтіндік түсіндірмелер олардың арналулары мен мазмұнына сәйкес
былай орналасулары мүмкін:
а) ШГБ қасында;
б) ШГБ өз ішінде;
в) өзара байланыс сызығынан жоғары ;
г) өзара байланыс сызығының үзілген жерінде;
д) өзара байланыс сызығының ұштарының қасында;
е) сұлбаның бос сызба өрісінде.
Өзара байланыс сызықтарына қатысты мәтіндік берілгендері бұл
сызықтардың горизонталь бөліктеріне параллель орналастырылулары тиіс.
Егер сұлба өте үймеленген болса, онда мәтінді тік бағытта орналастыруға
рұқсат етіледі. Сұлбада пайдалану шарттарына қатысты түсіндірулер талап
етілетін элементтердің ШГБ (мысалы, ажыратып қосқыштар, потенцио-
метрлер, реттегіштер т.с.с.) қасына қажетті графикалық белгілеулерді,
таңбаларды немесе жазбаларды орналастырады.
Сұлбаның негізгі жазуының үстіне техникалық нұсқауларды
орналастыруға рұқсат етіледі,мысалы,өткізгіш сымдар,жгуттар,жгуттар мен
кабельдер, өткізгіш құбырлар араларындағы рұқсат етілетін ең кіші
өлшемдерді, төсемнің өзіне тән ерекшеліктері және өткізгіш сымдардың,
жгуттардың, кабельдердің және өткізгіш құбырлардың т.с.с. қорғағыштарын
орналастыруға рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |